Құрметті, Серік Нығметұлы!

Құрметті әріптестер!

Бүгін Сіздердің қарауларыңызға 2013 жылға арналған нақтыланған бюджетті iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы ұсынылып отыр, ол бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын және инфрақұрылымдық жобаларды Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен жүзеге асыруға бағытталған.

Қаулы жобасы 2013 жылғы 17 маусымда Республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданды.

Қаулы жобасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылды, ол жергілікті атқарушы органдарға берілетін нысаналы трансферттердің сомалары мен
2013-2015 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі бойынша қайта бөлуді және 2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесін толықтыруды қамтиды.

Бұдан басқа, қаулы жобасы ағымдағы жылы жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгені құрайтын, кейінге қалдыру шартымен бюджетке қосылған, басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін қамтиды, оның ішінде Астана қаласы объектілері бойынша жедел іске асыруды талап ететін аса маңызды міндеттерді шешуге бағытталғаны - 5,1 млрд. теңге.

Ағымдағы жылғы бюджетті атқару үшін жарты жыл қалғанын ескере отырып, қаулы жобасында бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаржыландыруды уақтылы ашу және қаражатты толық игеру үшін бір ай мерзімде барлық жоспарлау кезеңдерінен өтуді аяқтауларын тапсыру көзделген.

Қаулы жобасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде өңірлер бойынша халық санына және алдыңғы жылғы жұмыс нәтижелеріне байланысты критерийлерді ескере отырып, қаражатты бөлу жөніндегі ұсыныстары көзделген. Өңірлер ішінде нақты жобалар бойынша бөлу басқа министрліктердің мүдделерін қозғайтындығын ескере отырып, құрметті Серік Нығметұлы, Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияда мақұлдау үшін қосымша іріктеу критерийлерін талқылау ұсынылады.

Орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізу шығыстары бойынша Білім және ғылым министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен 15 шілдеге дейін көрсетілген мақсаттарға қаражат бөлу туралы шешімдер жобаларын Үкіметке енгізу жөнінде тапсырма берілді.

Бұдан басқа, бюджет қаражатын игеруді жақсарту мақсатында жобада бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (Денсаулық сақтау, Көлік және коммуникация, Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму министрліктері) бюджеттік кіші бағдарламалар шеңберінде қаражатты қайта бөлу жөніндегі ұсыныстары ескерілген.

Құрметті, Серік Нығметұлы, бюджетті жедел іске асыру қажеттігін ескере отырып, жыл соңында бюджет қаражатының игерілмеуі фактілеріне жол бермеу үшін, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасауды, жеке қаржыландыру жоспарларының бекітілуін тездетуді тапсыруыңызды сұраймын.

Құрметті Серік Нығметұлы! Қаржы министрлігінің есепті деректеріне сәйкес, кейбір бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қабылданған міндеттемелер, нақтыланған бюджеттік бағдарламаларға қарағанда, жоғары. Осыған байланысты, оңтайландырылған бағдарламалар бойынша артық қаржыландыруға жол бермеу мақсатында, Бюджет кодексінің 46-бабының 14-тармағына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдарға қабылданған міндеттемелерді қысқарту жөнінде қосымша келісімдер жасауларын тапсыруыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рахмет!

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!
Құрметті депутаттар!

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған заң жобасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасына және Үкіметтің 2012 жылға арналған заң жобалау жоспарына сәйкес әзірленді.
Заң жобасында халықаралық тәжірибе ескерілді. Сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй саласында әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталды.
Заң жобасын дайындау барысында халықаралық сарапшылардың қатысуымен, дөңгелек үстелдер, пікір алмасулар өткізілді.
Заң жобасын талқылауға үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, интернаттық мекеме басшылары және балалар үйлерінің бітірушілері қатысты.
Аталған заң жобасы төрт нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді:
1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң.
2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс.
3. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заң.
4. Қазақстан Республикасының жер кодексі.
Енді Заң жобасының негізгі концептуалдық ережелеріне тоқталуға рұқсат етіңіздер.

Бірінші. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша заңнамаға мониторинг жүргізілді.
Ол – аталған категориядағы балалардың тұрғын үй құқығын бұзуға ықпал ететін кемшіліктер бар екенін көрсетті.
Мысалы, «Білім туралы» Заңның 6-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіпте жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда, қазіргі уақытта осы санаттағы 34 мыңнан астам баланың 27 мыңнан астамы (79,6%) баспанаға мұқтаж.
Сонымен қатар, соңғы жеті жылда балалар үйлерінен шыққан 14 мың бітірушінің 849-ына ғана (6%) үй берілген.
Негізгі себептердің бірі – жергілікті атқарушы органдардың тиісті түрде жұмыс істемеуі және заңнамалық деңгейде жеткілікті тетіктіктің болмауы.

Жетім балалар халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына кіретін жалпы тізімде тұрғандықтан, пәтер алуға басым құқығы жоқ. Сондықтан, көбінесе бөлінетін үйдің саны әкімдердің жетім балаларға деген көзқарасына байланысты болып отыр.
(Анықтама: Халықтың тұрмысы төмен тобына 11 санат кіреді. Мүгедек, қарт, белгілі тұрағы жоқ адамдар үшін интернат үйлері, оңалту орталықтары, медициналық мекемелер бар. Ал жетім балалар балалар үйлерінен кеткен соң белгілі тұрағы жоқ адамдардың қатарына қосылып, қылмыскерлер санын көбейтіп жатады.)
Осыған байланысты, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға мынадай толықтырулар енгізіледі.
Ең алдымен, осы санаттағы балаларға соғыс ардагерлерімен қатар, тұрғын үй алу үшін басым құқық беру.
Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж жетім балаларды жеке есепке алу.
Бұрын олар халықтың тұрмысы төмен 11 санатының қатарында болды.
Біздің ойымызша, тағы бір себеп: жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы Заң нормаларын орындауға жауапкершілік ешқандай заңнамалық актіде бекітілмеген.
Осыған байланысты, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске маңызды толықтыру енгізіледі.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдардағы лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі барынша артады.
Қолданыстағы заңнаманың тағы бір әлсіз жағы бар. Ол – жетім балаларды тұрғын үй алуға есепке қою үшін, заңды өкілдер жауапкершілігі туралы құқық нормасының болмауы.
Осының салдарынан тұрғын үйге мұқтаж жетім балалардың 18 410-ы ғана кезекке қойылған. 9 мыңға жуығы есепке алынбаған.
Заң жобасында осы кемшілікті түзету ұсынылады.
Алғаш рет жетім балаларды тұрғын үй кезегіне қою міндеті жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдеріне жүктеледі.
(Бұл балалар үйлерінің басшылары, қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілер)
Келесі. Бүгінгі күні қолданыстағы заңнамаға сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдармен келісу арқылы балаларға тиесілі үйді алып қоюға жол беріледі.
Дегенмен, тұрғын үйді алып қоюға нақты негіздеме заңды түрде белгіленбеген.
Бұл құқықтық кемшіліктер, аталған санаттағы балалардың тұрғын үйлеріне байланысты алаяқтық (мошенничество) әрекеттер жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, соңғы үш жылда қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметін жүзеге асыратын органдар тұрғын үйді қайтаруға қатысты 260-тан астам талап арыз берген.
Сондықтан, заң жобасында қандай жағдай болса да 14 жасқа толмаған жетім балалардан тұрғын үйді алып қоюға (сату, алмастыру, сыйлау, т.б.) жол бермейтін норма белгіленген.
Бұл – балаға бекітілген тұрғын үйдің сақталуын қамтамасыз етіп, жетім балалардың құқықтарын бұзуды болдырмайды.
Аталған нормаларды қабылдау қосымша қаржыны қажет етпейді.
Келесі жаңалық «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңға қатысты.
Бұл жерде әңгіме Қазақстан азаматтарының отбасыларына патронатқа берілген аталған санаттағы балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету туралы болып отыр.
Бұрын мұндай құқыққа мемлекеттік ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар ғана ие болатын.
Тағы бір мәселе туралы.
Заң жобасында алғаш рет аталған санатқа бекітілген тұрғын үйді сақтау тәртібі қарастырылған.
Бұл мәселеге Заң жобасында тұтас бір бап арналған.
Одан басқа, Тұрғын үйді сақтау ережесін бекіту бойынша Үкімет құзыреті анықталды.
Мұндай практика ТМД елдерінде бар (Ресей, Украина, Беларусь).
Соңғы мәселе. Жер кодексіне 18 жасқа толмаған жетім балалар, тисті жер учаскесін игере алмаған жағдайда, оны алып қоюға тыйым салу туралы толықтыру ұсыналады.

Құрметті депутаттар!
Әлемдік тәжірибе бойынша мұқтаж азаматтарға, оның ішінде жетімдерге тұрғын үйге кепілдікті қамтамасыз ету туралы жергілікті деңгейде арнайы бағдарламалар әзірленеді. Мұндай практика АҚШ, Бельгия, Испания сияқты елдерде кеңінен қолданылады.
Бұл тәжірибе де назарға алынды.

Заң жобасы әрбір комитетте жан-жақты талқыланды.
Бұл – Сіздердің жетім балалар проблемасына ерекше түсінікпен қарайтындарыңызды көрсетеді.
Сөзімнің соңында Заң жобасын талқылау барысында кейбір мәселелерді нақтылап, құнды ұсыныстар бергені үшін Сенат депутаттарына алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.
Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Құрметті депутаттар!

Заң жобасының басты мақсаты қолданыстағы заңнаманы Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру болып табылады.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен (бұдан әрі - Жарлық) бекітілген.

Осы Жарлықта Қазақстан Республикасында әзірленетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының толық тізбесі белгіленген, оларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және бағалау процестері көзделген.

Мемлекеттік жоспарлау саласындағы заңнаманың бірыңғайлығы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, тәжірибеде қолданыстағы заңнамада Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда оған қайшы келетін нормалар кездеседі.

Мысалы, жалпымемлекеттік, өңірлік, республикалық, секторалдық және басқа да бағдарламаларды әзірлеу көзделген.

Осыған байланысты 2012 жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнамадан мемлекеттік органдарды мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін арнайы багдарламаларды әзірлеуге міңдеттейтін нормаларды алып тастау туралы тапсырма берді.

Тапсырманы орындау мақсатында Министрлік барлық заңнамалық актілерге бағдарламаларды әзірлеу бойынша тікелей және жанама нормалардың болуы тұрғысынан талдау жүргізді.

Талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік, салалық, секторалдық, нысаналы, өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту құзыреттерін алып тастау бөлігінде 7 кодекс пен 84 заңға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты Заң жобасында Үкіметтің, орталық уәкілетті, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құзыреттері көтерілген.

Сонымен қатар, аталған құзыреттерді алып тастау мемлекеттік органдар қызметін шектемейді, олар бағдарламаларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде әзірлейін болады.

Заң жобасы мемлекеттік жоспарлауға қатысты жұмыс жасамайтын немесе қазіргі саясатқа сай келмейтін нормалардан қолданыстағы заңнаманы арылтуға бағытталған.

Заң жобасын қабылдау аталған мәселелер бойынша заңнамалық актілерді Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіруге, сондай-ақ әзірленетін құжаттардың санын қысқартуға әрі сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рахмет!

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Құрметті Депутаттар!

Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары ұсынылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы – экономика тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасы іс жүзіне асқанын атап көрсетті.

Үкімет «Атамекен» одағымен бірлесіп, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшеліктің тұжырымдамалық үлгісін әзірледі.Аталған үлгі кәсіби-техникалық білім, әсіресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын бизнесті кешенді сервистік қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың кең өкілеттіктері мен функцияларын құрылатын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына беруді қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналады.Осыған байланысты Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеп, оны Парламентке енгізу тапсырылған.

Заң жобаларын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі әлемдік тәжірибені ескере отырып, «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасымен бірлесіп әзірледі.Палатаның континентальдық (еуропалық) үлгісі кәсіпкерлердің жалпыға бірдей мүшелігінде негізделген. Бұл үлгі Францияда және Германияда әзірленген және осы күнге дейін көптеген еуропалық елдерде табысты іске асырылып келеді.

Міндетті мүшеліктің континенталдық үлгісі алты негізгі жақтармен сипатталады:
- арнайы заңнама палаталардың қызметін реттейді;
- заң міндетті мүшелікті белгілейді;
- палаталар Үкімет жанындағы формальді кеңестік мәртебеге ие болады, яғни олардың шешімі Үкімет үшін ұсынымды сипатта болады, ал соңғы сөз Үкіметте;
- бір палатада заңнамамен белгіленген қызмет аумағы бекітіледі;
- палаталар өздеріне табысталған функцияларды орындауы қажет;
- палаталар мемлекеттік бақылауға жатады.

Палаталардың негізгі функциялары: өкілеттілік, ұсынымдарды әзірлеу, кәсіпкерлерге сервистік қызметтер ұсыну, қайта даярлау, бұқаралық функциялары болып табылады.

Анықтама: Туркиядағы палатаның функциялары:

Түрік немесе түрік-шетел сауда палаталарына сервистік қызмет көрсету, төрелік сот құру, жоғарғы білім беретін колледждер, университттер құру арқылы кәсіби дайындық, кәсіби-техникалық және білім беру техникалық мекемелерін, импорттағы адал емес бәсекелестікті жою бойынша ұсынымдар әзірлеу, маркетинг аспектісіндегі кіші және орта кәсіпорындарды дамыту, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру.

Германиядағы палатаның фугкциялары: кредит алу үшін кәсіпорынның төлемқабілеттілігін бағалау, сервистік қызметтер, тауардың шыққан елі туралы куәлікті рәсімдеуге қатысу, коммерциялық шоттар мен анықтамалар, соттардың және әкімшілік органдардың жұмысына қатысу.

Австрияның экономикалық палатасының функциясы: ЕО деңгейінде және федеральдық деңгейде мүдделерді ұсыну, соның ішінде мемлекетке қатысты мүшелердің мүдделерін ұсыну, барлық федералдық немесе жер заңдарын және өкімдер жобаларының сараптамасын жасау, сондай-ақ, кеңес беру және сервистік қызмет көрсету.

Ұсынылып отырған Заң жобаларына сәйкес Ұлттық палата заңмен бекітілген тиісті біліктілік талаптарына сәйкес Республикалық қауымдастығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметімен коммерциялық емес өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылады.

Анықтама: Республикалық қауымдастықты Атамекен деп түсіну керек. Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада филиалдары, сонымен бірге бес жылдан аз емес орталық атқару органдарында аккредитациялау тәжіребиесі бар Республикалық қауымдастығының біліктілік талаптары табылады.

Ұлттық палата, өзге коммерциялық емес ұйымдарда міндетті мүшелікті бекітілген міндетті мүшелігі заңнамамен белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы заңнамаға сәйкес тіркелген (есеп тіркеуден өткен) барлық кәсіпкерлік субьектілерді міндетті мүшелік қағидасы бойынша құрылады. Соңғыларына аудиторлар ұйымы, бағалаушылар палатасы жатады.

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы кәсіпкерлік секторын одан әрі дамыту және көркейту үшін институционалды негіздерді қалыптастыру мақсатында құрылады.

Ұлттық палатаның міндеттері:
кәсіпкерлік қоғамдастықтарын шоғырландыру;
кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін ұсыну;
мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде кәсіпкерлердің мүдделерін есепке алу;
кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жағымды жағдайлар жасау;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселесін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Заң жобасымен Ұлттық палата қызметінің мынадай қағидалары қарастырылған:
кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқығы;
қабылданатын шешімдердің мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігі;
тәуелсіздігі;
өзін-өзі басқаруы;
кәсіпкерлердің ұлттық палатасының органдары басшыларының құзыреттілігі және міндеттерді орындау тиімділігі;
қызметінің ашықтығы, өз мүшелерінің алдындағы есептілігі және жауаптылығы;
қабылданатын шешімдердің және олардың іске асуының тиімділігі, жүйелілігі және жылдамдылығы.

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының құрамында республикалық деңгейдегі Ұлттық палата және өңірлік палаталар, олардың өңірлердегі филиалдары болады.

Атқарушы органдарға:
Төралқа, басқарма, өңірлік палата дирекциясы, өңірлік палата филиалдары жатады.Өкілетті органдарға Съезд және өңірлік кеңес жатады.Ұлттық палатаның құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 1 жылдық құрылу кезеңі бекітіледі. Ұлттық палатаның құрылтайшылары құрамына Үкіметпен және заңмен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін республикалық қауымдастық кіреді.

Ұлттық палатаның Төралқасы мыналар құрайтын құрылтайшылардың бірлескен шешімімен қалыптасады:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері мен қоғам қайраткерлерінен;
2) аккредиттелген қауымдастықтар (одақтар) өкілдерінен;
3) өңірлік кеңес төрағаларынан.

Басқарма мен Тексеру комиссиясы Ұлттық палата Төралқасымен тағайындалады.Басқарма ұсынысы бойынша Төралқа тиісінше Өңірлік палата дирекциясын және Өңірлік кеңес мүшелерін тағайындайды.Осылайша, бір жылдың ішінде ұйымдастыру іс-шаралары аяқталады және Палатаның атқарушылық органдарының барлық құрылымы құрылады.

Палатаны құрудың келесі этапы 5 жылға дейін созылатын өтпелі кезең болады. Іс-жүзінде, Ұлттық палатаның өкілдік ету органдарын демократиялы сайлауға өту үшін негіз толық қаланғанда, өтпелі кезең бұл мерзімнен ерте аяқталады.

Өтпелі кезең мерзімінде құрылған органдар жұмыстарын жалғастырады, сондай-ақ, Ұлттық палатада акредиттелген бизнес қауымдастықтар, Өңірлік кеңес делегаттары және Үкіметтің өкілдері есебінен Съезд шақырылады. Съездің бірінші шақырылымында басқару органдары сайланбайды.Съездің жасақталған құрамы Төралқамен қабылданбаған шешімдерді қабылдайды және сайлауды жүргізуге дайындықты бастайды. Барлық қажетті құжаттар қабылданып, сайлау учаскелері құрылады.

Өтпелі кезеңнің аяқталуы және Палатаның толыққанды режимде қызмет етуі демократиялық сайлау жүргізудің бастамасы болып танылады.Ұсынылып отырған заңжобаларға сәйкес, барлық кәсіпкерлердің Палатадағы өкілдігі кәсіпкерлер қатарынан Өңірлік кеңестердің мүшелерін тікелей сайлау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Осыдан кейін Өңірлік кеңес мүшелерінен съезд делегаттары сайланады. Олар өз кезегінде Ұлттық палатаның Төралқасы мен Тексеру комиссиясын сайлайды.

Осылайша, сайлау өткізіліп, атқарушылық органдар құрылып, әрі тағайындалғаннан кейін Заң бойынша міндетті мүшелік моделіне толық ауысу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылтайшылар құрамынан шығуы жүзеге асырылады.

Сайлау Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының жарғысына сәйкес жүргізілетін болады, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тек қана Съездің құзыретіне жатады.

Жоғарыда айтып өткендей, сайлаудың негізгі кезеңі өңірлік деңгейде жүргізіледі. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік субьектілері мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатарынан Өңірлік кеңестің мүшелерін сайлайтын болады. Өңірлік кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімі 4 жылды құрайды.

Өңірлік кеңестер, сондай-ақ, аккредиттелген бизнес қауымдастықтар өз кезегінде Съезд құрамына өздерінің делегаттарын ұсынады.Съезд құрамына, съездің кейбір шешімдерін тоқтату құқығына ие қадағалаушы мәртебесіндегі Үкіметтің кем дегенде 3 өкілі кіреді. Ұлттық палатаға міндетті мүшелік жарнаны төлеу тәртібі мен олардың ең жоғарғы көлемін Үкімет белгілейді.

Жиналған қаражат есебінен КҰП бүкіл құрылымы қаржыландырылады, ал қаражаттың бір бөлігі қызмет көрсету шарты бойынша және жеке жұмыстарды орындағаны үшін (сараптама дайындау, техникалық регламентерді әзірлеу, кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсету) төлем ретінде бизнес ассоциацияларға жіберіледі.

Бұл ретте, бизнес қауымдастықтарында ерікті мүшелік сақталады.Шағын кәсіпкерлік субъектілері заң күшіне енгенен кейін 5 жылдың ішінде мүшелік жарнаны төлеуден босатылады.Өтпелі кезең өткен соң шағын кәсіпкерлік субъектілерін мүшелік жарнаны төлеуден босату туралы шешім Ұлттық палатаның съезімен шешіледі.

Міндетті мүшелік жарналар мөлшерін Съезд, ал құрылтайшылық кезеңде – Президиум бекітіп, жыл сайын 1 шілдеге дейін бұқаралық ақпарат құралдарда жариялайды.Ұлттық палата жыл сайын 1 шілдеге дейін мерзімде Салық кодексінде бекітілген тәртіпке сай салық органдармен ұсынылған мәліметтер негізінде міндетті мүшелік жарналар бойынша есеп айыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне шот ұсынады.Кәсіпкерлік субъектілері міндетті мүшелік жарналарын 31 желтоқсанға дейін мерзімде төлеуі қажет.

Міндетті мүшелік жарналарды төлемеген жағдайда дауларды реттеу азаматтық-құқықтық тәртіпте іске асырылады.
Төленген жарналардың сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен міндетті мүшелік жарналар мөлшері шегінде шегеріледі.

Заң жобалары палатаға алты топқа бөлуге болатын кейбір функцияларды бекітуді көздейді:
- кәсіпкерлердің мүдделерін ұсыну және құқықтарын қорғау;
- мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау;
- кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
- отандық өндірісті қолдау және ұйымдарда жергілікті мазмұндағы сатып алулардың үлесін арттыру;
- кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сертификаттау мен аттестаттау және техникалық және кәсіби білім беру;
- кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметі, инвестициялар тарту және экономиканы диверсификациялау.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты ҚР заң актілерін сәйкестендіруге бағытталған.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының 6 Кодексі мен 15 Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
Заң жобасы 16 мүдделі мемлекеттік органмен келісілген, қажетті ғылыми сараптамалардан өтті.Мәжілістің комитеттері мен жұмыс топтарының талқылау нәтижесінде заң жобалары жақсартылды, депутаттардың барлық ескертулері ескерілді, ал сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Осыған байланысты осы Заң жобаларын қолдауларыңызды сұраймын!

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!

Құрметті депутаттар!

2013 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасы 2013 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын ескере отырып қалыптастырылды, ол 2012 жылы жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша және ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Қазақстанның экономика салаларын дамытудың есептік деректері базасында түзетілді. Әлемдік экономиканың баяу өсуі жағдайында, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны жоспарланған параметрлерден біршама төмен қалыптасты. Осылайша нақтылау нәтижесінде болжамды база номиналды мәнінде 1,2 трлн. теңгеге (31 442,7 млрд.т. – 30218,5 млрд.т.) және нақты мәнінде 0,4% (5,4 – 5,0) төмендеді. Оның негізгі себебі ішкі сұраныстың қысқаруы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жалпы өнімі өндірісінің 87,7%-дан 82,5%-ға дейін төмендеуі болды. Болжамда сондай-ақ, халықаралық ұйымдар (Дүниежүзілік Банк, Халықаралық валюта қоры, Біріккен ұлттар ұйымы) күтіп отырған әлемдік экономиканың және шикізат тауарларына бағалардың даму үрдістері ескерілді.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталуға рұқсат етіңіздер.

2013 жылы жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі болжам бойынша 34291 млрд. теңгені құрайды, бұл бұған дейін жоспарланған деңгейден 2 331 млрд. теңгеге төмен. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсу қарқыны жоспарланған 6% деңгейінде болады.

Сарапшылардың мұнай бағасы бойынша болжамын және төмендеу тәуекелдерін ескере отырып, 2013 жылға арналған болжамды нақтылау кезінде орташа жылдық баға бір баррель үшін 100 АҚШ доллары деңгейінде айқындалды.

Сауда теңгерімінің сальдосы экспорттың 3,7 млрд. долларға өсуі және импорттың 5,1 млрд. долларға төмендеуі есебінен 8,9 млрд. АҚШ долларына ұлғаяды.

Инфляция бойынша параметрлер жылдың соңында бұған дейін болжанған 6-8 % дәлізінде сақталады.

Түзетілген макроэкономикалық болжамның негізінде 2013 жылғы республикалық бюджет түсімдерінің көлемі нақтыланды.

Жалпы, бюджеттің кіріс бөлігінің шығындары 485,5 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде салық түсімдері бойынша
477,7 млрд. теңге.

Негізгі төмендеу корпоративтік табыс салығы бойынша (323,7 млрд. теңге) күтіледі, бұл металдар мен қатты пайдалы қазбалардың әлемдік бағаларының төмендеуі нәтижесінде мұнай емес сектордың жалпы қосылған құнының өсу қарқынының төмендеуіне байланысты

Импорт көлемі мен жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынының төмендеуі есебінен қосылған құн салығының төмендеуі 157,7 млрд. теңгені құрайды.

Күтілетін шығындарды мыналардың есебінен толтыру ұсынылады:

1. 251,6 млрд. теңге сомасындағы қосымша кіріс түсімдері, оның ішінде: 124,5 млрд. теңге - шикі мұнайға экспорттық кедендік баж мөлшерлемесінің бір тонна үшін 40 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына дейін өзгеруі есебінен (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы
2 сәуірдегі №321 қаулысы қабылданды); 50 млрд. теңге - Қашаған жобасы бойынша қосылған құн салығын өтеуді кейінге қалдыру есебінен; 60 млрд. теңге бюджеттен қосылған құн салығын қайтару сомаларының азаюы және салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен;

Бюджет шығыстарын 159,6 млрд. теңгеге қысқарту;

Бюджет тапшылығын 870,6 млрд. теңгеге немесе жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,5%-ға дейін жеткізу.

Енді бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты өзгерістерге көшуге рұқсат етіңіздер.

Жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру 297,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 200 млрд. теңге – шартты қаржыландыру шығыстары. Бұл ретте
138,1 млрд. теңге сомасындағы қосымша қаражатты басым секторлар мен бағдарламаларға жіберу ұсынылады, атап айтқанда:

1. Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға
30,1 млрд. теңге.

2. «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыруға 20,4 млрд. теңге.

3. «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жаңа бағдарламаға 22,2 млрд. теңге.

Анықтама:

- 8,6 млрд. теңге өсімдік шаруашылығын дамытуға;

- 3,2 млрд.тенге мал шаруашылығын дамытуға;

- 6,2 млрд. теңге ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

- 3,6 млрд. теңге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға.

4. Кәсіпкерлерге іс жүзінде жасалған шарттар мен Өңірлік үйлестіру кеңестері мақұлдаған жобалар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету үшін Бизнестің жол картасы – 2020-ның негізгі міндеттерін орындауға 14,0 млрд. теңге;

5. Ерекше маңызды халықаралық іс-шаралар EXPO-2017 мен Универсиаданы өткізуге дайындық шеңберінде Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы сомасы 50,7 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінеді (Астана – 30,7 млрд. теңге және Алматы - 20,0 млрд. теңге).

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін осы нақтылау шеңберінде мыналар көзделіп отыр:

Ұлттық қордан 25,5 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферт тарту, ол көлік инфрақұрылымын дамытуға жіберіледі.

(Мемлекет басшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 522-ДСП тапсырмасы, Нысаналы трансфертті тарту жөніндегі Жарлық жобасы Президент Әкімшілігінде келісуде).

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды функционалдық күшейту үшін жергілікті бюджеттерге 2,6 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлу.

Сондай-ақ, бюджеттік заңнамаға сәйкес, нақтыланған бюджет жобасында ағымдағы жылдың басында жүргізілген бюджетті түзетулер есепке алынғанын атап өту керек.

Анықтама:

республикадағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, орталық мемлекеттік органдардың функцияларының өзгеруіне және жаңаларының құрылуына байланысты;

өткен жылдың 11,1 млрд. теңге сомасындағы қалдықтарын толық пайдалануға рұқсат етуге байланысты, бұл шығыстар бөлігіне және бюджеттің тапшылығына әсер етті.

Нәтижесінде 2013 жылғы нақтыланған республикалық бюджеттің параметрлері мынадай болмақ:

түсімдер - 5228,4 млрд. теңге, бұл бекітілген жоспардан 206,7 млрд. теңгеге төмен.

Анықтама:

Түсімдердің жалпы 206,7 млрд. теңгеге қысқаруы мыналар есебінен:

кірістердің қысқаруы (трансферттерді есепке алмағанда) 226 млрд. теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеуден түсімдердің қысқаруы – 7,9 млрд. теңге;

ҚР Ұлттық қорынан нысаналы трансферт тарту 25,5 млрд. теңге;

Жергілікті бюджеттерден кері трансферт -1,7 млрд. теңге.

2013 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 121,3 млрд. теңгеге төмендеп, 6099 млрд. теңге сомасында көзделеді.

Анықтама:

Бюджет шығыстарының жалпы 159,6 млрд. теңге қысқаруы мыналардың есебінен:

оңтайландыру 297,7 млрд. теңге, оның ішінде 200 млрд. теңге шартты қаржыландыру шығыстарын қоса алғанда;

басым секторлар мен бағдарламаларға 138,1 млрд. теңге сомасындағы шығыстардың ұлғаюы;

ҚР Ұлттық қорынан нысаналы трансферт - 25,5 млрд. теңге;

2012 жылғы қалдықтар есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды аяқтау - 11,1 млрд. теңге

Кері трансферт (жан басына шаққандағы қаржыландыру) – 1,7 млрд. теңге.

Бюджет тапшылығы жоғарыда атап өткенімдей
85,4 млрд. теңгеге ұлғая отырып 870,6 млрд. теңгені құрайды немесе жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,5%.

Құрметті депутаттар!

Нақтыланған бюджеттің негізгі параметрлері осындай.

Сіздерге жемісті еңбектеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етiңiздер. Сіздермен бірге қысқа мерзім ішінде комитеттер мен жұмыс топтарында талқылау жүргізіп, проблемалық мәселелерді шеше алдық. Бұл алдағы жұмыста және келесі үшжылдыққа бюджет жобасын дайындауда ескерілетін болады.

Басым міндеттердің уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заң жобасын, Сіздердің қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рахмет!

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!
Құрметті Парламент Сенатының депутаттары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекітілді.Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды екі кезеңмен дамыту көзделуде:

Бірінші кезеңде (2013-2014 жылдары) басқарудың төменгі деңгейлерінде қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту және басқару мен қаржыландырудың тетіктерін іс жүзінде пысықтау жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту үшін негізгі алғышарт болады.

Екінші кезеңде (2015-2020 жылдары) жергілікті мемлекеттік басқарудың функцияларын одан әрі жіктеу мәселелері қарастырылады, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеті мен меншігін қалыптастыру, сондай-ақ ауылдық округтердің деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді оңтайландыру мәселелері пысықталатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауына сәйкес Тұжырымдаманы іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасының мақсаты – жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық шарттарды жасау болып табылады.

Тұжырымдамағы сәйкес, заң жобасы мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

Бірінші. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу жолымен,

- ауыл халқының жиналыстарын, жиындарын қалыптастыру, өткізу және құзыреттерін реттеу бөлігінде жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде ауылдардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың халқының рөлін арттыру;

Анықтама:
Жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы.
Жергілікті қоғамдастық жиыны – тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы.
Заң жобасымен ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуге жол берілетін болады. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдер сайланады.

Жергілікті қоғамдастық жиыны оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін мәслихат бекітеді. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

- жиналыстың немесе жиынның жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі мәселелерді міндетті түрде талқылауы;

Анықтама
Әкімнің заңға қайшы шешімдерді орындауын болдырмау және халықтың жекелеген топтары мен жіктерінің мүдделерін жақтауға жол бермеу мақсатында, әкімнің жиналыстар мен жиындардың шешімдерін міндетті түрде қарауы және заңнаманы сақтай отырып, оның шешім қабылдағаны (не бас тартқаны) туралы халықты ақпараттандыруы туралы шарт бекітілетін болады.
- жергілікті халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізуге қатысу құқығын беру.

Анықтама:
Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінің пайдаланылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жинақтау мақсатында мониторинг жүргізу нормасы енгізілді.

Екінші. Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген тәртіппен, маслихат депутаттары тарапынан аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі норманы енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу жолымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық және кенттік округтардың әкімдерін сайлаудағы маслихаттардың ролін арттыру.

Үшінші. Бюджет және Салық кодекстеріне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Жарнама туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу жолымен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдердің қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту, ол үшін әкімдерге:

- әкімдерге кіріс көздерін қалыптастыру құқығын беру, олар мыналарды қосады:

  • әкімдерінің басқаруындағы мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

  • жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары

  • айыппұлдардың жекелеген түрлері

белгiленбеген орындарда сауда жасау, жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау, иттердi және мысықтарды күтiп-ұстау, көрiктендiру ережелерін бұзу.

  • сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлем

Анықтама:
Заң жобасына жергілікті өзін-өзі басқару есеп-шотына мынадай кіріс көздері түсу бойынша норма енгізілді:

- сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін республикалық, облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақы
- сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны.

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер;

- жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған кірістер мен шығыстарды көрсету үшін қазынашылық органдарда арнайы есеп-шоттар ашу;

- тиімді пайдалану, жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру және қосымша табыс алу мақсатында ауылдық әкімдерге аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін (клубтарды, кітапханаларды, бала бақшаларын) беру.

Заң жобасы аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне кіріс көздерін қалыптастыру, жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен келістіргеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың қаражаттарының түсімдері мен шығыстарының жоспарын бекіту, бюджетті атқару бойынша уәкілетті органда қолма-қол ақшаның бақылау есеп-шотын ашу, берілген коммуналдық меншікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (арендаға) ұсыну және басқа да қосымша құзыреттер береді.

Заң жобасын қабылдау:

1) жиналыстар мен жиындар арқылы халықтың еркін білдіру бөлігінде жергілікті өзін-өзі басқарудағы азаматтардың қонституциялық құқығын іске асыруға;
2) аудандық (қалалық) маслихаттардың аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдардың әкімдерін сайлауына;
3) басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатыстыру арқылы халықтың сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді алуға, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіпті жақсартуға деген қызығушылығын арттыруға;
4)жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалануға мониторинг жүргізуге жергілікті халықтың қатысуына
5) коммуналдық меншік, қаражаттарды беру арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі төмендегі деңгейдегі әкімдердің дербестігін кезеңмен және біртіндеп нығайтуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, Заң жобасы бойынша жемісті және тиімді бірлесе атқарған жұмыс үшін алғысымды білдіремін.
Назарларыңызға рахмет!

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті әріптестер!

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі балалардың, оның ішінде мүгедек балалардың құқықтарын іске асыру жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыс 3 бағыт бойынша жүзеге асуда.
Олар: арнайы білім беру, инклюзивті білім беру және мүгедек балаларды үйде оқыту.
Бірінші бағыт бойынша.
Республикада 151 216 даму мүмкіндігі шектеулі бала бар (2011 ж. - 149 043).
Оның ішінде:
- мектепке дейінгі жастағы - 43 811 бала. (2011 ж. - 41 741);
- мектеп жасындағы - 107 405 бала., (2011 ж. - 107 302)
Оларға білім беру үшін арнайы ұйымдар, сыныптар мен топтар жұмыс жасайды.
Біздің республика ТМД елдері арасында инклюзивті білім беруді дамытуды заңды түрде бекіткен бірінші мемлекет болып табылады (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының, 1-бабы).
Екінші бағыт бойынша.
Республикада инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын 1462 мектеп және 166 балабақша жұмыс жасауда.
2020 жылға қарай аталған мектептердің үлесі 70%-ға дейін артатын болады.
Мүгедек балалар «кедергісіз аймақтармен» қамтамасыз етіледі. Пандустер орнатылады, арнайы жиһаздармен және құралдармен жабдықталады.
Үйде оқитын мүгедек балалар – мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ең әлсіз топқа жатады.
2013 жылдың басында республика бойынша 53989 мүгедек бала тіркелген. Оның 8796-сы үйде оқиды. Бұл – біздің жұмысымыздың үшінші бағыты.
Жыл сайын үйде оқитын мүгедек балалардың саны өсуде. 2010 ж. – 7898 адам, 2011 ж. – 8527 адам, 2012 ж. – 8796 адам
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен даму мүмкіндігі шектеулі және үйде оқитын балаларға 4 млрд. 170 млн. теңге қаржы бөлінді.
Олар компьютерлер, көмекші техникалық құралдар сатып алуға және Интернет желісіне қосылуға арналған.
2011 ж. – 1 млрд.737,1 млн. тг. 2725 бірлік;
2012 ж. –1 млрд. 460, 461 млн. тг, 2637 бірлік;
2013 ж. –.973, 123 млн. тг., 973 бірлік
Сонымен қатар, осы оқу жылында Алматы облысының Есік қаласында республикалық бюджеттен көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 250 орындық арнаулы мектеп-интернаты пайдалануға берілді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарында осындай интернаттарды салу жоспарлануда.
Оқу процесін әдістемелік қолдау жұмыстары жүргізілуде.
Арнайы оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу әдістемелік кешендер мен құралдар әзірленіп, қолданылуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мүгедек балалар үшін 0,5% қабылдау квотасы белгіленген.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1650 мүгедек бала білім алуда.
Қазіргі уақытта кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жеңіл кәсіптер бойынша жүргізіледі.
Мүгедектерді қолдау мақсатында жоғары оқу орнына қабылдау кезінде мемлекеттік тапсырыстың 1% көлемінде қабылдау квотасы қарастырылған.
Бұған дейін бұл квота 0,5%-ды құраған.
2012-2013 оқу жылында 273 мүгедекке, оның ішінде квота шегінде 204 адамға білім беру гранты тағайындалды.
Сонымен қатар, жоғары оқу орнында білім алатын мүгедектер жоғары стипендия (+75 пайыз) алады.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде осы жұмыстардың бәрі жалғасатын болады.
Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі толық көлемде орындалуда.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Құрметті төрағалық етуші!
Құрметті депутаттар!

Бүгін сіздердің қарауларыңызға «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылады.
Республикалық бюджетті нақтылауға мыналар негіз болды:
жоғарыда атап өтілгендей, 2013 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі,
республикалық бюджетке түсім көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырған 2012 жылдың және 2013 жылғы 1-тоқсанның қорытындылары бойынша нақты түсімдерге сүйене отырып есептеулерді және ағымдағы қаржы жылының соңына дейінгі түсімдер болжамын нақтылау;
Мемлекет басшысының жергілікті атқарушы органдарды функционалдық күшейту мақсатында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату және Ұлттық қордың нысаналы трансфертін пайдалану есебінен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру.
Нақтыланған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының негізінде белгіленген жоспардан 485,5 млрд. теңгеге кем 4 949,6 млрд. теңге сомаға бағаланатын 2013 жылғы республикалық бюджет түсімдерінің көлемі нақтыланған.
Республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамсыз ету, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру және қолдау мақсатында Үкімет бюджетке түсімдерді артыру бойынша резервтерді талдау және анықтау жұмысын жүргізді.
Нәтижесінде күтілетін шығындарды мыналардың есебінен толтыру ұсынылады:
1. 251,6 млрд. теңге сомасындағы қосымша кіріс түсімдерінің;
2. Бюджет шығыстарын жалпы сомасы 159,6 млрд. теңгеге мыналардың есебінен қысқарту:
200 млрд. теңге – шартты қаржыландыру шығыстарын қоса алғанда сомасы 297,7 млрд. теңгеге оңтайландыру;
басым секторлар мен бағдарламаларға 138,1 млрд. теңге сомасындағы қосымша қаражат жіберу есебінен.
3. Бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,5%-ға жеткізу, ол 870,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 20 млрд. теңге 2012 жылғы бюджет қалдықтарының тартылуы есебінен.
Енді нақтыланған республикалық бюджеттің параметрлері бойынша неғұрлым толық тоқталып өтсек:
Түсімдер.
Бюджетке түсімдерді көбейту бойынша қабылданған шараларды ескере отырып 2013 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің жоспарлары (трансферттердің түсімін ескермей) 226 млрд. теңгеге азая отырып нақтыланды және 3 588,3 млрд. теңге сомасында айқындалды.
Түсімдердің азаюы мынадай ұстанымдар бойынша болжанады:
1. 231,1 млрд. теңгеге салықтық түсімдер бойынша.
Негізгі төмендеу металдар мен қатты пайдалы қазбалардың әлемдік бағаларының төмендеуі нәтижесінде мұнай емес сектордың Жалпы қосылған құнының өсу қарқынының төмендеуіне байланысты корпоративтік табыс салығы бойынша (299,9 млрд. теңге) күтіледі.
Сонымен бірге, 23,8 млрд. теңге сомасында корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша түсімдер де болады, сондай-ақ салықты әкімшілендіруді жақсарту нәтижесінде – 11,8 млрд. теңге және «Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2012 жылғы салық декларациясын тапсыру нәтижелері бойынша жоспарда ескерілмеген 12,0 млрд. теңге сомасында түсімдер болады.
Жалпы алғанда қосылған құн салығының төмендеуі
59,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде импорт көлемінің және Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынының төмендеуі есебінен 120,1 млрд. теңгеге азаяды. Сонымен қатар Қосылған құн салығын қайтару сомаларының азаюы және салықтық әкімшілендірудің жақсаруы есебінен 60,5 млрд. теңгеге ұлғаяды.
Қабылданған қаулыға сәйкес шикі мұнайдың кедендік баж мөлшерлемесін тоннасына 40 АҚШ долларынан тоннасына
60 АҚШ долларына дейін өзгерту есебінен халықаралық сауда мен сыртқы операциялар салықтары бойынша 124,5 млрд. теңгеге ұлғайту болжанып отыр.
Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарлар
16,9 млрд. теңгеге ұлғайтыла отырып, нақтыланды, бұл 75,7 млрд. теңгені құрайды.
3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 11,8 млрд. теңгеге азайтылды. 2012 жылы астық сатып алу көлемінің қысқаруына байланысты, азаю мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетін түсімдер бойынша күтіліп отыр.
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері бекітілген 1 380 млрд. теңге деңгейінде сақталады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасында Ұлттық қордан көлік инфрақұрылымын дамытуға, бюджеттің шығыс бөлігінде көрсете отырып, берілетін 25,5 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферт тарту көзделген.
Шығыстар
2013 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 121,3 млрд. теңгеге азайтыла отырып, 6 099 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр.
Аңықтама:
Бюджет шығыстарын жалпы сомасы 159,6 млрд. теңгеге мыналардың есебінен қысқарту:
- 200 млрд. теңге – шартты қаржыландыру шығыстарын қоса алғанда, сомасы
297,7 млрд. теңгеге оңтайландыру;
- басым секторлар мен бағдарламаларға 138,1 млрд. теңге сомасындағы қосымша қаражат жіберу;
25,5 млрд. теңге Ұлттық қордан нысаналы трансфертті тарту;
11,1 млрд. теңге 2012 жылғы қалдықтар есебінен инвестициялық жобалардың іске асырылуын аяқтау;
1,7 млрд.теңге қайтармалы трансферт (жандық қаржыландыру).

Қосымша шаралар қабылдаусыз шығыстарды біржақты қысқартуды болдырмайтын бюджет саясатының контрциклділігін қамтамасыз ете отырып, 138,1 млрд. теңге сомасындағы қысқартылатын шығыстардың бір бөлігін экономиканың мынадай басым секторларына бағыттау жоспарланып отыр:
1. Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға дағдарысқа қарсы ден қою мақсатында 30,1 млрд. теңге, оның ішінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге – 6,4 млрд. теңге, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыруға – 3,6 млрд. теңге, ауылдық елді мекендерді дамытуға 20 млрд. теңге.
Қосымша бөлінетін қаражат шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының әлеуметтік саланың объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу пайдасына жоғары шығынды құрылыс жобаларынан бас тарту туралы тапсырмасы да іске асырылатын болады.
2. Қосымша қаражат 20,4 млрд. теңге сомасында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыруға, оның ішінде Қазақстандық ипотекалық компанияның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жалдамалы тұрғын үй құрылысына – 15 млрд. теңге және Алматының серіктес қалаларының инфрақұрылымын салуға – 5,4 млрд. теңге жіберілетін болады.
3. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бекітілуге байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің шығыстары 22,2 млрд. теңге сомаға ұлғайтылды. Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға, қаржылық сауықтыруға, агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Аңықтама:
1. 8,6 млрд. теңге өсімдік шаруашылығы дамуына, оның ішінде:
- 7,7 млрд. теңге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сатып алатын гербицидтердің құнын арзандатуды субсидиялау;
- 724,3 млн. теңге өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыру төлемдерін қолдау;
- 82,0 млн тенге көп жылдық жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді отырғызуды субсидиялау;
- 150 млн. теңге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандату;
2. 3,2 млрд.тенге мал шаруашылығы дамуына, оның ішінде:
- 862,5 млн. теңге ірі қара малды селекциялау және асылдандыру жұмысын жүргізуге, 1,3 млрд. теңге етті және сүтті асыл тұқымды ірі қара төлдерін импорттық сатып алуға, 1 млрд. теңге қойлардың селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу бойынша жаңа бағытты субсидиялауға, 126 млн .теңге қоғамдық бірлестіктердің асыл тұқымды жануарларды ғылыми-консалтингтік сүйемелдеуге.
3. 6,2 млрд. теңге ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде:
- 4,6 млрд. теңге 63 аудандық ветеринарлық зертханалар және жануарларға арналған виварийлердің құрылысын аяқтауға;
-1,6 млрд. теңге 37 бір типті модульдік аудандық ветеринарлық зертханаларды материалдық-техникалық жабдықтауға
4. 3,6 млрд. теңге ауыл шаруашылық кәсіпорындарын сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық өтемақыны субсидиялау.

4. Бизнестің жол картасы – 2020-ның негізгі міндеттерін орындау мақсатында кәсіпкерлерге іс жүзінде жасалған шарттар мен Өңірлік үйлестіру кеңестері мақұлдаған жобалар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету үшін 14,0 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат көзделіп отыр.
5. EXPO-2017 және Универсиада сияқты ерекше маңызы бар халықаралық іс-шараларды өткізуге дайындық шеңберінде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы сомасы 50,4 млрд. теңге (Астана – 30,4 млрд. теңге және Алматы -
20,0 млрд. теңге) қосымша қаражат бөлінетін болады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін осы нақтылау шеңберінде келесі шаралар да көзделеді:
1. Бұған дейін жоғарыда атап өткендей, Ұлттық қордан көлік инфрақұрылымын дамытуға, атап айтқанда «Орталық-Шығыс» және «Орталық-Оңтүстік» көлік дәліздерін реконструкциялауға және жобалау-іздестіру жұмыстарына берілетін 25,5 млрд. теңге сомасында нысаналы трансфертті тарту.
2. Жергілікті атқарушы органдарды функционалдық күшейту мақсатында жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажыратудың қаржылық іске асырылуын қамтамасыз ету. Нақтыланған бюджет жобасында 2,6 млрд. теңге сомасында жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер түрінде берілетін Орталық мемлекеттік органдарды ұстауға арналған шығыстарды (еңбекақы төлеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету шығыстары) қысқарту көзделген.
Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес нақтыланған республикалық бюджеттің жобасында республикадағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, орталық мемлекеттік органдар функцияларының өзгеруіне және жаңаларын құруға, сондай-ақ өткен жылдың 11,1 млрд. теңге сомасындағы қалдықтарын толық пайдалануға рұқсат етілуіне байланысты ағымдағы жылдың басында жүргізілген түзетулер ескерілді, бұл бюджеттің шығыстар бөлігінде және тапшылығында көрінген.
Бұдан басқа, ағымдағы жылғы бюджеттің атқарылу сапасын арттыру мақсатында шығыстардың қысқартылуы жағдайында, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері алға қойылған басымдықтар шеңберінде қаражатты қайта бөлді.
Бюджеттің тапшылығы
Бюджеттің тапшылығы 85,4 млрд. теңгеге ұлғаюмен 870,6 млрд. теңге сомасында немесе жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,5% көзделіп отыр, оның ішінде 20 млрд. теңгеге 2012 жылғы бюджет қаражаты қалдықтарының тартылуы есебінен, олардың жоғарыда айтылғандай, 11,1 млрд. теңгесі инвестициялық жобаларды іске асыруды аяқтауға жіберілді.

Құрметті депутаттар!
2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасының негізгі параметрлері осындай.
Бірқатар басым міндеттердің шешілуі 2013 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің уақтылы қабылдануына байланысты екенін ескере отырып, Сіздерден заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Құрметті Серік Нығметұлы, әріптестер!
2013 жылғы жазғы сауықтыру кезеңіне дайындық дер кезінде басталды.
Аталған жұмысты біздің Министрлік жергілікті атқарушы және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарады және тұрақты бақылауда ұстайды.
Бүгінгі таңда Жұмыс жоспары әзірленген және қажетті нормативтік құқықтық база бар.
Үлкен жұмыстар атқарылды.
Оның нәтижесі келесі көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.
2,1 миллион немесе 92 пайыздан көп балалар мен жасөспірімдер жазғы сауықтыру демалысы мен бос уақытын ұйымдастырудың барлық нысандарымен қамтылған.
Оқушылар контингенті - 2,3 млн. оқушы.
Бұл өткен жылдарға қарағанда жоғары.
Мұнда 2 бағыт бойынша: балалардың сауықтыру демалысы мен бос уақытын қамту іске асырылады.
Бірінші бағыт бойынша 1,3 миллионға жуық немесе 58,9% балаларды сауықтыру жоспарлануда.
Барлығы 10487 сауықтыру лагері мен алаңдардың қызмет етуі қарастырылған, бұл өткен 2012 жылмен салыстырғанда (8414-ке) біршама көп.
(Анықтама:
- жыл бойы жұмыс істейтін 10 лагерьде – 11735 бала мен жасөспірім (2012 ж. – 9, оларда 6435 бала);
- қала сыртындағы 211 сауықтыру лагерінде – 181123 оқушы (206/171016 бала);
- тамақтандыратын мектеп жанындағы 5955 лагерьде – 595222 (4990/564063 бала);
- тамақтандырусыз мектеп жанындағы 4311 бейінді алаңдарда – 495446 (2880/409183 бала).
Жазғы демалыс мектеп жанындағы лагерьлер дамытушылық, сауықтыру, білім беру, мәденитану және коммуникативті функцияларды орындайды.
Республиканың 7 өңірінде мектеп жанындағы лагерьлер саны көбейді.
(Анықтама: Ақтөбеде (2013 ж. – 364, 2012 ж. – 331), Ақмолада (407/404), Шығыс Қазақстанда (611/433), Маңғыстауда (55/51), Қызылордада (227/221), Алматы қ. (170/81), Астана қ. (66/64).
Жазғы кезең басталу қарсаңында республикада 755 орынға есептелген 5 жаңа сауықтыру демалыс объектілері ашылады: Қостанайда (1), Павлодарда (1), Батыс Қазақстанда (3).
Жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында 221 лагерьден 82 жекеменшік жазғы сауықтыру лагері жұмыс істейтін болады.
(Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жекеменшік сауықтыру лагерьлері жоқ.)
Тұрғындардың әлеуметтік-қорғалмаған бөлігінен шыққан балаларды сауықтыруға ерекше назар аударылады.
Ағымдағы жылы 680 мыңнан 450 мыңға жуық немесе 65,4% аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, мүгедек-балалар, жетім-балалар жазғы демалыспен қамтылады.
(2012 ж. - 58,6 %).
Жергілікті атқарушы органдар жетім-балалардың демалысына жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге және аз қамтылған отбасылар балаларына 2,7 млрд. теңге қаражат бөледі.
Бұл өткен жылға қарағанда 2 еседен жоғары көп.
(792 млн. және 1,3 млрд.)
6 мыңға жуық баланың «Бөбек», «Балдәурен» республикалық орталықтарында сауықтыру, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 1,5 мың баланы оңалту Түзеу педагогикасы ұлттық орталығында жалғастырылатын болады.
Екінші бағыт бойынша балалардың бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруда 9 мың мектеп жанындағы алаңдар, аула клубтары және қызығушылығы бойынша үйірмелер жұмысын бастайды.
Жазғы кезеңде түрлі, еңбек, өлкетану, шығармашылық, спорттық-көпшілік және зияткерлік демалыспен 1,5 млн. оқушыны немесе 66,7%-ды қамту жоспарланып отыр.
Балалар арасында көп тараған демалыстың бірі өлкетану болып табылады.
Атап айтсақ, республикадағы мектеп оқушыларының Астана қаласын аралауы дәстүрге айналған.
Туған өлкесі мен астананы зерделеу мақсатында каникул кезінде 5 мыңнан жоғары туристік саяхаттар мен 400 мың мектеп оқушысына 17,1 % арналған көшпелі спорттық жиындар өткізу жоспарланған.
Жоғары сынып оқушыларын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында 7 мың еңбек отрядтары, отбасылық-жалдау бригадалары, орман шаруашылығы қызмет етеді.
Онда 600 мың мектеп оқушысы 25,6 % жұмыс істейтін болады.
Өңірлерде жазғы жаңа тәрбие жобалары енгізілуде.
Осы жылы Солтүстік Қазақстан облысы барлық лагерьлерінде қазақ тілінің жазғы мектептерін ұйымдастырады, Павлодар облысында үздік педагогикалық жасаққа «Бала достары» атты облыстық конкурсы басталды.
Сондай-ақ, кез келген өңір «Жазғы демалысты үздік ұйымдастырушы» атты республикалық конкурс аясында өздерінің жаңа идеяларымен бөлісе алатын болады.
Жазғы демалыспен жасөспірімдердің жеке санаттағы, оның ішінде «Тәуекел тобындағы» балалардың бос уақытын қамту жоғары деңгейде өтетін болады:
- мектепішілік есепте және КІБ-те есепте тұратын 10200 бала, 94% пайызды құрайды;
-тұрмысы қолайсыз отбасылардың балалары-26500, 84,3%.
Сондай-ақ, жыл сайын жеке санаттағы балаларды жазғы демалыспен қамту мониторингі жүргізіледі.
(тубвиражды балалар,чернобыльдық отбасылардың және интернационалист әскерлердің, оралман отбасыларының балалары).
Аталған есеп олардың жазғы демалысын жоғары сапада ұйымдастыруды талап етеді.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының зияткерлігін көтеру мақсатында және ҚР Премьер-Министрі өкімінің аясында дарынды балаларға тегін демалыс қарастырылған.
Бұл іс-шараға жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге бөлуді жоспарлаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 210 миллионға көп.
Дарынды балаларды жазғы демалыспен қамтудың төмендегі көрсеткіштері жоспарлануда:
-1-10-сыныпты «үздік» аяқтаған оқушылар - 200 мыңға жуық, ол 70,5 пайызды құрайды.
-зияткерлік және шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың 100 мыңға жуық жеңімпаздары 84,3% пайызды құрайды.
Жалпы алғанда, әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалардың жазғы демалысына және материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 5,5 млрд. теңге қаражат бөлу қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 млрд-қа артық.
Сонымен қатар, балалар ата-аналарының қаражаты есебінен 3,6 млрд-қа сауықтырылады, өткен жылмен салыстырғанда 1,9 млрд. теңгеге артық (1,7 млрд. теңге).
Министрліктің негізгі функцияларының қатарына – әдіснамалық қамтамасыз ету мен осы жұмыстар шеңберінде мониторинг жасау жатады.
Бұл бағытта Алматы қаласында педагогикалық отрядтар мен жазғы демалысты ұйымдастырушылардың Республикалық семинар-практикумы өткізілді, Орал қаласында «Балалар лагерьлерінің қызметін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер» атты қосымша білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, педагогтерге көмек ретінде әдістемелік ұсынымдамалар; мектеп жанындағы лагерьлерге арналған бағдарламалар; балалар сауықтыру лагерьлерінің анықтамалығы және т.б. әзірленді.
Жыл сайын жазғы демалыс кезеңінде балалармен жұмысқа 40 мыңнан аса педагогикалық және медициналық қызметкерлер, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, педагогикалық отрядтардың вожатыйлары тартылады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға көп көңіл бөлінеді.
Республиканың 7 өңірінде 554,7 млн. теңгеге жазғы демалыс нысандарын күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған.
(Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында).
Барлық облыстарда объектілерге ағымдағы жөндеу жүргізілген.
Жазғы демалыс объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен республикамыздың 10 облысында жалпы 344,8 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.
(Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан,Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында).
Жазғы демалысты сапалы ұйымдастыруда қосымша білім беру ұйымдары жоғары рөл атқарады.
Елбасының 2012 жылы қарашада облыстардың, қала мен
аудан әкімдерімен өткізген кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қосымша білім беру ұйымдарының желісін көбейту мақсатында шаралар қабылдауда.
Сондай-ақ, 3 облыста Алматы, Атырау және Маңғыстау облыстарында қазіргі талапқа сай Оқушылар сарайының құрылысын салу жұмыстары басталуда.
(Анықтама: 1)Алматы облысында жер учаскесі бөлініп, ЖҚҚ әзірлеуге қаражат бөлінген, 2) Атырау облысында ЖҚҚ әзірлеуге 40 млн. теңге бөлінген, 3) Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 2014 жылы құрылыс салу жоспарланған, 4) Ақтау қаласында құрылысқа жер учаскесін бөлу қарастырылуда).
Құрметті кеңеске қатысушылар!
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың «тікелей мәресіне» жетудеміз.
Айтылғандарға қосымша төмендегі аспектілерге көңіл аударуды сұраймын.
Біріншіден, қала сыртындағы лагерьлерді қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қала сыртында қызмет істейтін лагерьлердің 118-і (54,4%) ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, 30 (13,8%)-ы басқа жақтан әкелінетін тасымал сумен, 69-да (32%) ұңғымалар мен құдықтар қойылған.
(Анықтама: Ақмола облысында - 13,6%, Ақтөбеде - 11,1%, Шығыс Қазақстанда - 2,7%, Батыс Қазақстанда - 62,5%, Қарағандыда - 5,8%, Қостанайда - 30,7%, Қызылордада -11,1%, Маңғыстауда - 33,3%, Павлодарда-30%, Солтүстік Қазақстанда - 26,6% қала сыртындағы лагерьлерде тасымал ауыз сумен қызмет көрсеткен).

Екіншіден, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықта болу керек және жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жүргізілу қажет.
(Өртті бақылау, денсаулық сақтау, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау, судан-құтқару қызметі, тәртіп сақтаудың өңіраралық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар)
Балалардың жазғы демалыс орындары Төтенше жағдайлар министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау комитеттерінің өкілдерімен жан-жақты тексерілді.
Объектілердің өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйлері, балалардың тамақтануы және т.б. туралы ақпараттар мен ресми өкімдер берілді.
Барлық кемшіліктер өңірлерде тиісті органдармен өзара байланыста қалпына келтірілуде.
Барлық демалыс объектілерінде медициналық қызметтер ұйымдастырылған.
ҚР ІІМ-нің ақпараты бойынша тәртіпке және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға 4 мыңнан аса полиция қызметкерлері тартылатын болады (2012 ж. – 4353).
Жыл сайын маусым-тамыз айларында білім беру органдарымен бірлесіп «Каникул» оперативтік-алдын алу шаралары өткізіледі.
Осылардың барлығының өзара әрекеті пысықталған.
Енді басты міндет – олардың барлығын балаларды жазғы демалыспен қамту барысында тиімді пайдалану.
Назарларыңызға рахмет!

Құрметті төраға!
Құрметті депутаттар!

«2010 жылғы 5 шілдедегі (екі мың оныншы жылғы бесінші шілдедегі) Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы Сіздердің қарауларыңызға ұсынылып отыр.
2000 жылғы 10 қазандағы (екі мыңыншы жылғы оныншы қазандағы) Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты Қоғамдастықтың жарғы органы болып табылады. 2003 жылғы 27 сәуірдегі (екі мың үшінші жылғы жиырма жетінші сәуірдегі) Мемлекетаралық Кеңесінің шешімі негізінде 2011 жылға (екі мың он бірінші жылға) дейін оның функцияларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Соты атқарды.

Құрметті депутаттар!

2010 жылғы 5 шілдеде (екі мың оныншы жылғы бесінші шілдедегі) Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының Статутына қол қойылды. Ол кейіннен Қоғамдастықтың барлық мемлекеттерімен ратификацияланды (2011 жылғы 24 наурызда /екі мың он бірінші жылғы жиырма төртінші наурызда/ ҚР Заңымен ратификацияланды) және 2011 жылғы 27 шілдеде (екі мың он бірінші жылғы жиырма жетінші наурызда) күшіне енді.
Осы Сотының судьяларын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекеттер басшылары деңгейінде) ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Парламентаралық Ассамблеясы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Бүгінгі күні Қырғыз Республикасының судьяларын қоспағанда, ЕуразЭҚ Соты судьяларының құрамы (8 /сегіз/ судья, әр мемлекеттен 2 /екі/ судьядан) толығымен құрылды.
2011 жылғы 21 желтоқсандағы (екі мың он бірінші жылғы жиырма бірінші желтоқсандағы) ЕуразЭҚ Парламентаралық ассамблеясының қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының екі судьясы Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы және Баишев Жолымбет Нұрахметұлы Қазақстан республикасынан ЕуразЭҚ Сотының судьялары болып тағайындалды.
Заң жобасы бойынша 2011 жылғы 10 қазанда (екі мың он бірінші жылғы оныншы қазандағы) Бішкекте Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойғанын атап өтемін.
Хаттмаға қол қоюдың мақсаты Қоғамдастық Сотының мәртебесін 2010 жылғы 9 желтоқсандағы (екі мың оныншы жылғы тоғызыншы желтоқсандағы) Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы Шартқа сәйкес келтіру болып табылады.
Шарт Кеден одағы шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, оның ішінде үшінші мемлекеттердің резиденттеріне Қоғамдастық Сотына жүгіну құқығын береді.
Хаттамада Кеден одағы комиссиясының (қазіргі уақытта комиссия Еуразиялық экономикалық комиссияға өзгертілген) актілерін, әрекетін және әрекетсіздігін даулау туралы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштерін ЕурАзЭҚ Сотымен қарау тәртібі Шартқа сәйкес жүзеге асырылатыны көзделген. Сондай-ақСот ерекше жағдайларда сыртта отырыстар өткізу құқығына ие болды. бұл ұсынылған дәлелдемелерді судьялардың орында қарау қажеттігімен, сондай-ақ процеске қатысушылардың көбісі Сот орналасқан жерден басқа жерде болуымен байланысты. Қоғамдастық Соты Минск қаласында орналасқан.

Құрметті депутаттар!

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың өзін ратификациялау үшін негіздерге қатысты, Статуттың өзі ратификацияланғанын атап өтемін.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 27-бабының 4-тармағы (жиырма жетінші бабының төртінші тармағы) негізінде оған енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Статуттың өзі де сияқты сол тәртіппен күшiне енуі тиіс.
Жалпы, ұсынылған Заң жобасын қабылдау қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
Жоғарыда айтылғанның негізінде осы Заңның қабылдануын қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рахмет!

Құрметті Съезд делегаттары мен қонақтары!
Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет филологтар съезін өткізіп отырмыз.
Бұл – егемен еліміздің мәдени, рухани өміріндегі ерекше оқиға.
Бүгінгі іс-шара – өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Өйткені, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында бізге ауқымды әрі жауапты міндеттер жүктеп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан – экономикалық жағынан іргелі мемлекеттер қатарына қосылған ел.
Білім мен ғылымға, мәдениетке, бала тәрбиесі мен оқытуға, оларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге ерекше мән беріліп отыр.
Міне, осындай жауапты істің алдыңғы шебінде филологтардың жүруі заңды.
Филология – жазба ескерткіштердің тілін, тарихын, тіл мен әдеби шығармалар арқылы танылатын халық мәдениетінің байлығын зерттейтін ғылымдардың жиынтық атауы.
Танымал ғалым Дмитрий Лихачев филология сөзіне мынадай анықтама берген. «Филология – барлық гуманитарлық ғылымдарды біріктіретін, барша халықтың тіл мәдениетіне негізделген, гуманитарлық білімнің ең жоғарғы формасы».
Қазақстан – елімізді мекендейтін көптеген ұлттардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасап келе жатқан мемлекет. Ал,бүгінде «ұлтты біріктіруші басты фактор қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып отыр».
Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған оның ғажайып тілі» деп айтуы да бекер емес. Өйткені Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде.
Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері ынтымақта, татулық пен бірлікте өмір сүріп жатыр. Бұл қазіргі уақытта жаңа Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту үшін өте маңызды.
Сондықтан да Қазақстан халқы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» идеясын жүзеге асыруда.
Съезге қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Елбасы тілдерді дамытуға айрықша көңіл бөлетінін көрсетті.
Президент ұсынған «Тілдердің үштұғырлығы» жобасының арқасында тіл пәндерінің білім жүйесіндегі рөлі мен орнына ерекше мән беріле бастады.
Бұл жобаны іске асыру қазақстандықтардың елімізде және шет елдерде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.
Жетекші елдердің тәжірибесі біз таңдаған бағыттың дұрыстығын растап отыр.
Скандинавия елдерінде, Нидерланды, Сингапур сияқты мемлекеттерде халықтың үштен екісі шет тілдерін меңгерген.
Қазақстан филологтарының алдында осындай міндет тұр.
Мұны барлық білім беру сатыларына енгізу қажет.
Біз барша ғалымдар мен филолог-ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсінеміз.
Болашақ ұрпақтың Елбасы қойған міндеттерді лайықты түрде орындауы – сіздер мен бізге байланысты, құрметті ұстаздар!
Біз бұл сенімді ақтаймыз деп үміт артамын.
Құрметті съезд делегаттары мен қонақтары!
Еліміздің білім саласы Елбасының үнемі назарында. Осындай қолдаудың арқасында соңғы жылдары білім жүйесі дамудың жаңа сатысына шықты.
Қазақстандық білім берудің халықаралық беделі өсіп келеді.
Қазақстан ТМД елдері арасынан бірінші болып, әлемдік практикаға сәйкес, өзінің білім беру жүйесінің құрылымын жасады.
Қазіргі уақытта Қазақстан ЮНЕСКО-ның Білімді дамыту индексі бойынша алғашқы жеті елдің қатарына кіреді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Адамды дамыту индексі бойынша әлемде 69-шы орындамыз және даму деңгейі жоғары елдер тобына кіреміз.
Өткен жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан бірден 21 орынға көтерілді.
Халықаралық менеджментті дамыту институтының беделді рейтингінде Қазақстан білім берудің 8 позициясы бойынша жоғары көтерілді.
Олардың ішінде мектептегі білім беру, жоғары білім сапасы т.б. бойынша.
Шет тілін білудің кәсіпорындар сұранысына сәйкестігі бойынша біз бірден 14 орынға жоғары көтерілдік.
Қазақстандық білімнің әлемде танылуына біздің оқушылар мен студенттердің халықаралық олимпиада мен конкурстағы жеңістері өз үлесін қосты.
Соңғы 5 жылда олар әлемдік деңгейдегі 3695 медаль мен наградалар жеңіп алды.
Тілдерді дамыту саласындағы бірқатар негізгі міндеттерді шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Біріншіден, бұл – тіл білімі саласындағы педагогтар мен басқа мамандардың сапасын арттыру міндеті.
Бұл бағытта көптеген жұмыстар істелді.
Соңғы жылдары біз жоғары оқу орындарында педагогтарды даярлауға қойылатын талаптарды барынша көтердік.
Педагогикалық білім мазмұны түбегейлі қайта қарастырылуда. Әлемдік озық тәжірибелерді ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларының спектрі кеңеюде.
Ағымдағы оқу жылында алғаш рет 28 білім беру бағдарламасы сынақтан өтуде. Олар Еуропа мен АҚШ-тың Кембридж, Гарвард, Иллинойс, Йорк және басқа да жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп әзірленген.
Жаңа оқу жылынан бастап Назарбаев Университетінің және әлемнің 18 елінің сарапшыларының қатысуымен жасалған жаңа бағдарламаларды енгіземіз.
Педагогтің мәртебесі мен беделін көтеру мақсатында өткен жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға арналған гранттың құны ұлғайды.
Сапаны арттыру үшін педагогикалық кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарының саны қысқартылды.
Бұл практика жалғасатын болады – мұғалімдерді еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындары ғана даярлауы тиіс.
Педагогтарды даярлауда Назарбаев зияткелік мектептері мен Назарбаев Университетінің ең озық тәжірибесін енгізетін боламыз.
Оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі мен технологиялары енгізілуде: микрооқыту, модельдеу, рөлде ойнау, топтық жоба, эссе, кейс-стади, портфолио.
Осы жылы алғаш рет бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытыла бастайды.
Осы жобаны іске асыру үшін 2012-2013 оқу жылынан бастап 15 жоғары оқу орнында көп тілді пән мұғалімдері даярлана бастады.
Сондай-ақ, филолог кадрларға деген сұраныс артуда. 2013-2015 жылдары 4000-ға жуық маман талап етілсе, болжам бойынша 2020 жылға дейін 10 000-нан астам филолог қажет.
Жоғары білімді филологтарды – 34, магистрлерді – 29, PhD докторларды – 3 жоғары оқу орны даярлайды.
8 мамандық бойынша 36 000-нан астам адам білім алады, олардың 8 мыңнан астамы – мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.
Оларға деген сұраныс жоғары. Жыл сайын филологиялық мамандық бойынша бітірушілердің 85%-дан астамы жұмысқа орналасады.
Екіншіден, оқушылар мен студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.
Бұл орайда филологиялық пәндердің маңызы өте зор. Өйткені, жалпы және коммуникативті функционалдық сауаттылық осы пәндердің негізінде қалыптасады.
Өкінішке орай, көбінесе біздің балаларымыз шығарма, эссе жазғанда өз ойларын жеткізе алмайды, сөйлеу дағдысы қалыптаспаған, әдебиетке қызықпайды.
Бұл филологиялық мәдениеттің жетіспейтінін көрсетеді.
Орта және жоғары білімді функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға қайта бағыттау, білім беру бағдарламаларын қайта құру – бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, филологиялық білімнің тартымдылығы мен табысты беделін арттыру.
Ағымдағы жылы педагог қауыммен бірлесіп, білім мен ғылым саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеуге кірісеміз.
Кәсіптік стандарттарда осы кәсіпке қойылатын ең жаңа талаптар анықталады.
Атап айтқанда, журналист, редактор, PR-маман, баспа менеджері сияқты кәсіптердің кәсіптік стандарттарында филологиялық даярлық пен филологиялық мәдениетті тереңдетуді талаптардың бірі ретінде алу қажет.
Төртіншіден, жоғары оқу орындарындағы педагогикалық құрамның сапалы деңгейін арттыру.
Өткен жылдан бастап, алғашқы 300 пән оқытушысы әлемдік педагогиканың соңғы жетістіктерін ескере отырып, біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша педагогтер мен ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өту жүйесі толығымен іске қосылды.
Одан Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 20 оқытушысы өтті.
Бұл жұмыстың ауқымы осы жылы кеңи түсетін болады.
Бесіншіден, филологиялық білімнің әлеуметтік маңызы.
Олар адамды адамгершілік, азаматтық, көркем және рухани құндылықтарды іздеуге ынталандыруы тиіс. Филолог мұғалімдердің ұлылығы – осында.
Филологиялық білімнің дәстүрі мен сабақтастығын сақтауды да ұмытпау керек.
Мысалы, студенттерді ауылды жерлерде, халық тілінің қаймағын бұзбай қолданатын жерлерде фольклорлық және диалектологиялық практикаларға жіберу дәстүрі үзіліп қалды.
Қазіргі филологиялық білімде мұндай кемшін тұстар жетерлік.
Сондықтан бүгін Съезд қатысушыларына филологтарды даярлаудың дәстүрлі және жаңа тәсілдерін жүйелі түрде талқылауды ұсынамын.
Енді осы саладағы білім мен ғылымды дамыту үшін барынша маңызды бағыттар туралы тоқталып өтейін.
Жаңа Стратегияға сәйкес Қазақстандағы көптілді азаматтар үшін көп мәдениетті білімді меңгеру маңызды шарттардың біріне айналды.
Елбасы «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс» деп атап өтті.
2011-2020 жылға дейінгі Білім беруді дамыту, Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына және «Тілдің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай мектеп бітірушілердің барлығы қазақ тілін 100% біліп, тұрғындардың 90%-ы орыс тілін, 20%-ы ағылшын тілін меңгеруі тиіс.
Қазақстанда енгізіліп жатқан көптілді білім беру бағдарламасы бірегей болып табылады және шетелдік аналогтарға қарағанда, үш тілде қатар оқытуды көздейді.
Осы бағыттағы жұмыстарға тоқталып өтейін.
Қазақ тілі түркі әлеміндегі ең бай және көркем тілдердің бірі екенін баршаңыз жақсы білесіздер. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін толық орындауда.
Осы бағытты барынша дамыту үшін тілдік ортаны құрудың маңызы өте зор.
Тілдік орта балабақшадан бастап қалыптасады. Сондықтан білімнің бұл деңгейіне ерекше назар аударамыз.
Қазіргі уақытта әлем ерте оқытуға көшуде. Өйткені бала бұл жаста білімді тез меңгереді.
Сонымен қатар осы жастағы балалар лингвистикалық білімге бейімділігімен ерекшеленеді.
Осы бағытта көп жұмыс атқарылды.
Егер Қазақстанда ғасыр басында мектепке дейінгі ұйымдардың 25%-ы ғана мемлекеттік тілде болса, қазіргі уақытта олар 70%-ға жуық, оларда 53% бала тәрбиеленуде.
Осы ретте 93 мыңнан астам орыс және басқа ұлт балалары қазақ тілде тәрбиеленетін балабақшалар мен шағын орталықтарға барады.
Яғни, мектепке дейінгі тәрбие тіл қатынастарын мемлекеттік реттеу саласына мейлінше батыл еніп отыр.
Қазақ тілінде оқытатын орта мектептердің саны тәуелсіздік жылдары 1000-нан астамға ұлғайды. Қазір олардың саны – 3819.
Қазіргі уақытта балалардың 64,5%-ы қазақ тілінде оқиды.
Сонымен қатар, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту әдістемесі жаңғыртуды талап етеді.
Сондықтан, тілді оқыту саласындағы маңызды мәселенің бірі – қазақ тілін әлемдік тәжірибе негізінде деңгейлеп меңгеру жүйесін енгізу болып табылады.
Қазіргі кезде интернетте «Еуропалықтардың қазақ тілін оқытуға арналған әдістемені әзірлегені» туралы сілтемелер көптеп кездесіп жатады.
Корреспонденттік оқытудың халықаралық еуропалық мектебін де жарнама жасап, оны Қазақстанда таратуда.
Бұл жайттың қаншалықты жақсы, жаман екенін білмеймін, бірақ ол жұмыс жасауда.
Ал, біздің лингвистеріміз қайда қарап отыр?
Бұл бастаманы жедел түрде іліп әкетіп, қолға алуымыз қажет!
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тілді меңгерудің халықаралық стандарты негізінде мемлекеттік тілді «балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» үздіксіз оқыту жүйесін енгізуді қарастырады.
Мұндай жүйе орыс тілді мектептерге 2010-2011 оқу жылынан енгізіле бастады.
Оның концептуалды негізі – тілдерді деңгейлеп меңгеру жүйесі болып табылады. Ол Еуропа Кеңесінің «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» атты құжатта көрсетілген.
Бұл бағытта көп жұмыс істеуіміз қажет. Әдістемені, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеп, жетілдіру керек.
Біздің Министрлікте қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың алты деңгейлі ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылды. Ол TOEFL және IELTS халықаралық стандарттары негізінде жасалған.
Қазіргі уақытта тілді меңгеру жүйесінің деңгейлері бойынша мемлекеттік стандарттар әзірленіп, бекітілді.
Әрбір деңгей бойынша 60 мың тест тапсырмасынан тұратын қор құрылды.
Бұл – үлкен жетістік.
Енді біз жоғары оқу орындарында қазақ тілін деңгейлеп оқытуды енгізуіміз қажет.
Барлық білім беру жүйесі бойынша қазақ тілін үздіксіз деңгейлеп оқытудың мемлекеттік стандартын әзірлеуіміз қажет.
Бұл ретте білім беру мазмұнын құрастырудың халықаралық парадигмасын және «оқушыға центрленген» тәсіл үрдісін ескеруіміз тиіс.
Бұл модель күтілетін нәтижелер мен біліктілікке шоғырланады.
Болон процесі іске асырылған кезден бастап оқыту мен тәрбиеленудің жоспарланған нәтижелері стандартталуда.
Осындай стандарттауға негізделген МЖБС нысаны РIZA мен TIMSS-та көшбасшы елдердің білім беру жүйесінде қолданылады.
Бұл ретте білім беру нәтижелері нақты белгіленген және сөзсіз өлшемге жатады.
Ол оқу бағдарламаларының мазмұны мен оқу кестесін, оқыту стратегиясы мен әдәстерін, бағалау процесін, білім беру ортасын, біліктілікті арттыруды және т.б. анықтайды.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту да өзекті мәселе.
Бұл тұрғыда жұмыс ең басты үш бағыттан тұрады.
Бірінші – орыс тілін меңгеру деңгейін сақтау.
Бұл – Елбасы атап өткендей, қазақстандықтардың тарихи және бәсекеге қабілетті басымдығы.
Білім беру жүйесін жаңғырту, әсіресе, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру шеңберінде орыс тілін оқыту әдістемесін жаңарту қажет.
Оқушылардың көпэтникалық құрамын ескере отырып, екінші тіл ретінде орыс тілін оқыту – өзекті мәселе болып табылады.
Екінші бағыт – этностар тілдерін дамыту үшін жағдай жасау. Бұл Қазақстан мәдениеті тілдерінің саналуандығын қалыптастырады.
Үшінші – ағылшын тілін оқыту.
Ағылшын тілін меңгеру, Елбасы айтып өткендей, «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Осы мақсатта мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін меңгеруді дамытатын боламыз.
Биылғы жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптан ағылшын тілін оқыту енгізіледі.
Кейін жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуды мектептерге кезең-кезеңмен енгіземіз.
Бұл үшін 2012 жылдан бастап жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде білім беретін педагогтерді өз мамандығы бойынша оқыту басталды.
Магистратура және докторантураға түсу үшін TOEFL бойынша тест тапсыратын болады.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің желісін кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар, үш тілде білім беретін мектептердің (қазір мұндай мектептердің саны - 90) санын көбейту қарастырылуда.
2020 жылы жаратылыстану-математика циклындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтер үлесін 15%-ға көбейту жоспарлануда.
Отандық филологияның маңызды міндеттері:
* әдебиетті қазақ және орыс тілдерінде оқытуды және зерделеуді жетілдіру;
* мәтінді тек түсініп қана қоймай, өзі құрастыра білу, өз көзқарасын қорғау, өз бетінше ойлау, талқылау дағдысын дамыту үшін оқушылардың эссе жазу практикасын кеңейту;
* қазақ тілді IT-мамандарын дайындауды түбегейлі кеңейту және т.б
Қазақ тіліндегі оқулықтар мен басқа да әдебиеттерге жалпы талдау жүргізу қажет.
Олардың мазмұны қазіргі қазақ тілі нормаларына сәйкес келе ме? Міне осы тұрғыдан сараптама жұмыстарын жасау керек.
Жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында барлық техникалық жоғары оқу орындарына «Қазақстантану» гуманитарлық пәнін, ал, қоғамдық гуманитарлық мамандықтарға «Ұлттық концептология» пәнін енгізу қажет.
Ерекше міндеттердің бірі – Ұлттық қазақ тілі корпусын қалыптастыру.
Әлемнің жетекші елдерінде базалық мемлекеттік тілдері ұлттық корпустарын құру қазіргі кезде маңызды тарихи-мәдени және саяси іс-шаралардың қатарына жатады.
Тілдің ұлттық корпусы, бұл – нақты тілде ақпараттың барлық типтері мен түрлерін ауқымды түрде жинақтау. Оны өңдеу, жіктеу және талдау жөніндегі IT-технологиялар.
Яғни, тіл білімінің жаңа деңгейін жетілдіру.
Ұлттық корпус тіл құндылығын сақтауға, уақыт талабына сай дамуын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, филолог емес адамдардың өзіне тіл ережелерін сақтап, оқып-үйренуге көмектеседі.
Бұл – біздің еліміз үшін өте өзекті болып табылады.
Мұндай жұмысты күшейту үшін Тіл білімі институты базасында Корпустық лингвистика орталығын құруды орынды деп есептейміз.
Осы орталық арқылы Қазақстан филологтарының қызметін үйлестіруге және жүйелендіруге болады.
Әрине, филологтармыздың маңызды міндеттерінің бірі – қазақ жазуын латын графикасына көшіру.
Ғалымдардың алдағы кезеңдегі міндеті – осындай көшулердің халықаралық тәжірибесін жан-жақты зерделеу.
Қандай проблемалар туындағанын олардың қалай шешілгенін Қазақстан үшін қандай ұсыныстар болатынын анықтау.
Бұл– өте маңызды міндет.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Тілден артық қазына жоқ».
12 ғасырдағы парсы ақыны Мухаммед Ас-Самарканди: «Біз жер бетінен кетеміз, бірақ сөзіміз мәңгілік қалады» деген екен.
Бұл пікір, ең алдымен филологтарға қатысты.
Құрметті әріптестер!
Бұл Съезде Қазақстан филологиясын дамытудың жай-күйі мен келешегі кеңінен талқыланады деп ойлаймын.
Ең бастысы – сіздерден нақты ұсыныстар күтеміз. Оларды мұқият талдап, сіздермен бірге жүзеге асырамыз.
Осындай съездерді тұрақты түрде өткізетін боламыз.
Мұндай іс-шаралар ұстаздарға білім жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Филологтар рөлін арттыру мақсатында Филологтар қауымдастығын құруды ұсынамын.
Жақсы тәжірибе – өміршең. Кезінде математиктер, биологтар, тарихшылар қауымдастығы құрылған болатын. Олар уақыт пен заман талабына сәйкес ұсыныстар беріп, осы салалардың дамуына ықпал етуде. Филологтар қауымдастығы да осындай талап пен талғам биігінде болады деген ойдамыз.
Съезд жұмысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын іске асыруға және филологиялық ғылым мен білімді одан әрі дамытуға өз үлесін қосады деп сенемін.
Баршаңызға шығармашылық табыс, кәсіби ізденіс және мықты денсаулық тілеймін!
Назарларыңызға рахмет!

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

Бүгін сіздердің қарауларыңызға:
2013 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық нақтыланған болжамы;
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіліп отыр.
Болжам 2012 жылғы Жалпы ішкі өнім өсімі бойынша есептік деректері және Қазақстанның экономика салаларын дамытудың ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы деректерін ескере отырып түзетілді. Нақтылау кезінде, халықаралық ұйымдар күтіп отырған әлемдік экономика мен дамуының шикізат тауарларына бағаларының даму үрдістері ескерілді.
Болжам бойынша жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 34 291 млрд. теңгені құрайды, бұл бұрын жоспарланғаннан
2 331 млрд.теңгеге төмен. 2013 жылы нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі базалық сценарий бойынша бекітілген деңгейде, яғни 6 % көлемінде сақталуда.
2013 жылы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша болжамның төмендеуіне өткен жылдың іс жүзінде қалыптасқан неғұрлым төмен базасы, металлургия және химия өнеркәсібі өндірісінің төмендеуі және металдардың әлемдік бағасының төмендеуі ықпал етті.
Сауда теңгерімінің сальдосы экспорттың 3,7 млрд. долларға өсуі және импорттың 5,1 млрд. долларға төмендеуі есебінен 8,9 млрд. АҚШ долларына ұлғаяды.
Болжам бойынша инфляция дәлізі бекітілген деңгейде сақталып, 6-8 %-дан аспайтын болады.
Мұнайға бағаның болжамы 2013 жылы бір баррель үшін
100 АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте, бағаның ұлғаюы оптимизмді білдіру емес, заттардың нақты жағдайын көрсетеді. Бюджеттің мұнай бағасына тәуелділігі жанама болғандықтан, бұл бюджеттің кіріс бөлігіне әсер етпейді.
Нақтыланатын бюджеттің параметрлері бойынша
Бюджетті нақтылауға мыналар негіз болды:
1. Елдегі экономикалық жағдайды талдау, 2013 жылдың
1 тоқсанының қорытындысы бойынша нақты түсімдерге сүйене отырып есептеулерді нақтылау және ағымдағы қаржы жылының соңына дейінгі түсімдер болжамы негізінде 2013 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруін ескере отырып, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
2. Мемлекет басшысының жергілікті атқарушы органдарды функционалдық күшейту мақсатында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату және Ұлттық қор жинақтарын ұтымды және ойластырылған түрде пайдалану есебінен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру.
Енді негізгі бюджеттің параметрлері мен нақтыланатын бюджет параметрлеріне көшуге рұқсат етіңіздер.
2013 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің жоспарлары (трансферттердің түсімін ескермей) 226,1 млрд. теңгеге азая отырып нақтыланды және 3 588,2 млрд. теңге сомасында айқындалды.
Түсімдердің азаюы мынадай ұстанымдар бойынша болжанады:
1. 231,1 млрд. теңгеге салықтық түсімдер бойынша.
Негізгі төмендеу металдар мен қатты пайдалы қазбаларға әлемдік бағалардың төмендеуі нәтижесінде мұнай емес сектордың Жалпы қосылған құны өсу қарқынының төмендеуіне байланысты корпоративтік табыс салығы бойынша (299,9 млрд. теңге) күтіледі.
Сонымен бірге, 23,8 млрд. теңге сомасында корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша түсімдер де болады, сондай-ақ салықты әкімшілендіруді жақсарту нәтижесінде – 11,8 млрд. теңге және жоспарда ескерілмеген «Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2012 жылғы салық декларациясын тапсыру нәтижелері бойынша түсімдер – 12,0 млрд. теңге.
Жалпы алғанда қосылған құн салығының төмендеуі
59,6 млрд. теңгені құрайтын болады, оның ішінде импорт көлемінің және Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынының төмендеуі есебінен 120,1 млрд. теңгеге азаяды. Сонымен қатар Қосылған құн салығын қайтару сомаларының азаюы және салықтық әкімшілендірудің жақсаруы есебінен 60,5 млрд. теңгеге ұлғаяды.
Қабылданған қаулыға сәйкес шикі мұнайға кедендік баж мөлшерлемесін тоннасына 40 АҚШ долларынан тоннасына
60 АҚШ долларына өзгерту есебінен халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салықтар бойынша 124,5 млрд. теңгеге ұлғайту болжанып отыр.
2. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарлар
16,9 млрд. теңгеге ұлғайта отырып, нақтыланды, бұл 75,7 млрд. теңгені құрайды. Ұлғайтуда «KazSat-1» спутнигі үшін 5,1 млрд. теңге сомасындағы сақтандыру төлемдерінің түсімдері көрсетілген, олар «KazSat-3» спутнигін 2014 жылы ұшыру үшін оны жасауға жұмсалатын болады.
3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 11,8 млрд. теңгеге азайтылды. 2012 жылы астық сатып алу көлемін қысқартуға және тиісінше 2013 жылы мемлекеттік резервтерден астық сатудың азаюына байланысты мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетін түсімдер бойынша азаю күтіліп отыр.
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері бекітілген 1 380 млрд. теңге деңгейінде сақталады.
Ұлттық қордан көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы трансферт 25,5 млрд. теңгені құрайды.
2013 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 121,3 млрд. теңгеге азайтыла отырып, 6 099 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр.
Республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамсыз ету және кірістер бойынша шығындардың бөлшектеп орнын толтыру мақсатында заң жобасында бюджет шығыстарын 159,6 млрд. теңгеге, оның ішінде 200 млрд. теңге – шартты қаржыландыру шығыстарын қоса алғанда жалпы сомасы 297,7 млрд. теңгеге оңтайландыру және басым секторлар мен бағдарламаларға 138,1 млрд. теңге сомасындағы қосымша қаражат жіберу нәтижесінде, қысқарту бойынша шаралар көзделген.
Қосымша шаралар қабылдаусыз шығыстарды біржақты қысқартуды болдырмайтын бюджет саясатының контрциклділігін қамтамасыз ете отырып, 138,1 млрд. теңге сомасындағы қысқартылатын шығыстардың бір бөлігін экономиканың мынадай басым бағыттарына жіберу жоспарланып отыр:
1. Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға 30 млрд. теңге, оның ішінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға – 6,4 млрд. теңге, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыруға – 3,6 млрд. теңге, ауылдық елді мекендерді дамытуға 20 млрд. теңге.
Қосымша бөлінетін қаражат шеңберінде Мемлекет басшысының әлеуметтік сала объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу пайдасына құрылыстың жоғары шығынды жобаларынан бас тарту туралы тапсырмасы да іске асырылатын болады.
2. Қосымша қаражат 20,4 млрд. теңге сомасында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыруға, оның ішінде Қазақстандық ипотекалық компанияның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жалдамалы тұрғын үй құрылысына – 15 млрд. теңге және Алматы серіктес қалаларының инфрақұрылымы құрылысына – 5,4 млрд. теңге жіберілетін болады.
3. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруда Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасының бекітілуіне байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігінің шығыстары
22,2 млрд. теңге сомаға ұлғайтылды. Бағдарлама ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға, қаржылық сауықтыруға, Агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Фитосанитариялық, ветеринарлық және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әзірленген шаралар кешені жедел іске асыруды талап етеді.
4. Бизнестің жол картасы – 2020 негізгі міндеттерін орындау мақсатында кәсіпкерлерге нақты жасалған шарттар мен Өңірлік үйлестіру кеңестері мақұлдаған жобалар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету үшін 14,0 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат көзделуде.
5. EXPO-2017 және Универсиада сияқты ерекше маңызы бар халықаралық іс-шараларды өткізуге дайындық шеңберінде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы сомасы 50,4 млрд. теңге (Астана – 30,4 млрд. теңге және Алматы -
20,0 млрд. теңге). қосымша қаражат бөлінетін болады.
Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес нақтыланған республикалық бюджеттің жобасында республикадағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және жаңа орталық мемлекеттік органдардың құрылуына, сондай-ақ өткен жылдың 11,1 млрд. теңге сомасындағы қалдықтарын түгел пайдалануға рұқсат етілуіне байланысты ағымдағы жылдың басында жүргізілген түзетулер ескерілді.
Сонымен бірге, ағымдағы жылғы бюджеттің атқарылу сапасын арттыру мақсатында шығыстар қысқартылған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаражатты, мемлекеттік органдар үшін қойылған, басымдықтар шеңберінде қайта бөлу құқығы берілді.
Күтілетін шығындарды ішінара өтеу мақсатында бюджет тапшылығы 85,4 млрд. теңгеге артып, 870,6 млрд. теңге сомасында немесе Жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,5% көзделіп отыр, оның ішінде 2012 жылғы бюджет қалдықтарының 20 млрд. теңгеге тартылуы есебінен.

Құрметті әріптестер!
2013 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және республикалық бюджетті нақтылау жобасының негізгі параметрлері осындай.

Бірқатар басым міндеттердің шешілуі 2013 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің уақтылы қабылдануына байланысты екенін ескере отырып, Сіздің Серік Нығметұлы:
-мемлекеттік органдарға бір күндік мерзімде
2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларын бюджеттік өтінімдерге қорытындылармен сәйкес келтіруді және оларды Парламентке одан әрі ұсыну үшін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне беруді;
- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Премьер-Министр Кеңсесімен бірге ағымдағы жылғы 17 мамырға дейінгі мерзімде «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын пысықтауды және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізуді тапсыруыңызды өтініп сұраймын.
Назарларыңызға рахмет!

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құруға не себеп болды?

Зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелерімен Үкімет пен Ұлттық Банк көп жылдардан бері шұғылданып келеді. Арнайы құрылған жұмыс тобы бұл мәселені жан-жақты талдап, әлемдік тәжірибені зерттеді.
Осының негізінде зейнетақы жүйесін жетілдіру қажеттігі туып отыр деген қорытындыға келдік.
Бұл әрине, өте маңызды әрі күрделі мәселе.
Сондықтан, Бірыңғай зейнетақы қорын құру жекеменшік қорларда туындаған мәселелерді шешуге бағытталған шара деп түсінген жөн.
Біріншіден, аталған қорлар халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық түрде қамти алмады.
Нақты айтар болсақ, бүгінде жұмыс істеп жүрген 8 миллион 400 мың адамның жартысынан астамы қазіргі зейнетақы жүйесіне қатыспай отыр.
Өкінішке орай, қорлар бұларға көңіл бөлмей, тек бір-бірінің салымшыларын ауыстырып алумен ғана айналысуда.
Бұл әрине, қорларға тиімді. Ал бұдан азаматтарға, халыққа қандай пайда?
Мәселе осында.
Екіншіден, қорлар зейнетақы қаражатын тиімді басқара алмады. Бұл табыстың төмендеуіне алып келді.
Үшіншіден, бүгінгі қорларда комиссиялық алымдар мөлшері өте жоғары, ал жауапкершілік төмен.
Осы жағдай әр азаматтың салымдық жинағын 26 пайызға дейін қысқартады. Демек, қорлар бүкіл қаражаттың төрттен бірін өздеріне алып қалады.
Қорлардың жұмысындағы осындай кемшіліктерді ескере отырып, Бірыңғай қор құру туралы ұсыныс туындады.
2. Бірыңғай зейнетақы қорын кім басқарады? Ондағы қаражаттың сақталуына кім кепілдік береді?

Бірыңғай қордың зейнетақы активтерін тек Ұлттық банк басқарады.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының жанынан құрылған арнайы Кеңестің бақылауында.
Қордың қызметі тек қана халықтың зейнетақы жинағының сақталуына оның өсуіне бағытталады.
Және бұған мемлекет кепілдік береді.

3. Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан өзекті мәселенің бірі - әйелдердің зейнетақы жасын біріздендіру, яғни ер азаматтардың зейнет жасымен теңестіру төңірегінде болып отыр. Бұл орайда, қоғамдық пікір де әралуан. Мұндай шешім қабылдау не үшін қажет болды?

Заң жобасында әйелдердің зейнет жасын 58 ден 63 жасқа көтеру туралы ұсыныс бар. Дегенмен, негізгі мәселе, зейнет жасын бірден көтеруде емес. Осыған назарларыңызды аударғым келеді.
Біз зейнет жасын 2014-ші жылдан бастап, әр жарты жыл сайын, кезең-кезең бойынша 10 жыл ішінде көтеруді ұсынып отырмыз.
Демек, толық 63 жастан зейнетке шығу тек 2024-ші жылдан басталатын болады.
Біз мұндай қадамға неліктен барып отырмыз?
Қазіргі заң бойынша 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне зейнетақыны мемлекет төлейді.
Алайда, аталған санаттағы зейнеткерлер саны уақыт өткен сайын азая береді. Керісінше, бүгінгі жинақтаушы жүйеден зейнетақы алатын адамдардың саны көбейе түседі.
Яғни, 2018-ші жылдан бастап зейнеткерлікке шығатын әйелдердің бюджеттен алатын зейнетақы мөлшері төмендейді.
Енді ол бюджетке емес, адамның қордағы өзінің жинаған қаражатына тікелей байланысты болады.
Міне осыған байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселесі туып отыр. Осы тұста, арнайы ескерткім келеді, бұл бүгінгі уақыт талабынан туып отырған қажеттілік.
Демек, Бірыңғай зейнетақы қоры азаматтардың осы жүйеге барынша көбірек қатысуы, қаражатты неғұрлым көбірек жинақтауы үшін қажет.

4. Жалпы осындай мәселелер әлемдік тәжірибеде қалай шешіліп отыр? Және әйелдерді әлеуметтік қорғау мақсатында жасалып отырған қандай қосымша іс-шаралар бар?

Мұндай мәселе біздің елде ғана туындап отырған жоқ. Бұл - әлемдік құбылыс. Сондықтан, әлемдік тәжірибе туралы айтсақ, көптеген елдер зейнетақы жасын ұлғайтуда.
Әрине, біз жауапкершілікті сезінеміз.
Біз әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашуды, оларды барынша жұмыспен қамтуды қолға аламыз.
Осы мақсатта 2020-шы жылға дейін 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Сонымен Үкімет:
біріншіден - бала күтіміне байланысты демалыста отырған,
екіншіден - өзін-өзі жұмыспен қамтыған, үшіншіден - жұмыссыз жүрген әйелдер үшін арнайы іс-шаралар жоспарын қабылдайды.
Зейнет жасын көтеру бойынша мұндай тәжірибе басқа елдерде де бар.
Сондықтан, зейнеткерлікке жақындаған адамдарды әлеуметтік жағынан қосымша қорғау үшін 50+ бастамасын, яғни, 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтудың Кешенді Жоспары қабылданды.

5. Зиянды өндірістерде еңбек етіп жатқан азаматтардың әлеуметтік жағдайы қалай болады? Осы реформа аясында оларға қандай да бір шаралар көзделіп отыр ма?

Шынында да, қазіргі зейнетақы жүйесі ауыр және зиянды жұмыстармен байланысты қатердің орнын толтыра алмайды.
Ал, біздің ұсыныс осы мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Яғни, жұмыс берушіге өз қаражаты есебінен азаматтардың 10 пайыздық салымына қосымша 5 пайыз төлем аудару міндеті енгізіледі.
Бұл, осы азаматтарға 50 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік береді.
Әңгімемізді қорыта келе айтарым, бүгін біз әр адамға тікелей қатысы бар, ерекше маңызды шешім қабылдау қарсаңындамыз.
Сондықтан, баршамыздың міндетіміз - алдағы зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселесін көпшілікке түсінікті түрде жеткізу.

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды екі кезеңмен дамыту көзделуде:

Бірінші кезеңде (2013-2014 жылдары) басқарудың төменгі деңгейлерінде қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту және басқару мен қаржыландырудың тетіктерін іс жүзінде пысықтау жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту үшін негізгі алғышарт болып табылады.
Екінші кезеңде (2015-2020 жылдары) жергілікті мемлекеттік басқарудың функцияларын одан әрі бөлу мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеті мен меншігін қалыптастыру, сондай-ақ ауылдық округтардың деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді оңтайландыру мәселелері пысықталатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауына сәйкес Тұжырымдаманы іске асыруға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасының мақсаты - жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық шарттарды жасау болып табылады.

Тұжырымдамағы сәйкес, заң жобасы келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:

Бірінші. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу жолымен жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде ауылдардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындарының рөлін арттыру бөлігінде:

1) ауыл тұрғындарының жиналыстарын, жиындарын қалыптастыру, өткізу және құзыреттерін реттеу;
- жиналыстың немесе жиынның жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі мәселелерді міндетті түрде талқылау;
- жергілікті халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізуге қатысу құқығын беру
Екінші. Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген тәртіппен маслихат депутаттарының аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтардың әкімдерін сайлау жөніндегі норманы енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу жолымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық және кенттік округтардың әкімдерін сайлау кезінде маслихаттардың ролін арттыру.
Үшінші. Бюджет және Салық кодекстеріне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Жарнама туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу жолымен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдердің қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту бөлігінде:

- әкімдерге табыс көздерін қалыптастыру құқығын беру.
Олар мыналарды қосады:
• әкімдерінің қарамағындағы мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
• ерікті алымдар

• қайырымдылық және демеушілік жарналар

• айыппұлдардың жекелеген түрлері

• сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлем

• заңнамаға қайшы келмейтін өзге де көздер;


- жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған кірістер мен шығыстарды көрсету үшін қазынашылық органдарында арнайы есеп-шоттар ашу;

- тиімді пайдалану мақсатында, жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру және қосымша табыс алу үшін ауылдық әкімдерге аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін (мәдениет үйлерін, кітапханаларды, бала бақшаларды) беру.

Заң жобасы аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне кіріс көздерін қалыптастыру, жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен келістіргеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың қаражаттарының түсімдері мен шығыстарының жоспарын бекіту, бюджетті атқару бойынша уәкілетті органда қолма-қол ақшаның бақылау есеп-шотын ашу, берілген коммуналдық меншікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (арендаға) ұсыну және басқада қосымша құзыреттер береді.

Заң жобасын қабылдау:

1) жиналыстар мен жиындар арқылы халықтың еркін білдіру бөлігінде азаматтардың қонституциялық құқығын іске асыруға;

2) аудандық (қалалық) маслихаттар тарапынан аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтардың, ауылдық округтардың құрамына кірмейтін ауылдардың әкімдерін сайлауға;

3) халықтың басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуы арқылы сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді алуға, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіпті жақсартуға деген қызығушылығын арттыруға;

4) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалануға мониторинг жүргізуге жергілікті халықтың қатысуына;

5) коммуналдық меншік, қаражаттарды беру арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі төмендегі деңгейдегі әкімдердің дербестігін кезеңмен және біртіндеп нығайтуға мүмкіндік береді.

Архив

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту