Құрметті Серік Нығметұлы!

Құрметті әріптестер!

Өткен жыл біздің еліміз үшін өте маңызды және табысты болды. Қазақстан Тәуелсіздіктің 20-жылдығын жақсы және орнықты көрсеткіштермен атап өтті.

ІЖӨ нақты өсімі 7,3 пайызды құрады және жан басына жаққанда 11,3 мың АҚШ долларына жетті. Ауыл шаруашылығында өнім көлемінің өсуі былтырғы жылмен салыстырғанда 25,5 пайызды құрады, құрылыста 3 пайыз, өнеркәсіпте 4 пайызға жуық.

Қазіргі уақытта индустрияландыру картасы 9,6 трлн. теңгені құрайтын 609 объектіні қамтиды. Екі жылдың ішінде жаңа объектілерді енгізу есебінен 90 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.

2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарға сәйкес Министрліктің қызметі өткен жылы экологиялық қауіпсіздікті одан әрі қамтамасыз етуге, қоршаған ортаның ластану деңгейінің төмендеуіне бағытталды.

Өткен жылы Стратегиялық жоспарда белгіленген басымдылықтардан бізбен келесілер орындалды:

Бірінші. «Жасыл даму» салалық бағдарламасының бірінші кезеңі үдемелі іске асуда.

Бағдарламамен табиғи ортаның ластану деңгейін төмендету бойынша жұмыстары мен шаралары, экологиялық орнықты даму тетіктерін құру, ірі өнеркәсіпті кәсіпорындар – қоршаған ортаны ластағыштар үшін аса қолайлы технологиялар негізінде нормалауға көшу жоспарын әзірлеу қарастырылған.

Осы бағдарламаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстар негізгі бағыттармен жүзеге асырылуда, олар:

«жасыл экономиканы» дамыту;

халық денсаулығына антропогендік ықпалдар мен қоршаған орта компоненттерін төмендету;

табиғи экожүйені сақтау және қалпына келтіру;

қоршаған орта сапасын басқару жүйесін дамыту және толық жетілдіру.

2011 жылы рұқсат етілген шығарындылар көлемі 3,35 млн. тоннаны құрайды, ластаушы заттарды төгу – 2,8 млн. тоннаны құрайды, яғни табиғат пайдаланушылар санының өсуіне байланысты 2010 жылғы деңгейдегідей болып отыр. Бұл табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру, сонымен қатар, кәсіпорындармен экологиялық таза технологияларды енгізу негізінде жетіп отыр.

Қалдықтарды құруды қайта өңдеу үлесі 20,7 пайызды құрады. Пайдаға асқан қалдықтар көлемі бойынша көрсеткіш орындалды. Республикада бір жыл ішінде жинақталған 892 млн. тонна қалдықтарды 185 млн. тоннасы пайдаға асты, яғни жоспарлаған көлемнен 45 млн. тоннаға жоғары.

Екінші. Экологиялық заңнама қорын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

2011 жылғы 3 желтоқсанда Елбасымен «Қазақстан Республикасының экология мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Заң жинақталған қалдықтар көлемін азайту мәселелерін шешуге, нарықтық тетіктерді ендіру жолымен парникті газдар шығарындыларын азайту, табиғат пайдаланушылардың экологиялық құқық бұзушылығына әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерін күшейту.

Осыған сәйкес Экологиялық және Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Салық кодексіне, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске және басқа заңдарға түзетулер енгізілді.

Қабылданған заң жобасы шеңберінде экология және төтенше жағдайлар мәселесін қамтитын Каспий теңізінде қауіпсіз мұнай-газ жүйесін өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына өзгерістер енгізуді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» заңды іске асыру мақсатында біздің Министрлік пен Экономикалық даму және сауда министрлігі және Бас прокуратурамен біріккен бұйрықтар әзірленді.

Ағымдағы жылы бізге:

- «Қазақстан Республикасының экология мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыруда 50 заңға тәуелді актілерді келісуді және бекітуді аяқтау;

- регламенттер мен стандарттарды әзірлеу және бекіту және оларды Мемлекеттік қызмет тізіміне енгізу;

Үкіметке нәтижесін хабарлаумен қоса қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық актілер мониторингін жүргізуді жалғастыру қажет.

Үшінші. Ірі табиғат пайдаланушылармен жұмыс уақытылы және бақылау негізінде күшейтілді.

Есептік кезеңде шаруашылық субъектілеріне экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 12 мың тексеріс жүргізілді.

9 мыңнан жоғары заң бұзушылықтар анықталды, 8,3 мың ұйғарым берілді, 8,5 мың әкімшілік айыппұл салынды, залалды өтеу бойынша жалпы сомасы 25 млрд. теңгеге 1,5 мың талаптар анықталды. Жалпы 2011 жылы мемлекетке түсіміне жалпы сомасы 18,3 млрд. теңгеге айыппұл төленді.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру бойынша мониторинг жүргізілуде.

Есептік кезеңде экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен аумақтық экология департаменттеріне қарастыруға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға 1242 мәлімдеме келіп түсті, 1003 рұқсат берілді.

Экологиялық рұқсаттар алу құжаттары және оларды қарастыру мерзімін үйлестіру мен қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жыл бойы 27 азаматтық іс бойынша қатысуда 56 сот отырысында Министрлікке қатысты 18 талап өтініштер қабылданды, сот шешімі бойынша жауапкермен мемлекет пайдасына 161,8 млн. теңге залал сомасы төленді.

Биылғы жылы:

- қауіптілігі жоғары объектілерге экологиялық құқықбұзушылық аз болатын тәуекел ретінде орта және шағын бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктеуді азайту арқылы мемлекеттік экологиялық бақылау тексерістерінің нәтижелілігін жоғарлатуды;

- қоршаған ортаға жоспарланған басқарушылық, шаруашылық және басқа қызметті жүзеге асырудың негативті мүмкіндіктерін анықтау және шектеу мақсатында I санатты объектілердің жобалы құжаттарына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Төртінші. Қазақстан Орталық Азия елдерінде экономикасы дамыған елдердің бірі болып табылады, ластаушы заттар және атмосфераға парникті газдар шығарындылары көлеміне ие.

Өнеркәсіп секторларының шығарындылары атмосфералық ауаны ластаушылардың бірі болып табылады.

Қазақстан шығарындыларды азайту мақсатында «Үлкен қашықтықта трансшекаралық ауаның ластануы туралы» БҰҰ Еуропалық экономикалық конвенциясына қосылды.

Киото хаттамасына қол қою арқылы біз парникті газдар шығарындыларын азайту бойынша сапалы міндеттерді еркін қабылдауымызды жарияладық.

Қазіргі уақытта парникті газдар шығарындылары 289 млн. тоннаны (1992 жылы – 325 млн. тонна) немесе 1992 жылмен салыстырғанда 89 пайызды құрайды.

Елімізде парникті газдардың негізгі көлемін тастайтын барлық ірі кәсіпорындар есепке алынды. Осы кәсіпорындарға биылғы жылы заңды түрде квота белгіленетін және европалық биржа сияқты квоталық сауда бойынша алаң ашылатын болады.

Киото хаттамасы бойынша міндеттерді орындау үшін халықаралық құралдар да тартылатын болады.

Дүниежүзілік банкі, Еуропа реконструкция және даму банкі және Халықаралық қаржы корпорациясы қызығушылық тудыратын Таза технологиялар қорымен сөйлесулер өткізілді.

2010 жылы наурыз айында Жеңілдік қаржыландыру жобасының инвестициялық жоспарын Қор Қазақстанда жалпы
1 млрд. доллар сомасында қолдады.

Ақтау, Алматы; қарағанды, Павлодар және Петропавловск қалаларында 200 млн. АҚШ долларын құрайтын бірінші бағдарлама іске асуда.

Биылғы жылы:

- квотаны бөлудің Ұлттық жоспарын әзірлеу және қабылдауды;

- Қазақстан Республикасының 2050 жылғы дейін төмен көміртекті дамуына көшу және Қазақстанның климат өзгеруіне бейімделу жоспарын әзірлеуді;

-Климаттың өзгеруінің Негіздемелік Конвенциясын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының үшінші Ұлттық Хатына дайындық жөнінде жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету қажет.

Бесінші. 2011 жылы Министрлік 21,9 млрд. теңге бюджетпен 12 бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі болып табылды, жылдың қорытындысы бойынша 21,5 млрд. теңге игерілді немесе 98 пайызды құрайды.

Өткен жылы қоршаған ортаның ластануы мен инспекциялық қызметтен бюджетке 64,2 млрд. теңге түсті. Осымен қоршаған ортаға эмиссияға төлем Республикалық бюджетте 51 млрд. теңгені; жергілікті бюджетті айыппұл, талап, санкция, жазалау 13,2 млрд. теңгені құрады.

2011 жылы табиғат қорғау іс-шарасын қаржыландыру жоспары 25,1 млрд. теңгені құрады. Нақты игерілгені – 24,7 млрд. теңге.

Жергілікті атқарушы органдарымен жүргізілетін табиғат қорғау іс-шараларының қаржыландыру деңгейі көп жылдар бойы қоршаған ортаның ластануына түсетін жалпы төлемдер
30 пайыздан аспады, бұл әрине жеткіліксіз.

Ең төмен көрсеткіштер Батыс-Қазақстанда – 2,5 %, Атырауда – 4,8 % және Павлодарда – 7,5 %.

Мұндай дәрежені түзету керек. Жергілікті билік органдарымен бірігіп орындау біздің міндетіміз.

Алтыншы. Орнықты дамудың негізгі белсенді көрсеткіштерінің мақсаттық табыс құралдырының маңызы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Қазақстан ЕЭК БҰҰ, ПРООН, ЭСКАТО, ЮНЕП, Әлемдік банк, Жасыл даму ғаламдық Корей институтымен, Германия халықаралық ынтымақтастық ұйымы және т.б мәртебесі биік халықаралық ұйымдармен жемісті ынтымақтасуда.

Қоршаған ортаны қорғау саласында біздің елімізбен
24 конвенция бекітілген және ойдағыдай атқарылуда.

Халықаралық іс-шаралардың басты өткізілетін тізбегін тағы атап айтқым келіп тұр.

Біріншіден, бұл 2010 жылы қыркүйектегі Азия және Тынық мұхит мемлекеттерінің дамуы және қоршаған орта бойынша министрлердің 6 конференциясы.

Осында «Жасыл көпір» Астана бастамашылық құжаттары, 2010 – 2015 жылдарға арналған Аймақтық іс-шаралар жоспары және Министрлік Декларациялары қабылданды.

Екіншіден, былтыр тамыз айында Ақтау қаласында, Каспий теңізінің (Тегеран конвенциясы) теңіз ортасын қорғау бойынша Негіздемелік конвенцияның Тараптар конференциясының Үшінші сессиясы өктізілді.

Нәтижелері бойынша мұнаймен ластануда шақырылатын Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжанның табиғат қорғау ведомстволарының арасында аймақтық дайындығына, әрекет етуіне және жанжал кезіндегі ынтымақтастық Хаттамасына қол қойылды.

Каспий маңындағы мемлекеттердің мұнай төгінділерін төмендету бойынша құжат негізгі келісім көзі болып табылады.

Үшіншіден, Өткен жылы өткізілген «Еуропа үшін қоршаған орта» Министрлерінің VII конференциясына аталған барлық және БҰҰ ЕЭК қоршаған ортаны қорғау саласындағы тұлғалар қатысты.

Конференцияда 2011 – 2020 жылдарға арналған Еуропа, Азия және Тынық мұхит елдерінің Серіктестік бағдарламасы «Жасыл көпір» Астана бастамашылығы қабылданды.

Төртіншіден, 2011 жылы Астана қаласында Орталық Азия елдерінің Орнықты даму бойынша мемлекетаралық комиссиясының (ОДМК) отырысы болды. Онда 2011 – 2012 жылдарға ОДМК төрағалығы Қазақстан Республикасына берілді.

2011 жылғы қараша айында Астана қаласында Орталық Азия елдерінің Орнықты даму бойынша мемлекетаралық комиссиясының (ОДМК) кезекті отырысы өтті.

Екі отырыстың шешімі бойынша орнықты даму мақсатында қоршаған ортаны қорғау ұйымы ретінде ЮНЕП беделін көтеру, сонымен қатар, Рио+20 Орнықты даму бойынша БҰҰ Конференциясы шеңберінде ОДМК сайд-ивентіне дайындық және тағы басқа маңызды шешімдер қабылданды.

Алдымызда тұрған аса маңызды мәселе Рио+20 Орнықты даму бойынша БҰҰ Конференциясы Күн тәртібіне қазақстандық екі ұсынысты – «Жасыл көпір» Астана бастамашылығы мен Жаһандық энерго-экологиялық стратегияны қосу болып отыр.

Аталған ұсынысты Елбасы Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында атап өтті.

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Бізбен «Жасыл көпір» Астана бастамашылығы және Рио +20 конференция шеңберінде Серіктестік бағдарламасының тұсау кесері бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жетінші. Министрліктің Стратегиялық жобаларының 2010 – 2014 жылдарға арналған модернизация және экологиялық мониторинг, гидрометеорологиялық кіріспесіне сәйкесінше
2011 жылы бекеттерге 259, посттарға 291,агрометеорологиялық пункттерді бақылауға 185 мониторинг жүргізілді.

2011 жылы 006 «Гидрометеорологиялық мониторинг кіріспесі» бағдарламасы бойынша 1 метеорологиялық станция және 2 қаршама бағдары ашылып, 7 жаңа гидрологиялық посттары мемлекеттік тапсырма шеңберінде құрылған.

014 «Қазақстан Республикасының Гидрометеорологиялық қызметінің Халықаралық модернизациясы» бюджеттік бағдарламасы бойынша Республикада гидрометеорологиялық оқу орталығында құрылыс аяқталуда.

2012 жылы атмосфера ауасында және судың химиялық құрамындағы ингридиенттердің тізімін арттыру иеленген құралмен анықталады.

Өткен жылы «Казаэросервис» АҚ-ы, метеорологиялық қауіпсіздігіеің 72 мың ұшақтың ұшуын қамтамасыз етті.

Сегізінші. Алғаш рет 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша «Парыз» конкурсында қосымша «Экологияға қосқан үлес»наминациясы өткізілді.

Парыз конкурсының қорытындысы бiрлескен әлеуметтiк жауапкершiлiк идеясының, жаңа экологиялық технологияларға табиғат пайдаланушылардың түбегейлі салымдарының, әлеуметтiк және экологиялық сұрақтардағы

Бизнес-құрылымдардың ашықтығын, мөлдiрлiгін қамтамасыз етуi бойынша халықаралық тәжiрибенiң енгiзілуіндегі мысалдардың таратылғандығын көрсетті.

Тоғызыншы. Өткен жылы біз жеткiншек буынның экологиялық тәрбие мәселесіне ерекше зер салдық.

Қоршаған ортаны қорғау министірлігі білім және ғылым министрлігімен тығыз байланыс жасауда.

16 жоғарғы оқу орнымен өзара түсiнiстік және ынтымақтастық туралы меморандумдармен қол қойылған, және сол меморандумдар шеңберінде экология департаментінде, министрлікте, мекемеге қарасты ұйымдарда 200-ге жуық студенттер оқу-өндiрiстiк тәжiрибенi өтті.

2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне
20 жыл толуына орай «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің дипломына республикалық ізденіс конкурсы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне балалардың көздерiмен қарауға мүмкiндiк бердi.

Конкурс бес жарым мыңнан астам шығармашылық жұмыстар ұсынылған орта мектептердің оқушылары арасында 9 номинацияда бойынша өткізілді.

Конкурс нәтижесі бойынша оқушылардың үздік шығармашылық туындыларының кітап-жинағы әзірленді.

Елбасы және Үкіметпен Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қойылған міндеттерді шешу Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен өмірі үшін қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етуге жетудің басты мақсаты болады деп сенеміз.

Осы бағыттар үшін бар күш-жігерімізді салатын боламыз.

Назарларыңызға рахмет.

Құрметті әріптестер!

Жасалған баяндамалар осы және басқа да міндеттерді жүзеге асыру жөнінде болғандықтан, жаһандық шақыртуларға жауап беру туралы мемлекеттік саясатқа байланысты нақты мерзім, жүзеге асыру мен жауапкершілік туралы сөз қозғауға рұқсат етіңіздер.

Қаржы министрлігінің алдында тұрған міндет - тапсырмалардың жүзеге асырылуын қаржылай қамтамсыз ету болып табылады. Сондықтан Қаржы министрлігі 2012 жылдың 16 ақпанына дейін «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын дайындап, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесіне өткізуі керек.

Нақтырақ айтсақ, дүйсенбі, 6 ақпан күні біз Премьер-Министр алдында алдын ала жобаны қараймыз. Бүгін 18.00-де Қаржы министрлігі және Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесе отырып Бюджтеттік комиссия жұмыс тобының жұмыс кестесін қараймыз. Сіздер барлықтарыңыз жұмыстың мерзімі мен егжей-тегжейін түсінесіздер.

2012 жылға арналған бюджетті нақтылау сияқты, 2013-2014 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасында айтылғандай, шығыстарды оңтайландыру керек және экономиканың өсімі үшін нақты оң нәтижелерін беретін іс-шараларға қаржы қарастыру керек.

Сондықтан, менің ойымша, Қаржы министрлігі Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесе отырып, экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін бюджет шығыстарын қысқарту туралы ұсыныстар енгізу қажет. Бұл алдағы 2 аптада бюджет шығыстарын оңтайландыру бойынша біз қолға алатын негізгі өзекті мәселе.

Екінші тапсырма – бюджет саясатын жетілдіру. Алғаш рет біз мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргіздік, Бюджет Кодексіне бюджет процесіне қатысатын барлық тараптың жауапкершілігін күшейту бойынша нормалар бекітілген өзгертулер енгіздік. Алғаш рет жалғанмемлекеттік сектордың инвестициялық жобаларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға жұмсайтын шығыстарын бақылауды қолға алдық.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының нәтижеге бағытталған мемлекеттік шығындардың тиімділігін күшейту мен бюджет идеологиясын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін мен Қаржы министрлігінің бюджетті топтау бойынша жүргізіп отырған барлық шараларын қолдаймын, және де мен осы жұмыстарды жалғастыра береміз деп ойлаймын. Сондай-ақ жақында бекітілген мемлекеттік органдардың барлық стратегиялық жоспарлары түзетуде талап етеді деп ойлаймын. Экономикалық даму және сауда министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, Мемлекет басшысы алға қойған жаңа міндеттермен байланыстыру арқылы оларды түзету керек.

Елбасы назар аудартқан маңызды мәселе – бұл ішкі факторлардың төмендеуі, және осыған байланысьы қауіпсіз деңгейде мемлекеттік қарыздарды қолдау қажеттілігі болды, бұл мәселені үнемі назарда ұстау керек. Осыған байланысты, менің ойымша, біз жалғанмемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарына мониторинг жүргізіп, жалғанмемлекеттік сектордың сыртқы қарыздар статистикасын қалыптастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар айтуымыз керек.

Бүгін мемлекеттік сатып алулар туралы көп айтылды, біз Қаржы министрлігі осы үрдістің ашықтығын күшейту бойынша дұрыс бағытта үлкен жұмыстар атқарып жатыр деп есептейміз. Осыған байланысты, мен Қаржы министрлігінің сатып алынатын тауар, жұмыс және қызметтер бағасын қалыптастыратын аналитикалық модуль құру туралы ұсынысын қолдаймын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажет:

- ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік органдардың конкурссыз бір ведомствоның қарамағындағы ұйымдардан сатып алу тәжірибесіне сараптама жүргізу;

- ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін мемлекеттік органдардың ведомстволарға қарайтын кәсіпорындардан сатып алу жүргізу кезінде бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде ұсыныстар енгізу; Ондай жағдайлар көрініс тапқан, сондықтан Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары мен ескертулері бар.

-ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін тауар және қызметтердің бағасына бірыңғай ақпараттық жүйесі бар бірыңғай мемлекеттік сатып алу операторын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Осы мәселеде Қаржы министрлігі де көшбасшы болуы керек деп ойлаймын.

Мемлекеттік кәсіпорындарға ерекше тоқталғым келеді. Менің ойымша, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, барлық кәсіпорындарды олардың жұмыстарының Мемлекеттік мүлік туралы жаңа заң талаптарына сай келуін тексеру керек, Мемлекеттік мүлік туралы заңда нарықта бәсекеге қабілеттілікті сақтайтын мемлекеттік кәсіпорындардың қандай түрлер бойынша құрылатыны нақты аталып көрсетілген.

Қаржы министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігі Елбасының ауқымды міндеттеріне байланысты жаңа тұжырымды шешімдер дайындауы керек. ҚР Президенті қанша мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанына мысал келтірді. Және де реформалау бойынша нақты бағыт көрсетіп берді.

2011 жыл Қазақстанның қаржы мониторинг жүйесі үшін өте маңызды оқиғамен толықты, еліміз «Эгмонт» Қаржы барлау тобының мүшесі болғанына өте қуаныштымыз.

Осы салада басталған жүйелі жұмысты міндетті түрде жалғастыру керек.

Өткен жылы Қаржы министрігі сондай-ақ кәсіпорындарды Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырды. Бюджет қаражатының дұрыс игерілмеуіне қатысты ескертулер айтылды. Қаржы министрлігі жалпы бюджет қаражатының игерілуіне жауап беретін болғандықтан, ведомство осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі керек.

Бүгін Салық комитеті мен Кеден комитетінің нақты екі баяндамалары тыңдалды, менің ойымша, Салық және Кедендік әкімшіліктерді күшейту бойынша аталып көрсетілген шаралар бірдей, алайда, сонымен қатар, сын да айтылды. Төленбеген салық өсімі мен жалған кәсіпкерлер санының артуының бақылауға алынбауына қатысты заңнамаға өзгертулер керек болса – қарайтын боламыз.

Қаржы министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігі, сондай-ақ салалық министрліктер бірлесе отырып, салық түсімі мен экономика және оның секторларының даму көрсеткіштері арасындағы сәйкестікті анықтау бойынша терең сараптамалық жұмыс жүргізуі керек.

Осыған байланысты, менің ойымша, жыл соңына дейін салықтық және кедендік әкімшіліктеу тиімділігін арттыру мақсатымен Қаржы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін бір ізге салуды қамтамасыз ету керекпіз.

Қаржы, құқық қорғау, сот органдары, Ұлттық банкпен бірлесе отырып, жалған кәсіпкерлік пен қалтарыстағы экономикаға түсетін кіріс ағынына қарсы күрес саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу керек. Бұл да Елбасының Үкімет кеңесінде айтқан үлкен міндеттерінің бірі, сондықтан, бұл мәселеде де Қаржы және Экономика министрліктерінің ұсыныстары қажет.

Азаматтардың кірісі мен мүлігін жалпы мағлұмдау аясындағы жұмыс қатаң тәртіпте белгіленген жоспар бойынша жүруі керек, және де мен ағымдағы жылдың IV тоқсанына дейін ілкі режімде электронды мағлұмдауды жүргізуді қолдаймын.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылы Қаржы министрлігінің алдында үлкен міндеттер тұр. Бұл міндеттерді жүзеге асыру Елбасы және Премьер-Министрдің тапсырмаларын тиімді және міндетті түрде жүзеге асыруға бағытталуы керек.

Сіздерге бірлескен жұмыста жеміс тілегім келеді!

Құрметті әріптестер!

Бүгін Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысының халыққа жолдау арнау дәстүрі көптеген елдерде, оның ішінде бұрынғы кеңес одағы елдерінде де бар.
Алайда, Қазақстан Президенті Жолдауының үлгісі ерекше. Елбасы Жолдауы АҚШ және басқа да елдер Президенттері сияқты жекелеген мемлекеттік институттарға емес, жалпы халыққа арналады.
Биылғы Жолдау Үкімет пен мемлекеттік органдар алдына жаңаша міндеттер қойды.
2012 жылға арналған нақты мақсаттар мен басымдықтар анықталды.
2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті, ішкі жалпы өнім 11 мың доллардан асты. Қазақстан бірлігі жарасқан, гүлденген елге айналды.

Индустрияландыру бағдарламасының арқасында соңғы 2 жыл ішінде 350 әртүрлі өндіріс орындары ашылды. 200 мың жұмыс орны іске қосылып, халықтың табысы молайды.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі бойынша ғаламдық рейтингте Қазақстан 50-ші орынды иеленді. Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу бойынша рейтингінде еліміз ТМД елдерін артқа тастап, 47-ші орынға шықты.

Ұлттық банктің Ұлттық қор активтерін қосқандағы резерві 80 млрд. долларға жақындады. Дүниежүзілік банктің классификациясына сәйкес, біз табыс деңгейі ортадан жоғары елдердің қатарына қосылдық. Мұндай даму қарқыны әлемдік экономикада ешқашан және еш мемлекетте болмаған.
Британдық мамандардың бағалауынша, Қазақстан, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында экономикасы серпінді дамыған 25 елдің ішінде Қытай мен Катардан кейін үшінші орынды алады.

Соңғы 10 жылда білім беруге арналған шығыс 10 есеге өсті. 2011 жылы мемлекет бюджетінің білімге арналған шығысы 1,0 трлн. теңгеден (ІЖӨ-ден 3,8%) асты. Мұндай сома білім саласына бұрын-соңды бөлінбеген. Осы жылға да 1,2 трлн. теңге бөлінді.

Ғылымды қаржыландыру тұрақты түрде өсуде.
2011 жылы 29 млрд. теңгені құраса, 2012 жылы 42 млрд. теңге болады деп жоспарлануда (46%-ға өседі).

Бұл - Елбасының білім мен ғылымды дамыту саласы бойынша қойған міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.

Осыған байланысты Елбасы Қазақстан мынадай он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажет деп атап өтті.
Бірінші. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту. Бұл оқытудың тиімді жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмектесу. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыру басымдықтары.

Екінші. Қолжетімді баспана. Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Ең алдымен, жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселені шешу маңызды. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет.

Үшінші. Өңірлерді дамыту. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылуы тиіс. Әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет.
Бесінші. Кадрлар әлеуетін жақсарту. XXI ғасырда Қазақстанды лайықты алып шығатын жаңа басқарушы таңдаулы топтың негізін құрайтын білікті басқарушылардың саяси класын әзірлеу - маңызды міндет. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне президенттік кадрлар корпусына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту. Сот корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қарастыру қажет. Ағымдағы жылы жаңа Қылмыстық-процессуальдық кодексті, жекеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтау қажет. Құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту – маңызды мәселе.
Жетінші. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім және денсаулық сақтау. Білім жүйесін жаңғырту барысында мынадай маңызды шаралар атқару қажет.

Біріншіден, Оқыту процесіне қазіргі заманғы әдістеме мен технологияны енгізу.
Қазіргі кезде халықаралық стандарттардың негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептері табысты жұмыс істеуде.
Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің желісі дамуда.
Олардың тәжірибесін барлық білім беру жүйесіне тарату қажет.

Екіншіден, педагогикалық құрамның сапасын арттыру қажет. Базалық педагогикалық білімнің стандартын, педагогтердің біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту керек.
Әрбір аймақта біліктілікті арттырудың біріккен орталығы жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру қажет.
Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметін көрсетіп және олардың сапасына бағалау жасамауы тиіс.

Медициналық институтты бітірген соң бітіруші бірден дәрігер болмайды. Политехникалық оқу орнын аяқтаған түлек дайын инженер емес. Олар өздерінің маман екенін дәлелдеуі керек. Бұл – әлемдегі тәртіп.
Үкіметке осы жылы пилоттық режимде 1-2 салада салалық қауымдастық базасында бірқатар тәуелсіз Біліктілікті растау орталығын құруға тапсырма берілді.

Төртіншіден, мемлекеттік-жеке әріптестік механизмдері арқылы жастардың білімге қолжеткізу аясын кеңейту қажет.

Тағы бір маңызды мәселе – жұмыс жасайтын жастар үшін жұмыстан қол үзбей, арнайы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда көптеген адамдар ауылдан қалаға көшуде. Оларға жұмысқа орналасу қиынға соғады. Әрбір жас азамат жұмыстан қол үзбей кәсіп пен білім алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Министрлік осы мәселені пысықтауы қажет.

Бесіншіден, білім - тек білім беріп қана қоймай, алған білімін әлеуметтік бейімделу процесінде де пайдалануға икемделуі керек.
Үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде алдағы бес жылға арналған Ұлттық жоспар қабылдау тапсырылды.
Алтыншыдан, оқыту процесінде тәрбие жұмысын күшейту қажет.
Патриотизм, мораль мен адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім және толеранттық рухани даму, заңға бағыну.

Бұл құндылықтар меншік нысанына қарамастан барлық оқу орындарына ортақ.
Осы құндылықтардың бірі және еліміздің басты басымдығы көп ұлттылық және көп тілділік болып табылады. Мемлекеттік тіл Конституцияға сәйкес қазақ тілі болып табылады. Онымен тең құқықта мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі қолданылады.
Бұл – Конституциялық норма, оны ешкім де бұза алмайды.
Қазақ тілін жоспарлы түрде дамыту орыс тілінің қолданысына нұқсан келтірмейді.

Үкіметке барлық білім беретін мекемелерде осы құндылықтармен жастарды қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірлеу тапсырылды.
Бізде, тіпті, мұндай оқулықтар, осы мәселелер бойынша жастармен жұмыс істейтін оқытушылар жоқтың қасы.

Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуі қажет.

Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар. Индустриялық-инновациялық даму аясындағы жобалардың әлеуметтік мәні абсолютті. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері, Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды тереңнен өңдеу кешені, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуші зауыт, елорданы қосқанда, елдің орталық өңірлерін газдандыруды қамтамасыз ететін құбыр желісі жүйесі және өзге де индустрияландыру және инфрақұрылымдарды дамытудың бірқатар жаңа жобалары анықталды.

Үкіметке қазақстандық инновациялық жүйені нығайту тапсырылды.
Инновациялық гранттарды бөлу арқылы перспективті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған бюджеттік шығыстарды көбейту өте маңызды.
Жаңа «Ғылым туралы» Заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдаудың негізін қалайды.

Отандық ғалымдарды қолдау қажет.
Назарбаев Университетінің негізінде трансфертке және жаңа технологияларды жасауға ықпал ететін инновациялық-интеллектуалды кластер пайда болады.

Астана қаласында жоғары технологиялық кәсіпорынды құра отырып, біз бұл тәжірибені басқа да қазақстандық ғылыми-білім беру орталықтарына тарататын боламыз. Заңнамалық негіз бар. Бұл – Елбасының тапсырмасы бойынша қабылданған «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң. Оның негізінде мемлекет, бизнес пен ғылымның өзара байланысының инновациялық әлеуетін жетілдіру қажет.
Үкіметке мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысанын енгізуді қарастыратын заң жобасын әзірлеу тапсырылды.

Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту. Делдалсыз бөлшек сауданы мемлекеттік қолдаудың тетіктері енгізілетін болады. Бірыңғай астық холдингі құрылды, аграрлық өндірісте жеке инвестицияның тәуекелін төмендету үшін мемлекеттік кепілдендіру жүйесі мен сақтандыру займдары құрылды.
Елбасы Үкімет қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажеттігін атап өтті. Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициясын диверсификациялау болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.

«Бүгінде күллі әлем және әрбір мемлекет қуатты жаһандық және ішкі қатерлерге жауап табулары маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндетті орындай отырып, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз, - деді Президент.

Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіптік одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттарының қызметіндегі ортақ мәселе. Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен істер күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндетте жетістікке жету ісіне барынша белсене қатысуға шақырамын! – деді Елбасы.

Құрметті әріптестер!

Бүгінде еліміз ұзақ жылдарға арналған стратегиясы арқылы өз дамуының жаңа кезеңіне шықты.
Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған даму міндеттерін нақты түсіну көпұлтты Қазақстан халқын біріктіреді.

Ең бастысы – біздің өзінің қайталанбас талантымен барлығымызды бір тудың астына біріктіріп, Қазақстанды әлемдік деңгейге шығарған Елбасымыз бар.
Біз Елбасы қойған барлық міндеттерді табысты іске асыру үшін күш біріктіреміз деп сенемін.

Құрметті әріптестер!

Біз бүгін арнайы себептерге байланысты кездесіп отырмыз. Елбасы осы облыста болған сапарында: «Жаңаөзендегі оқиға – еліміздегі барлық азаматтардың ортақ қайғысы. Барша қазақстандық тәртіпсіздікті ұйымдастырушылардың іс-әрекетін бірауыздан айыптады» деп атап өтті. Елбасы жағдайға толық талдау жасап, алдағы жұмыстың негізгі бағытын көрсетіп берді. Алдымен, Жаңаөзенді және жалпы аймақты дамытуға барынша назар аудару керек.

Осыған байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев барлық мемлекеттік органдарға бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды. Міне, осы жұмыс шеңберінде біз бүгінгі кездесуді өткізіп отырмыз. Осы тұрғыда білім саласының әлеуметтік маңызы зор екені белгілі. Жұмысымыздың нәтижелі болуы, ең алдымен сіздерге байланысты, құрметті педагогтер. Өткен ғасырда әлемге әйгілі бір саясаткер: «Мектеп мұғалімдері премьер-министрлер тек армандай алатын билікке ие»,- деген екен.

Осы билікті дұрыс пайдалану үшін, біз қандай жетістіктерге қол жеткіздік, қандай проблемалар бар және білім саласында биыл қандай өзгерістер болады деген мәселелерді анық білуіміз қажет.

Осы сұрақтардың бәрі 2020 жылға дейінгі жаңа білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында өз жауабын тапқан. Бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылының қорытындысы Министрліктің кеңейтілген алқа отырысында талқыланатын болады. Облыстағы барлық педагогтардан алқа отырысы шешімімен мұқият танысуды сұраймын. Енді жұмысымыздың негізгі бағыттарына, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша жұмыстарға қысқаша тоқталып өтейін.

Бірінші – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту. Осы салада Елбасының бастамасымен әзірленген «Балапан» бағдарламасы жұмыс істейтінін жақсы білесіздер. Бағдарлама табысты орындалуда. Соңғы 2 жылда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 65%-ға, кей аймақтарда 90%-ға дейін артты. Алайда, Маңғыстау облысында қамту – 60,7%, бұл республикалық деңгейден төмен.

Жаңаөзенде одан да төмен – 50%-дан кем. Кезекке тұру мәселесі өзекті болып отыр: облыс бойынша 20 мыңнан астам орын қажет. Бұл пролеманы жедел шешу керек.

2012 жылдағы міндеттердің бірі – республикалық бюджет есебінен Жаңаөзенде 2 балабақшаны іске қосу. Жергілікті бюджет есебінен облыста тағы 4 балабақша ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік - жекеменшік әріптестікті күшейту қажет деп есептеймін.

Бүгін облыста 31 мектепке дейінгі жекеменшік ұйым жұмыс істейді. Бұл жалпы балабақшалар санының 19 %-ын құрайды. Кейбір аймақтарда (ШҚО, БҚО, Павлодар, СҚО) бірде бір жекеменшік балабақша жоқ екенін ескерсек, бұл – жақсы көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде біз балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтуға тиіспіз. 12 жылдық орта білімге жағдай жасау үшін Министрлік 2012 жылы мектепке дейінгі ұйымдар бітірушілерінің жаңа моделін жасайтын болады. Бұл – баланың танымдық белсенділігін, шығармашылық ойлауын қамтамасыз етуге жасалатын маңызды қадам. Осы жылы орта білім жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі – жаңа мектептер салу . Елбасының бастамасы бойынша Қазақстанда көлемі жағынан бұрын-соңды болмаған 522 мектеп салу бағдарламасы қабылданды. Әлемдік практикада бұл бағдарлама бірегей болып табылады. 2012 жылы облыста 9 мектеп салынбақ (7-уі республикалық бюджеттен, 2-уі жергілікті бюджеттен).

Е-learning электрондық оқыту бағдарламасы енгізілді.

2011 жылы 44 білім беру ұйымында пилоттық жоба іске қосылды. 2012 жылы мұндай ұйымдардың санын 537-ге жеткізу керек. Олар жылдамдығы жоғары 4-10 Мбит/с-ға) Интернет желісіне қосылатын болады. Осылайша, мұғалімдер мен оқушылар үздік білім беру ресурсына қол жеткізеді.

Орта білімнің материалдық-техникалық базасын жетілдіру жұмыстары жалғасады.

Облыстарыңызда мектепті компьютермен және интерактивті кабинеттермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмеген. 28 оқушыға 1 компьютерден келу көрсеткіші республикалық деңгейден төмен (16:1)

Электрондық оқыту жобасына облыстың 12 мектебі мен 2 колледжі қосылады. Бұл – осы проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Жаңаөзендегі сапарымда Министрлік аппаратына қаражат тауып, 200 компьютер қоюға тапсырма бердім. Әрине, жергілікті билік, ірі компаниялар тарапынан да маңызды қолдау көрсетілуі тиіс.

Шағын жинақты мектептер – білім беру саласындағы маңызды проблеманың бірі.

Бұл мәселені елімізде 26 тірек мектебін құру арқылы жаңаша шешетін боламыз. Аталған жүйенің жұмысын үйлестіру үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жанынан Республикалық дамыту орталығы, 12 аймақта шағын жинақты мектепті дамыту орталықтары және Ақтөбе облысында зертхана құрылады. Осылайша, осы аймақтағы 19 шағын жинақы мектептің проблемасы шешілетін болады.

Маңызды жүйелі мәселе – Назарбаев Зияткерлік мектептерін құру.

Қазір осындай 6 мектеп жұмыс істейді. 2015 жылдың аяғына дейін тағы да 15 мектеп салу жоспарланып отыр. 12 мектептің құрылысы басталды. Маңғыстау облысында осындай 2 мектепті салу жоспарлануда. Бұл мәселеге біз ерекше назар аударамыз. Өйткені бұл мектептер орта оқу орындарының барлық жүйесін дамытудың негізгі күшіне айналуы қажет. Өткен жылы Елбасының тапсырмасы бойынша білім сапасын бағалаудың бірыңғай вертикалі құрылды. Ол білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды. Биылғы жылдың міндеті – нақты жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Аумақтық департаменттер Министрліктің жергілікті атқарушы органдарымен, білім беру ұйымдарымен байланыс жасау звеносына айналуы тиіс. Бұл істе Сіздер қолдау көрсетеді деп сенім артамыз.

Осы жылғы білім беру жүйесіндегі кейбір жаңа бастамаларға тоқталып өтейін.

Біріншіден, 11 жылдық үшін жаңа білм стандарты енгізілуде. Бұл өте орынды, себебі 12 жылдық оқытуға толықтай көшуге кемінде 8 жылдай уақыт керек. Сондықтан көшу кезеңінде орта білім беруде сапалы стандарт қажет.

Екіншіден, 2012 жылы Маңғыстау облысын қоса алғанда, 5 облыста жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіледі.  (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстары)

Үшіншіден, 2012 жылдан бастап Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесін іске қосу жұмыстарын бастаймыз. Бұл өте күрделі жұмыс. Екінші деңгейлі банктерді тартуды, жергілікті жерлерде білім беруді ұйымдастыруды, халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізудің тағы бір механизмін меңгереміз.

Құрметті әріптестер!

Жаңа Мемлекеттік бағдарламада мұғалімнің мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлінген.

Категорияларға байланысты үстемеақы төлене бастады. Бұл жұмыс жалғасады. Өткен жылы Министрлік педагогтердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделін жасап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынды. Болашақтың міндеті – бұл модельді алға қарай жылжыту. Педагогтердің өз біліктілігіне лайықты жалақы алуы.

Біз педагогтердің біліктілігін арттыруға ерекше назар аударатын боламыз.

Облыста 7 890 педагогтің 10,7%-ы ғана жоғары санатты (республика бойынша 15,2%). Сондықтан, біліктілікті арттыру қайта даярлаудың жаңа жүйесі бойынша жүргізіледі.

Оны Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы жүзеге асырады. Облыстың білім басқармасы аталған мәселені толықтай пысықтауы қажет. Бұған жауапкершілікпен қарау қажет. Өйткені, бұл қайта даярлау моделі арқылы жалақыға қосымша ақы төленеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде басқарудың жаңа жүйесі – Ұлттық кеңес, 16 аймақтық, 14 салалық кеңестер, «Кәсіпқор» холдингі құрылды.

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы іске қосылды.

Алдағы міндет – осы Кеңестердің, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Олар кадр қажеттілігін анықтауға, біліктілік талаптарын әзірлеуге, білім стандарттарын жаңартуға ықпал етуі қажет. Осы облыстағы Өңірлік кеңес кадрлар даярлау құрылымын еңбек рыногының нақты сұранысына сәйкестендіруі тиіс. Сіздерде жастарды қамту - 27,8%. Республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Алайда, оларды жұмысқа орналастыру - 68%. (республика бойынша 75%). Бұл – өте күрделі мәселе. (Облыста 27 техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым бар, оларда 27841 адам оқиды). Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселесін шешу қажет.

Жоғары білім беру жүйесінде жоғары оқу орындары жаңаша жіктеліп, халықаралық және ұлттық аккредиттеуден өтеді.

Қазіргі уақытта 147 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Олар Елбасының тапсырмасы бойынша осы жылдан бастап жаңа талаптарға сәйкес оңтайланады.

Сырттай білім беру жүйесінде де проблема бар.

Талдау көрсеткендей, күндізгі оқитындарға қарағанда сырттай бітірушілердің саны артуда. Бұл еңбек нарығының құрылымына сәйкес келмейтін жоғары білімді мамандарды көптеп даярлауға әкеп соғады. Бұл құрылымдық жұмыссыздыққа алып келетін тікелей қауіп, сондай-ақ сырттай даярлаудың сапасы төмен. Бұл проблема жүйелі түрде шешіліп, сырттай оқыту барынша қысқаратын болады. Жыл сайын жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі артуда. 2011 жылы ол 36046 грантты құрады. (2010 ж. – 35 425) Облыс бойынша 945 бітіруші білім беру грантын иеленді (барлық бітіруші саны – 4 649) Осы жылы алғаш рет «Студенттік баспана» бағдарламасы іске аса бастайды. Мұқтаж студенттердің 80%-ы жатақханамен қамтылады.

Ғылым саласында да үлкен өзгерістер бар. Алайда, зерттеу мазмұны мен бағыты саласындағы мәселелер толық шешімін тапқан жоқ. Мысалы, осы облыста ғылымға қатысты бірнеше мәселе бар. Олар – Ақтау портына, ауылшаруашылық өнімдеріне, экологияға, еңбек ресурстарына, мұнай өндіру мен тасымалдауға байланысты мәселелер. Бізде жақсы ғалымдар мен мамандар жеткілікті. Бірақ, осы бағыттар бойынша зерттеулер көп емес. Сондықтан, Ғылым комитетіне осы мәселені пысықтап, Маңғыстау облысына бағытталған ғылыми зерттеулер мен инновациялық әзірлемелердің мақсатты бағдарламасын дайындауды тапсырамын.

Ең басты аспект – барлық білім беру деңгейінде жастармен тәрбие жұмысын жүргізу. Әсіресе, соңғы оқиғаларға қатысты. Бұл жерде көп нәрсе сіздерге байланысты, құрметті педагогтер. Министрлік өткен жылы мемлекеттік жастар саясаты бойынша заң жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісіне енгізді. 19 ресурстық орталық құрылды. (16 аймақтық және 3 республикалық)

2012 жылғы міндеттерге тоқталып өтейін:

Біріншіден, тәрбие және патриоттық жұмыстарды заңға сәйкес күшейту. Бұл орайда басты жауапкершілік бірінші басшыға жүктеледі.

Екіншіден, жастарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде елді әлеуметтік-экономикалық дамытуға тарту.

Үшіншіден, жастармен жұмыс жүргізуге жұмыс берушілерді, үкіметтік емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшыларды тарту.

Құрметті әріптестер!

Барлық міндетті орындау үшін заңнамалық база бар. Қаржыландыру жүріп жатыр. Жаңа «Ғылым туралы» Заң қабылданды. «Білім туралы» Заңға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім бағдарламасы қабылданды. 80-нен астам нормативтік құқықтық акт бекітілді, 48-і әзірленуде.

Біздің мүмкіндігіміз зор, тәжірибе, талант пен білім жеткілікті.

Құрметті қауым!

Келген Жаңа жыл баршаңызға табыс пен бақыт әкелсін. Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Архив

Мамыр
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту