Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Құрметті әріптестер мен шақырылған қонақтар!
Қазақстанның елордасы – Астана қаласына қош келдіңіздер!
Бүгін біз Қазақстанның білім саласын дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткен азаматтарға құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, елімізде жас ұрпақтың заманға сай жан-жақты білім алуына қажетті жағдайлар жасалған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім саласын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді.
Мемлекеттік деңгейде ел Президентінің тарапынан қолдау тапқан ірі бағдарламалар қабылданып, іске асуда.
Олардың ішінде «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Дарын», «Болашақ», «Үштұғырлы тіл» сияқты бағдарламалар бар.
Жыл сайын жаңа үлгіде мектептер салынуда. 2015 жылға дейін тағы 522 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр.
Отандық білім беру жүйесін дамытуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға мемлекет қана емес, сонымен қатар жеке тұлғалар мен бизнес-құрылымдар да ат салысып келеді.
Оның ішінде, меценаттар мен демеушілер де бар.
Сіздердің арқаларыңызда мыңдаған мектептерге күрделі жөндеу жүргізілді.
Жаңа балабақшалар мен спорттық кешендер салынды.
Көптеген оқу орындарының материалдық-техникалық базасы жақсартылды.
Бұл – жақсы дәстүрге айналып келеді.
Жалпы, әлемде бизнес пен білім арасында осындай байланыстың қалыптасқан тамаша тәжірибесі бар.
Бұған Қазақстандық меценаттардың ат салысуы – бәрімізді ерекше сезімге бөлеп отыр.
Қандай да бір қиын заманда біздің меценаттарымыз балалар мен жастардың жанынан табыла білді.
Жас ұрпақтың заманға сай білім алуына жағдай жасап, сын сағатта демеу болды.
Ақиқатын айтайық, бақытты балалық шақ осындай абзал азаматтардың көмегі арқылы жасалады.
Білім саласына, болашақ ұрпаққа жасаған игі істеріңіз ешқашан ұмытылмайды.
Керек десеңіз, кейінгі жастар осы жұмыстарыңызды талай жылдар бойы ғасырдан ғасырға аңыз ғып айтып та жүреді.
Еліміздің білім саласының дамуына қосқан үлкен үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Білім меценаты – 2012» білім саласындағы меценаттарға құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ашық деп жариялаймын.

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

Әлем экономикасындағы тұрақсыздыққа қарамастан, ағымдағы жылдың басынан бастап ел экономикасында дамудың оң қарқыны сақталып отыр.
Алдын ала бағалау бойынша 9 айдың ішінде Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі 5,2%-ға өсті. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2,7%-ды құрады.
Экономиканың өсуіне макроэкономикалық ахуалдың тұрақтылығы ықпал етеді.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте инфляция 3,9%-ды құрады немесе өткен жылғы ұқсас кезеңінің көрсеткішінің 2,3 пайыздық тармаққа төмен. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде өткен жылғы 8,7% деңгейіне қарағанда 5%-ды құрады.
Анықтама: Сонымен қатар, орташа республикалық мәннен жоғары инфляцияның деңгейі Қарағанды (5,3%), Атырау (5,1%), Павлодар (4,2%), Қызылорда (4%) облыстарында және Алматы (4,6%) мен Астана (4%) қалаларында тіркелді.
Ұлттық қор қаражатын есепке ала отырып Халықаралық резервтер жылдың басынан бастап 12,5 млрд. АҚШ долларына ұлғайды және 85,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Әлеуметтік салада қолайлы ахуал сақталып отыр. Жыл басынан бастап халықтың нақты табысы 9,1%-ға, нақты жалақы –11,1%-ға өсті. Ағымдағы жылғы қыркүйекте жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды құрады.
Экономиканың өсуі негізінен ішкі тұтынушылық сұраныстың есебінен қамтамасыз етілді, мұны көтерме және бөлшек сауданың 14,4%-ға өсуі, көлік қызметінің – 7,2%-ға, байланыс қызметінің – 10,6%ға өсуі көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 9 адың даму үрдістері казақстандық экспортт өнімдеріне деген сұраныстың қысқаруы өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуіне ықпал етті.
Рост промышленности составил 0,5%, обрабатывающая промышленность выросла на 0,6%, в горнодобывающей объемы производства сохранились на уровне соответствующего периода 2011 года.
Справочно: Снижение отмечено в Атырауской (на 5%) и Карагандинской (на 3,2 %) областях, а также в городе Астана – на 2,8 %.
С начала года сократились объемы добычи нефти на 1,8% и железной руды на 2,6%. Кроме того, в металлургической промышленности, которая в общем объеме обрабатывающей промышленности занимает более 38%, произошел спад на 1,8% (против прошлогоднего роста - 8,1 %).
Помимо проблем со сбытом продукции, основными причинами снижения стали перенесение сроков запуска и неосвоение проектной мощности некоторых проектов включенных в карту индустриализации.
Объемы инвестиций в основной капитал с начала года возросли на 3,3 %. При этом в структуре инвестиций более 54% составляет доля собственных средств предприятий.
Справочно: В Атырауской области отмечается спад на 7,1%, Западно-Казахстанской - на 7,7%, Кызылординской - на 23,9%.
В жилищное строительство инвестировано 281,6 млрд. тенге, что позволило ввести в эксплуатацию 4,5 млн. кв.м жилья.
Справочно: Снижены объемы ввода в эксплуатацию жилых зданий в Акмолинской (на 24,1%) и Жамбылской (на 8,2%) областях.
В целом, несмотря на некоторое замедление в отраслях экономики, за восемь месяцев т.г. внешнеторговый оборот увеличился на 13,5%. Экспорт товаров увеличился на 9,3%, импорт - на 24,1%. Положительное сальдо торгового баланса составило 34,2 млрд. долл. США.
Уважаемые коллеги!
Разрешите более подробно проинформировать о проводимой совместной работе государственных органов с начала текущего года по решению поставленных перед Правительством задач.
Реализация индустриальной политики
Росту внутреннего спроса во многом способствовали значительные объемы инвестиций на реализацию крупных индустриальных и инфраструктурных проектов в рамках государственной программы индустриально-инновационного развития.
За прошлый и с начала текущего года введенными в рамках Карты объектами произведено продукции на сумму 1,1 триллиона тенге.
Всего в 2012 году планируется ввести 174 проекта на сумму 450 млрд. тенге, с созданием 33 тыс. рабочих мест.
Улучшение бизнес климата и поддержка МСБ
В целях дальнейшего улучшения бизнес климата в июле т.г. принят Закон, предусматривающий дополнительное сокращение разрешительных документов (процедур) еще на 30%, выдачу лицензий в электронном формате и перевод отдельных разрешений на уведомительный порядок, а также сокращение контрольно-надзорных функций государственных органов.
Правительством утверждена Концепция дальнейшего реформирования разрешительной системы, в реализацию которой в 2013 году будет принят единый Закон «О разрешениях и уведомлениях» с закреплением в нем исчерпывающего перечня всех разрешений. Успешно реализуется программа Дорожная карта Бизнеса 2020, с момента ее запуска по 3-м направлениям к субсидированию одобрено 2135 заявок на общую сумму кредитов 590,8 млрд. тенге.
Социально-экономическими эффектом реализации Программы в 2012 году является поддержание более 50 тысяч и создание – более 8 тысяч рабочих мест.
Социальная сфера
В социальной сфере, приняты практические меры по повышению занятости, модернизации жилищно-коммунальной инфраструктуры и обеспечению населения доступным жильем.
На реализацию Программы занятость 2020 в 2012 году направлено 62,3 млрд. тенге, из них на развитие сельских населенных пунктов 10 млрд. тенге.
Всего в рамках Программы трудоустроено более 70 тысяч человек.
Более 4,7 тысяч участника Программы получили микрокредиты, из которых 3,4 тысяч открыли собственное дело. Порядка 5,6 тыс. прошли обучение основам предпринимательства.
В сфере образования охват детей дошкольным образованием увеличился на 10,4% и составил 65,4%, количество аварийных школ сократилось на 23,6%, трехсменных школ на 16,6%.
В реализацию поручения Главы государства принят Национальный план действий по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-2016 годы. Реализация Государственной программы развития здравоохранения «Саламатты Қазақстан» на 2011-2015 годы позволила снизить показатели материнской смертности на 19,7%, младенческой смертности - на 8,3% по сравнению с 9 месяцами 2011 года.
С целью реализации послания Главы государства разработана Программа развития онкологической помощи до 2016 года.
Согласно Программе «Доступное жилье - 2020» в 2012 году предусматривается ввести в эксплуатацию 6,05 млн. кв. метров общей площади жилья за счет всех источников финансирования.
Региональная политика С начала 2012 года акиматами областей, городов Астаны и Алматы продолжается работа по реализации Программ развития территорий на 2011-2015 годы. Принята Программа развития моногородов на 2012-2020 годы предусматривающая конкретные меры по обеспечению продуктивной занятости в моногородах, повышения мобильности трудовых ресурсов, а также развитию инженерной инфраструктуры. В реализацию Программы разработаны Комплексные планы. В целях развития городских агломераций с центрами в городах Астана, Алматы, Шымкент (1-го уровня) и Актобе, Актау (2-го уровня) внесены дополнения и изменения в Программу «Развитие регионов».
В текущем году в целях решения проблем отдельных территорий утвержден решением Правительства Комплексный план развития города Семей на 2013-2015 годы.
Развитие интеграционных процессов
В текущем году Правительством продолжена активная работа по углублению интеграционных процессов в рамках Таможенного союза и Единого экономического пространства.
С 1 января 2012 года вступили в силу 17 соглашений, составляющие правовую базу Единого экономического пространства. На полный режим работы ЕЭП будет выходить поэтапно. В целях формирования единой договорной базы на пространстве СНГ и снятия барьеров взаимной торговли, 4 октября 2012 года Сенат Парламента Республики Казахстан принял Закон Республики Казахстан о ратификации Договора о зоне свободной торговли.
Совместно с Секретариатом ВТО разработана Дорожная карта по вступлению Казахстана в ВТО. На сегодняшний день Казахстан завершил двусторонние переговоры по доступу на рынок товаров и услуг с 29 странами. Продолжаются переговоры в многостороннем формате.
Основные усилия Правительства до конца года будут направлены на реализацию поручений Главы государства, обозначенных в посланиях народу Казахстана и стратегических документах.
Первое. Государственным органам, Акимам областей, городов Астаны и Алматы необходимо мобилизовать имеющиеся ресурсы и принять необходимые меры по недопущению снижения темпов роста в отраслях и сферах экономики.
МИНТ, совместно с регионами, в целях обеспечения реализации мероприятий и освоения бюджетных средств, запланированных на текущий год, в рамках принятых программных документов обеспечить запуск инвестиционных проектов, запланированных в рамках Карты индустриализации.
Второе. Учитывая тенденцию роста цен на продовольствие в мире, ввиду более низкого урожая в текущем году, МСХ, акимам областей необходимо принять исчерпывающие меры по обеспечению стабильности цен на внутреннем рынке, в первую очередь, на социально значимые продовольственные товары.
Третье. В реализацию Программы развития моногородов на 2012-2020 годы местным исполнительным органам необходимо обеспечить утверждение Комплексных планов развития каждого моногорода, также разработку межрегиональных планов развития агломераций.
Четвертое. Необходимо продолжить гармонизацию законодательств стран-участниц Таможенного союза в части:
- закрепления в национальном законодательстве основных принципов равенства и установление единых правил при применении норм антимонопольного законодательства к субъектам рынка;
- совершенствования мер таможенно-тарифного и нетарифного регулирования в рамках Таможенного союза

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті әріптестер!

Экономиканың даму үрдісі негізінде жылдың басынан бастап ағымдағы жылға макроэкономикалық көрсеткіштер нақтыланды.
2012 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4% деңгейінде бағалануда, бұл жылдың басындағы болжамнан (6,0%), 0,6 пайыздық тармаққа төмен. Бұл ретте, жалпы ішкі өнімнің номиналды мәні өткен жылғы есептік базаның ұлғаюына және мұнайдың болжамдық бағасының барреліне 90 доллардан 100 долларға дейін ұлғаюына байланысты, бұдан бұрын жоспарланған көрсеткіштен 146 млрд. теңгеге жоғарылауы күтілуде.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі нақтыланған бағалау бойынша, 2,7%-ға өседі, бұл бұдан бұрын болжанған мәннен 0,9 пайыздық тармаққа төмен.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бағалауы бойынша металлургиядағы өсудің қарқыны 6,3%-ға, химия өнеркәсібінде 10,4%, фармацевтикада 0,6%-ға, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру 2,2%-ға, машина жасау 0,3%-ға төмендеуі күтілуде. Нәтижесінде 2012 жылы өндіру өнеркәсібіндегі өсу 7,2%-дан 3,9%-ға дейін төмендейді.

Сауда көлемінің 14,3%-ға дейін (мақұлданған болжамнан 1,6 пайыздық тармаққа жоғары) өсуі бойынша болжам ұлғаю жағына қарай нақтыланды.
Болжам бойынша тауарлар экспорты 96,2 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл мақұлданған болжаммен салыстырғанда 8,3 млрд. долларға артық. Тауарлар импорты бұдан бұрын мақұлданған болжамнан 0,3 млрд. долларға асып, 48,4 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Инфляция бойынша параметрлер жылдың соңында бұдан бұрын болжамдалған 6-8 % дәлізде сақталады.
Нақтыланған макрокөрсеткіштер негізінде 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері нақтыланды.
Республикалық бюджетке жалпы түсімдер 4 854,1 млрд. теңге көлемінде болжамданған, бұл а.ж. наурызда бекітілген көрсеткіштен 382,8 млрд. теңгеге төмен.
Кірістердің болжамданған неғұрлым төмен көлемі ағымдағы жылы жалпы алғанда экономикада және салаларда өсудің баяулауымен, сондай-ақ мұнай-газ жобаларындағы (Қарашығанақ, Қашаған) мәселелерді реттеу жөніндегі келісімдер шегінде міндеттемелерді орындаумен байланысты.
2012 жылы бюджет кірістеріндегі күтілетін шығындарды өтеу мақсатында, бюджет тапшылығы 203,3 млрд. теңгеге (779,8 млрд. теңгеден 983,1 млрд. теңгеге дейін) немесе ЖІӨ-ге қатысты 3,1 %-ға ұлғайтылды.
Кірістер мен тапшылық бойынша нақтыланған болжамды есепке ала отырып, наурыздағы нақтыланған бюджетке қатысты, бюджеттің шығыс бөлігі 5 837,3 млрд. теңгеге дейін оңтайландырылып, 179,5 млрд. теңгеге қысқартылды.

Назарларыңызға рахмет!

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасына қатысты

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

Өзіңіз білетіндей әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) құру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен.
Бүгінгі күні ӘКК қызметі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, өндірістердің жаңаларын құруға және қолданыстағыларын жаңғыртуға, инвестициялар тартуға, үкіметтің жеке бастамаларын іске асыруға бағытталған.
Сонымен қатар, ӘКК қызметінің жүйелі сипаты жоқ және жалпы олардың қызметінің бірыңғай тәсілдері жоқ. ӘКК тиімсіздігі компанияларды ұдайы қайта ұйымдастырумен, акционерлердің ауысуымен, сондай-ақ шешілуі компаниялардың өзіне байланысты себептермен түсіндіріледі.
ӘКК қызметінде мынадай проблемалар бар:
- коммерциялық және коммерциялық емес міндеттердің араласып кетуі, бұл ӘКК алдына басымдық қоюға мүмкіндік бермейді;
- даму стратегияларының бекітілмеуі және соның салдарынан инвестициялардың іске асыруда жүйеліліктің болмауы, нақты мамандандырылудың болмауы;
- ӘКК-лердің көпшілігінің шығынды болуы;
- жобалардың оңтайлы емес және ауқымды салалық диапазоны;
- ӘКК-лердің жеткіліксіз капиталдандырылуы (коммуналдық меншіктегі коммерциялық бағдарланған кәсіпорындарды беру қажеттілігі);
- ӘКК-лердің әкімдіктермен, даму институттарымен өзара белсенді іс-қимыл жасасуының жеткіліксіздігі;
- инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіруде корпорациялар белсенділігінің жеткіліксіз болуы;
- корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуы;
- компанияның нәтижелілігін бағалаудың нақты критерйлерінің және персоналды ынталандырудың тиімді жүйесінің болмауы;
- активтерді басқаруда тәжірибенің жеткіліксіздігі, және соның салдарынан инвестициялық портфель сапасының төмен болуы;
- үкіметтің жекелеген бастамаларын іске асыруға барысында (микрокредит беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері және басқа да іс-шаралар бойынша), ӘКК-лар қаржылық шығындарға және тәуекелдерге тап болады.
Осыған байланысты аймақтардың дамуында әсерлі құралы ретінде ӘКК-лардың қызметін жетілдіру және олардың кейінгі дамуында бірыңғай тәсілді әзірлеу қажеттілігі бар.
Серік Нығметұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Министрлік облыс әкімдіктерімен, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, сондай-ақ осындай жүйелік құжат болатын ӘКК-ларды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірледі және ҚР Үкіметіне енгізді.
Тұжырымдаманың жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен, ӘКК-лармен келісілді, және ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің бөлімдерімен жұмыс тәртібінде пысықталды.
Құжаттың негізгі жағдайларын айтуға рұқсат етіңіз.
Тұжырымдамада ӘКК-лардың миссиясы – мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарының негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу болып аныңталды.
ӘКК пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыратын катализатор ретінде әрекет ететін өңірлік даму институты.
ӘКК-лардың инвестициялық компания ретінде негізгі мақсаты басқару арқылы активтердің құнын ұлғайту болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін ӘКК-лардың алдына келесі міндеттер қойылады:
1. Өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелері) бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және қолданыстағыларын жаңғырту;
2. Мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамтыу;
3. Алдыңғы қатарлы өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу;
4. Бюджеттен тыс инвестицияларды тарту;
5. Бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуіне, инновацияларды дамытуға және технологиялық жаңғыртуға (технопарктер, АЭА, бизнес-инкубаторлар, инвесторларға қызмет көрсету орталықтары және т.б.), соның ішінде оператор функцияларын атқару арқылы жәрдемдесу;
6. Шағын және орта бизнестің кластерленуіне жәрдемдесу, соның ішінде ірі бизнестің айналасында.
7. Компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету.
8. Бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынытмақтастықты кеңейту.
9. Портфельдік компаниялар арасында коммуникацияны және тәжірибе алмасуды дамыту.
10. Ішкі және сыртқы нарықтарда өнімдерді белсендірек ілгерілету үшін өнімдерді брендтеуге жәрдемдесу.
СПК должны эффективно работать в пространстве, не занятом или недостаточно занятом частным сектором, и стимулировать развитие бизнеса, создавать условия для его роста, не конкурируя с ним.
Өзінің қызметінде ӘКК-лар жеке сектормен бәсекеге түспеу қағидатын үстау қажет. ӘКК-лар жеке сектор орналаспаған немесе жеткіліксіз орналасқан кеңістікте тиімді жұмыс істеп, бизнестің дамуын ынталандыруы және оның өсуі үшін жағдайлар жасауға тиіс, яғни корпорацияларда бизнес-ұйымдастырушы рольді атқару тиіс.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы ұлттық және халықаралық нарықтарда дұрыс жайғастыру үшін бәсекелестік артықшылықтарын, өңірдің өсу нүктелерін айқындайды. ӘКК инвестициялар мен күш-жігерді біріктіре отырып, бизнестің өсу нүктелерінде даму қарқынын береді.
Сонымен қатар ӘКК-лар қызметіндегі маңызды қағидаты әлеуметтік жауапкершілік болып табылады, қайсысы өңірдің әлеуметтік-маңызды жобаларын іске-асыру үшін, дивидендтер түрінде жергілікті бюджетке өзінің таза пайдасының бөлігін жолдауда тұрады.
ӘКК-лардың басқа қағидаттары бизнеске жәрдемдесуге басқа да қатысушылармен әріптестік (мысалы, қаржылық құралдарды қосарлау бойынша даму институттармен), инвестицияларды және де шығындарды белсенді басқару болу қажет.
Өз алдына әкімдіктер кейін оңалту (сауықтыру), қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту үшін қызметі коммерциялық бағдарланған сипаттағы барлық мемлекеттік активтерді кезең-кезеңмен беру тиіс.
Корпоративтік басқару бөлігінде әлемдік үздік тәжірибеге сәйкес келетін заманауи стандарттарын белсенді енгізулері тиіс. Бұл компанияның тиімділігін қамтамасыз етуге және ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы Тұжырымдаманың іске-асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ӘКК-лардың тиімділігін бағалау бойынша келесі негізгі көрсеткіштер ұсынылды:
Коммерциялық қызмет (нысаналы көрсеткіштер)
1. Негізгі қызметтен түскен таза табыс, оның ішінде бір қызметкердің таза табысы.
2. ROA – активтердің рентабельділігі.
3. Инвестициялық портфельдің көлемі.
4. Инвестициялардың рентабельділігі.
5. ӘКК-нің бөлген қаражаттарына жеке инвесторлардың қаражаттарын тарту арақатынасы.
6. Қалпына келтірілген кәсіпорындар саны.
7. Корпоративтік басқару рейтингі.
ӘКК-нің қызметі сондай-ақ компанияның сыртқы тараптармен өзара әрекеттесу бағыты бойынша бағалануы тиіс, ол веб-сайтқа кірушілер саны, қарауға келіп түскен бизнес - өтінімдер саны, өңір кәсіпкерлеріне сауалнама жүргізу.
Мониторинг және бағалау жүйесінде акционері ретінде жергілікті атқарушы органға және корпорациялардың директорлар кеңесіне үлкен роль беріледі. Корпорацияның менеджментіне сыйақы беру жүйесі корпорация қызметінің нәтижесіне байланыстырылуы тиіс.
Жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы ӘКК-лардың қызметі қорытындыларына жеке жауап береді және корпорация қызметінің қорытындылары бойынша жыл сайын ҚР Үкіметі алдында есеп береді.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге жетеміз:
- бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру;
- өңірлерде жұмыс орындарының санын ұлғайту;
- берілген және жаңадан құрылған ұйымдардың өнімділігі жоғарылайды;
- өндірісті дамыту және қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған отандық өнімді сату.
Біртіндеп бәсекеге неғұрлым қабілетті және қаржылай тұрақты компаниялар жарғылық капиталдағы үлесін (акциялар пакеттері) іске асыру жолымен оларды әрі қарай бәсекелестік ортаға беру үшін іріктелетін болады.
Тұжырымдамалық келіспеушіліктер жоқ болған жағдайда, Тұжырымдама жобасын қолдауды сұраймыз.
Назарларыңызға рахмет!

Бірлік үшін бәріне де төзген

Ұлт мәдениетінің біртуар тұлғасы, қазақ руханиятының қабырғалы өкілі, көшелі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың ғасырлық мерейтойы - ұрпаққа өнеге.
Бүгінде төл мәдениетіміз төрге озып, рухани жауһарларымызды бүкіл әлем, бүтін дүние танып жатыр. Әлбетте, ол ең әуелі тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің арқасы, тұлғасы дара Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі.
Ұлт тұлғаларына ұдайы құрмет көрсетіп, көрнекті қайраткерлердің есімдерін ел есінде қалдыруға айрықша қамқорлық жасап жүрген Президентіміз: «Адам тағдырының айнасынан бір тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда да оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім өз жұртының нағыз азаматы болып қала берген», - деп атап көрсеткен болатын.
Қазақ мәдениеті, өнері, спорты өз тарихында талай «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткергенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Кешегі кеңестер дәуірінде ұлт рухының ұнжырғасы түсіп, дәстүріміз дәріптеусіз қалып, мәдениетіміз босағадан сығалаған жетім баладай күй кешкені жасырын емес. Ұлт намысы сынға түскен осындай күрделі кезеңде де мәдениетіміздің көшін алға сүйреген ардақты азаматтар өмір кешті, хал-қадерінше елге, жерге қызмет етті. Солардың бірі дегеннен гөрі бірегейі - халқымыздың біртуар перзенті, намысқа туған нартұлғасы - Ілияс Омаров еді. Ол туралы сөз қозғағанда көрнекті тұлғаның ерекше үш қасиетіне жеке дара тоқталу қажет деп есептейміз. Ең әуелі, Ілияс Омаровтың ұлтын жанындай жақсы көрген, елін ерекше құрмет тұтқан елшілдігін, қайраткерлігін айтуымыз керек. Жастайынан ананың аялы алақанынан, әкенің ыстық ықыласынан айырылып, жетімдіктің ащы дәмін тартса да оның өмірге деген ұмтылысы, білімге деген құлшынысы әрқашан биік белестерге бастап отырды. Ілияс Омарұлының өмір жолында Бекет Өтетілеуов сынды дарынды ұстаздың жолығуы талантты тұлғаның қалыптасуына үлкен үлесін қосты дер едік. Алғырлығының арқасында Ілекең ерте жастан ат жалын тартып мініп, әртүрлі лауазым биіктерінде ақылына білімін серік етіп, елге деген сүйіспеншілігін, үлкенге деген құрметін арттыра түсті.
Қайраткердің өмір жолына көз салсақ, 21 жасында сауда техникумының директоры болып бекітілсе, 28 жасында министр қызметіне тағайындалған екен.
Аз ғұмырында екі мәрте министр, обком хатшысы, бірінші хатшысы, Республикалық Компартияның хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Осындай биік лауазымдарда жүріп, қазақ тарихының шындығын жазуда дәрежесі төменгі қызметтерге де барды. Бірақ алға қойған үлкен мақсат жолында сағы сынып, жігері мұқалмады. Дәлірек айтсақ, айтулы тұлға биік мансап үшін емес, ұлт мәдениетін ұлықтаудағы ұлы мақсат жолында тер төкті.
Бүгінгі торқалы тойда рухы таза, асқан зиялы қайраткердің қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегін санамалап атап көрсетсек артық емес деп ойлаймыз.
Ілияс Омаров Қазақстанның Мәдениет министрі қызметінде жүргенінде «Гүлдер» ансамблі жарқырап, қазақ өнерінің ерекше құбылысына айналды. Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шығуына барынша күш салды. Қазақ өнерінің гүлденуі, жаңа деммен тыныс алып, өркендеуі - Ілияс Омаровтың іскерлік қабылетінің, ерекше көзқарасының, өнер десе ішкен асын жерге қойып, сол кездегі жас таланттарға, қазақ интеллигенциясының жаңа буын арыстарына шын жүрегімен, ынтасымен қол үшін беруінің жемісі десек қателеспейміз.
Ілияс Омарұлы республикалық эстрада – цирк студиясының ашылуына ұйтқы болып, Қазақ циркінің ірге тасын қалауға еңбек сіңірді. Алматыда ата-бабамыздан келе жатқан, тек қазаққа тән, ұлтымыздың асыл мұралары - айтыс, терме өнерінің еңсесін көтеріп, дәстүрді қайта жаңғыртты. Қазақ даласындағы өнерге деген ынтасы бар, шығармашылыққа жаны жақын жастарды бір шаңырақ астында жинауды мақсат тұтып – Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты мен Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның ашылуына атсалысты.
Ілекең, 1949 жылы жарық көрген «Қазақ Совет Социалистік Республикасы тарихының» толықтырылған екінші басылымына редактор болды. Ермахан Бекмахановтың қазақ халқының тарихын ашық жазуына, Кенесары, Наурызбай батыр жайында ақиқаттың айтылуына, Қажым Жұмалиевтың Исатай мен Махамбет жөніндегі құжаттарын бастыруға бастамашы болды. 1951-52 жылдары «ұлтшылдарды қолдаушы» деген науқаншыл айыппен Орталық комитеттің құрамынан шығарылды. Ілияс Омарұлы 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде ұйымдастыру шараларына белсене араласты. Қазақ халқының өнер шеберлерін сол кездегі Мәскеудің таңдаулы сахналарына шығарды.
Ілекеңнің екінші қасиеті оның қарымды қаламгерлігі, дарынды әдеби сыншылығы дер едік. Қаламгерлік жолында ол қазақ әдебиетінің өркендеуіне қомақты үлес қосқан ақын-жазушылармен етене араласты, олармен үнемі сыр бөлісіп отырды. Ол жазушылар мен әртістерді, композиторлар мен суретшілерді қадір тұтты, әрбірімен үнемі рухани үндес болды.
Қат-қабат жауапты қызметке қарамастан Ілияс Омарұлы қолына қалам алып, ой-толғауларын, ішкі жан-дүниесін қағаз бетіне түсіріп, кейіннен кітап ретінде шығарып, шебер қаламгер атанды. Оның қаламынан «Әдебиет жайлы ойлар», «Оқырман көзімен», «Серпін», «Шабыт шалқары», «Толғамдар» атты жинақтарын бүгінгі көзіқарақты оқырманның кітап сөресінен табуға болады. Ілияс Омарұлы халқына деген махаббатын, алаштың кейінгі буын ұрпағына айтар нақыл сөздерін өлеңге түсіріп, терең ойлы ақындық қырымен де танылды. Ілияс Омарұлы өлеңдерінің бірінде:
«Ой шапса қия жарға қайырмаймын,
Болса да жүгім ауыр қайғырмаймын.
Ойымды, қиялымды ешуақытта
Халықтың мүддесінен айырмаймын» - деп, халқымыздың келешегі жолында ешбір қиындықтан тайсалмайтынын ашық көрсетті.
Ілияс Омарұлы әдебиетшілермен, жазушылармен қоян-қолтық араласты. Оның жас жазушыларға берген ақыл-кеңесі, айтқан асыл сөздері, орынды ойлары, талай таланттарды өнер аламанына қосып, биік белестерге бастады.
Сонымен бірге, қазақ әдебиетінің алыптары Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов сынды қазақ прозасының ұлы шеберлерінің шығармаларына айтылған Ілекеңнің пікірлері, ой толғаулары, жылы лебіздері өзіндік дара еңбек, терең толғамды шығарма ретінде ұлт руханиятының алтын қорына қосылды.
Ілияс Омарұлының үшінші қасиеті, оның тұлғалық ерекшелігі, азаматтығы дер едік.
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді». Өзінің өнегелі өмір жолы, ғибратты ғұмыры арқылы бүгінгі ғасырлық тойында да Ілекеңнің аты да, хаты да ел жадында сақтаулы және сақтала да бермек. Өз ғұмырында Ілияс Омарұлы шығармашыл зиялы қауыммен жақсы қарым-қатынаста, адами сыйластықта болғаны белгілі. Оның адамгершілігін, ашық жүрегін, сыпайылығын, мейірімді және өмірдің мәнін ұққан ерекше жан екендігін Ілияс Омарұлының замандастарының, қазақ прозасы мен поэзиясының біртуар азаматтарының естеліктерінде шынайы жазғанынан бағамдауымызға болады. Ұлтымыздың бірқатар көрнекті тұлғаларының естеліктерін парақтағанымызда қайраткердің азаматтық болмысы мейлінше тұлғаланып, барынша жарқырай түскеніне көзіміз жетеді.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы Мәскеуде жүргенінде, өзге ұлт жазушыларының алдында Ілияс Омаровты мақтан тұтып, «Ілияс - ақыл мен ашық жүректен жаралған жан» деп мерейін өсіргенін білеміз.
Ал Мұхтар Әуезов «мұндай адамдар дүниеге сирек келеді, болашақта Ілиястай азамат туылар ма екен өзі?» дегені де есімізде.
Ал, мәдениетіміздің тағы бір жоталы тұлғасы Өзбекәлі Жәнібеков Ілияс Омаров хақында: «уақыты тар болса да арманы алыс, мақсаты асқақ өнегелі өмір кешкен мемлекет қайраткері, дарынды қоғамтанушы, әдебиет, өнер зерттеушісі, қай-қайсымызға болса да ақылшы аға, жақын дос, қамқоршы ұстаз еді», – деуі сірә, тегін емес шығар.
Сонымен бірге, орыс интеллигенциясының белді өкілдері де Ілекеңнің азаматтығына деген ықыласын жасырмады. Достары Леонид Леонов, Роман Кармен, Юрий Казаков, Леонид Соболев, Николай Анов, Юрий Завадский сынды көрнекті сөз шеберлері оның таланты мен биік талғамын ұдайы құрмет тұтты.
Ілияс Омаров Мәдениет министрі болып тағайындалғанда, жақын жолдастарының бірі Юрий Казаков, құттықтау хатында «Құрметті Ілияс Омарұлы! Сізді шын жүректен жаңа қызметіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз! Сонымен қатар, қазақ мәдениетін де құттықтаймын, өйткені көптеген Мәдениет министрліктері министріміз расында да мәдениетті деп мақтана алмайды! Қазақ болып туылмағаныма өкінемін» деген шынайы ықылас-пейілін білдірген еді.
Ілияс Омарұлы өмірінің соңғы күндерінде ауыр дерт меңдеп, ажалмен арпалысып жатқан кезде жанында отырған жандарға өз ой-толғамдарын жаздырып, санасынан сәуле шашумен өткенін ерекше айтуымыз керек. Тіпті дүниеден өтерінде жаздырған қоштасу хатының өзінен бірегей сәуегейлікті, халқына деген ыстық махабатты анық аңғарғандаймыз.
Қайраткер жазып қалдырған мына жолдар да назар аудартады. «Мен өз тағдырым туралы ешқашан алаңдамаймын. Мені алаңдататыны жас ұрпақтың тағдыры. Енді 15-20 жылдан кейін КСРО ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстың ауыр соққысын бастан өткереді. Сол кезде ұлы державаның күйреу қауіпін туғызатын сұрапыл шақтар туып, жаппай жұмыссыздық, кедейшілік белең алады», деген екен. Бұл 1970 жылы жазылған екен. Шын мәнінде 20 жылдан кейін, яғни 1990 жылдары алып империя атанған КСРО құлап, сол кезеңде жаппай құлдырау орын алғанына бәріміз куәміз.
Соңғы жазбаларының бірінде Ілияс Омарұлы «Басымда айтылмаған ойларым бар еді. Олардың бәрі – өз қолыммен, өз басыммен орындай алмай кетіп бара жатқан – ел, халық алдындағы азаматтық, перзенттік парызым. Оның ең бастысы – туған халқымның мәдени өрісі, өскелең жолы және оның ғасырлар сақтаған аса бай мұрасын байланыстыра зерттеу еді. Мен бұл салада көп уақыт әрекет, қызмет еткенімді еске алғаныммен, ол істердің атқарылуға тиістісінен әлдеқайда аз болғанына өкінемін. Халық мұрасы дегенім – әсіресе, сан дәуір, замандар көшінде өзінің қайталанбас, тозбас, өшпес қасиетімен бізге дейін жасап келген ән, күй, музыка мұрасы, дастандар, жырлар түйдегі. Осыларды жаңғырта, жаңарта, осы өз дәуіріміздің қажет-мұқтажына, қызметіне бар бояу, кестесімен жеткізе жарату міндеті алдымызда тұра береді», деп біздің ұрпаққа аманат қалдырған еді.
Ендеше, ардақты тұлғаның арман-аңсары да, асыл аманаты да бүгінгі тәуелсіздік жылдарында орындалды деп айрықша айтуымызға болады. Егемендік жылдары барымызды бүтіндеп, жоғымызды түгендеп, төл мәдениетімізді шарықтан жаңа шыққан қанжардың жүзіндей жарқыратудамыз.
Қостанайдағы қазақ драма театрына І. Омаровтың атын беру мәселесін (әркім әр жаққа тартатын дау-дамайдың алдын алып) ең әуелі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешкенін де мәдениет жанашырлары тебіреніп айтып жүр. Елбасы мемлекеттің даму сатысында мәдениет саласының қосатын тарихи ролін терең сезіне отырып, былайша атап көрсетті: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады».
Елбасының тікелей бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Ұлттық тарихымызға қатысты 5 мыңнан астам құжаттар көшірмелері елге әкелінді. Жүздеген мәдени-тарихи нысандарымыз қайта қалыпқа келтірілді. Бұл игілікті іс қазіргі таңда да қарқынды жалғасын табуда. Бүгінде елімізде 56 театр көрермендерге лайықты қызмет көрсетуде. Ел жүрегі – Астанамыз рухани орталыққа айналып, жаңа мәдени ошақтар бой көтеруде. Биылғы жылдың өзінде Орталық Азия өңірінде теңдесі жоқ жаңа мұражай, Опера және балет театры іске қосылады деп жоспарлануда. Міне, осы ұлағатты істердің баршасы ұрпақтар сабақтастығының ұлы өнегесі демекпіз.
Ұрпақтар сабақтастығының тағы бір тағылымды мысалын біз Ілияс Омарұлының асыл мұрасын қайта ақтара отырып, атап көрсеткіміз келеді. Жаны жайсаң тұлға өз жазбаларының бірінде: «Қайткенде де бірлік керек. Бар табыстың кілті сонда. Бірлікке тек игілікті іс үстінде ғана қол жетеді... Мейлі қызбалар бұрқ-бұрқ қайнай берсін – бірлік үшін соның бәріне де төзе біл», – деген өсиет қалдырады. Ал, еліміз бүгінгі жеңіске де, жетістікке де бірлік арқылы қол жеткізіп отырғанын айтуымыз керек. Олай болса, алдыңғы буын өкілінің арманын бүгінгі ұрпақтың орындап отырғаны жарасымды жалғастықтың керемет нышаны емей не!
Ілекең келесі бір сөзінде: «Өмірдің ең күшті, ең қуатты, ең құдыретті әні – еңбек әні. Тек еңбек қана адамның атын шығарып, даңққа бөлейді, тек еңбек қана байлықтың іргесін қалайды. Бұл арада, еңбек, әрине ерікті болуға, ортақ байлығымыз үшін, адамдардың бақыты үшін, өз абыройы үшін жасалуға тиіс. Барша жақсылық пен игіліктің қайнар көзіне деген мұндай сүйіспеншілік пен түсінік болмаса, бақыт та қонбайды», деп адал еңбектің қадыр-қасиетін ардақтай түседі. Тағы бір таңданарлығы арада нешеме жылдар өткеннен кейін осы тақырыпты Елбасымыздың өзі көтерді. Ел Президенті биылғы жылы барша халықты адал еңбекке үндейтін «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» тұжырымды мақаласын арнады.
Мінеки, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың, жалпыадамзаттық құндылықтарға деген құрметтің нағыз үлгісі осы деп білеміз.
Сөз соңында айтарымыз, бұл дүниеде қазақ деген халық барда, мәуесін жайған төл мәдениетіміз барда, ұлт руханияты жолында өмірін арнаған Ілияс Омаровтай тұлғалардың есімі мәңгі жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа ұлағат боп қала беретініне кәміл сенімдіміз.
Той құтты болсын, ағайын!

Құрметті Ұстаздар!
Құрметті қонақтар!

Қазақстан халқы үшін қадірлі мерекелердің бірі – Мұғалімдер күнінде ұлттық білім беру саласына өлшеусіз үлес қосқан, еліміздің ұлағатты Ұстаздары – ардагер педагогтармен Алматы төрінде кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын.

Ұстаз деген – ұлы есім.
Мен Сіздердің әрқайсыңызды осы қасиетті ұғымға лайықты өмір сүріп, қызмет атқарған үлкен Тұлға, зиялы азамат ретінде құрмет тұтамын.
Мемлекеттің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін, ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбектеріңіз үшін ел атынан алғыс айтуға осы ресми қабылдауды ұйымдастырып отырмыз.
Мерекелік кездесуге хош келдіңіздер!
Мереке Сіздерге қуаныш пен шаттық сыйласын!

Құрметті әріптестер! Әрбір мемлекет білімді де білікті ұрпағынан қуат алады. Ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі.
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға...»,- деп, ұлы Абай айтқандай, ұстаз еңбегі қашан да өзінің жемісін береді. Оған өмір - куә.
Сіздерден үлгі алған шәкірттеріңіз халықаралық пән олимпиадаларында елдік Туын асқақтатып, мемлекеттің мерейін тасытып жүр.
Біздің балалар 2012 жылғы 9 айда әлемдік деңгейдегі 957 наградаға қол жеткізді.
Олар дүниежүзі елдерінің таңдаулы ондығына кірді және Еуропа командаларынан озып, АҚШ және Қытай оқушыларына лайықты бәсеке туғызуда.
Қазақстан соңғы үш жыл бойында білімді дамыту индексі бойынша 129 елдің ішінде алғашқы төрт елдің қатарында.
Таяуда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтеріліп, 50 елдің қатарына кірді. Бір жылда мұндай өсу ешбір елде болмаған.
Осындай табыстарға қол жеткізуде Сіздердің де үлестеріңіз зор.
Сіздердің педагогикалық қызметте жинақтаған білім мен тәжірибелеріңіз – біз үшін аса қымбат рухани қазына.

Құрметті әріптестер! Бүгін біз елімізде тұңғыш рет Үздік Ұстаздар форумы – Мұғалімдер Балын өткіземіз.
Оған «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атанған 48 ең үздік, таңдаулы ұстаз шақырылды.
Жалпы конкурсқа аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде 4 мыңға жуық педагог қатысты.
Сіздерді Мұғалімдер Балының құрметті қонағы ретінде қатысуға шақырамыз.

Құрметті ұстаздар! Бүгін ұстаздар тойы болғандықтан, той кәдесі ретінде бірқатар ардагер ұстаздар марапатталады.
Мерекелік кездесудің қуанышты сәті – марапаттау рәсімін бастауға рұқсат етіңіздер!
Баршаңызға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және өз атымнан ел болашағына арналған игі қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын!
Сіздерді тағы да кәсіби мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, табыс, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан астанасында энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін бас қосып отырған саясаткерлерге, энергетикалық компаниялардың басшылары мен халықаралық сарапшыларға Қазақстан Үкіметінің атынан қош келіпсіздер деймін.
Форумның құрметті спикерлеріне, сондай-ақ Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жақында сайланған жаңа басшысы Ренато Бертаниге, Испанияның экс-премьері Хосе Мария Аснарға және басқа да қадірлі қонақтарға қош келіпсіздер деймін.
Бүгінгі форум Қазақстан үшін айрықша болып табылады. Оның аясында республикамызда алғаш рет Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өткелі отыр.
Бүгінде KAZENERGY форумы қазақстандық және әлемдік энергетиканың өзекті мәселелері талқыланатын негізгі халықаралық алаңға айналып келеді.
Себебі бұған дейін өткен мәжілістер осы іс-шараның тиімділігін көрсетті. Мемлекет пен бизнес арасындағы байланыс күшейіп, Қазақстанның мұнай-газ кешенін тұрақты дамытуға қажетті алғышарттар жасалды.
Осылайша, KAZENERGY Еуразиялық форумы қазақстандық және әлемдік энергетиканың күнтәртібіндегі ең өзекті проблемаларды талқылауға арналған және халықаралық деңгейде танылған диалог алаңына айналып отыр.
Өткен форумдар энергетикалық ынтымақтастықты орнықтыру, өзекті ұсыныстар мен шешімдер жасау, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара түсіністікті нығайту ісінде өзінің жоғары тиімділігін көрсетті.
Жыл сайын еліміздің мұнай-газ секторына жылма-жыл ауқымды көлемде инвестициялар келуде. Осының нәтижесінде мұнай мен газ өндіру саласында Солтүстік Каспий, Теңіз, Қарашығанақ секілді ірі жобалар сәтті жүзеге асуда.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары 2015 жылдың аяғына дейін кезең-кезеңімен қайта жаңғыртудан өтетін болады.
Елбасы Үкіметтің алдына Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту міндетін қойды. 2013 жылы Солтүстік Каспий жобасын іске қосу жоспарланып отыр.
Бүгінде табиғи газды өндіру көлемі артып жатыр. Осыған орай Қарашығанақта жылына 5 млрд. текшеметр газды өңдейтін зауыт салынатын болады.
Ал Қазақстанның мұнай-газ зауыттарын жаңғырту жұмысы 2015 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Қазақстан бұрынғысынша уран өндіруші ірі өндіріс болып табылады, ол жалпыәлемдік уран өндірісінің 36% қамтамасыз етіп отыр.
Қазақстандық отын-энергетика кешенінің қарқынды дамушы секторының бірі көмір саласы болып қалуда.
Қазақстан қазіргі күні Батыс пен Шығысты жалғай алатын маңызды стратегиялық аймақтарға айналып келеді. Осы жағдай және оның шикізат ресурстарына байлығы бұл елдің болашақта жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысушы маңызды елдердің біріне айналатындығын білдіреді.
Біз қазіргі әлемдік экономикалық белгісіз жағдайларға қарамастан, энергоресурстарға әлемдік сұраныстың өсе түсетіндігін жақсы түсінеміз. Қазақстанда максимальдық өндірістік әлеуетке қол жеткізу үшін жаңа инвестициялар тартуға болады.
Біздің Үкіметіміз инвестициялық климатты жетілдіру және жекеменшік сектормен өзара тиімді әріптестік орнату бағытында тұрақты жұмыс істеп келеді. Және осыға бүгінгі форумның қосатын үлесі зор.
Біз бұл ресурстарды тасымалдау маршруттарын әртараптандыра отырып, оны ақырғы тұтынушы рыноктарға дейін жеткізуге ұйғарым жасап отырмыз.
Қазақстандық қамтуды арттыруға және технологиялар трансферттеуге бұрынғысынша басымдық берілетін болады.
Біз сондай-ақ орны толатын энергия көздерінің мүмкіндіктерін де мойындаймыз, сондықтан да Үкімет осы саладағы бірнеше үлкен перспективалық жобаны қолдап отыр.
Ең алдымен, бұл күн энергетикасын дамыту, желдің қуатын пайдалану жобалары.
Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын әзірлеуге бастамаша болды. Біз «жасыл энергетикаға», энергетикалық ресурстардың жаңа түрлерін игеруге қолдау білдіреміз.
Қазақстан климаттың өзгеруі ғаламшар тұрғындары үшін үлкен қауіп әкелетінін түсіне отырып, адам капиталын, инфрақұрылымдар мен технологияларды дамытуға қомақты қаражат салуда.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» Заң өнеркәсіптің энергоқамтымын 2015 жылға дейін 10% және ағымдағы онжылдықтың соңына дейін 25% азайтуды мақсат етіп отыр.
Біз сондай-ақ алдыңғы қатарлы технологиялар мен жабдықтарды енгізуге де инвестиция салып жатырмыз, онда мақсат электр энергетикасы нысандарын жаңарту.
Энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық орнықтылыққа төніп отырған қауіп-қатерлер бізден сәйкес превентивті шараларды талап етеді. Ал оларды іске асылу бізде жаһан болып жұмылуды қажетсінеді.
Тек бірлескен күш-жігердің арқасында да біз ХХІ ғасырыдң энергетикалық ығыттарына қарсы тұра аламыз.
VII KAZENERGY Еуразиялық форумы мемлекет пен халықтардың өзара сенімін нығайтуға, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай халықаралық қағидаларын қалыптастыруға үлес қосады деп сенемін.
Сіздерге табысты жұмыс, тартысты жарыссөздер және сәтті шешімдер тілеймін!

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

Сіздердің қарауларыңызға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына Қазақстандағы калалық агломерацияларды дамыту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар ұсынылып отыр.
Бұл құжат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген.
Дайындау жұмыстары шеңберінде біз орталықтарын дамытуда, жағдайлары, Канада, Австралия сияқты елдер мысалында Қазақстанға ұқсас агломерациялық дамытудың әлемдік тәжірибелерін зерделедік.
Әлемде агломерацияларды дамыту әдістемелерін трансформациялау болып жатқанын атап өту қажет. Ертеректе оларды қалыптастыру дәстүрлік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс орталықтарының базасында болса, ал қазір мұндай процесс осы күнгі постинустриалды экономиканың заманауи инновациялық аумақтарды құруға негізделуде.
Экономикалық және еңбек әлеуеттерінің шоғырлануы, масштаб тиімділігі, инфрақұрылымдық-инновациялық тиімділігі агломерацияларды елдерді мен өңірлері өсуінің ұзақ мерзімді полюстері ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Осыларды ескере отырып таңдалып алынған өлшемдер негізінде Қазақстан қалаларының агломерациялық әлеуетіне алдау жүргізілді. Өлшемдер ретінде демографиялық сыйымдылық, логистикалық және экономикалық әлеует, сондай-ақ ядро-қала әкімшілік мәртебесі айқындалады.
Жүргізілген талдаулардың нәтежесі бойынша агломерацияларды 2 деңгейлі етіп айқындау ұсынылып отыр:
1 деңгейлі агломерация – ең үлкен әлеуетке ие Астана, Алматы және Шымкент қалалары.
2 деңгейлі агломерация – Ақтөбе және Ақтау.
Қазақстанда агломерацияларды дамытудың негізгі мақсаты оларды әлемдік және өңірлік нарықтармен кіріктірілген ұзақ мерзімдегі өсу орталықтары ретінде құруды айқындау ұсынылады.
Бағдарламаның бұл мақсатын мынадай 3 бағыт бойынша іске асыру ұсынылады:
Бірінші. Агломерацияларды республикалық және өңірлік нарықтарда экономикалық тұрғыда позицияландыру.
Екінші. Агломерациялар мен оларды тарту аймақтарының инфрақұрылымдарын жаңа технологияларды қолдана отырып үйлесімді түрде дамыту.
Үшінші. Қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қалақұрылыс және институционалды саясатты жетілдіру.
Бірінші бағыт шеңберінде әрбір агломерацияның басым экономикалық мамандандыру айқындалды:
Астана агломерациясын «Назарбаев университеті» базасында жоғарғы технологиялар мен инновация орталығы, медициналық кластер және құрылып жатқан индустриалды аймақпен позициоландыру. Осы агломерация Қарағандының және Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жақындығы мен перспективаларын ескере отырып жүйелі «өсу аймағы» ретінде қарастырылады.
Алматы агломерациясы Орталық Азияның барлық өңірі сауда-логистикалық және қаржы орталығы ретінде, «Алатау» ИТП АЭА және Алматының қаласыны үлкен университеттерің базасында инновациялық кластер, туризм орталығы (Шымбұлақ, Медеу, Табаған, Көкжайлау, этнотуризм) ретінде дамитын болады. Бұл агломерацияны G4 City қала-спутниктер және «Хоргос» ШЫХО құрылысын ескере отырып дамыту жоспарлануда. Алматы агломерациясын сауда-логистикалық орталық ретінде дамыта отырып «Хоргос» АЭА-ны кешенді дамыту ұсынылып отыр.
Агломерацияларды дамытудың құралдарын мемлекеттік-жобаларды (Назарбаев университеті, «Хоргос» ШЫХО және басқа), арнайы экономикалық аймақтар («Астана – жаңа қала» АЭА, «Сарыарқа» АЭА және «Бурабай» АЭА Астана агломерациясына, «Алатау ИТП» АЭА және «Хоргос» АЭА Алматы агломерациясына, «Оңтүстік» АЭА Шымкент агломерациясына, «Ақтау теңіз порты» АЭА-сы Ақтау агломерациясына), мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (ҮАААЖ, ТКШ және басқалар) мен басқа да мемлекеттік құралдар және салалық бағдарламалар арқылы (БЖК – 2020, Қол жетімді баспана – 2020, Жұмыспен қамту – 2020, ТКШ-ны жаңғырту және басқалар).
Екінші бағыт шеңберінде агломерациялардың инфрақұрылымдарын және оларды тарту аймақтарын үйлестіре дамыту көзделеді.
Бұл жаңа технологиялық шешідерді қолдану арқылы транспорттық және инфокоммуникациялық жүйелердің ықпалданып құру, ТКШ-ны модернизациялау.
Үшінші бағыт шеңберінде агломерацияларды дамыту бойынша өңірлік және салалық бағдарламаларды үйлестіру мақсатында:
1) Астана және Алматы қалалары бойынша –Үкімет қаулысымен, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау облыстық мәслихат шешімдерімен агломерацияларды дамыту бойынша өңірлер арасындағы Іс-шаралар Жоспарын әзірлеу.
2) Қала құрылысының кешенді жоспарын әзірлеу (аралық схема) қалалық агломерацияларды дамыту және ұзақ мерзімді кезеңге оларды тарту. Бұл бірынғай қала құрылысы саясатын, инфрақұрылымдарды үйлестіре отырып дамыту, агломерацияларды дамытудың өңір аралық үйлесуін қамтамасыз етеді.
Агломерациларды басқару моделін қалыптастыру маңызды мәнге ие.
Әлемдік тәжірбиеде олар үшеу - бір деңгейлі (яғни бірыңғай кеңейтілген әкімшілік – аумақтық бірліктер шеңберінде), екі деңгейлі (өңірлер және өңірлер үстіндегі органдар) және келісімді (өңірлер арасындағы кооперациялар).
Қазақстан жағдайында:
- Астана және Алматы агломерациларына қатысты басқаруды Астана, Алматы қалалары, Ақмола және Алматы областары әкімдіктері арасында келісімдер негізінде жүзеге асыру, бірақ Үкімет жанында осы агломерацияларға жауап беретін Комиссия құру;
- Шымкент, Ақтөбе және Ақтау агломерацияларына қатысты облыс әкімдіктері деңгейінде өңір аралық үйлестіру ұсынылады.
Жалпы қаулы жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген.
Агломерацияларды дамыту бойынша жобалар мен іс-шараларды қаржыландыру Болжамдық схеманың негізгі ережелерін ескере отырып қолданыстағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.
Қолдауларыңызды сұраймыз.

Құрметті Қанат Алдабергенұлы!
Құрметті әріптестер!

Сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Бүгінгі мақсатымыз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында қойылған міндеттердің орындалу барысын қарастыру.
Бұл міндеттер Президенттің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында тағы да толықты.
Сонымен қатар, 5 қыркүйекте миллиондаған қазақстандықтар тыңдаған интерактивті лекциясында айтылды.
Осының бәрі – Елбасы стратегиясының заман талабына сай дамып келе жатқанын көрсетеді.

Алдымен – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы.
Мұнда көптеген табыстарға қол жеткіздік.
Бірінші жарты жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,6%-ға өсті.
Бүгінде әр адамға шаққанда 12 мың долларға жақындады.
Әлемде экономикалық дағдарыс болып жатқан кезде біз осындай жетістіктерге жетіп отырмыз.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асуда.
2010 жылдан бастап 440 жаңа индустриалды объекті іске қосылды.
Алдағы 5 жылда 250-ден астам кәсіпорын салынады.
Оған 150 мың қазақстандық жұмысқа орналасатын болады.

Жыл басынан бері халықтың нақты табысы 13%-ға өсті.
Бізде жұмыссыздық деңгейі – 5,3%, жастар бойынша – 3,8%.
Еврозонамен салыстырсақ, ол жерде жұмыссыздық деңгейі 11,3%-ға, жастар арасында – 22,6%-ға жеткен, ал кей елдерде тіпті 50%-дан асқан.
Нұрсұлтан Әбішұлы дағдарыстың себептерін талдай отырып, осының бәрі «тұтыну идеологиясының кесірінен» деп атап көрсетті.

Қазақстан Давос форумында жарияланған рейтингте айтарлықтай жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Бәсекеге қабілеттілік рейтингінде еліміз бірден 21 орынға көтеріліп, 51-ші орынға шықты.

Ешбір елде бір жылдың ішінде мұндай өсу болмаған.
Бұл – бірегей көрсеткіш.
Бұған экономикалық факторлар ғана себеп болып отырған жоқ.
Мұндай нәтижеге білім мен ғылым жүйесін түбегейлі жаңарту арқасында да қол жеткізіп отырмыз.
Білім саласында 11 көрсеткіш бойынша өсу байқалды.
Оның ішінде «Университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы» (2011 жылмен салыстырғанда + 29 позицияға жоғары), «Персонал біліктілігін арттыру» (+ 24 позиция), «Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» (+ 13 позиция), Білім жүйесінің сапасы» (+ 11 позиция) және т.б.
Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген жаңа базалық механизмдерді іске асыру нәтижесінде осындай көрсеткіштерге жетіп отырмыз.
Соңғы 2 жылда біз 40-тан астам механизмдерді енгіздік.
Атқарылған жұмыстар көп.
Президенттің қолдауы арқасында білім беруге бөлінген қаржы көлемі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті.
2010 жылдан бастап 1,6 есеге өсіп, бүгінгі күні 1,3 трлн. теңгеден асты.
Бұл жалпы ішкі өнімнің 5%-ға жуығын құрайды, Яғни, біз дамыған елдер деңгейіне (ЖІӨ-нің 6-8%-ы) біртіндеп жақындап келеміз.

Білім берудің жаңа инновациялық моделінің мынадай жетекші блоктарын әзірлеп, іске қостық.

Олар:
Бірінші – білім сапасын ұлттық деңгейде бақылау.
Екінші – Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университетінің тәжірибесін барлық білім беру жүйесіне тарату.
Осыған ұқсас өсу нүктесі техникалық және кәсіптік білім жүйесінде де құрылды.
Ол – «Кәсіпқор» холдингі.
Үшінші – жан басына қаржыландыруды енгізу.
Төртінші – көп тілді білім берудің жаңа моделін енгізуді бастау.
Бесінші – қоғаммен және жұмыс берушілермен өзара байланыс жасаудың жаңа механизмі.
Алтыншы – Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша ұлттық іс-қимыл жоспары.

Елімізде қазіргі уақытта білім беру объектілері көптеп салынуда.
2015 жылға қарай 522 жаңа мектеп салу жоспарланған.
Олардың 146-сы осы жылы салынады.
Мұндай қарқын бұрын-соңды болмаған!
Бұл – әлем бойынша да бірегей жағдай.

Сіздердің облыста соңғы 2 жылда мұндай объектілер салуды қаржыландыру 5 есеге дейін өсті. Яғни, 2,2 млрд-тан 10,4 млрд. теңге болды.
Бұл – өте жоғары қарқын.

Оқыту сапасында да алға жылжу бар.
Атап айтқанда, халықаралық олимпиадаларда ең көп орындарды қазақстандық оқушылар алады.
Өткен жылы олар 912 медаль алды. Мысалы, 2007 жылы 181 болатын.

Олардың арасында сіздердің оқушыларыңыз да бар.
Облыс халықаралық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда табыстарға жетіп жүр.
Осы жылы өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс жалпы командалық есепте 1-ші орынды жеңіп, «Үздік команда» атанды.
Республикалық ғылыми жарыстағы орындарыңыз да жоғары – екінші орын.
Халықаралық олимпиадалардан осы жылы 36 медаль алдыңыздар.
Бұл – 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
Осылардың бәрі – оқушылар даярлау сапасының өскендігін көрсетеді.
Елбасы бізден осындай жоғары көрсеткішті талап етіп отыр.

Облыс педагогтары орта білім саласындағы 12 жылдық оқуға көшу міндетін жақсы орындайды деп сенемін.

Техникалық және кәсіптік білім саласын дамыту үшін Президенттің тапсырмасымен басқарудың жаңа жүйесі құрылды. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер.
Олар – ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен Ұлттық кеңес, салалық және аймақтық кеңестер.
Сіздерде де аймақтық кеңес құрылған.
Ендігі міндет – олардың жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету.

Осыған байланысты мынадай үш мәселеге назар аударғым келеді.
Бірінші – кәсіптік-техникалық және жоғары білімі бар мамандарға еңбек рыногының сұранысын тұрақты талдау.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына бағыт беру.
Бұл іске аймақтық кеңесті де тарту қажет деп ойлаймын.
Екінші – мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналасуына талдау жасау.
Олардың барлығы мамандығы бойынша жұмысқа тұрды ма? Соны анықтау.
Егер проблемалар болса, қосымша шаралар қабылдайтын боламыз.
Үшінші – оқытудың дуальді жүйесін енгізу.
Бұл – Елбасының тікелей тапсырмасы.
Облыста бұл жүйе үш колледжге енгізілген.
Осы жұмысты әрі қарай дамытуымыз қажет.

Жоғары білім саласында да даярлық сапасын өсіру – басты мақсат.
Оған қол жеткізу үшін біз жоғары оқу орындарының желісін оңтайландырып, халықаралық талаптарға сәйкес келтіреміз.
Бұл – Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей тапсырмасы.

Тағы бір маңызды мәселе.
Ол – білім, ғылым және инновацияны біріктіру.
Осы міндетті іске асыруда Назарбаев Университеті үлгі бола алады.
Оның тәжірибесін басқа жоғары оқу орындарына тарату үшін 10 инновациялық университет іріктелді.
Министрлік зерттеулер жүргізу үшін оларға жан-жақты қолдау көрсететін болады. Сонымен қатар бұл жұмысқа талантты жастарды белсенді тарту қажет.

Назарбаев Университетінің тәжірибесін таратудың тағы бір бағыты – жоғары оқу орындарына дербестік беру.
Бұл процесс басталып та кетті.
4 университетте Байқау кеңестері құрылды. Олардың өкілеттігі заңнамалық тұрғыда бекітілді.
Осы процесс кеңінен қолданылатын болады.
Басқарудың корпоративті органдары мен басқа да жоғары оқу орындарының өкілеттігі заңды түрде кеңейетін болады.
Аймақтардың жоғары оқу орындары оқыту және басқару жүйесінің сапасын барынша арттыруы тиіс.
Тек сонда ғана жоғары оқу орындары дербестігінің тиімділігі туралы айтуға болады.

Жастар саясаты саласында да біршама жетістіктерге қол жеткіздік.
Президенттің тапсырмасы орындалды.
Жастар ісі комитеті құрылды. Аймақтарда тиісті органдар қалыптасуда.
Тәрбие жұмысы жаңа ұйымдастыру базасына ие болуда.
Бұл орайда, жастарды тәрбиелеуде білім беру ұйымдарының, әсіресе бірінші басшылардың жауапкершілігі одан сайын арта түспек.
Тағы да естеріңізге салып өтейін – бұл біздің жұмысымызда өте маңызды.
Оқу процесінің тәрбие компонентін күшейту қажет.

Енді ғылым саласы туралы.
Соңғы екі жылда ғылым саласында көптеген өзгерістер болуда.
Біріншіден, зерттеулерді қаржыландыру түбегейлі өсті.
Елбасы қамқорлығының арқасында қаржыландыру көлемі 2,5 есеге артты.
2010 жылы 20 млрд. болса, осы жылы 48 млрд. болды.

Екіншіден, кадрлық қамтамасыз ету.
Көптеген жылдар бойы ғылыми кадрлардың қартаюы және жалпы қысқаруы байқалды.
Ал 2010 жылдан бастап жағдай түбегейлі өзгерді.
Ғылымға жастар көптеп келе бастады, кадр әлеуетінің өсуі байқалды.
Бұл – Елбасы ұсынған білімді басқарудың жаңа моделін енгізудің тікелей нәтижесі.

Құрметті әріптестер!
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қойған міндеттерге қол жеткізу үшін сенімді түрде алға жылжып келеміз.
Бұл орайда, осы облыстың да үлесі зор.
Жақында «Казахстанская правда» газетінде мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы мақала жарияланды. Онда өткен жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл әкімдігінің қызметі жоғары бағаланды.
100 балдың 72-ден астамын жинаған.
2010 жылмен салыстырғанда бюджетті және персоналды басқару барынша жақсарған.
Қызметкерлердің көпшілігі белгіленген мерзімде аттестациядан өткен.
Мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіші де өсті.
Актілер мен тапсырмаларды орындау тиімділігі бойынша жамбылдықтар 100 балл жинап, бірінші орынға шықты.
Бұл – жамбылдықтардың үлкен жетістігі және осы облысты басқарып отырған Қанат Алдабергенұлының жемісті еңбегі.
Биылғы жылдың да қорытындысы өте жақсы болады деп ойлаймын.

Алдағы уақытта да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға белсенді қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін.

Назарларыңызға рахмет.

Үкімет алаңы: Асылжан Мамытбеков Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы

Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі міндеттері болып табылады. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Pm.kz сайтына берген сұхбатында егін орағына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге қатысты болжамдар туралы әңгімелеп берді.
- Асылжан Сарыбайұлы, биылғы құрғақшылық астықтың шығымына қалай әсер етті және оның салдарын жою үшін қандай шаралар қабылданып жатыр, сол туралы айтып өтсеңіз?
- Ия, биыл Қазақстанның жекелегенөңірлерінде құрғақшылық орын алды. Әсіресе Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік аудандары, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік аудандары, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік және шығыс аудандары қатты зардап шекті. Қуаңшылықтың салдары басқа да өңірлерде азды-көпті байқалып отыр.
Биылғы құрғақшылық ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне теріс әсерін тигізді. Ауыл шаруашылығы министрлігі құрғақшылық салдарларының алдын алу, өңірлерді азық-түліктік астықпен және мал шаруашылықтарын жем-шөппен қамтамасыз ету, ұн мен нан бағаларының өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауда.
Осыған байланысты, өңірлерді бидаймен қамтамасыз ету және ұн мен нан бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Азық-т.лік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ 28 мың теңге/тонна бағамен өңірлерге астық бөлуге кірісті, барлығы 1,3 млн. тонна астық сатылды.
Сондай-ақ, мал басын жеммен қамтамасыз ету үшін әкімдіктер анықтайтын мал шаруашылықтары мен жекеменшік қораларға кебек жеткізілмек.
Оған қоса, құрғақшылықтан зардап шеккен дихандардың қарыздарының қайтарылу мерзімдерін ұзарту шаралары қабылдануда. Қажет болған жағдайда шаруашылықтар жем-шөп дайындауға арзан бағамен сатылатын қосымша дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Және шаруашылықтардағы сиырлардың бастарын сақтауға кететін шығындарды өтеуге да қаражат бөлінуде.
Келесі жылы тұқымдық жетіспеушілігіне жол бермеу үшін 50 мың тоннаға дейін тұқымдық қоры дайындалды, тұқымдыққа жарамды астық партияларына бронь жасалды, сондай-ақ әкімдіктерге тұқымдықтар сатып алуға қаражат бөлінді.
- Құрғақшылықтың салдарын ескере отырып, биылғы астықтың жалпы қоры мен экспортталатын көлемі қай деңгейде болады деп болжануда?
- Биыл 13 млн. тоннаға жуық астық жиналады деп болжап отырмыз. Осыны және өткен жылдан қалған астық қорын есепке алсақ, елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге және экспортқа 10 млн. тоннаға дейін астық шығаруға жетіп қалады.
- Бидай экспортталатын нарықтар биыл кеңейтіле ме?
- Астық және ұн өткізу нарығын кеңейту өзекті мәселелердің қатарында, себебі қазақстандық астық пен ұнды импорттаушы Орталық Азия және Кавказ елдері, Иран, Ауғанстан сияқты дәстүрлі елдердің сыйымдылығы 6,5-7 млн. тоннаны құрайды. Осының нәтижесінде, Қазақстанның экспорттық әлеуеті әлі де болса, толық іске асырылмай отыр.
Бүгінде Қытай перспективалық экспорттық бағыт болып отыр және оның аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына шығуға мүмкіндік бар. Солтүстік Африка және Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығуды қамтамасыз етудің де маңызы зор.
-Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес, елімізде астық сақтау қоймаларының құрылыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы қанша қойма іске қосылды?
- Бүгінгі таңда еліміздегі астық сақтайтын қоймалардың жалпы сыйымдылығы 22,9 млн. тоннаны құрайды.
Ағымдағы жылы жалпы сыйымдылығы 37,6 мың тоннаны құрайтын 2 астық қоймасы іске қосылды. Оған қоса, жалпы сыйымдылығы 195 мың тоннаны құрайтын 8 қойманы іске қосу жоспарлануда, жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 115 мың тоннаны құрайтын 6 астық сақтау қоймасы іске қосылмақ.
Осылайша, жаңадан іске қосылған қоймаларды есептегенде, республика бойынша жалпы сыйымдылығы 23,1 млн. тоннаның астық сақтау сақтау қоймалары бар, бұл көрсеткіш биылғы маусымға жеткілікті. Оған қоса, «ҚазАгро» холдингі сыйымдылығы 1,5 млн. тоннаны құрайтын астық қоймаларын салуды және жаңартуды жоспарлап отыр. Оған қоса, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ірі және орта шаруашылықтарды қаржыландыра отырып, сыйымдылығы 800 мың тоннаға дейін жететін астық қоймаларын салуды және жаңғырту жоспарлануда. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы да жаңа астық қоймаларын салу, қолданыстағы қоймалардың сыйымдылығын кеңейту жоспарланып отыр.
- І жартыжылдықта Агрокешенді дамыту бағдарламасының аясында қандай көрсеткіштерге қол жеткізілді?
- Үстіміздегі жылы егістік алқаптарының а уданы 1,4% артып, 21,5 млн га құрады. Сондай-ақ, ылғал қорын жинақтайтын технология қолданылған егістіктің көлемі 5,9 % артып, 2012 жылы бұл технология барлық егістіктің 76,7%-да қолданылды.
Көктемгі дала жұмыстары оңтайлы мерзімде жүргізілді, ауыл шаруашылығы техникасын дайындау мен оны жүргізу қарқыны былтырғы жылғы деңгейден жоғары болды.
Астық экспортын ынталандыру үшін, экспортшылардың астықты Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арқылы транзитпен тасу барысындағы, сондай-ақ ҚХР жеткізудегі көлік шығынын субсидиялау жөніндегі шаралар қабылданды. Осылайша, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 2012 жылдың 21 наурызына дейін әр тоннасын 6000 теңгеге балап есептегенде, 15 млрд теңге сомасындағы 2,5 млн тонна астық субсидияланды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 22 наурызынан 31 шілдесіне дейін 10,1 млрд теңгенің 2,5 млн тонна астығын (әр тоннасы 4000 теңгеге балапр есептегенде) субсидиялау жоспарлануда.
Бұл шаралар үстіміздегі жылы астықты экспортаудың рекордтық көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік берді – жөнелтілген 12,1 млн тонна астықтың 8,4 млн тоннадан астамы бидай түрінде, 2,6 млн тоннасы ұн түрінде экспортқа шығарылды.
2012 жылдың басынан бері экспортқа барлығы 7,5 млн тонна астық тиелген, 10,4 млн тонна шөп, 217 мың тонна ұнтақ шөп, 5,5 млн тонна қоспа шөп және 194,9 мың тонна сабан дайындалған.
Өсімдік шаруашылығын дамыту шеңберінде Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіміне ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігі жоғары және бәсекеге қабылетті 81 жаңа сорттары мен гибридтері енгізілгенін атап өу қажет.
Мал шаруашылығына келетін болсақ, 2012 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтарында мал басының тұрақты өсуі тіркелген.
Цифрлар келтірейік: ауыл шаруашылығында ірі қара малдың басы 14,6%, жылқы 17,2%, түйе 8,9%, құс 6,5% артқан, сондай-ақ ет өндіру 10,7 %, сүт өндіру 13,5%, жүн өндіру 5,5% көбейген.
Республика бойынша үстіміздегі жылдың басынан бері аудандық деңгейдегі және облыстық деңгейдегі қалаларда ауылдық және кенттік округтерде мал дәрігерлік пункттері бар 194 мемлекеттік мал дәрігерлік ұйымдары құрылды.
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтердің сәйкестік базасын жүргізу жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар, 2012 жылдың І жартыжылдығында республика бойынша көрсеткіші 41,1% құраған ірі қара малды сәйкестендіру жөніндегі жұмыстар аяқталды. Осы жылы ұсақ малдарды, жылқыны, түйе мен шошқаны сәйкестендіруді жүргізу жоспарлануда.
Қазақстанда 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша азық-түлік өндіру көлемі 5,9% артып, ақшаға шаққанда 359,1 млрд теңгені құраған.
Жалпы, Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуына жасалған талдаулар ондағы қойылған мақсаттардың жоспарлы түрде орындалып келе жатқанын көрсетеді.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!


Елбасының тапсырмасы бойынша Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асыруда маңызды механизмдердің бірі.
Аталған механизмдер Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында, жақында ғана Назарбаев Университетінде өткен дәрісінде және басқа да сөйлеген сөздерінде айтылған.
Олар өз нәтижесін бере бастады.
Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингісіндегі соңғы нәтижелер – осылардың айқын көрінісі.
Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған жоқ.
Осы орайда білім және ғылым саласы ауқымды үлес қосты. Өзіне қатысты 14 индикатордың 11-і бойынша айқын өсімге қол жеткізді.
Әсіресе, мынадай позицияларда көрсеткішіміз өте жоғары: «Университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы» көрсеткіші бойынша – 29 орынға жоғары көтерілген. «Персоналдың біліктілігін арттыру» бойынша – 24 орынға, «Шешімдердің ашықтығы» бойынша – 21 орынға, «Білім жүйесінің сапасы» бойынша 11 орынға және тағы сол сияқты.
Ел Президенті білім саласына үнемі көңіл бөліп келеді. Әсіресе, соңғы екі жылда болып жатқан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша.
Жоғарыда айтылған жетістіктер – Елбасы қамқорлығының өте маңызды нәтижесі.
Функционалдық сауаттылық бойынша ұлттық жоспардың маңызы ерекше.
Жоспардың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Бұл – дәстүрлі мектеп моделінен рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттаудегенді білдіреді.
Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады.
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп қарауға болады.
Бұл механизмдер бойынша белсенді жұмыс атқарып жатырмыз.
Бірінші механизм – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.
Аталған саладағы міндеттер аймақтық және республикалық тамыз конференцияларында кеңінен талқыланды. Оған 20 мыңнан астам педагогикалық қызметкер қатысты.
Жоспарды іске асыру мен насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар тартылды.
Сондықтан, Министрлік әлемдік тәжірибе негізінде Мемлекеттік білім стандартын жасауға кірісті.
Білім стандартын енгізу кезінде педагогтар қауымы мен жергілікті атқарушы органдар барынша қолдау көрсетеді деп ойлаймын.
Білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес келтіру қажет.
Біз бірқатар бағыттар бойынша алға жылжып келеміз.
Атап айтқанда, педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру, E-learning жүйесі мен оқытудың жаңа технологияларын енгізу және т.б.
Ал, барлық оқулықтарға жасалған талдау тіпті жаңа оқулықтардың өзі ескі әдіснама бойынша жазылғанын көрсетті. Оларды жаңа міндеттерге сәйкес өзгерту қажет.
Бұл - қыруар жұмыс.
Авторларды, әдіскерлерді, баспаны және сараптау жүйесін жаңаша дайындау керек.
Соның негізінде, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.
Сондықтан «Дамытушы оқулықтар» жобасы іске аса бастады.
Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің субъектілік рөлін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізу басталды.
Осы орайда, барлық білім жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратудың маңызы зор.
Бұл жұмыс, ең алдымен 35 пилоттық мектептен басталады. Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізіледі.
Осылайша, біз 12 жылдық оқыту методологиясы мен мазмұнының жаңа негізін саламыз.
Екінші механизм – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту.
Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді.
Біз мұндай жүйені әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгіземіз.
Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған.
Функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың маңызы ерекше.
Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.
Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу.
Таяу жылдары (2012, 2015 жылдар) PISA, TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер өтеді.
Бұл зерттеулер – әлемдік білім берудегі біздің позициямызды бағалаудың жауапты кезеңдері болмақ және де осы шараларға толық дайындық жүргізіп жатырмыз.
Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші механизмі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы.
Бұл үшін жаңа әдістемені әзірлеуге кірістік. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі.
Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылған.
Жақында Министрлік жанынан Білім беру саласындағы қоғамдастықпен байланыс жөніндегі кеңес құрылды.
Оның құрамына Парламент депутаттары, танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кірді.
Кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Онда ең жауапты мәселелер, оның ішінде функционалдық сауаттылықты дамыту мәселесі талқыланды.
Алдағы уақытта аймақтық деңгейлерде де, мүмкін облыс әкімдерінің жанынан осындай кеңестер ашылады деп үміттенеміз.
Кеңестер қоғам мен білім саласының өзара байланысын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл – Елбасының тапсырмасын барлық вертикаль бойынша орындауға өте тиімді.
Төртінші механизм – қосымша білім беру жүйесін дамыту.
Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған.
Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады.
Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б.
Қазірдің өзінде жас техниктер мен натуралистерге және басқа категорияларға арналған балалар танымдық журналдары шығарыла бастады.
Осылардың бәрі – тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.
Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жерде аймақтар әкімдерінің қолдауы өте қажет.
Өйткені, оқушыларды қосымша біліммен қамту бар болғаны 21%-ды ғана құрайды. 2016 жылы қамтуды 50%-ғажеткізу қажет.
Осыған байланысты аймақтарда қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленуі тиіс.
Жалпы жоспарда 2016 жылға дейін іске асатын 37 іс-шара қарастырылған.
Олардың 11-і 2012 жылғы 4-тоқсанда басталады.
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Ұлттық жоспарды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру 24,6 млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 22,7 млрд. теңгені құрайды.
Ұлттық жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.
Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің феноменальді моделі негіздерінің бірі қалыптасатын болады.
Назарларыңызға рахмет.

Үкімет алаңы: Асқар Жұмағалиев Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуы туралы

Соңғы жылдары еліміздің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы әлемдік технологиялық прогресс үдерістерінен қалыспай, қарқынды дамып келеді. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ұлттық секторды қалыптастыру Үкіметтің алдындағы басымдықты жұмыстардың бірі болып табылады. ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев Pm.kz сайтына берген сұхбатында мемлекеттік қызметтерді е-форматқа ауыстыру, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту және байланыстың жаңа стандарттарын енгізу жаңалықтары туралы әңгімелеп берді.


- Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік-маңызды мемлекеттің қызметтердің 60 пайызын электрондық форматқа ауыстыру, сондай-ақ 2013 жылдан бастап рұқсатнама құжаттарды бере бастау туралы міндет қойған болатын. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру және құжат түрлерін оңтайландыру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқаны туралы әңгімелеп берсеңіз.


- Атқарылып жатқан жұмыстың аралық нәтижесіне тоқталар болсақ, бұл санаттағы қызметтердің 15 пайызы өткен жылы электрондық форматқа ауыстырылған, ағымдағы жылы тағы 60 пайызды еңсеруді жоспарлап отырмыз, ал 2014 жылға қарай барлық әлеуметтік-маңызды қызметтер электрондық нұсқаға толық ауыстырылады деп күтілуде. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үрдісі қызмет көрсетудің мерзімдерін, халықтан талап етілетін құжаттардың санын қысқартуды, сондай-ақ біртекті мемлекеттік қызметтерді біріктіруді қарастырады. Бұл жаңалықтың нәтижесінде 138 құжат түрі оңтайландырылып, тұрғындар мен бизнес өкілдері қағаз түрінде 42,2 млн. құжатты тапсырмайтын болады. Министрлік сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 80 рұқсатнама құжатын оңтайландыру және автоматтандыру іс-шараларының жоспарларын әзірледі. Бүгінгі таңда білім беру, медициналық қызметтер көрсету, автомобиль көлігі, автожолдар және тасымалдау қызметтері, өнеркәсіп және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары және т.б. салаларға қатысты рұқсатнамалардың тізбесі бекітілді. Бұл қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда барлық лицензиялар тек электрондық форматта беріле бастады. Өтініш беруші лицензия немесе лицензияның қосымшасын алуға өтінішті тиісті мемлекеттік органға немесе www.elicense.kz порталына өтініш жазу арқылы бере алады.


- Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың маңызды бір бағыты болып отыр. 2012 жылдың соңына дейін қандай нәтижеге қол жеткізбексіздер?

- Қазіргі таңда елімізде 249 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларындағы 28 орталық өткен жылы жаңғыртылды. Бүгінде 221 аудандық және қалалық орталықта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Айта кету керек, еліміздің барлық өңіріндегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тосқауылсыз қызмет көрсету әдісі енгізіліп отыр. Жаңғырту жұмыстарының барысында, орын-жайдың ауданына қарай, электрондық үкімет бұрыштары ашылуда. Ол бұрыштарда egov.kz порталының қызметімен танысуға және электрондық сандық қолтаңбаны алуға болады. Оған қоса, балаларымен келген азаматтар үшін балалар алаңдары жабдықталуда. Және бірыңғай электрондық кезек жүйесін енгізу қарастырылуда. Тағы бір маңызды мәселе, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар egov.kz порталы арқылы немесе «1414»call-орталыққа хабарласып, келу уақыттарын броньдай алады. Оған қоса, қызметкерлердің біліктіліктерін жетілдіруге, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға, қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 7 мемлекеттік орган желісі бойынша мемлекеттік қызметтің 59 түрі көрсетіледі. Ал 2013 жылдан бастап осы Орталықтар арқылы 20 мемлекеттік органның 156 мемлекеттік қызметі көрсетіле бастайды деп жоспарлануда.


- Өткен жартыжылдықта өңірлерде қанша мобильді ХҚО іске қосылды және 2012 жылдың соңына дейін тағы қаншасы іске қосылмақ?


Бүгінде ондай 16 орталық бар және ол мобильді топтардың жұмысы алыстағы аудан орталықтарына баруға мәжбүр болып жүрген ауыл тұрғындарының қолдарын ұзартып отыр.
Қызметтердің негізгі түрлері ауыл округтерінің әкімдерімен алдын-ала келісілген кесте бойынша көрсетіледі. Ауыл тұрғындарының осындай мобильді топтардың жұмысына аса мұқтаж екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында мобильді орталықтардың аудандарға жасаған 3,7 мың жұмыс сапарларының барысында тұрғындарға 81 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2012 жылдың соңына дейін тағы 56 мобильді орталық жұмысқа кіріспек.


- Биыл сондай-ақ «электрондық үкіметті» дамыту жөніндегі ауқымды жұмыстар жүргізіліп, бұл жұмыстардың нәтижесі WSIS – 2012 форумында жоғары бағаланды. 2012 жылы е-форамттағы тағы қандай жаңа қызметтер ұсынылмақ?

-Биыл өткен Ақпараттық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесу форумында Қазақстан делегациясы ақпараттық қоғамды дамыту саласындағы еліміздің жетістіктерін таныстырды. Қазақстанның жетістіктеріне деген ықылас, ең алдымен, «электрондық үкіметтің» қарқынды дамуына байланысты туындап отыр. Бүгінде е-үкіметтің инфрақұрылымының аясында халыққа 2 мыңнан астам ақпараттық қызмет, сондай-ақ 236 интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетіледі, оның ішінде 108 қызмет е-лицензиялау порталында, 128 қызмет – электрондық үкімет порталында көрсетіледі. Еgov.kz порталында электрондық қызметтер, түрлі сервистер ұсынылады, мемлекеттік төлемдер, мемлекеттік баж салықтары мен салық төлемдерін, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзу үшін төленетін айыппұлдар қабылданады. Сондай-ақ Алматы, Астана, Қызылорда қалаларының тұрғындары коммуналдық қызметтер үшін де төлем жасай алады. Электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтердің саны біртіндеп өсе беретінін айтып өткім келеді.


- Сіз WiMax және FTTH, сондай-ақ өңірлердегі CDMA-450 кең жолақты Интернетті дамытуды қалай бағалайсыз? Үстіміздегі жылдың соңына дейін сымсыз Интернетпен қамту қаншалықты артады?

- Қазақстанда кең жолақты Интернет желісі қызметін дамыту CDMA-450/EVDO, FTTН, Wi-Fi, 3G және 4G технологиялары бойынша жүзеге асырылады. EVDO технологиясын қолдану арқылы кең жолақты Интернет желісі қызметін ұсыну бүгінгі күні Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Ақтөбе облыстарында жүзеге асырылды. Жылдың соңына дейін аталған технология басқа олбыстарда да іске қосылады. Жобаны 2014 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қолжетімділік жылдамдығын ұлғайту және абоненттерге көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында 2010 жылы «Қазтелеком» АҚ FTTH бәсең оптикалық технология қолданылатын желінің құрылысын салуға кірісті. 50 мың FTTH портын қосу мүмкіндігі бар оптикалық желі салынып та қойылды. Абонент жағына ақпарат беру 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықты құрайды.

Жобаның І кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде 2011 жылы талшықты-оптикалық абоненттік қосылу Астана, Алматы, Семей, Жаңаөзен қалаларында және облыс орталықтарында 3 718 көппәтерлі үй, 2 755 коттеджді қамтыған 146 нысан салынған. Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында 170 962 абоненттік портқа есептелген GPON желісі монтаждалып, іске қосылды.

FTTH технологиясы бойынша Интернет желісін барлық қалалар мен облыс орталықтарына 2015 жылға қарай қосып бітіру жоспаарланған.

Сонымен қатар, Министрлік облыс әкімдіктерімен және байланыс операторларымен бірлесіп Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарын «Wi-Fi» технологиясы бойынша Интернет желісіне қосу жұмыстарын жүргізуде.

Байланыс операторлары берген ақпараттарға қарағанда, «Wi-Fi» технологиясы бойынша Интернет желісіне қосылған қоғамдық орындар саны 2012 жылдың І тоқсанында 406, қолжетімді нүктелер саны 1894(2011 жылы- 1 816), оның ішінде ақы төленбейтіні -1137 (2011 жылы - 1 067) құраған.

- 2012 жылдың І жартыжылдығында Интернеттің қазақстандық сегментінде қолданушылардың өсу жылдамдығында қандай өзгерістер болғанын айтып берсеңіз.

-Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2008-2011 жылдар аралығында Интернетті қолданушылар саны әр 100 тұрғынға шаққанда 15,1-ден 50,6 дейін өскен.

Жылдамдықты өзгерту туралы сөз қозғағанда, тарифтердегі өзгерістерді айтпай кетуге болмайды. Үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап, «Қазақтелеком» АҚ жеке тұлғаларға арналған тарифтік жоспарлардың бірінде Интернеттің жылдамдығын абонентік төлемді көтерместен - ішкі ресурстарда - 100 Мбит/с дейін, сыртқы ресурстарда 30 Мбит/с дейін, яғни 3,3-тен 10 есеге дейін ұлғайтты. Әрі трафиктің лимиті алынып тасталған.

Сонымен қатар, «2Day Telecom» ЖШС «Beeline» СМ бірлесіп Интернеттің ішкі ресурсында 100 Мбит/с дейінгі және сыртқы ресурсында 50 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы жаңа тарифті енгізді.

Үстіміздегі жылы «Қазақтелеком» АҚ «Megaline» қызыметіне қосылуды 6%, сондай-ақ, «Megaline» танымал тарифінің абоненттік төлемін 10% төмендетті.

Бәсекелестікті дамыту мақсатында алдыңғы қатарлы байланыс операторлары қызмет көрсету құнын 35% арзандатылған. Қазақстандағы тұтынушыларға арналған интернет-пакеттер деп аталатын ұтқыр Интернеттің құны әлемдегі ең төмен бағалардың білі болып табылады - әр Мб 0,32 теңгеден.

- 4G стандартты ұтқыр байланыс қашан және қандай қалаларда енгізілетін болады?

Қазақстан Республикасы аумағында 4G LTE стандартты ұтқыр байланысты енгізу үстіміздегі жылы бастылып, «Қазақтелеком» АҚ жүктелген. Қазіргі кезде төртінші сатыдағы LTE стандартты ұтқыр байланыстың ілкі жобасын ұйымдастыру және тестілеуді жүргізу үшін Алматы қаласында 4 және Астана қаласында 1 базалық станция орнатылған.

Қазақстан Республикасы радио жиіліктер жөніндегі Комитетінің ведомствоаралық шешіміне сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ мынадай міндеттер жүктелген: 2012 жылдың соңына дейін төртінші сатыдағы байланыс форматын Астана, Алматы қалаларында енгізу. Одан әрі 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін – республикалық барлық облыс орталықтарында енгізу. 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін - халық саны 50 мыңнан жоғары елді мекендерде, ал 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай – барлық аудан орталықталықтарында енгізу.

- Қазақстанда интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі жұмыстар басталды. Сіздің пікіріңізше, ставканың ең төменгі пайызы қандай болуы керек және ҚР бағаны заңдық реттеуге көшу қай уақытқа жоспарлануда?

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында ұялы байланыс операторлары тарифті 10% (минутына 16,98-тен 15,3 теңгеге дейін) төмендеткен.

Қазіргі күні интерконнект қызметіне алдыңғы қатарлы ұялы байланыс операторлары қоятын тарифті Министрлік реттемейді, себебі оларды нарық субъектілері тізіміне енгізу жөніндегі мәселелер әлі шешілген жоқ.

Сот жұмыстары аяқталып, алдыңғы қатарлы операторлар тізімге енгізілгеннен кейін, Министрлік сараптама жасап, интерконнектке шектік ставка белгілейтін болады.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Министрлік тарифтерді біріктіру және таратуды зерттеу үшін консалтингтік компаниялардың сарапшыларын тарқан. Зерттеулер нәтижесі бойынша сарапшылар интерконнект ставкаларын реттеуге қатысты нұсқаулары бар қорытынды жасайды.

Құрметті Төраға мырза,
Құрметті БҰҰ-ның Бас Хатшысы мырза,
Құрметті мемлекет және делегация басшылары,
Ханымдар мен мырзалар,


Ең алдымен, Қазақстан Республикасы Президенті Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Иран Ислам Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі доктор Махмуд Ахмадинежадты Қосылмау қозғалысы саммитінің төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтаймын.
Қабырғамыз қайыса отырып, Иран Үкіметі және Иран халқына екі рет жер сілкінуі салдарынан жүздеген адамдардың қаза тапқанына орай қайғырып көңіл білдіргім келеді.
Сондай-ақ, Мысыр Президенті Жоғары Мәртебелі Мохамеуд Морси мырзаға оның елінің Қосылмау қозғалысына соңғы үш жылдың ішінде шебер басшылық жасағаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Құрметті Төраға мырза,
Қосылмау қозғалысының құрылғанына елу жылдан астам уақыт өтті. Құрылған сәтінен бастап ол ортақ мүдде білдіретін және маңызды мәселелерде белсенді рөл атқарып келді. Қозғалыстың мүше мемлекеттерінің қайсарлық пен табандылығының арқасында қазіргі таңда Қозғалыс серпінді, белсенді және тиімді халықаралық Форум болып табылады. Бұл Қозғалыс дамушы мемкелеттер үшін жаһандық күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша «бір дауыспен» сөйлеудің басты мінберіне айналды.
Қазақстан - Қозғалыстың мақсаттары және ұстанымдарына толық ортақтас мемлекет. Біздің бейбітшіл сыртқы саясатымыз егемендік пен мемлекеттілікті күшейуге бағытталған және тату көршілік ынтымақты қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген. Мұндай көзқарас Қосылмау қозғалысының философиясына толығымен сәйкес келеді деп кәміл сенеміз.
Ядролық қарусыздану мен таратпау Қосылмау қозғалысының күн тәртібінде негізгі мәселе болып қалады. Қазақстан ядролық қарусыз әлемді белсенді қолдаушы ел болып табылады. Біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқанындай, елдер ядролық қарудан бас тартып, орасан пайдаға қол жете алатынына Қазақстан тәжиребесі көрсетеді. Әлемдегі қуаты тұрғыдан төртінші ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тарту мен Семей сынақ полигонын жабу туралы шешімдердің нәтижесінде біз әлемдегі көптеген достар мен ықпалға ие болғанымыз, неғұрлым гүлденуші, тұрақты елге айналғанымыз күмәнсіз. Астанада 29 тамыз күні өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты конференция ядролық қарудан арылу туралы Парламентшілердің үндеуін қабылдады.
Қосылмау қозғалысының осы мәселеге қатысты бұрынғы және берік ұстанымдарын ескере отырып, біз барлық мүше мемлекеттерді Ядросыз әлемнің жалпыға бірдей декларациясын қабылдау бойынша бастамамызды қолдауды сұраймыз. Ол барлық мемлекеттердің ядролық қарудан азат әлем идеалдарына қарай бет алу жөніндегі міндеттемелерін көрсеткен болар еді. Жаппай және толықтай қарусыздану үндеуін қамтитын, Таратпау жөніндегі шарттың 6-бабына толықтай сәйкес келетін Декларацияны қабылдау Ядролық қаруға жаппай және толықтай тыйым салу жөніндегі конвенцияны қабылдау бағытындағы маңызды қадам болады.
Төраға мырза,
Ислам ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің қазіргі Төрағасы ретінде Қазақстан бүгінгі таңда ислам әлемі алдында тұрған теңдессіз міндеттерді шешуге белсенді қатысады. Біз Таяу Шығыста тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу үдерісіне толық қолдау көрсетуді жалғастырамыз.
Жаңа қыр көрсетулерге тиімді түрде қарсы тұру мақсатында ИЫҰ мен Қосылмау қозғалысы арасындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастық нығаюын маңызды деп санаймыз. Өзара мүдде білдіретін мәселелерді тұрақты түрде талқылап отыру қажет.
Онжылдықтыр бойы Палестина мәселесі Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде негізгі болып қалуда. Қазақстан Палестинаның 1967 жылғы шекаралар аумағында тәуелсіз әрі егеменді мемлекетті құру және Біріккен Ұлттар Ұйымына толыққанды мүше ретінде енуге заңды құқығын шынайы қолдап келді.
Сириядағы бақылаусыз озбырлық тасқыны бұрын-соңды болмаған ауқымға жетіп, өңірдегі тұрақтылыққа қатер тудырып отыр. Сириялық үкімет те, оппозиция да қаруға емес, дипломатияға сүйеніп, дереу зорлық-зомбылыққа нүкте қоюы қажет. Егемендік пен ішкі істерге араласпау қағидаттары сақталуы тиіс. Мемлекет және саяси трансформация үдерісінің болашақ тағдырын сирия халқының өзі анықтауы керек. Біз, сонымен қатар, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша кез-келген шешімдерді қабылдау құқығы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің айрықша құзыреті болып табылады деп кәміл сенеміз.
Құрметті Төраға мырза,
Қазіргі таңда әлемдік экономика күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Қазақстан, басқа дп елдер сияқты, әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысына қарсы күрес жүргізуді жалғастыруда. Одан шығу үшін жаңа жасампаз идеялар керек екендігі бәрімізге мәлім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев екі бастаманы ортаға салған еді. Біріншісі – экономикалық және қаржы дағдарысының барлық аспектілерін талқылауға арналған «G-global» сұхбат алаңының құрылуы. Екіншісі – 2013 жылы Астана қаласында БҰҰ қамкорлығымен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференциясын өткізу. Қосылмау қозғалысына мүше барлық мемлекеттерді осы идеяны қолдауға шақырамын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында Қазақстан тарапы 21–ші ғасырдағы тұрақты даму үшін Жаһандық энерго–экологиялық стратегия (GEES) әзірлеуді және «Жасыл көпір» (PPGB) атымен белгілі әріптестік бағдарламасына жасап шығаруды ұсынды.
«Жасыл көпір» қоршаған ортаны қорғауға және кедейшілікті жоюға бағытталып, жасыл экономикаға жәрдемдесу мақсатында елдер арасындағы бірлескен және ерікті ынтымақтастықты қолдауға арналған. Бағдарлама үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, жекеменшік секторының және басқа да мүдделі тараптардың орнықты бизнес, жасыл технологиялар мен инвестициялардың дамуы үшін әкімшілік және нарықтық тетіктерді реформалау жөніндегі бірлескен іс-қимылын ынталандырады. "Жасыл көпір" бастамасы 2012 жылғы маусымда Бразилияда өткен РИО+20 конференциясының Қорытынды құжатына енді.
Халықаралық қоғамдастық назарын энергияның жаңартылатын көздері мәселелеріне аудару үшін біздің ел "Болашақ энергиясы" тақырыбына арналған "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу құқығын алуға Астана қаласы кандидатурасын ұсынды.
Қазақстанның жоғарыда аталған бастамалары Қосылмау қозғалысына мүше мемлекеттері тарапынан қолдау табады деген үміттемін.
Қазақстан өңірлік ынтымақтастықты дәйекті дамуына міндеттемесіне берік. Біз Қосылмау қозғалысы мен басқа өңірлік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың жандануы мен дамуына бағытталған күш-жігерді қолдаймыз.
Үстіміздегі жылы біз 1992 жылғы 5 қазанда басталған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 20 жылдығын атап өтеміз. АӨСШК – бірегей ұйым болып табылады. Ол 24 елді (халқының жалпы саны 3 млрд.) біріктіріп, барлық қатысушылар үшін өзара сенімді нығайту шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Қосылмау қозғалысының мақсаттары бірін-бірі өзара толықтыратынын атап көрсеткім келеді. Сол себепті осы екі форум арасындағы байланыстарды нығайтқан орынды болар еді. 2012 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласында өтетін АӨСШК–нің 20 жылдығына және АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 4- ші кеңесіне сіздердің көпшіліктеріңіз қатысады деген үміттемін.
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогқа белсенді түрде жәрдемдесуді жалғастырады және Қосылмау қозғалысының осы бағыттағы күш-жігерін қолдайды. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстанда дін мен сенім-нанымның толық бостандығына қол жетті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі 2012 жылғы мамыр айында Астана қаласында төртінші рет өтті.

Төраға мырза,

Біз өзара көмек пен қолдауды нығайту, ынтымақтастық салаларын кеңейту арқылы Қосылмау қозғалысының дамушы елдерімен ниеттестігімізді және ынтымақтастығымызды оның неғурлым жемісті болуы мақсатында нығайта отырып жалғастыратын боламыз.
Жылы қонақжайлық үшін тағы да ризашылық білдіре отырып, осы мүмкіндікті пайдалана келіп, аталған Саммитте Қосылмау қозғалысының стратегиялық мақсаттарына жету үшін қажеттілі түсіністікке және сындарлы рухты орнықтыруға шақырамын.
Рахмет.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Сіздің қарауыңызға төрт құжат ұсынылып отыр:
- Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған болжамы;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірген трансферт туралы» Заңының жобасы;
- «ҚР Бюджеттік Кодексіне бюджетті жоспарлау мен орындау үрдісін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы;
- «ҚР салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтарулар енгізу туралы» Заңының жобасы.
1. Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған болжамы Қазақстан Республикасын дамуының 2020 дейінгі Стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаттарды және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамының басты бағыты» атты Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін әзірленген.
Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған болжамы мыналарды ескере отырып жасалды:
Бірінші. 2011 жылғы ІЖӨ 260,9 млрд теңгеге артуы жөніндегі есептік мәліметтерді және 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы экономика саласын дамытудың қорытындылары мен мемлекеттік органдардың өнімнің негізгі түрлерін өндірудің күтілетін көлемі жөніндегі мәліметтерді Статистика агенттігінің түзетуі есебінен 2012 жылға баға беруді нақтылау.
Екінші. Әлемдік тауар нарғындағы ағымдағы жағдай және халықаралық ұйымдардың әлемдік экономика мен негізгі экспортық тауарлардың әлемдік бағасының өсуі жөніндегі түзетілген болжамдары.
Болжамды жасау барысында әлемдік экономика дамуының трендтерін ескере отырып, әлемдік даму жағдайы мен 2013-20107 жылғы тауар нарығындағы бағалардың өзгеруінің үш сценарий қарастырылды.
Болжамды дайындаудың негізіне дамудың базалық сценариі алынды. Ол әлімдік экономиканың өсуінің орташа жылдық қарқынын 4% болжайды. Бәтуаластық болжамы негізінде мұнай құны барреліне 90 доллар көлемінде болса, металлдың бағасы қазіргі деңгейден 15% төмендейді деп күтілуде.
ІЖӨ нақты өсуі 2013 жылы - 6,0%, 2014 жылы - 6,1%, 2015 жылы - 7,6%, 2016 жылы - 6,6% және 2017 жылы - 6,9% құрайды. Бұл параметрлер орташа мерзім кезінде экономиканың өсуін орта есеппен 7 пайыз қамтамасыз етуге сәйкес келеді.
ІЖӨ өсуінің негізгі көзі жылына орташа 6,5%– 6,8% қарқынмен өсетін ішкі сұранысты кеңейту, сондай-ақ қазақсатндық өнімдерген сыртқы сұранысты сақтап қалу болып табылады.
ІЖӨ 2013 жылғы 36,6 трлн теңгеден 2017 жылы 65,3 трлн теңгеге дейін өседі деп болжануда. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 2013 жылы 14 мыңнан астам АҚШ долларын құрап, 2017 жылға қарай 24 мың АҚШ долларына дейін өседі.
Өнеркәсіптегі жылдық орташа өсу қарқыны 5,5%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 7,1% құрайды. Қызмет көрсету саласы тұрақты дамиды.
Экспорт 2013 жылғы 96,1 млрд доллардан 2017 жылы 116,7 млрд долларға дейін, импорт 2013жылғы 56,3 млрд доллардан 2017 жылғы 92,3 млрд долларға дейін ұлғаяды.
2013-2017 жылдардағы жылдық инфляция деңгейі 6,0-8,0% мөлшерінде болады.
Жоспарланған параметрлерге жүргізіліп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық саясат ықпал ететін болады. Орташа мерзімді кезеңде әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары ретінде мыналар анықталған:
1. Үйлесімді ақшалық-несиелік және салықтық-бюджеттік саясат есебінен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Экономиканы дамытудың мүмкін болатын нұсқалары барыснда тәуекелдерді төмендетуге бағытталған контрцикликалық макроэкономикалық саясат жүргізілетін болады.
2. Кең көлемді жаңғырту мен экономиканы әртараптандыру, тарифтік саясасатты жетілдіру, бәсекелестікті қорғау және елдегі бизнес-ахуалды жақсарту, белсенді инвестициялық саясат арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
3. Нақты еңбек өнімділігіне, жаппай әлеуметтік масылдықты жоюға әсер ететін орташа топтардың өсуіне жағдай жасауға баса назар аудара отыроып, халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын көтеруге бағытталған әлеуметтік жаңғырту.
4. Мықты өңірлер – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жаңғыруының негізі.
5. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Алға қойған мақсаттар мен басымдықтарға жету үшін макроэкономикалық болжам негізінде 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттің параметрлері әзірленді.
Республикалық бюджеттке түскен түсімнің жалпы көлемі 2013 жылғы 5 415,1 млрд теңгеден 2015 жылы 6 388,2 млрд теңгеге дейінгі өсіммен болжануда.
Мемлекеттік қарызды қалыпты деңгейде ұстау үшін ІЖӨ дефицитін 2013 жылғы 2,1% 2015 жылы 1,5% дейін төмендету жоспарлануда.
Ұлттық қорда қор қаражатын кепілдендірілген трансферт көлемінде ғана қолданумен шектелу арқылы қаржы ресурстарын жинақтау саясаты жалғасуда. Бұл мұнайлық емес дефицитті 2015 жылы 3,9% дейін төмендетуге және Ұлттық қорда қаржы ресурсын жинақтауға ықпал етеді.
Болжалды түсімдер мен дефицитті жоспарлы төмендетуді есепке алғанда республикалық бюджеттің шығындары 2013 жылы 6,2 трлн теңге, 2014 жылы 6,5 трлн теңге және 2015 жылы 7,1 трлн теңге көлемінде анықталған.
Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған мақсаттарды есепке ала отырғанда, 2013-2015 жылдардағы бюджет шығындарының негізгі басымдықтары мыналар болады:
1. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру.
2. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.
3. Адам капиталын сапасын арттыру.
4. Өңірлік дамыту.
5. Индустриалдық-инновациялық даму.
6. Бизнесті дамытуды қолдауды.
7. Қорғаныс қабылетін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды нығайту.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірген трансферт туралы» Заңының жобасыБюджеттік кодекстің 024 бабы 2 тармағына сәйкес әзірленген.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірген трансферт мынадай мөлшерде анықталған: 2013 жылы – 1 380 млрд теңге, 2014 және 2015 жылдары 1 188 млрд теңгеден.
Кепілдендірген трансферттің аталған мөлшері тиісті қаржылық жылдың соңындағы Ұлттық қордың Тұжырымдамасында анықталған ІЖӨ болжамдық мәнінің 20 % көлеміндегі азаймайтын қалдық ережесін сақтауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Қор қаржысының таза жинақталуы да қамтамасыз етіледі, сөйтіп 2015 жылға қарай Ұлттық қордың қаржысы 100 млрд АҚШ долларынан асатын болады.
3. «ҚР Бюджеттік Кодексіне бюджетті жоспарлау мен орындау үрдісін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы.
Заң жобасы бюджеттік үрдісті жетілдіру және мемлекеттік басымдықты шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Мемлекеттік бюджеттің жоспарланған шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатындағы жаңа бюджеттік ереже толығымен енгізіледі. Шығындардың жалпы көлемінен экономика дамуының қолайлы жағдайы сақталған кезде ғана қаржы бөлінетін шартты қаржыландырылатын шығындр бөлініп шығады.
Шартты қаржыландырылатын шығындар көлемі тиісті кезеңдегі республикалық бюджеттің жалпы шығындары көлемінің 3% аспайтын мөлшерінде белгіленеді.
Шартты қаржыландырылатын шығындар механизмі Үкіметке сыртқы конъюнктура нашарлап кеткен кезде шұғыл іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.
Аталған шығындар бойынша жеке бөлінетін бюджеттік бағадарламаның әкімшісі Қаржы министрі болады.
Сондай-ақ, заң жобасы бойынша республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға қайтарымсыз негізде донорлық жарна төлеу нормасы да енгізіледі. Бұл Қазақстанның бастамаларын Азиялық Даму банкі арқылы жылжытуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, инвестициялық жобалардың қымбаттауына, бюджет қаржысын үнемдеуді қайта қарау және тағы басқаларға қатысты бюджеттің жоспарлануы мен орындалуын жетілдіруге бағыттылған түзетулер қарастырылған.
4. «Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтарулар енгізу туралы» Заңының жобасы.
Заң жобасы Елбасының жекелеген тапсырмаларын, ертеректе қабылданған заңнамалық актілерді жүзеге асыру, сондай-ақ салық салу мәселелері жөніндегі Консультациялық кеңестің шешімдерін орындау мақсатында әзірленген.
1. азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында заң жобасында салық салудан:
- мүгедек баланың қамқоршысының, қорғаншысының табыстары;
- Президент пен Үкімет тағайындайтын арнайы және атаулы мемлекеттік стипендиялар босатылады.
2. Отандық өндірушілерге қолдау көрсету және бәсекелестік жағдайын теңестіру мақсатында:
- түрлі-түсті және қара металдар сынығы мен қалдықтарын сатудың айналымын ҚҚС босату;
- этил спирті мен алкогол өнімдерін өндіру үшін өткізілетін шарап материалының акциздік ставкасын литріне 20 дан 0 теңгеге дейін төмендету;
- уран өндіруге дайындық жұмыстарының шығынын есептенп шегеру мүмкіндігі;
- АЭА аумақтарында салық салудың жеңілдетілген тәртібі;
- республикалық маңызды барлық санаттағы жалпы қолданымдағы көлік жолдары жолағында сыртқы жарнама орнату үшін төленетін ақы ставкасын 3 есе төмендетуге мүмкіндігі;
мүлікті қаржылық лизингке беру жөніндегі операцияларды ҚҚС-нан босатуды 2017 жылға дейін ұзарту қарастырылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын салық төлеушілер үшін Салық кодексінің ҚҚС 70% дейін азайту жөніндегі 267 бабын қолдану міндеттілігі алынып тасталады.
Жер қойнауын пайдаланушының конрактілік аумағын кеңейтуі барысында қол қойылған бонусты төлеуі жөніндегі міндеттемесі белгіленеді.
Зиянды қалдықтарды шығаруды қысқартуды ынталандыру мақсатында керосинді (авициялық отын ретінде) пайдаланғаны үшін сұйтылған газға қойылған ставка деңгейіндегі қоршаған ортаға эмиссия төлеу ставкасы енгізіледі.
3. Жеке білім беру ұйымдарының әрекетіне салық төлеу жөнінде қосымша енгізіледі.
4. Салық төлеушілердің салық төлеу міндеттерін орындауды жеңілдету және бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту мақсатында салықтық әкімгершілікті жетілдіру жөніндегі нормалар кешені қарастырылған
Болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында, аталған заң жобаларын әлеуметтік-экономикалық дамудың 2013-2017 жылдарға арналған Болжамымен қосып бірыңғай блок ретінде Парламенттің қарауына жіберу ұсынылады.
Қолдауыңызды өтінемін!

Архив

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту