Құрметті Мұхтар Абрарұлы!
Құрметті Олимпиадаға қатысушылар!
Қонақтар мен қазылар алқасының мүшелері!

Астана қаласына қош келдіңіздер!
Баршаңызды Химиядан 46-шы халықаралық Менделеев олимпиадасының ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Қымбатты оқушылар!
Олимпиадаға барлық елдерден өте талантты, дарынды оқушылар жиналып отыр.
Бүгінгі сынақ – әрқайсыңыз үшін келешекке деген шешуші қадам.
21 ғасырдың әлемін, білім мен инновацияның жаңа экономикасын дамыту – сіздердің қолдарыңызда.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев дарынды, талантты балаларға, интеллектуалды ұрпақты қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.

Нұрсұлтан Әбішұлы жастарға арнайтын сөзінде: «Бүгін сендердің басты міндеттерің – жақсы оқу. Жас ұрпақ білімді болып өссе, еліміздің ертеңі де сондай нұрлы болмақ», - деп үнемі айтып отырады.
20 ғасырдың 2-ші жартысында және қазіргі кезде табысқа қол жеткізген елдердің бәрі «Білім – Ғылым - Инновация» жолын ұстанған.

Елімізде дарынды жастарды қолдау үшін барлық жағдайлар жасалған.
Біздің жастар Президенттің «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемнің үздік оқу орындарында білім алады.
Бұл бағдарламаны әлем мойындап отыр.
Жас таланттарға қолдау көрсету үшін «Дарын» орталығы, дарынды балаларға арналған 115 мектеп құрылды.
Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті ашылды. Оларда оқыту шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі.

Еліміз білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға күш салады. Өркендеу және гүлдену жолында әлемдегі барша жастардың басын біріктіруге ұмтылады.
Биылғы Халықаралық Менделеев олимпиадасын «Назарбаев Университеті» базасында өткізудің өзі көп нәрсені аңғартады.
Бұл – Елбасының үлкен қолдауының айқын көрінісі.

Қымбатты достар!
Оқуларыңды табысты аяқтаған соң, интеллектуалды элитаға қадам басатындарыңызға сенімім зор.
Бұл жолдағы ең шешуші кезең – бүгінгі Менделеев олимпиадасына қатысуларыңыз және осы олимпиадада қол жеткізген табыстарыңыз.
Олимпиада білімнің биік шыңдарын бағындыруға, жарқын табыстарға қол жеткізуге дайын талантты, мақсатшыл балаларды біріктіреді.
Жалпы адамзатқа және өз еліне пайдасы тиетін адам ғана өмірде шын табысқа жете алады.

Құрметті қонақтар мен әріптестер!
Бүгінгі олимпиаданы ұйымдастыруға атсалысқан баршаңызға алғыс білдіремін.
Әсіресе, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне алғысым шексіз. Университет бүгінгі іс-шараның өтуіне бастама жасап, жас таланттарды іздеуге, химиялық білім мен ғылымды дамытуға зор үлес қосып келеді.


Қымбатты оқушылар!
Сіздер – жаңа әлемде жаңа ғылымды жасайтын ұрпақсыздар!
Сіздерді жауапты сынақтар, қызықты экскурсиялар, кездесулер, жаңа достармен танысулар күтіп тұр.
Біздің әсем де жас Астанамызда өткізген күндеріңіз ұмытылмастай әсер қалдырады деп ойлаймын.
Бүгінгі олимпиадада табыс тілеймін!
Талас тартысты өтіп, шын жүйрік жеңіске жетеді деп сенемін.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде өткен Үкімет мәжілісінде мемлекеттік-жеке серіктестікті (МЖС) дамытудың тұжырымдамалық тәсілдемесі туралы тақырыпта Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі Б. Сағынтаев баяндама жасады.
Қазақстандағы мемлекеттік-жеке серіктестік институты (МЖС) мемлекет пен бизнес қарым қатынасының үлгісі ретінде 2006 жылы "Концессиялар туралы" Заң қабылданып, қажетті нормативті - құқықтық база дайындалған жылы дами бастады.
Қазіргі кезде 6 концессия жүзеге асырылуда, атап айтсақ, концессияның 3 объектісі пайдалануға берілген, 3-еуі дайындық үстінде.
Дегенмен, Б.Сағынтаевтың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстандағы МЖС дамуы бірнеше себептер бойынша тежелуде.
Біріншісі. МЖС жобаларының дайындығы мен жүзеге асырылуы 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысымен тұспа тұс келді. Бұл Қазақстандағы МЖС дамуының жоспарын өзгертті, атап айтсақ, ең алдымен автожол саласына әсер етті.
Екіншісі. Қолданыстағы заңнама әлемдік тәжірибеде пайдаланылатын МЖС келісімшарттарының түрлерін қолдануға мүмкіндік бермейді, МЖС қолдану саласы әлеуметтік сферада және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында шектелген, жобаларды дайындау мен жүзеге асыру процедурасы қиындатылған.
"Бұл экономиканың әлеуметтік-маңызды секторына шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға нұқсан келтіреді" - деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Осыған сәйкес келесі бағыттар бойынша шараларды жүзеге асыру ұсынылады:
1. МЖС жобаларын жүзеге асырудың қаржылық механизмдерін кеңейту.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша несие берушілер құқығын қорғау және тікелей инвестицияларды тартуға қатысты стимулды құру үшін осы жылы жобалық қаржыландыру мәселері жөнінде заң қабылданды.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес әлеуметтік-маңызды, бірақ өтелінбейтін жобаларға МЖС жобаларын жүзеге асырудың жаңа механизмі - "Көрсетілетін қызмет түрінің қол жетімділігі үшін төлемді" енгізу ұсынылады.
Аталған механизмге сәйкес, концессионер объектіні тұрғызу және пайдалануды қамтамасыз етеді, дегенмен тұтынушылардан төлем алу құқығын мемлекет өзіне қалдырады.
Аталған механизмді қолдану саласына аурухана, емхана, балабақша, мектептер, автожолдарды салу мен пайдалану жөніндегі өтелінбейтін жобалар жатады.
Инвесторлар үшін табиғи монополия сферасындағы жобалар үлкен қызығушылық тудыруда. Осыған сәйкес, ұзақ мерзімге концессионерлер үшін тариф жасақтау қызметіне қатысты мәселе қарастырылуда.

2. МЖС келісімшартының жаңа түрлерін ендіру.
Жеке меншіктегі объектілерді қолдану, бірлескен қызмет, басқару мен жалға берудегі МЖС келісімшартының қатарын кеңейту ұсынылады.
Жеке меншіктегі объектілер бойынша концессия объектілерін пайдалануға қатысты ұзақ мерзімді арендалық төлемдер төленеді.
Басқаруға қатысты келісімшарттарды жүзеге асыру үшін жаңа қаржы механизмі – «концессия объектісін басқару сыйақысын» ендіру қарастырылуда.
Аталған механизм мемлекеттік меншіктің объектілерін алдағы уақытта басқару және жетілдіру кезінде пайдаланылмақ.
Сонымен қатар, жобалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, халықаралық тәжірибеде қолданылатын (BOT, BOO, DBFO және т.б.) * келісімшарттың кез келген түрін қиыстыру мүмкіндігін құру ұсынылуда.

3. МЖС қолдану аясын кеңейту.
Концессияға берілетін келесі объектілердің шектеулерін алып тастау ұсынылады: қан тапсыру қызметі, ВИЧ/СПИД алдын алу, апат медицинасы саласындағы ұйымдарды қоспағандағы медициналық объектілер; жалпы орта білім беру ұйымдары; халықты әлеуметтік қорғау; суды дайындау және сумен қамсыздандыру.

4. МЖС жобаларын дайындау және жүзеге асыру процедураларын жеңілдету.
Екі сатылы конкурсты қолдану компаниясы тәжірибесіне негізделген алдын ала біліктілік принципі бойынша концессионерлерді іріктеу механизмін енгізу ұсынылуда. Яғни, бірінші сатыда үздік техникалық шешімдер таңдалады, екіншісінде үздік баға ұсынымы.
Аса қиын емес жобалар үшін қалыпты жобалар мен жеңілдетілген процедураларды қолдануға негізделген тәсілдер қарастырылады (балабақша, емхана, жатақхана).

5. МЖС жобаларын жүзеге асыруды институционалдық қолдау
Көлемі мен капиталмөлшеріне сәйкес МЖС жобаларын жүзеге асыруды қолдаудың 2 деңгейлі жүйесін енгізу қарастырылуда.
МЖС ірі және кең капиталды инфрақұрылымдық жобаларын жетілдіру үшін халықаралық қаржы ұйымдарын тарту ұсынылады.
Аймақтық МЖС жобаларын жүзеге асыру үшін отандық инвесторлар мүмкіндігін кеңінен пайдалану ұсынылады.
Сәйкес салалар үшін стандартталған концессиялық модельдер, қалыпты келісімшарттар мен қаржы-экономикалық модельдер, сонымен қатар, әлеуетті инвесторлар мен мемлекеттік органдар үшін «жол карталары» дайындалатын болады.
МЖС аймақтық жобаларын дайындау және жетілдіру мақсатында бірнеше шешім түрлерін қарастыру ұсынылады:
- Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарының негізге ала отырып, жеке аймақтық МЖС орталықтарын құру;
- Көрсетілген қызмет түрлерін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жүктеу.
Бұған қоса, мемлекеттік органдар мен жоғарыда аталған құрылымдарға методологиялық қолдауды Қазақстандық МЖС орталығы көрсетеді.
Нәтижесінде, отандық инвесторлар үшін МЖС жобаларына қатысу ұзақмерзімді бизнесті қамтамасыз ете отырып, жылсайынғы мемлекетік сатып алу қызметінің баламасы, ал мемлекет үшін қызмет секторын дамыту болмақ.
Жалпы, МЖС дамыту бюджетке қатысты ауыртпашылықты азайтуы, қоғамдық қызметті көрсету үшін жеке секторды тартуды қамтамасыз етуі тиіс.

Құрметті депутаттар!
Ханымдар менмырзалар!

Осыданекі күн бұрын Мемлекет Басшысының қатысуымен Сыртқы істер министрлігініңкеңейтілген Алқа отырысы болып өтті. Онда Елбасы сыртқы саясаттың маңыздыбағыттары мен басымдықтарын айқындап берді және Министрлікке алдағы кезеңгеарналған нақты тапсырмалар берді.
МемлекетБасшысы атап көрсеткендей, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халықаралықаренада елеулі сыртқы саяси табыстарға қол жеткізді, әлемдік қоғамдастықтыңбеделді де жауапты мүшесіне айналды.Бүгінде біздің еліміз қауіпсіздіктің өзекті өңірлік және жаһандық проблемаларыншешуге тең дәрежеде қатысып, бұл іске өзінің лайықты үлесін қосып келеді.Қазақстан көптеген таяу және қиыр шет елдермен достық қарым-қатынастар орнатып,өзара тиімді ынтымақтастықты дамыта түсуде. Соңғы жылдары біздің еліміздіңЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалыққоғамдастыққа, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына,Ұжымдық қауіпсіздік Шарт ұйымына және Түркі Кеңесіне төрағалық етуімемлекетіміздің биік халықаралық беделінің айқын айғағыболды.
Президентіміздіңбейбітшілік сүйгіш және сындарлы сыртқы саясатының арқасында мемлекетіміздіңәлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасалды. 20 жылішінде Қазақстан экономикасына 160миллиард доллардан астам шетелдік инвестициялар тартылды. Әлемнің жетекшікомпаниялары еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысуда.Бүгінгі таңда Қазақстан экономикалық өсу көрсеткіштері бойынша ТәуелсізМемлекеттер Достастығында ғана емес, сонымен бірге әлемнің көптеген елдеріарасындағы жетекші мемлекеттердің бірі болып табылады.
Қазақстанныңмемлекеттік шекарасының заңды тұрғыда ресімделуі сыртқы саясаттың аса маңыздыжетістігі болды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу мәселелерінеайрықша назар аударылуда.Теңіз айдынын шектеу және қорғау жөніндетұжырымдамалық уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Қазақстандипломатиясының Мемлекет Басшысы алға қойған стратегиялықмақсаттарға қол жеткізуі халықаралықаренада біздің ұлттық мүдделерімізді одан әрі ілгерілету үшін байсалды негізболып табылады. Осыған орай, Қазақстанның сыртқы саясаты бұрынғы кездегідей,елдің ішкі қажеттіліктері мен азаматтарымыздың үміт-мақсаттарына бағытталатынболады.
Әлембастан кешірген жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарысқа орай Елбасымыз бізге«экономикалық дипломатияны»күшейтугетапсырмаберді. Мұның мақсаты - елді одан әрі жаңғыртуға,Қазақстанның үдемеліиндустриялық - инновациялық даму бағдарламасыніске асыруғажәрдемдесу.
Министрлікжәне шет елдердегі мекемелеріміз шетелдік инвестициялар мен жоғары технологиялартарту жұмысын жандандыруға, елде басымдықты жобаларды іске асыруға жәрдемдесугенақты бағыт ұстап отыр. Елдің экспорттық әлеуетін арттыру, Қазақстандықбизнестің мүдделерін ілгерілету, біздің тауарларымыздың сыртқы рыноктарға қолжеткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау Министрлік қызметінің маңызды міндетіболып қала береді.
Әлемдеболып жатқан геосаяси өзгерістер біздің еліміз үшін де жаңа сынақтарды алғақояды. Бұл өзгерістер Сыртқы істерминистрлігі қызметін ұдайы жетілдіруді, болашаққа көзделген міндеттергетүзетулер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты, Министрлік өзінің алдағыуақыттағы қызметінде Мемлекет Басшысы бекіткенСыртқысаясаттың жаңа тұжырымдамасы мен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздікстратегиясынмүлтіксіз басшылыққа алатын болады.
Тұтастайалғанда, Алқа қорытындысы бойынша Елбасымыз белгілеп берген стратегиялықміндеттерді біз нақты іс-қимыл ретінде қабылдадық, ал айтылған ескертулердікүнделікті жұмысымызда толық ескеретін боламыз.

Құрметтідепутаттар,

Бізхалықаралық ұйымдар шеңберіндегі, бірінші кезекте БҰҰ-дағы белсенді қызметіміздіойдағыдай жалғастырудамыз. Еліміздің экономикалық өсуі бүгінде Қазақстандыортадан жоғары даму деңгейіндегі мемлекеттер қатарына шығарды. Жан басынашаққандағы ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) деңгейі бойынша біз Шығыс Еуропа елдерікөрсеткішіне біртіндеп көтеріліп келеміз. Тиісінше еліміздің мәртебесі реципиенттен халықаралық көмек донорына қарай өзгеруде. Осығанорай, біз Алматы қаласын көп тарапты дипломатияның субөңірлік хаб орталығынаайналдыру міндетін алға қойып отырмыз. Сондай-ақ, 2017-2018 жылдары БҰҰҚауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып, ал 2013-2015 жылдары БҰҰ-ныңАдам құқықтары кеңесіне сайлану мақсатын алға қойып отырмыз. Бұл мақсаттарға қолжеткізу үшін Министрліктің Үкіметпен және мемлекеттік органдармен бірлесіпбелсенді жұмыс істеуі талап етіледі. Бұрынғы жылдардағы сияқты, Министрлікалдағы уақытта да сан алуан әлемдік мәселелер мен проблемалар бойынша айқын датүсінікті ұстаным қалыптастыратын болады.
ТаяудаСеулде өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте біздің Мемлекетіміздің Басшысыядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті нығайтусаласында бірқатар жаңа ұсыныстар жасады. Бұларды кездесуге қатысушыларбірауыздан қолдады.
Қазақстанныңядролық қаруды таратпау саласындағы әлемге танылған лидерлік рөлі МемлекетБасшысының прогресшіл бастамаларын ілгерілету орайында Министрлікке айрықшажауапкершілік жүктейді.
Біздіңәлем мәдениетін дамыту жөніндегі күш-жігеріміз ЮНЕСКО тарапынан қолдау тапты,онда Қазақстанның ұсынысы бойынша 2013 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі аралықМәдениеттер жақындасуының халықаралық он жылдығы депжарияланды.
Исламынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуіміз ҚазақстанныңМұсылман әлемі мен Батыс арасындағы диалогты кеңейту туралытағы бір бастамасын іске асыруға мүмкіндік берді. Біз жинақталғантәжірибемізді алдағы уақытта Астана қаласында өтетінӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері 4-інші съезініңшеңберіндееліміздің «жаңғырту» үлесін арттыру үшін өркениеттер диалогын дамытуғапайдалануды жоспарлап отырмыз.
Бізжасыл технологиялар трансфертіне және трансшекаралық ынтымақтастыққа бағытталғанАстаналық «Жасыл көпір» бастамасын іске асыру мәселелерін, қазіргі заманғыэнергетикалық проблемаларды шешу мақсатындағы ЖаҺандық энергиялық-экологиялықстратегияны ілгерілетуді үстіміздегі жылғы маусым айында Бразилияда өтетін«Рио+20» Дүниежүзілік конференциясының талқылауынаенгіземіз.
Алдағыуақытта өткізілетінАстана экономикалық форумыайрықша маңызғаие. Онда Президенттің әлемдік дағдарыстан шығу жөніндегі «G Global» идеясыталқыланатын болады.
МемлекетБасшысының тапсырмасына сәйкес, біз басқа да мемлекеттік органдармен бірлесеотырып,Астанада ЭКСПО - 2017өткізу жөніндегі өтініштіілгерілетуге қатысты белсенді жұмыстар жүргізетінболамыз.
Құрметті депутаттар,

Бүгінгі таңда экономикалық және саяси дамудың әлемдік орталығы біртіндеп Азияға қарай ауысуда және Азия өңіріндегі елдермен экономикалық ықпалдасу айқындаушы үрдіске айналып келеді. Азия индустрияландырудың қарқыны, инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту, энергияның экологиялық таза көздерін пайдалану бойынша көшбасшы болып табылады.
Осыған байланысты, сондай-ақ Еуропадағы қаржы-экономикалық дағдарысын ескере келгенде, бізге сыртқы саясатымызды Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге бағыттай отырып, теңдестіру қажет.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, біз Қазақстанның сыртқы саясатының «азиялық векторын» дамыту жөніндегі тұжырымдамалық көзқарастар мен практикалық шараларды әзірлейтін боламыз. Мұның мақсаты - біз үшін өзекті болып табылатын азиялық мемлекеттермен қарым-қатынастағы жаңа сауда-экономикалық және инвестициялық стратегияны әзірлеу.
Мемлекет Басшысының Индонезия, Малайзия, Вьетнам және Оңтүстік Кореяға жасаған жақындағы іс-сапары бұл бағыттың сенімді негізін қалайды.
Бүгінде біздің барлық стратегиялық әріптестерімізбен: Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Орталық Азия және Еуропалық Одақ мемлекеттерімен қарым-қатынасымыз сапалы жоғары деңгейде дамуда.
Ресей Федерациясымен одақтастық қатынастарымыз қазір еуразиялық экономикалық интеграцияны дәйекті дамытумен, ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықпен, тауар айналымының кеңеюімен сипатталады. Өткен жылы ғана бірінші рет біздің Ресеймен тауар айналымымыз 23 млрд АҚШ долларына жетті. Алдағы кезеңде біз мұнай-газ секторында, трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша, ғарыш, атом және басқа көптеген салаларда бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз.
Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту маңызды басымдығымыз болып қала береді. Біз Қытай рыногына мүдделіміз. Бізге Қытайға экспорттың құрылымын әртараптандыру қажет. Біз индустриялық-инновациялық даму, Қазақстанда импортты алмастыратын өндірісті жолға қою мақсатында бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға Қытайдың жетекші компанияларын тарту бағытында жұмыс істейміз.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қытай аумағы арқылы қазақстандық тауарлар транзиті саласындағы мәселелер және трансшекаралық су ресурстарын бөлу мәселелері пысықталуда.
АҚШ-пен стратегиялық әріптестік шеңберінде энергетика, шағын және орта кәсіпкерлік, ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен қызмет маңызды болып қала береді. Біз Қазақстан экономикасын индустрияландыру және әртараптандыру, ауыл шаруашылығын, ғылым мен білімді дамыту бойынша АҚШ-тың жетекші корпорацияларымен әріптестікке мүдделіміз. Сондай-ақ, Ауғанстанды тұрақтандыру, лаңкестікке және есірткі тасымалына қарсы күрес, жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау салаларындағы ынтымақтастығымыз маңызды болып табылады.
Біз «Үлкен сегіздіктің» (АҚШ, Ресей, Германия, Франция, Жапония және Италия) алты мемлекетімен стратегиялық қарым-қатынас орнатуға қол жеткіздік. Ұлыбританиямен, Канадамен, Бразилиямен, Оңтүстік Африка Республикасымен, Финляндиямен және Мексикамен ынтымақтастықты кеңейте отырып, бұл жұмысты алда да жалғастырамыз.
Өткен жылы біз «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды аяқтадық, соның арқасында Еуропалық Одақ Қазақстанның ең басты сауда және инвестициялық әріптесіне айналды. Өткен жылы ғана біздің Еуропалық Одақпен арадағы тауар айналымымыз 50 млрд. АҚШ долларына жетті. Франциямен, Испаниямен және Италиямен стратегиялық әріптестік жөніндегі шарттарға қол қойылды. Біздің сауда әріптестеріміздің алғашқы ондығына Еуропаның алты мемлекеті кіреді.
Анықтама үшін: Италия (16 млрд доллардан астам), Франция (601 млрд доллар), Нидерланды (6,9 млрд доллар), Германия (3,7 млрд доллар), Австрия (4 млрд доллардан астам), Ұлыбритания (1,5 млрд долларға жуық).
Инвестициялық ынтымақтастығымызда Еуроодақ елдеріне айрықша маңызды орын тиесілі.
Анықтама үшін: Нидерланды (8,8-9 млрд АҚШ долларына жуық), Ұлыбритания (10,2 млрд доллар), Швейцария (4,5 млрд долларға жуық), Франция (1,5 млрд доллардан астам), Германия (1,3 млрд доллар), Италия (500 мллион доллардан астам), Бельгия (400 млн доллар).
Еуропа бағытындағы қол жеткен жетістіктерімізді үстемелей түсу үшін біз Еуроодақ елдерімен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жан-жақты келісім жасасу жөніндегі жұмысты жалғастырамыз.
Біз ауқымды, болашаққа бағытталған, Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығының мақсаттары мен принциптерін айқындайтын құжат қабылдауға бағыт ұстап отырмыз. Ол өзара іс-қимылдың барлық саласын қамтиды және Еуропамен тең құқықты әріптестік тетіктерінің икемді жүйесін жасайтын болады.
Министрлік Еуропалық Одақтағы өзінің контрәріптестерін Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы туралы хабардар ету жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде.
Бұл ретте, Қазақстан Парламенті депутаттарының Еуропа Парламентіндегі өз әріптестерімен ынтымақтастығының маңыздылығы мен тиімділігін атап көрсеткім келеді. Парламенттік дипломатия елдің көптеген екі жақты және халықаралық мәселелер бойынша ұстанымын жеткізуге мүмкіндік беріп, Қазақстанның мүддесіне қатысты құжаттар мазмұнына елеулі ықпал етеді.
Бүгінде мемлекеттің сыртқы саясатын ел Парламенті депутаттарының Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Мен бұл ретте парламенттік бірлестіктер мен одақтар (ЕҚЫҰ ПА, ЕОПА, НАТО ПА, ТүрікПА, ИЫҰ Парламенттік одағы, Парламентаралық Одақ, ТМД ПАА және басқалары) жайында айтып тұрмын. Парламентшілердің қызметі елдің халықаралық саясатын жүргізудің тиімді құралы болып табылады.
Біздің ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіміз Қазақстанның сыртқы саясатының және тұтастай алғанда халықаралық қатынастардың жылнамасына жарқын жолдармен енді. ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясы Қазақстан төрағалық еткен кездегі жұмыстар негізінде Ұйымның іс-қимыл жоспарын дайындау мен қабылдауды және оны ұзақ мерзімді перспективада дамытуды қоса алғанда, келесі төрағалықтарға арналған нақты тапсырмаларды қамтиды. Осыған орай, Астана декларациясының ережелерін іске асыру біздің басты басымдықтарымыз болып қала бермек.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының аталған Ұйымның гуманитарлық кәрзеңкесіндегі белгілі ауытқушылықтарға қатысты әділ сынын ескере отырып, біз Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро тарапынан сайлауларға бақылау жасаудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу мәселесін ілгерілетуді жалғастырамыз.
Еуропа кеңесімен диалог дамытылуда. Қазақстанның таяуда Венеция комиссиясының толық құқықты мүшесі мәртебесін алуы айтарлықтай жетістік болды. Біз үшін өзекті болып табылатын Еуропалық конвенцияларға (қылмыстық істердегі құқықтық көмек, экстрадиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және т.б.) қосылу жөніндегі жұмыстар басымдықты болып қала береді.
Тұтастай алғанда, тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан барлық негізгі жалпыеуропалық құрылымдармен әріптестік және сындарлы қатынас орнатты. Бұлар прагматизмге және біздің ұлттық мүдделерімізді қатаң ұстануға негізделген.
Құрметті депутаттар,

Қазақстан Президенті – Елбасының 3 млрд-тан астам халқы бар 24 мемлекетті қамтитын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру жөніндегі бастамасының іске асырылғанына үстіміздегі жылы 20 жыл толады. Бүгінде АӨСШК өзара ықпалдастықтың жаңа деңгейіне өтуге жақындады, бұл, Кеңестің Еуразиядағы және халықаралық деңгейдегі қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіне барынша пәрменді түрде қатысуын көздейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз Кеңесті толыққанды Ұйымға айналдыру бойынша жұмыс істеуге кірістік. Осы идеяны алдымен үстіміздегі жылы күзде Астанада өтетін АӨСШК СІМК шеңберінде талқылауды көздеп отырмыз. Осы талқылаулардың қорытындылары бойынша тиісті шешім жобасын 2014 жылғы АӨСШК-нің 4-ші Саммитінің күн тәртібіне енгізуді жоспарлаймыз.
Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар әлемдегі геосаяси жағдайды түбегейлі түлетуге қауқарлы осы өңірдегі терең өзгерістерді көрсетіп отыр. Осындай күрделі кезде Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық етуде. Мұндай шиеленіскен оқиғаларға қарамай, біз осы Ұйымға төрағалық етудің 2011-2012 жылдарға арнап белгіленген басымдықтарын тиісті мөлшерде іске асыра алдық.
Өткен жылғы маусым айындағы 38-ші Астана кездесуінде Ислам Конференциясы Ұйымының атауын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы деп өзгерту туралы тарихи шешім қабылданды, Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды, ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастығы жөніндегі бесжылдық іс-шаралар жоспары бекітілді. Астана декларациясы ХХІ ғасырдағы Мұсылман уммасының даму негіздері ретінде жаңғыру мен реформаға үндеген прогрессивті құжатқа айналды.
Қазақстан төрағалығымен жүзеге асырылған іс-шаралар кешені ислам әлемінің өзекті проблемалары бойынша ортақ ұстаным әзірлеуге және Ұйымның тиімділігін арттыруға жәрдемдесті. Мемлекетіміздің басымдықтары мен бастамалары 57 мұсылман елінің тарапынан қолдау табуы саяси және экономикалық ұстанымдарды бекітуге септігін тигізеді және Қазақстанның ислам еліндегі биік беделін көрсетеді.
Қазақстан Палестина халқының заңды ұмтылысын халықаралық тұрғыда қолдауды жұмылдыруға, Сомалидегі гуманитарлық апатты еңсеруге елеулі үлес қосты.
Сириядағы шиеленіскен оқиға бүкіл халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырды. Біздің төрағалығымызбен Джидда қаласында ИЫҰ Атқару комитетінің Сирия бойынша сыртқы істер министрлері деңгейіндегі төтенше отырысы болып өтті.
Кездесу нәтижелері бойынша Қорытынды Коммюнике қабылданды, онда Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі ИЫҰ-ның негізгі қағидаттары көрініс тапты. Басқаларымен қатар бұл бастамалар зорлық-зомбылықты тоқтатуға, бейбіт диалогты бастауға және Сирия ісіне шетелдік араласуға жол бермеуге шақыратын үндеулерді қамтиды. Бұл кездесу халықаралық байқаушыларды және ИЫҰ-БҰҰ-ның елдегі гуманитарлық жағдайды бағалау жөніндегі бірлескен миссиясын қабылдауға жәрдемдесті.
ИЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бойынша жуырдағы шешімін қолдады және БҰҰ мен АЕЛ-дың арнайы өкілі К.Аннанның Жоспарын мүлтіксіз әрі уақытылы орындауға шақырған халықаралық қоғамдастықтың үндеуіне қосылды.
Қазақстан өтпелі кезеңде Сирия мемлекетін қолдау тетіктерін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа бұдан әрі де белсенді түрде қатысуға дайын.
Иран төңірегіндегі жағдайға келер болсақ, біз мәселенің бейбіт, тек дипломатиялық тұрғыдан реттелуін жақтаймыз. Тегеран өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатқа бағытталғандығына халықаралық қоғамдастықтың көзін жеткізу үшін нақты іс-қимылдар атқаруға тиіс. Біз Иранды ядролық қарусыздануға тарихи үлес қосқан Қазақстаннан үлгі алуға бірнеше мәрте шақырдық.
Қазақстан келіссөз жүргізуші елдердің «алтылығы» мен Иран арасындағы диалогтың жалғасын табуын қолдайды. Тараптар өзара тиімді шешімдерге қол жеткізеді деп үміт артамыз.
Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету өзекті стратегиялық міндет болып қалуда. Жаңа қыр көрсетулердің ұдайы артып отырғанын ескере отырып, Қазақстан қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатерлерді болжамдау және олардың алдын алу мақсатында, біз алда да Орталық Азиядағы даму жағдайына мониторинг жүргізуге ниеттіміз. Сондай-ақ, біз Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың оңтайлы түрлері мен әдістерін іздестіру және іске асыруды өзіміздің басты міндеттеріміздің бірі ретінде көреміз, бұлар тәуелсіз мемлекеттердің ұлттық мүдделерін жалпы өңірлік интеграциялық қажеттіліктермен үйлестіретін болады.
Осы тұрғыда:
- екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты үйлестіруді, терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмыс пен есірткіге қарсы күрес салаларындағы шарттық-құқықтық базаны жетілдіру;
- қауіпсіздік саласындағы көпжақты құрылымдарды (ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД Терроризмге қарсы орталығы, БҰҰ) іске қоса отырып, көрші елдеріміздің оңтүстік шептерін нығайту бойынша бірлескен алдын алу шараларын жүргізу;
- діни экстремизмге қарсы тұру мақсатында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралады.
Тұтастай алғанда, Қазақстан Президенті ұсынған болашақта Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру перспективасымен интеграциялық үдерістерді ілгерілету мақсатында көп жоспарлы ынтымақтастықты жалғастыратын боламыз.
Осы ретте, біз түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын (ТМЫК, ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Түркі академиясы) институционалдық дамыту жөніндегі жұмысты да жалғастыратын боламыз, бұл ынтымақтастық өңірді интеграциялық жақындастыруда өз рөлін атқаруға бағытталған.
Сонымен бірге, біз Ауғанстандағы жағдайды қалыпқа түсірмей, өңірімізді ұзақ мерзімді тұрақты дамыту туралы айтпай кете алмаймыз. 2014 жылы коалиция күштері шығарылғаннан кейін Ауғанстанның қауіпсіздігін және экономикалық оңалуын қамтамасыз ету мәселесі Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдері тарапынан зор назар аударуды қажет ететін болады.
Біз өңірдегі экономикалық және саяси сындардағы мүдделерімізге сәйкес келетін бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз.
Бұл АИР экономикасын оңалтуға, Ауғанстанға гуманитарлық және коммерциялық тауарлар жеткізуді ұйымдастыруға Қазақстанның қатысуын кеңейту мүмкіндігіне қатысты. Қазақстан жоғары оқу орындарында ауған студенттерін бейбіт мақсаттағы кәсіптерге оқыту жөніндегі білім беру бағдарламасы оң қырынан танылды.
Тұтастай алғанда, халықаралық дамуға жәрдемдесу туралы сөз ете отырып, Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі мен беделін одан әрі көтеру мақсатында шет елдерге қаржылық, техникалық және басқа да көмектер көрсету салаларындағы ұлттық саясаттың мазмұны мен негізгі бағыттарына жүйелі көзқарас болуын жақтайды.
Құрметті депутаттар,

Шет елдерде қазақстандық жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қашан да сыртқы саясат ведомствосының маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.
Тәуелсіз 20 жыл ішінде біз кең ауқымды міндеттер атқаратын кәсіби консулдық жұмыскерлердің тұтас бір шоғырын тәрбиелей алдық, көп жағдайда төтенше жағдайлар, табиғи және техногенді апаттар туындаған жағдайларда шет елдердегі азаматтарымызға құқықтық және материалдық көмек көрсету кезінде әрі адвокат, әрі консультант болып жұмыс істеуге қол жеткізе алдық.
Қазіргі уақытта біздің консулдық корпустың жұмысы Еуропалық Одақты қоса алғанда, шет мемлекеттермен визалық тәртіпті Қазақстан азаматтары үшін жеңілдетуге бағытталған.
Министрлік талдау және болжамдау жұмыстарының сапасын ұдайы арттырып келеді. Біздің ойымызша, әлемдегі жағдайлар дамуының маңызды үрдістерін талдау және болжам жасау жөніндегі жұмыстарды Парламентпен бірлесіп жүргізу Қазақстанның сыртқы саяси мүдделерін ілгерілету сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
Осыған байланысты біз Парламенттің қос палатасының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеттерінің төрағалары мен хатшыларын Сыртқы істер министрлігі аясында жаңадан құрылатын Сыртқы саясат жөніндегі кеңес қызметіне қатысуға шақырамыз. Бұл кеңес Қазақстанның сыртқы саяси бағытын тиімді жүзеге асыру және ұлттық мүдделерімізді қорғау мақсатындағы әртүрлі бағыттар бойынша сараптамалық шешімдер мен ұсынымдар әзірлеудің қосымша құралы болуға тиіс.

Құрметті депутаттар,
Белгілі бір тұрғыда мемлекетіміздің айнасы болып табылатын дипломатиялық қызмет қызметкерлерін әлеуметтік-материалдық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз.
2010 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Онда шетелде мектеп жасына дейінгі балалардың оқуы үшін ақы төлеу, кездейсоқ жағдайлар туындаған кезде дипломатиялық қызмет персоналына біржолғы төлемақы төлеу көзделген. Сондай-ақ халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілетін лауазымды тұлғалардың құқықтық мәртебесін реттеу, оларды әлеуметтік жағынан, зейнетақымен және медициналық қамтамасыз ету мәселелері өз шешімін тапты.
Сонымен бірге біздің шет елдердегі қызметкерлеріміздің отбасы мүшелерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету мәселесі шешуді талап етуде.
Сондай-ақ әскери-саяси жағдайлары тұрғысынан ауыр және қолайсыз деп саналатын мемлекеттерде (Ауғанстан, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері) жұмыс істейтін дипломаттар мен техникалық персоналды, олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік жағынан қорғауды жетілдіру қажеттілігі де барынша өзекті деуге болады.
Осыны ескере келгенде, Министрлік «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізуге бастамашылық етеді.
Біздің дипломатиялық өкілдіктеріміздің инфрақұрылымын дамыту мәселелері де маңызды болып отыр. Қазір әлемнің 24 мемлекетінде 49 меншік объектісі бар. 1993 жылдан бастап 39 объекті сатып алынды және жылжымайтын 10 объекті салынды. Қазіргі күндері Германияда, Украинада, Өзбекстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде ғимараттар құрылысы жүргізілуде. Бүгінде Қазақстанның шет елдегі меншігінің нарықтық құны тұрақты өсуде. Бұл әрдайым кіріс әкелетін пайдалы инвестициялар және ол еліміздің мүддесіне сай жасалуда.
Министрлік Үкіметпен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыруда. Осыған байланысты болашақта Парламенттің қарауына тиісті заң жобалары енгізілген кезде Сіздердің қолдайтындықтарыңызға сенеміз.
Ал бұл шаралардың бәрі дипломатиялық қызмет персоналын әлеуметтік қорғау деңгейін және Сыртқы істер министрлігінің кадрлық әлеуетінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Құрметті депутаттар,
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Парламентімен тығыз жұмыс істеуге айырықша мән беріп келеді. Өзара ынтымақтастығымыздың бүгінгі жоғары деңгейі жақсы нәтижелерге жеткізуде. Бұл болашақтағы басымдықты міндеттерді анықтауға және біздің бірлескен қызметімізді ойдағыдай үйлестіруге мүмкіндік береді. Сыртқы істер министрлігі алдағы уақытта да осындай тәжірибені нығайтып, жетілдіре беруге әзір.
Сөзімді аяқтай келе, еліміздің сыртқы саяси ведомствосы, бұрынғы кездегідей, келешекте де ұлттық мүдделерімізді қорғау және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсай береді деп сендіруге рұқсат етіңіздер.

Назарларыңызға рахмет!

Құрметті әріптестер!

Біз үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше.
Әлемдегі ірі Elsevier ғылыми баспасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақшымыз.

Elsevier жыл сайын 2200-ден астам ғылыми журналдар, 8 мың анықтама, 500-ден жоғары мерзімді басылымдар шығарады. 9 миллион ғылыми мақаламен және 11 мың онлайн-кітаппен танысуға мүмкіндік береді.
Цитаталардың 25%-ы Еlsevierде жарияланған еңбектерден алынады.
Баспа әлемнің 180 еліндегі 1,5 мың ұйыммен және университетпен жұмыс жасайды.

Енді, Қазақстанның ғалымдары ірі ғылыми-техникалық ақпараттық ресурстарға қол жеткізетін болады.

Қазіргі кезде Қазақстанның зерттеу саласында жаңа «Ғылым туралы» Заңға сәйкес түбегейлі өзгерістер болуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған ғылымды басқарудың жаңа моделі жұмыс істей бастады.
Ғылымның экономика мен қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуі, елдің инновациялық дамуына қатысуы және т.б. күрделі міндеттер қойылды.

Зерттеулердің деңгейі мен нәтижесін арттыру үшін ғылымды ақпараттық қамтамасыз ету қажет.

Ең алдымен, әлемдік ақпараттық ресурстарға, беделді ғылыми баспаларға және шетелдік мақалаларға қол жеткізу керек.

Осыған байланысты өткен жылы 15 қарашада Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың және Үкіметтің тапсырмасы бойынша Министрлік ТМД аумағында бірінші болып шетелдік ірі ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарына қол жеткізді. Thomson Reuters (АҚШ) және Springer (Германия) компанияларымен Ұлттық лицензияға қол қойылды.
Бүгін кәсіби мереке – Ғылым қызметкерлерінің күніне орай тағы да бір беделді халықаралық ғылыми баспалардың бірі – Elsevier-мен (Нидерланды) қол қою рәсімін өткізбекшіміз.

Бұл – республиканың барша ғылыми қауымы үшін үлкен жетістік.
Осы базаға қол жеткізу – ресурстар мен ақпараттық деректер алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге зерттеулердің сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Elsevier компаниясымен ынтымақтастық жемісті болып, қазақстандық ғылымның дамуына жаңа серпін береді деп сенім білдіремін.

Назарларыңызға рахмет!

Ғылымды көгертетін, нәтижесін көбейтетін – бәсеке

12 сәуір – Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күні. Бұл күні Отанымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген зиялы қауым саналатын оқымыстылар үшін елеулі деп білеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ғылым мен ел ғалымдарына ерекше назар аударуы содан болса керек.

Президент тапсырмасын орындау жолында бүгінгі таңда бұл салада қандай жұмыстар істелініп жатыр, отандық ғалымдарды қолдау, олардың еңбектерін бағалап, абыройларын арттыру, мәртебесін көтеру, басқа да түйінді сұрақтар бойынша, Білім және ғылым министрі, академик Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВТЫ әңгімеге тартқан едік.

Бақытжан Тұрсынұлы, сіз ғалым-математик болумен қатар, ғылым саласына жүйелі көзқарастарыңызбен танымалсыз. Мемлекет басшысы қойған өмірлік мақсаттарды іске асыру үшін қандай мәселелерді шешу қажет деп санайсыз?

– Ең алдымен, еліміздің барлық ғалымдарын кәсіби төл мерекелері – Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтауды парыз санаймын.
Ал негізгі мәселеге келсек, менің ойымша, олар – үшеу. Ол – ғылымды қаржыландыру, қоғам мен экономикаға оның нәтижелерінің қажеттілігі және ғалым мәртебесі. Елбасының қолдауымен соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру қарқынды өсуде. Оның көлемі ішкі жалпы өнімнің өсу көлемінен әжептәуір алда келеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына 2011 жылы бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 28,8 миллиард теңге болса, 2012 жылы бюджетке қосымша түзетулерді енгізе отырып, 49 миллиард теңге қарастыру-да, бұл 70 пайыздық өсімді көрсетеді.

2015 жылы ғылымға бөлінетін қаржы көлемі ішкі жалпы өнінің 1 пайызын, 2020 жылы ең аз дегенде 1,5 пайызды құрайтындай деңгейге жеткізіледі.
Екінші мәселе, ғылым нәтижесін тиімді пайдалану, оны бүгінгінің жаңа технологиясына және бәсекеге қабілетті тауарға айналдыру. Кеңес дәуірінде бұл жоспарлы түрде шешілетін. Өйткені, бұған ауқымды салалық және жобалау институттар тарабы, ғылым мен өндіріс өзара байланыс жасап, шаруашылық келісімдер жүйесі қатыстырылатын.

Алайда, жаңа экономикалық жағдайда мұндай жүйе өмірге қабілетсіз болды. Ал нарықтық шарттарға сәйкес келетін жаңа жүйе аяғына дейін құрылып болған жоқ. Ғылымның экономика мен инновацияларға іс жүзінде шығуы әлі баяу болып тұр.

Қазақстандық ғылымды қажет ететін өнімнің әлемдік нарықтағы үлесі мүлде жоқ десе де болады. Бұл үлес ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет тиімділігінің қорытынды көрсеткіші болып табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалға жүгінелік. Еуропа одағы елдерінің ғылымды қажет ететін өнімнің әлемдік нарықтағы үлесі – 35%, АҚШ – 25, Жапония – 11, Сингапур – 7, Оңтүстік Корея – 4, Қытай – 2 % құрайды. Мұның себебі не десек, ғылым нәтижелерін өндіріске енгізуге бизнес қызығушылығының болмауында, өндірістік және жеке қаржы секторының ғылымға, ғылыми-инновациялық қызметке инвестиция мөлшерінің өте аздығында деп білеміз.

Бұл мәселені шешу ісін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында, Қазақстан Республикасындағы инновацияларды дамыту және технологиялық модернизациялау, бұдан басқа да көптеген бағдарламаларда нақты бағыт-бағдар берілді. Президент Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында жаңа бастама – Жол картасының «Бизнес және ғылым-2020» әзірлемесін ұсынды. Елдің қарқынды дамуына жол ашатын бағдарламаларды жүзеге асыру Қазақ елі ғылымның экономикалық сұранысқа ие екенін дәйектеп, бәсекеге қабілетті нәтижелерін қамтамасыз етіп, ғылымның өндіріспен байланысының маңызды институциялық элементтерін құруға мүмкіндік жасады.

Үшінші мәселе, ғалымның мәртебесі – алдыңғы екеуінің туындысы ретінде шешіледі. Ғылыми-зерттеулерге қажетті қаржы бөлініп, ғалымдар тиісті еңбекақысын ала бастағанда, оның нәтижесі жаңа технологиялар мен тауарларға айнала бастайды. Осындай сәтте ғалым мәртебесі айтарлықтай артары сөзсіз.

– «Бизнес және ғылым-2020» жол картасы жобасын жасағандарыңыздан хабардармыз. Осы жобаның мақсат, міндеттеріне тоқтала кетсеңіз.

– Министрлік басқа мүдделі министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың қолдауымен (Экономикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы, Мұнай және газ, қаржы министрліктері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Назарбаев Университеті, Экономика институты, т.б.) мұндай жол картасы жобасы жасалып, ортақ жұмыс қазір келісу үстінде.

Мақсат, міндетіне келер болсақ, бизнес пен ғылымның өзара тиімді қатынасын қамтамасыз ету, ғылыми-инновациялық салада мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту жоба арқауы болып табылады. Әлемдік тәжірибе сараптамасы көрсеткендей, мұндай өзара серіктестік ғалым еңбегінің сұранысқа ие болуының, ғылыми жетістіктерді экономикаға енгізудің басты кепілі болып табылады. Ол үшін, келесі міндеттер алға қойылған:
– ғылыми-зерттеулерді экономикалық сұраныстарға бағыттау;
– ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялаудың тиімді механизмдерін дамыту;
– Назарбаев Университетінде зияткерлік-инновациялық кластер құру және оның тәжірибесін тарату;
– ғылыми-инновациялық қызмет, өндіріс және бәсекеге қабілетті жоғары технологиялы өнім шығару;
– ғылым саласында кадрлық әлеуетті дамыту.

Осының нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстан әлемде басымдыққа ие 20 алдыңғы қатарлы технологияны бизнестің қатысуымен өндіріске енгізеді. Ғылым мәртебесі нығайып, ғылыми-инновациялық салаға жас кадрлар легі келеді. Сөйтіп, 45 жасқа дейінгі зерттеушілер үлесі 40% болып, оқымыстылар айтарлықтай жасарады. Отанымызда ғы-лыми-зерттеумен айналысатындар саны бір жарым есе артып 0,19%-дан 0,30%-ға жетеді.

Ғылымның кадрлық жаңаруына Елбасы Н.Назарбаевтың орнықты саясатының көп ықпал еткенін атап өтуіміз керек. Былтыр желтоқсанда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында сөйлеген сөзінде: «Бүгінде ғалымдар, зерттеушілер мен ғылыми қызметкерлер Қазақстанның дамуына шешуші үлес қосатын уақыт келді. Ғылым мен ғалымдардың маңыздылығы арта түседі», деді. Бір атап өтерлік жетістік, соңғы жылдары көп айтылып жүрген ғылыми кадрлардың «қартаю» үдерісі бәсеңдей бастады. Біз мемлекеттік тапсырысты магистрлік гранттарға 2 есе, PhD докторларына – 2,5 есе арттырдық. 2020 жылға қарай жыл сайын 1 мыңға жуық докторлар, олардың едәуір бөлігі, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында дайындалады. Бұл ғалымдар Президент тапсырмасы бойынша тек ғылым үшін, ғылыми-зерттеулер үшін әзірленетін болады.

Зерттеулерді коммерциялау деген жиі айтылады. Бұл қалай, ғылымды коммерциялау ма деп сұрап жатады. Осы термин туралы жан-жақты түсінік бере кетсеңіз артық болмас еді.

– Иә, мен де естіп жүрмін. Кезінде Ромен Роллан «Өмірдің сан қырлы соқпағына түскенде ғана бірдеңені түсіне бастайсың» деп өте дәл айтып кеткен болатын. Мемлекет басшысы ұсынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға кіріскенге дейін коммерциялау біз үшін тек сәнге айналған теориялық термин ғана болып, ол туралы түсінік пен тәжірибеге қолымыз да, ойымыз да бара бермейтін. Алайда, жаһан-дық экономикалық дағдарыс бізге күшті ғылым мен оның нәтижелерін іс жүзінде игермесең жұмысың ілгері жылжымайтынын көрсетті. Сондықтан да талабы күшті дәуірге қарай «өмірдің соқпағына түсу» қажет болып отыр.

Шетелде коммерциялау нарықтық экономика тәжірибесінде ғылыми жетістіктерді игеру үдерісінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Шын мәнінде бұл терминнің мазмұны айтарлықтай қарапайым: жаңа және жетілдірілген тауарларды, үдерістер мен қызметтерді рынокқа шығару мақсатында ғылыми нәтижелерді іс жүзінде қолдану, эконо-миканың дамуына бағыттау.

Мұны нақты түсіну үшін инновациялардың «өмірлік циклын» қарастырған жөн. Ол төмендегідей компоненттен тұрады: «ғылыми-зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (ТКӘ), коммерциялауды өндіріске енгізу». Зерттеулер және ТКӘ, ғылым, өндіріс, бизнес саласы. Яғни, коммерциялау дегеніміз – ғылым мен бизнес арасындағы негізгі байланыстырушы дәнекер. Дәл соның өзі интеллектуалды меншікті (өнертабыстар, патенттер, тәжірибелік үлгілер, пайдалы модельдер, т.б.) үдерістің барлық қатысу-шыларына – авторларға, да бизнеске де, бүкіл қоғамға да экономикалық нәтижелер әкелетін рынок тауары.

Осы орайда, Білім және ғылым министрлігі Үкіметтің «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциялау туралы Ережені бекіту туралы» қаулы жобасын дайындады. Онда ғылыми-зерттеулерге қолданылатын коммерциялау ұғымына, оның негізгі түрлеріне, үлгілері мен мемлекеттік қолдаудың бағыттарына түсініктемелер берілген.

Мұндай құжат қазақстандық ғалымдар мен бизнесмендерге коммерциялау үдерістерін өрістетуге қажетті базаны орнықтырады.

Коммерциялау ісіне мемлекет қандай дәрежеде қолдау көрсете алады?

– Қолдаудың түрлері өте көп. Ең алдымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес мемлекет қолдау көрсететін ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын нақты анықтау керек. Мұндай анықтаманы Қазақстан Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия жүзеге асырып жатыр.

Министрлік ұсынған бастама: мемлекет қаржыландыратын ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік-жеке серіктестік принциптеріне негізделген бизнес тарапынан ортақ қаржыландыру арқылы құру және орындау болып отыр. Бүгінгі жағдайда өндірістік компаниялардың жаңа технологияларды жұмысына пайдаланылуына да мемлекеттік ынталандыру сөзсіз қажет. Ол бизнес тарапынан жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерге деген сұранысты тудыратыны кімге де болса түсінікті болар.

Мемлекеттік қолдаудың тағы бір түрі ретінде біз Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені әкелуге бағытталған «Технологиялар коммерциясы» жобасын іске асыруды бастадық.

Коммерцияны қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуды, нақтылай түссем, республиканың ең ірі ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарында осы істі жүргізетін орталықтар, бөлімшелер құруды жеделдете бастаймыз. «Ғылым туралы» заң аясында атқарылатын өмірлік мәні бар жұмыстар бір жерге жинақталады. Бұл зерттеулерді коммерциялаудың жылдам дамуына көмектеседі деп білемін.

Бұл теориялық түйіндеулер десек, қарапайым мысалмен қалай айтқан болар едіңіз?

– Мысалға, ғалымдары жаңа технология әзірлеген ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) не жоғары оқу орнын алайық. Лабораториялық түйіндеулер аяқталғаннан кейін осы ҒЗИ қажетті тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер жасап, патент иеленуге ұмтылуы керек. Ары қарай коммерциялау үдерісі өзінен өзі басталады. Осы жаңа технологияны өндіріске енгізуге қаржы салатын инвесторды іздеуің керек. Патент иегері ретінде институт пен инвестор арасында келіссөздер жүргізіліп, ғылыми мекеме халықаралық нормалар бойынша бағаланған зияткерлік меншігін, ал инвестор – ақша салатын ортақ инновациялық кәсіпорын құруды нақтылайды. Екіжақты келісім өндірісте ұштасып, пайда әкеле бастайды. Пайда инвестор мен ҒЗИ, сонымен қатар, әзірлеменің тікелей авторлары, жүзеге асыруға экономикалық тұрғыдан мүдделі ғалымдар арасында бөлінеді. Бар болғаны осы. Механизмі айтарлықтай қарапайым.

Айтпақшы, біздің ғалымдарымызға үйреншікті емес терминнің бірі – франчайзинг. Бұл лицензиялауды ары қарай дамытатын, қажет жерге ұсынатын механизм. Бірақ осы жағдайда бір өнертабысқа бір лицензия емес, интеллектуалды меншік объектілерінің тұтас пакет: патенттер, ноу-хау, ұйымдастыру механизмдері, сауда маркасы, т.б. сатылады. Қарапайым мысал, «бір қаптамада» ас дайындаудың патенттелген технологияларын, ноу-хау, жылдам тамақтандыру жүйесін ұйымдастыруды және өзінің сауда маркасын ұсынатын – МакДональдс фирмасын алыңыз. Мұндай пакеттерді сатудың тиімділігі – МакДональдс жиырма жылдың ішінде өз мейрамханалар жүйесімен бүкіл әлемді қамти алатынын көрсетті. Менің ойымша, біздің ғалымдар да бизнесмендермен біріге отырып болашақта өз жаңалықтарымен осындай дәрежеге жеткізеді деген сенімдемін.

Құптарлық ізденіс екен. Дегенмен, «артық қыламыз деп жүріп тыртық қылып» алмаймыз ба?

– Жаңалық бірден тастай батып, судай сіңіп кете қоймайтыны белгілі. Қойған сұрағыңыз біз үшін белгісіз «қауіптер» емес, жеңе алатын және жеңуге тиісті «кедергілер» деп білемін.

Иә, ТКӘ жүргізуге қажетті көңіл аударылмай жатқаны анық, оны жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де мәселені шешудің жолдары баршылық. Біріншіден, ғылымға бөлінетін қаржыны арттырғанда ТКӘ кезеңіне және жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-да тиісті инфрақұрылымды қалыптастыру алдымен ескеріледі. Екіншіден, мемлекеттік және жекеменшік ортақ қаржыландыратын арнайы мақсатты «Ғылым – бизнеске» бағдарламасын іске қосамыз. Мұнда жеке бизнес зерттеулер және әзірлемелердің барлық деңгейлері ортақ қаржыландырылады, немесе зерттеулер мемлекет есебінен жүргізіліп, ТКӘ бизнесті өз мойнына алады. Үшінші жолы, Назарбаев Университеті ұйытқы болып отырған зияткерлік-инновациялық кластерге ұқсас мемлекет пен бизнес қаржысын тарту арқылы еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары жанынан арнайы инфрақұрылым құру. Оның бағыт-бағдары жоғарыда айтқан жол картасына енгізілді. Мұндай құрылымдарды біз зерттеу және инновациялық бағыттағы университеттердің, басқа ұйымдардың жаңа заңнамасына сәйкес құрылатын «Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық холдингте дамытамыз.

Бәрі жеңіл болады деп ешкім де айта алмайды. Коммерциялау кезеңіндегі қиындықтарды жеңуіміз керек. Дамыған мемлекеттердің өзінде мұндай уақытта венчурлық қорлар мен фирмалардың ауқымды жүйесі қолұшын береді. Біз де осындай тың қадамдар арқылы тәжірибе жинайтын боламыз.

Осы күндері ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары дерлік өздерінің зияткерлік меншігін тиімді коммерциялай алмай отыр. Бұл мәселені шешу үшін ең ірі жоғары оқу орындары мен іргелі ҒЗИ-ды лицензиялауды қолдай отырып дамытамыз. Технологияларды коммерциялау орталықтарын, яғни коммерциямен кәсіби түрде айналысатын ұйымдар құрамыз. Ондай жоғары оқу орындары мен ҒЗИ белгілі бір уа-қытқа дейін өздерінің зияткерлік меншік құқығын өзара тиімді шарттарда бүгіп қалмай көрсете алады. Орталықтар коммерциялау үдерісімен жүйелі қамтамасыз етеді.

Ең бастысы, ғылыми жетістіктердің негізінде өндірісті технологиялық қайта жабдықтауға бизнес көздері мүдделі болуы керек. Бұл үшін жалпы мемлекеттік ауқымдағы маңызды шаралар ұйымдастырылуы қажет. Жол картасы бағдарламасы аясында зерттеушілерді ынталандыру үшін түрлі жеңілдіктер, сақтандырулардың тиімді жолдарын, қамқорлыққа қарай талап ету, өзге де бірқатар шаралар ұсынылуда.

Осы мәселелерді шешкенде ғана біз ғылымның барлық салада тиімді сұранысқа ие болуы туралы сөз ете аламыз. Иә, қиыншылықтар бар, оны білеміз, қазіргі іс қимылымыз соны жеңу амалдарына бағытталып отыр. Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың саяси күш-жігерінің арқасында қазақстандық ғалымдарға мол мүмкіндік жасалып, ғылым жетістіктерін тәжірибеде жүзеге асыруға даңғыл жол ашылды.

Биылғы жылды ғылыми-техникалық салада нағыз бетбұрысты деп айтуға болады. «Ғылым туралы» жаңа заңнама іске қосылды. Ғылымды қаржыландыру шешімін тапты. Ендігі жерде ғалымдар нақты еңбек етіп, соның нәтижесін жалғастыра беретін болады.

Әңгімеңізге рахмет.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Өңір» депутаттық тобының отырысына баяндама 2012 жылғы 4 сәуір

Республиканың өңірлерінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын орындаудың барысы туралы
Құрметті Александр Сергеевич!
Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі өзінің қызметін үш бағытта жүзеге асырады:
1) тұрғын үй құрылысын дамыту;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту.
Агенттіктің стратегиялық бағыттарын іске асыру үшін 2011 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі үш салалық бағдарламаны, оның ішінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын және «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекітті.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді шешуге негізделген.
Жалпы Бағдарлама тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының екі негізгі элементін қамтиды:
бірінші – бұл коммуналдық сектор, ол жылумен, газбен және электрмен жабдықтауды қамтиды;
екінші – бұл көп пәтерлі тұрғын үйлер.
Мұнда сумен жабдықтау және су бұру мәселелері «Ақ бұлақ» бағдарламасында қамтылған.
Жалпы республикадағы инженерлік желілердің көпшілігі жөндеуді талап етеді.
Сонымен, жөндеуді талап ететін жылумен жабдықтайтын желілер мен құрылғылардың үлесі 63%, ал электрмен жабдықтау бойынша – 73% және газбен жабдықтау бойынша – 54%.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің техникалық жағдайы мынадай: кондоминиум объектілерінің 32% немесе 50 млн. шаршы метр күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метр немесе 2% бұзылуға жататын, одан әрі пайдалануға жарамсыз авариялық тұрғын үйлер.
2011 жылы 43 жобаны іске асыру үшін әкімдіктерге 7 млрд. теңге бөлінді.
Осы қаражаттың есебінен 285 км желі, оның ішінде 89 км жылу желісі, 167 км электр желісі және 29 км газбен жабдықтау желісі салынды және жөнделді.
Желілерді жылыту маусымына дайындау үшін 2011 жылғы бюджетті жоспарлаған кезде Қаржы министрлігі желілерді жаңғыртуға бюджеттік қаражатың көлемін шектеген жоқ. Слайдтан көріп отырғандарыңыздай, желілерді жөндеуге арналған қаражаттың едәуір бөлігі Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстары мен Астана қаласына бөлінген. Ал Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласына республикалық бюджеттен қаражат мүлде бөлінбеген.
Оған себеп біреу – қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінімге қоса берілетін әкімдіктерде жобалау-сметалық құжаттама жоқ.
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жоспарланған қаражатты, кідіртуге болмайтын проблемаларды шешу үшін қайта бөлуге мәжбүр әкімдіктерді түсінуге болады.
Бірақта, жобалау-сметалық құжаттаманы уақытында әзірлеу республикалық бюджеттен қаражат алу үшін бюджеттік өтінімнің негізі болып табылады.
Ал, нәтижесінде коммуналдық сектордағы жұмыстың көлемі ұлғаятын болады.
Өкінішке орай, кейбір әкімдіктер республикалық бюджеттің мүмкіндігін пайдаланбайды.
Осыған байланысты Агенттік бүгінгі күні Бағдарламаға мынадай толықтырулар әзірлеп жатыр:
Бірінші. Коммуналдық жүйелерге техникалық тексеруді орталықтандырып жүргізу туралы мәселе қаралып жатыр. Тексерудің нәтижесі бойынша инвестициялық негіздеме әзірленеді.
Екінші. Инвестициялық негіздеме бойынша әкімдіктерге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған тапсырма хабарланатын болады. Осы тапсырма жобалардың тізбесі мен кезектілігін қамтитын болады.
«Ақ бұлақ» бағдарламасының шеңберінде өткен жылы 55 млрд. теңгеге 103 қалалық сумен жабдықтау және су бұру жобасы, 29 млрд. теңгеге 257 ауылдық сумен жабдықтау жобасы іске асырылды. Қалалық елді мекендерде 714 км су құбыры желісі және 60 км кәріз желісі және ауылдық елді мекендерде 2 мың км желі салынды және қайта жаңартылды.
Жалпы коммуналдық жүйелерді жаңғырту мен жөндеуге 2 трлн. теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бюджеттік қаражат есебінен осы көлемді толық қаржыландыру мүмкін емес. Бұдан басқа, бюджеттік қаржыландыру коммуналдық сектордағы нарықтық қатынастарды ынталандырмайды.
Агенттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы экономиканың табыс әкелетін секторы болуға тиіс деп санайды.
Осыған байланысты бюджеттік қаражат есебінен, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының, екінші деңгейдегі банктердің және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторын қайтарымды қаржыландырудың нұсқалары әзірленіп жатыр. Мұнда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әртүрлі нұсқалары қаралып жатыр.
Қайтарымды қаржыландыруды енгізу үшін коммуналдық кәсіпорындардың экономикалық жағынан тұрақты болуы тиіс. Сондықтан, бастапқы кезеңде кәсіпорындарға қаржылық қаражат беру және оларды шығынсыз жұмыс істеуге көшіру қажет.
Бағдарламада қамтылмай қалған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың тағы бір бағыты бұл қатты тұрмыстық қалдықтар саласын басқару.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Агенттік Бағдарламаға қатты тұрмыстық қалдықтар секторын стратегиялық дамытуды, оны заңнамалық және қаржылық қамтамасыз етуді көздейтін түзетулер әзірлеп жатыр. Біздің алдымызда 2020 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу дәрежесін 70 % дейін жеткізу міндеті тұр.
Әлемдік тәжірибе қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кірісі мол қызмет екенін көрсетті. Осыған байланысты мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әртүрлі нысандары бойынша басқаруға беру немесе жалдау, сондай-ақ концессиялық келісімшарттарды іске асыру арқылы негізгі тәсілді жүзеге асыру болжанып отыр.
Бүгінгі күні Агенттік пилоттық жобаларды іске асыру үшін республиканың 8 қаласында іріктеу жүргізіліп жатыр.
Бұдан басқа, Маңғыстау облысының әкімдігі Еуропалық Қайта құру және даму банкімен бірлесіп халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Ақтау қаласында қалдықтарды басқару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастады.
Бағдарлама шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу екі тетік арқылы жүргізіліп жатыр.
Бірінші тетік бойынша республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (СПК) капиталдандыру үшін нысаналы трансферттер бөлінеді.
2011 жылы осы мақсатқа 1,8 млрд. теңге бөлінді, 2012 жылы 5 млрд. теңге бөлінеді.
Екінші тетік бойынша республикалық бюджеттен әкімдіктерге жылына 0,1 % ставкамен кредит бөлінетін болады.
Әкімдік мемлекеттің 100% қатысумен мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды құрады.
2011 жылы осы мақсатқа 5,5 млрд. теңге бөлінді, 2012 жылы – 8 млрд. теңге бөлінеді.
Бюджеттік қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді.
Қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету үшін мыналар көзделіп отыр:
1. Пәтер иелері кооперативтерінде жинақ шотының болуы және азаматтардың қаражат жинақтау үшін ай сайын аударым жасауы.
2. Жөндеу жүргізу туралы шешімнің және оған жұмсалған шығындардың заңды болуы, оған пәтер иелерінің кемінде 2/3 дауыс беруі. Аталған жағдайда осы шешімді үйдің барлық тұрғындары орындауға міндетті.
3. Пәтер иелерінің жалпы жиналысында міндетті түрде мыналар бекітілуге тиіс:
- жөндеуге жұмсалатын шығындар сметасы;
- әрбір пәтерге жұмсалатын шығыстардың мөлшері;
- ай сайынғы жинақтың мөлшері;
- мердігерлік ұйымды таңдау.
Кейбір пәтер иелері ақы төлеуден бас тарқан кезде соттың бұйрығы арқылы берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу қарастырылған. Осындай берешекті талап ету мерзімі шектелмеген.
Маған берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін жоғарыда аталған заң нормаларын қолдағаны үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына шынайы алғысымды білдіремін!
2011 жылы бірінші тетік бойынша 65 үй жөнделді, мұнда Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы жөндеудің жоспарланған көлемін толық аяқтады.
Өткен жылы 2-ші тетік бойынша 308 үй жөнделді, мұнда Ақтөбе, Алматы, Атырау және Жамбыл облыстары жөндеудің жоспарланған көлемін толық аяқтады.
Жалпы 2011 жылы 373 көп пәтерлі үй жөнделді, оның алаңы 1,5 млн. шаршы метрді құрайды.
Көп пәтерлі үйлерді жөндеудің жаңа тетіктерін енгізуде қателіктер де болды.
Жұмысты ұйымдастырған кезде Агенттік әзірлеген іс-қимыл алгоритмі бұзылды. Атап айтқанда, әкімдіктер халықпен жұмыс жүргізбей, тиісті шарттар жасаспай жөндеу жұмыстарын бастаған.
Осындай жағдай Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған.
Мұның бәрі тұрғындар тарапынан түсінбеушілікті және наразылықты тудырады. Енді осындай қателіктер жібермеуге тырысу қажет. Ал әкімдіктер тұрғындармен жұмыстарды жандандыруы қажет.
Мемлекет басшысы пәтер иелері тұрғын үйді басқаруға өздері қатысып, осы бағдарламадан нақты пайда көруге тиіс деп атап көрсетті.
Осыған байланысты Агенттік Бағдарламаға толықтыру енгізді, онда үйлерді жөндеуге қатысатын әкімдіктің, мамандандырылған уәкілетті ұйымның, кондоминиумды басқару органының және үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы жиналысының іс-қимылы регламенттелген.
Қазақстандағы Халықаралық энергетикалық қауымдастықтың деректері бойынша ғимараттардағы жылу энергиясының шығыны жылына 1 шаршы метрге 240 кВт-сағатты құрайды. Салыстыратын болсақ, осындай климаты бар Швецияда ол 1 шаршы метрге 82 кВт-сағатты құрайды.
Сонымен, көп пәтерлі тұрғын үйлер республикадағы жылу энергиясын ысырап ететін тұтынушылар болып табылады.
Сондықтан, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу терможаңғырту элементтерін қамтиды, бұл үйлердің шатырлары мен қасбетін жақсарту арқылы ғимараттың жылу техникалық сипаттамасын жақсартады.
Алайда, жылу энергиясын тұтынуды реттеу мен есепке алу жүргізілмесе үйлерді терможаңғыртудан пайда болмайды.
Осыған байланысты Бағдарламаға толықтыру енгізілді, ол пәтер иелерін жертөлелерді, кіреберістерді, шатырларды және қасбеттерді жөндеген кезде міндетті түрде жылу энергиясын есептейтін үйге ортақ құрал және жылу энергиясын реттейтін автоматтандырылған жүйе орнатуға міндеттейді. Олай болмаған жағдайда үйді жөндеуді бюджеттік қаржыландырудан бас тартылады.
Бұдан бұрын Бағдарламада үйлерді жөндеуді бюджеттік қаржыландыру кезінде пәтер иелерінің қаражаты есебінен жөндеудің жалпы құнының кемінде 15% мөлшерінде жарна қажет деген міндетті талап болған.
Практика үйлерді жөндеудің орташа құны 20-25 млн. теңге екенін көрсетті, тұрғындар қысқа мерзім ішінде 3-4 млн. теңге мөлшерінде алдын ала жарна жинақтай алмайды.
Осыған байланысты, әкімдіктердің, Пәтер иелер кооперативтері қауымдастықтарының және азаматтардың өтініштері бойынша Бағдарламаға тиісті өзгерту енгізілді. Енді 2011-2012 жылдары алдын ала жарна талап етілмейді, 2013 жылдан бастап осындай жарна 3% кем емес, 2014 жылы - 5% кем емес, 2015 жылдан бастап - 7% кем емес болады.
Құрметті депутаттар!
Үйлерді жөндеудің алғашқы нәтижелеріне азаматтар қолдау көрсетті. Бағдарламаны іске асыруға тұрғындар көптеп тартылып жатыр.
2012 жылы үйлерді жөндеудің осы тетігіне қатысуға бір мыңға жуық үйдің тұрғындары ниет білдірді, оның алаңы 4,8 млн. шаршы метрді құрайды.
Бағдарламаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, үйлерді жөндеу тетіктеріне қолжеткізу артатын болады, ең алдымен табысы аз азаматтар оған қол жеткізеді.
Кондоминиум объектілерін жөндеудің алдын ала қорытындыларын талдай отырып, Мемлекет басшысының жөндеуді талап ететін үйлердің үлесін азайту жөніндегі тапсырмасы орындалады деп сеніммен айтуға болады.
Назарларыңызға рахмет!

Құрметті Қанат Алдабергенұлы!
Құрметті кеңеске қатысушылар!

Бүгінгі біздің кеңестің басты мақсаты Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыруды ұйымдастыру және алға қойылған міндеттерді шешу жолдарын талқылау болып отыр.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңірлерді дамытудың маңызы зор екендігін атап өтті.
Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамыту қажеттілігі Жолдауда баса айтылды.
Алдағы кезеңде барлық деңгейлердегі әкімдіктер мына міндеттерді орындауға күш салысу қажет.
Индустриялық-инновациялық даму.
Жамбыл облысы Қазақстанның инвестицияға тартымды өңірі болып табылады.
2011 жылы облыс өнеркәсіп өндірісінің көлемі 165,8 млрд. теңгені құрады, ол 2010 жылмен салыстырғанда 30,9 пайызға өсті.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 137,2 млрд. теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Ағымдағы жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша «Бизнестің жол қартасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 10 млрд. теңгені құрайтын 43 жобаны қаражаттандыру мақұлданды.
Бұл қарқынды төмендетпей өнеркәсіп әлеуетін бұдан әрі арттыра түсу қажет.
Қазіргі уақытта әлемдік экономикалық жағдай қиын болып отыр.
Осыған байланысты облыс әкімдігі Үкімет әзірлеген Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі кешенді шаралар (Б Жоспары) негізінде жұмыспен қамтуды, орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қарастыруы қажет.
Өңірлерді дамыту.
Үкімет өңірлерді дамыту бойынша қосымша шаралар қолдануда.
Бір салалы қалалар мен ауылдық аумақтардың проблемаларын шешу өңірлерді дамытудағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Жамбыл облысының Қаратау және Жаңатас қалаларын әзірленіп жатқан бір салалы қалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде дамыту көзделіп отыр.
2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жаңа «Қалалық агломерацияларды және бір салалы қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы бір салалы қалаларды жайғастыру мәселелерін шешу үшін 6,0 млрд. теңге бөлу қарастырылды. Қаратау мен Жаңатас қалаларына осы айтылған іс-шараларды жүзеге асыру үшін 200 млн.теңге бөлу көзделуде.
Облыс әкімдігі моноқалалар тізіміне енгізілмеген Шу қаласын дамыту жөніндегі жоғарыда аталған бағдарламаға ұқсас іс-шаралар жоспарын әзірлеп, кейін оны Облысты дамыту бағдарламасына енгізуі қажет.
2012 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде:
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 14 млрд. теңге қарастырылған. Соның ішінде Тараз және Шу қалаларының инфрақұрылымын дамытуға – 1 млрд. теңге бөлінбек.
- ауылдардағы жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсету бағытында және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4 және 2 бағыт шеңберінде 1,0 млрд. теңге бөлінеді.
Бюджеттік саясат.
2012 жылы республикалық бюджеттен облыстың жергілікті бюджетіне қарастырылған нысаналы трансферттер көлемі аз емес – 38,2 млрд. теңге, оның ішінде дамыту бюджетіне – 21,3 млрд. теңге бөлінеді.

Құрметті Сараптамалық комиссия мүшелері!
Ханымдар мен мырзалар!

Сіздермен Қазақстандағы іргелі білім ордасында кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын.

Елбасының «Болашақтың энергиясы» EXPO-2017 көрмесін елімізде, әсем Астанамызда өткізу туралы идеясының маңызы ерекше.
Бұл бастама ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың белсенді ішкі саясатынан және дұрыс таңдалған экономикалық бағытынан туындап отыр.

Көрме тақырыбының біз үшін мәні зор. Өйткені тиімді энергетиканы дамыту, энергия үнемдейтін технологияларды жетілдіру – елді дамытудың негізгі басымдықтарының бірі.
Әсіресе, экологиялық таза, қауіпсіз және жаңарып отыратын энергияны пайдалану аса қажет.
Дәстүрлі энергия көзі – көмірсутекті отынның жағымсыз жақтары жетерлік.
Қазіргі уақытта көмірді жаппай пайдалану кезінде адамзатқа және қоршаған ортаға үлкен зиян келуде.
Атом энергетикасының артықшылығы болғанымен, орасан зор қауіп көзі болып табылады.
Соңғы жылдары техногендік апат салдары көбейіп, алдын ала болжау қиынға соғып отыр.
Мексика шығанағындағы мұнай апаты, «Фукусима» аралындағы қайғылы оқиғалар экологиялық таза және қауіпсіз энергия көзін пайдалану мәселесін бұрынғыдан да күрделендіре түсті.
Сондықтан, әлемде күн, жел энергиясына, теңіз, мұхит суларының энергетикалық ресурстарына көшу өзекті мәселеге айналуда.

Осы бағытта жаңа технологиялар мен жүйелі шешімдер іздестіруді Қазақстан Республикасы Үкіметі қызу қолдайды.

Қазақстан Ресей, Германия, АҚШ, Қытаймен бірлесіп жаңа Энергоэкологиялық стратегияның ғылыми негіздері бойынша төрт Халықаралық өркениет форумын өткізді.
Олар 2007 жылы Мәскеуде, 2008 жылы Астанада, 2009 жылы Алматыда, 2010 жылы Шанхайда өтті.


2001 жылы 1 қарашада Қазақстан БҰҰ-ға РИО+20 тұрақты даму жөніндегі БҰҰ конференциясының күн тәртібіне «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясын» талқылауды қосу туралы Ұлттық ұсыныс енгізді.

2004 жылдан бастап БҰҰ-ның даму бағдарламасымен бірлесіп жел энергиясын пайдалану жұмыстарын жүргізіп келеміз.
Қазақстанда осы тақырып бойынша бірнеше көлемді зерттеу бағдарламалары іске асты.
Атап айтқанда: «2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында кремний саласын құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету»;
«Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетиканы дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы», және т.б.

Қазіргі кезде ғалымдарымыз «Қазақстан экономикасының энергетикалық секторын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасын» орындауда.
Әзірленген жаңа технологиялар мен өнімдер еліміздің экономикасында, Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында практикалық түрде іске асатын болады.

Осы бағытта келешек ғалымдардың, инженерлердің жаңа буындарын дайындап жатырмыз.
«Назарбаев Университетінде» халықаралық негізде үш ірі зерттеу орталығы құрылды.
Энергетикалық зерттеу орталығында энерготиімділік проблемаларымен шетелдік және отандық ғалымдармен бірге студенттер де айналысатын болады.
Осы тақырып бойынша еліміздегі басқа да көптеген жоғары оқу орындары белсенді жұмыс жасауда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылы Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» атты EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу туралы ұсынысы Энергоэкологиялық проблемаларды шешу жөніндегі Қазақстанның маңызды бастамасы болып табылады.
Әлемдік көрме қоғамдық-саяси және экономикалық маңызы жағынан бірегей оқиға болмақ.
Әлемдік деңгейдегі көрмені – адам дамуының тарихына жасалған шолу деп айтсақ та болады.
Оның басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді, даму болашағын, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің тарихын, салт-дәрстүрі мен мәдениетін таныстыру.

Мұндай көрмелер халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстарды кеңейтуге ықпал етіп, ортақ мүдделерге тоғысқан әртүрлі елдерде тұратын адамдардың жүздесуіне мүмкіндік береді.

Бұл жерде EXPO көрмесінің орны ерекше.

Біздің еліміз ЕХРО-ға 2005 жылдан бастап қатысады.
2012 жылы Қазақстан Кореяның Ёсу қаласындағы ЕХРО халықаралық көрмесіне 4-ші рет қатысайын деп отыр.
«Болашақтың энергиясы» атты ЕХРО-2017 көрмесін Астана қаласында өткізуге Қазақстанның саяси және экономикалық мүмкіндігімен қатар тиімді энергетиканы дамыту бағдары да бар.
Бұл – елдің алдағы он жылдағы даму негіздерін қарастыратын білім мен ғылым сияқты салалардан да жақсы көрінеді.

«Болашақтың энергиясы» деген тақырып барша адамзатты біріктіріп, экологиялық қатер мен энергия тапшылығына қатысты жаһандық проблеманы шешуге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рахмет!


Құрметті Тулл мырза!
Ханымдар мен мырзалар!

Ең алдымен, Қазақстан_Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының жиырма жылдығына арналған салтанатты жиналыстың қатысушыларын құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі шара еліміздің тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерейтойымен тұстас келуін ерекше нышанды жағдай деп есептеймін. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесі болуы мемлекетіміздің ұлттық тәуелсіздігінің айқын белгісі болып табылады.
Бүгін Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дипломатиялық корпуспен кездесуінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық аренадағы рөлінің барынша нығаюына және біздің елімізде оның жобалары мен бағдарламаларының жүзеге асуына орасан зор мән беретінін ерекше атап айтқым келеді.
Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жалғыз ғана халықаралық ұйым болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке кірген алғашқы күннен бастап, Қазақстан оның жұмысына өте белсенді түрде қатысып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында біздің мемлекетіміздің басшысы көтерген барлық халықаралық бастамалары мен ұсыныстары Ұйым тарапынан әрдайым қолдау тапқанын ерекше атап өткім келеді. Бұл бастамалардың басты стратегиялық мақсаттары жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дүниежүзілік экономикалық әділ тәртіптің қалыптасуы, тұрақты дамудың тетіктерін жасау, бүкіл әлемдік қауымдастықтың мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру болып табылады.
Ханымдар мен мырзалар!
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданғанының зор саяси мағынасын төмендегідей сөздермен айшықтады: дәйексөзінің басы - «Қазақстан БҰҰ-ға толық құқылы мүше болды. Бұл оқиғаның мәні баға жеткізгісіз. Біз халықаралық құқықтардағы өзіміздің ұстанымымызды дәлелдеп қана қоймай, әлемде қауіпсіздік орнатудың негізгі жұмысында аталған беделді ұйымның мүдделерін бірге қорғауға атсалысып отырмыз», – дәйексөзінің соңы.
Біз Ұйымды халықаралық қоғамдастықтың көкейкесті мәселелерін талқылау мен олар бойынша шешімдер қабылдауға арналған көпжақты бірегей алаң ретінде қарастырамыз.
Қазақстан болашақта бейбітшілікті жақтау, ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау, орнықты дамыту, қоршаған ортаны қорғау, мәдениеттерді жақындастыру және басқа да өзекті бағыттар бойынша көпжақты күш-жігерге салмақты үлес қосуға ұмтыла бермек.
БҰҰ қызметіне жиырма жыл бойы қатысып келе жатқан ісіміздің қорытындысын шығара отырып, біз БҰҰ сарапшыларына және институттарының басшыларына әсіресе тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында мемлекеттілігіміздің қалыптасу ісінде баға жеткізгісіз қолдау көрсеткені үшін терең алғысымызды жеткізбей қоймаймыз.
Біз Ұйымға Қазақстанға кедейшілікті төмендету, денсаулық, орнықты дамыту, қоршаған ортаны жақсарту мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін ризамыз. Арал теңізі өңіріне көрсетілетін көмек пен бөлінетін көңілді ерекше атап өткім келеді.
Біз былтыр өзге елдерге тамаша үлгі бола алатын Қазақстанның Семей өңірін дамытудың бірегей бағдарламасын іске асыруды қолға алдық. Бұл бағдарламаны іске қосу Қазақстанның БҰҰ-ның Агенттіктерімен бірге бірлескен жобаларды қаржыландыруға жаңа тәсілді әзірлеуінің арқасында мүмкін болды.
Жылдан жылға өңірлік донордың белсендірек рөлін атқарып келе жатқан және көрші елдерге елеулі жәрдемін көрсетіп отырған Қазақстан KazAID Қазақстандық көмек беру мен дамыту жөніндегі агенттігін құру идеясымен жұмыс істеуде.
Бұдан арғы өзара ықпалдасуымыздың тиісті институттандыру шешімдерін талап ететін болашағы зор екеніне сенімдімін. Ат ап айтқанда,Қазақстанның Алматы қаласын ішкі өңірлік көпжақты дипломатия орталығына айналдыру жөніндегі жоспарларын іске асыру бұдан арғы өзара ықпалдасуға жақсы негіз болуда.
Мүмкіндікті пайдаланып, мен БҰҰ агенттіктеріне бізбен осы бастаманы іске асыру жөніндегі өз идеяларыңызбен бөлісіңіздер деп жүгінгім келеді.
Өз тарабымыздан оңтүстік астанамызға БҰҰ бөлімшесінің мәртебесін беру Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетін өңірлік жобаларды іске асыруға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ Ауғанстан мен Оңтүстік Кавказды қоса алғанда жақын жатқан бірқатар тұтас елдер мен аймақтарды «дамытуға жәрдемдесу аймағына» тарту үдерісіне серпін берер еді деп есептейміз.
Аймақтық ұйымдардың белсенді қатысушысы бола отырып, Қазақстан БҰҰ-ның Еуразиялық экономикалық қоғамдастықпен, ҰҚШҰ, ШЫҰ-мен өзара ойдағыдай ықпалдасуына мүдделі.
Бірқатар әлемдік және өңірлік форумдарды шақыру жолындағы бастама көтеруші ретінде еліміз БҰҰ өкілдерінің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысып жүргенін құптайды.
Сөзімді тәмамдай отырып, Қазақстан Үкіметінің атынан халықаралық қоғамдастықтың көкейкесті мәселелерін шешуде жаһандық іс-қимылдарды ұйымдастырудың тиімді құралы болып қалып отырған БҰҰ қызметіне сенімділік пен бұдан арғы табыстар тілегім келеді.
Ықыластарыңызға рахмет.

Құрметті әріптестер!

Бүгін Сіздермен жүздесіп отырғаныма шын жүректен қуаныштымын.
Ағымдағы жылғы 27 ақпанда Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауын жариялады.

Кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде экономикалық дағдарыстың және дағдарыстың екінші толқыны әсерінен әлеуметтік бағдарламалар бойынша бөлінетін қаржы қысқаруда.
Осындай күрделі кезеңде Елбасымыз әлеуметтік даму бағдарламасын ұсынып отыр.
Бұл – Елбасымыздың адам капиталын дамытуға деген қамқорлығының куәсі.

Еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
2011 жылы экономикамыз 7,5%-ға өсті. Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
Ұлттық әл-ауқат деңгейі бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан 50-орынға ие. Бизнесті жүргізу рейтингісінде 47-орында.
Осылайша табысы ортадан жоғары елдердің қатарына ендік.
Қазақстан әлемде экономикасы қарқынды дамыған елдердің арасында Қытай мен Катардан кейінгі үшінші орында.

Президент Жолдауда он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.

Бірінші. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту.
Индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде соңғы екі жылда 200 мың жұмыс орны ашылды.
Үкімет Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын бекітті.
Алдымызда оқыту мен жұмысқа орналасудың тиімді жүйесін жасау, ауылда кәсіпкерлікті дамыту сияқты міндеттер тұр.
Осы мақсатқа 2012 жылы қосымша 11,8 млрд. теңге бөлінеді.
2020 жылы 1,5 млн. адамды жұмысқа орналастыруымыз қажет.

Екінші. Қолжетімді баспана.
Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пай-далануға берілетін болады.
Бірінші кезекте жарты миллионға жуық жас отбасыларды баспанамен қамту мәселесі шешіледі.
Жаңа «Қолжетімді баспана-2020 бағдарламасын» іске асыру үшін 36 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Үшінші. Өңірлерді дамыту.
Өңірлерді дамытуға барынша көңіл бөлінуде.
Бұл үшін алдымен жаңа заводтар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады.
Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы әзірленетін болады. Бағдарламаға Жаңатас, Қаратау қалалары кіргізілген.

Төртінші. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Электронды үкімет дамып, әкімшілік рәсімдер жеңілдейтін болады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа тізіміне білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласында қызмет көрсетудің 500-ден астам түрі енгізіледі.
«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заң жобасы әзірленуде.

Бесінші. Кадр әлеуетін жақсарту.
Біздің маңызды міндетіміз – басқарушылардың білікті саяси элитасын дайындау.
Үкіметке, Президент Әкімшілігіне президенттік кадр корпусына кандидатура бойынша ұсыныс дайындау тапсырылды.

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.
Судьялар корпусын қалыптастыру тәртібі қайта қаралады. Құқық қорғау органдарында кадрлар қайта аттестаттаудан өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындалатын болады.

Жетінші. Адам капиталының сапалы өсуі.
Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау саласына қатысты.
Осы бағытқа кеңінен тоқталып өтейін.

Білім беруге бөлінетін қаржы көлемі 2011 жылы 25%-ға өсіп, 1 триллионнан астам теңгеге жетті.
2012 жылға 1,2 трлн. теңге бөлінді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың саны бір жылдың ішінде 26%-ға өсті. 1-6 жастағы балаларды қамту 47,5%-ға жетті.
3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 65,4%-ды құрады. Ал 2010 жылы 55% болатын.

Елбасының тапсырмасы бойынша білім сапасын бақылаудың бірыңғай вертикалі құрылды.
Бұл – білім сапасын арттыруға, Министрліктің білім беру ұйымдарымен кері байланысын күшейтуге жасалған маңызды қадам.

Өткен жылы білім және ғылым жүйесінің құқықтық базасы толығымен жаңартылды.
«Ғылым туралы», «Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры мәртебесі туралы» жаңа заңдар қабылданды.
«Білім туралы» Заңға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Өткен жылы барлығы 7 заң қабылданды. Үкіметтің 70-тен астам қаулысы әзірленіп, қаралуда. Олардың бірқатары бекітілді.

Қазақстан үш жылдан бері ЮНЕСКО-ның Білім беруді дамыту индексі бойынша үздік төрт елдің қатарында тұр.
Оқушыларымыз халықаралық олимпиадаларда көптеген наградаларға ие болуда.
2007 жылы олар 181 медаль жеңіп алса, 2011 жылы 912 медальға ие болды.
Осы жылы бар күш-жігеріміз Жолдауда айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға жұмсалады.

Бірінші – оқыту процесіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Олар халықаралық тәжірибенің және білім жүйесінде үлгі болып отырған – Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептердің негізінде орындалады.
Сонымен қатар, Елбасы ерекше атап өткен педагогтердің сапасы мен біліктілігін көтеру мәселесінің маңызы өте зор.
Бұл – білім сапасын арттырудың басты негізі.
Осы мақсатта мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі өзгертеміз.
Әлемдік тәжірибе негізінде қайта даярлаудың жаңа бағдарламасы мен әдістері әзірленді.
Қазіргі кезде аймақтарда Педагогтердің біліктілігін арттыру орталығы, Назарбаев Зияткерлік мектептері жанынан Педагогикалық шеберлік орталықтары ашылды.
Осындай жаңа жүйе арқылы 5 жыл ішінде мұғалімдердің жартысын қайта даярлауды жоспарлап отырмыз.
1 қыркүйектен бастап педагогикалық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру жүйесі іске қосылады. Бұған ауқымды қаражат бөлінді.

Дамыған елдерде кең тараған «E-learning» электронды оқыту жүйесін меңгере бастадық.
44 білім беру ұйымында «E-learning» пилоттық жобасы басталды.
2012 жылы олардың санын 537-ге жеткізіп, жылдамдығы жоғары (секундына 4-тен 10 Мбит/сек) Интернетпен қамтамасыз етуіміз қажет.

Екінші. Біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесін құру.
Әлі күнге дейін кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру ұйымдары бітіретін мамандардың сапасын өздері бағалайды.
Әлем елдері бұл тәжірибеден әлдеқашан бас тартқан.
Олар бітірушілерді тек жұмыс берушілер мен осы салада істейтін мамандар ғана дұрыс бағалай алады деп санайды.
Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша пилоттық режимде салалық ассоциациялар базасында бірнеше тәуелсіз Біліктілікті растау орталықтары құрылатын болады.
Осындай алғашқы орталықтардың бірі – педагогтердің біліктілігін растау орталығы болмақ.

Үшінші. Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей білім алуды қамтамасыз ету.
Осы кезге дейін сырттай білім алудың ескі кеңестік жүйесі жұмыс жасауда. Оның сапасы да өте төмен.
Қазіргі әлем мұндай тәжірибеден баяғыда-ақ қол үзген, сырттай оқу деген ұғымды пайдаланбайды.

Мысалы, Германияда техникалық және кәсіптік білімде даярлаудың дуальді жүйесі бар.
Онда білім алушылар уақытының ¾-інде өндірісте жұмыс істейді және оқиды.
Тек уақытының ¼-ін ғана білім беру ұйымында теориялық білім алуға жұмсайды.
Қазір техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Ұлттық кеңес, Салалық және өңірлік кеңестер құрылды.
Әрбір аймақта 2-3 колледжді осы жүйеге, оның ішінде дуальді жүйеге бейімдеп, кейін олардың тәжірибесін басқа ұйымдарға тарататын боламыз.
Тағы бір маңызды әдістің бірі – қашықтықтан оқыту. Қашықтықтан оқытуда ақпараттық, интерактивтік технологиялар қолданатын болғандықтан, өндірістен қол үзбей-ақ сапалы білім алуға болады.

Төртінші. Мектептердің беріп жатқан білімі, теориялық жағынан алғанда өте маңызды. Алайда, оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуі тым жеткіліксіз.
Елбасының тапсырмасына сәйкес Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамыту туралы Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданатын болады.

Бесінші. «Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік, жастардың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту.
Біз бұл мәселені жүзеге асыруға кірісіп кеттік.
Жастар саясаты туралы заң жобасына оқушы жастардың жол жүруіне жәрдем ақша бөлу нормаларына қатысты ұсыныс енгізілді.
2015 жылға қарай Елбасының тапсырмасы бойынша 94 жатақхана, оның ішінде Алматы мен Астанада екі студенттік қалашық салуды жоспарлап отырмыз.

Алтыншы. Жастар проблемасына жеткілікті көңіл бөлмеу – қоғамдағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді.
Сондықтан Елбасының Оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту туралы тапсырмасы өте маңызды.
Бұл мәселеде министрлікпен қатар жергілікті атқарушы органдардың күшін біріктіру қажет екеніне назар аударғым келеді.
Жастар тәрбиесіндегі жағдай өте күрделі.
Біздің балаларымызға, жастарға қазіргі уақытта кері ақпараттық ықпал бұрынғыдан да күштірек.
Олар интернет, ойын және компьютер клубтары, экстремистік ұйымдар арқылы ықпал етеді. Жастар көбінесе әртүрлі ақпараттық ағымға беріліп кетеді.
Жастар арасында қылмыстық, өзіне қол жұмсау фактілері жиі кездеседі.
Бұл істе басты жауапкершілік білім беру ұйымының бірінші басшысына, ректордан бастап мектеп директорына, облыстық білім басқармаларының бастықтарына жүктеледі.
2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастардың бірқатар жобалары қолдау тапты. 19 ресурстық орталық құрылды (16 аймақтық және 3 республикалық).
«Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобалары іске асырылды.
Жастар саясаты мәселелері туралы заң жобасы Парламентке енгізілді.

Осы жылы Жолдауға сәйкес Білім алушы жастарды тәрбиелеудің кешенді бағдарламасын әзірлеуіміз қажет. Онда басты рөл «Жас Ұлан» ұйымына беріледі.
Аймақтарда, оның ішінде осы облыста жастар саясаты басқармасын құру мәселесін тез арада шешуді қажет деп есептейміз.
Жетінші. Инновациялық жүйені және ғылымға мемлекеттік қолдауды күшейту.
Елбасының қолдауымен ғылымды қаржыландыру үздіксіз өсіп келеді.
2011 жылы ғылыми зерттеуге арналған қаржыландыру көлемі 28,8 млрд. теңгені құрады, 2012 жылға бюджет жобасына 45 млрд. теңге салынған. Өсім 56%-ды құрайды.

Ғылымды қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізілді. Олар: базалық, гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды қамтиды.

Жолдауда қарастырылған инновациялық гранттарға арналған шығыстарды көбейту экономикаға ғылыми нәтижелерді тиімді енгізуді қамтамасыз етеді.

Сегізінші. Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер тәжірибесін барлық білім беру жүйесіне тарату.
Осы мақсатта Назарбаев зияткерлік мектептерінің жанынан Педагогикалық шеберлік орталықтары құрылды.
Екінші бағыт – базалық мектептерді анықтау. Олардың оқу процесіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық жетістіктерін енгізу. Сондай-ақ, семинарлар, мастер кластар арқылы Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтерінің тәжірибесін тікелей тарату.
Назарбаев Университетінің әзірлемелері құрылып жатқан зерттеу және инновациялық университеттер арқылы таратылады.

Жолдауда денсаулық сақтау саласына да ауқымды міндеттер қойылған.
Халықтың денсаулық көрсеткіштері жақсарды. Дүниеге келетін сәбилер саны көбейді. Адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы артты.
Ана өлімі 1,5 есеге, бала өлімі 10%-ға азайды.
Қан айналымы жүйесі ауруынан қайтыс болғандар саны 1,7 есеге азайды.
Елімізде озық емдеу-диагностикалау кешендері құрылды. Медицинаның негізгі бағыттары бойынша ондаған орталықтар ашылды.
Күні кеше елімізде болмаған операциялар жасалуда.
2011 жылдың өзінде 8 мыңнан астам жүрекке операция жасалды.
Көлік медицинасы: медициналық пойыздар, автокөліктер, авиация дамып келеді.
Ендігі кезекте онкология дертіне байланысты көрсеткішті азайту мәселесі тұр.
Үкіметке Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

Енді Президент Жолдауында көрсетілген басқа да бағыттар туралы айтып өтейін.

Сегізінші бағыт – Зейнетақы жүйесін жетілдіру.
Елбасының тапсырмасымен 2009 жылдан бастап зейнетақы мөлшері үш рет көбейді.
Бүгінде орташа зейнетақы мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артық.
Қазақстан бұрынғы кеңес үкіметі құрамындағы елдердің ішінде алғашқы болып, жинақтау жүйесін енгізді.
Бүгін оған 8 миллиондай адам қатысады. Жинақталған қаржы көлемі 17 млрд. доллардан асады.

Тоғызыншы – Индустриялық-инновациялық жобалар.
Индустрияландыру бағдарламасының арқасында соңғы екі жылда 350-ден астам жаңа өндіріс іске қосылып, жүз мыңдаған жұмыс орындары ашылды.
2011 жылдың 9 айы бойынша облыстың ішкі өнім көрсеткіші басқалармен салыстырғанда жоғары – 12,4 %.

Оныншы – ауыл шаруашылығын дамыту.
Біртұтас астық холдингі құрылады. Астық саласын ұйымдастырып, ет өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін жандандыруымыз қажет.

Құрметті әріптестер!
Осы облыстағы білім беру жүйесінің көрсеткіштеріне тоқтала кетейін.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жастағы балалардың 63%-ы қамтылған. Бұл республикалық көрсеткіштен (65,4%) төмендеу.
Сонымен қатар 5-6 жастағы балалар мектепалды даярлықпен 100% (ҚР – 94,7%) қамтылған. Бұл - жақсы көрсеткіш.
«Балапан» бағдарламасы бойынша балабақша саны бір жылдың ішінде 25%-ға (280-нен 351-ге) өсті. Шағын орталықтар 41%-ға (128-ден 181-ге) артты
Өткен жылы бұл облыста республикалық бюджет есебінен 2 балабақша салынды. Ағымдағы жылы тағы 3-уі салынады.
2015 жылға дейін барлығы 14 мектепке дейінгі ұйымды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бүгінгі күнге дейін 25 630 өтініш берілген. Бұл – 2010 жылмен салыстырғанда 10,5 мыңға артық.
Бұл проблеманы мемлекет қана шеше алмайды. Сондықтан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін пайдалану қажет.
Екі жылда бір мемлекеттік емес балабақша салу жеткіліксіз. Әкімдік бұл мәселені ойластыруы тиіс.

Орта білім жүйесінде бұл облыста мектептердің 42%-ы лингафондық мультимедиалық кабинеттермен қамтамасыз етілген.
Аймақта мектептердің 46%-ы шағын жинақты мектептер болып табылады.
Шағын жинақты мектептердегі оқыту сапасын арттыру мақсатында 160 ресурстық орталық құрылады.
Алғашқы 26-сы жұмыс істеп жатыр, олардың 2-уі осы облыста.
Елбасының тапсырмасы бойынша республикада 6 Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс істейді.
Осы жылы облыста 720 орындық физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, білім беру жүйесінде бірқатар проблемалар бар.
Өкінішке орай 170 мектеп (45,9%) ыңғайласқан ғимаратта орналасқан.
8 мектеп 3 ауысымда жұмыс істейді.
Апатты жағдайдағы мектептер саны өсуде – 29 (2010 жылы - 25). Мектептердің үштен біріне күрделі жөндеу қажет (158 немесе 34,6%).

Компьютер техникасымен жабдықтау төмен деңгейде. 24 балаға 1 компьютерден келеді. (республикада 16 оқушыға 1-уден).
Техникалар ескірген. Әрбір төртінші компьютер жұмыс істемейді.

Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту деңгейі де төмен – 16,5% (ҚР-да – 18%). Колледждер мен лицейлердің материалдық базасы нашар. Бітірушілердің үштен екісі ғана (65,3%) жұмысқа орналасады. (Республика бойынша – 75,1%).
Облыста 2011 жылдың өзінде 13 өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген. Бұл алаңдататын жайт. Осы орайда Әлеуметтік және мектептегі психологтардың деңгейін арттыру қажет деп санаймын.

2008 жылы болған сапарында Елбасы Н.Назарбаев Өңірлік білім беру орталығын ашуды тапсырған болатын. Бұл тапсырманы 600 орындық кәсіптік лицей базасында іске асыру 2013 жылға жоспарланған.
Елбасының тапсырмасын бұлай созуға болмайды. Барлық шараларды қабылдап, жобаны 2012 жылдың тізбесіне енгізу қажет.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 9, жергілікті бюджеттен 6 мектептің құрылысы басталды.
Республикалық бюджет есебінен 3, жергілікті бюджет есебінен 1 балабақша берілетін болады.

Құрметті қатысушылар!
Елбасының кезекті Жолдауы алдымызға нақты талаптар қойып, жаңаша еңбек етуге жігерлендіріп отыр.
Мен сіздерді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бір кісідей қатысып, белсенділік танытуға шақырамын.
Бұл үшін бәріміз бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет.
Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Бұл - жалпыхалықтық іс».
Қолда бардың қадірін біліп, ертеңіміз үшін еселі еңбек ету – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Назарларыңызға рахмет.

Құрметті Бас хатшы мырза,
Құрметті Төраға,
Ханымдар мен мырзалар,

Ең алдымен осындай толымды және кәсіби аудиторияның алдында сөз сөйлеу мүмкіндігі үшін алғысымды айтып, Мысырдың Тұрақты өкілін құттықтап, үлкен тәжірибе мен сессия жұмысын шебер басқару форумның іс-әрекетін «тапжылмаудан» шығаруға мүмкіндік береді деген сенімді білдіргім келеді.
2011 жыл қарусыздану мен таратпаудың жаһандық үдерісіне сезімді үлес қосты. Алайда үміттендіретін үрдістер жағдайында соңғы он алты жылда Қарусыздану жөніндегі конференцияның субстантивті жұмысының жоқтығы алаңдатады. Осы беделді форум қарусыздану үдерісінің көшбасында жүруге тиіс деп есептейміз.
Біз Қарусыздану жөніндегі конференцияны халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың басты тетіктерін талқылаудың жалғыз және баламасыз көпжақты алаңы ретінде қарастыратынымызды қуаттағым келеді. Аталған форумның жоғары потенциалы барына және оның қарусыздану үдерісіне маңызды үлес қосатынына сенімдімін.
Біз Конференция жұмысын тиісті саяси жағдайдың құрылуына дейін тоқтатумен келіспейміз. Қарусыздану жөніндегі конференция, осыдан да күрделі халықаралық саяси жағдайда құрылып, сәтті қызмет атқарғанын айта кеткім келеді.
Конференцияның субстантивті жұмысын бастау үшін тек қана саяси ерік қажет екеніне нық сенеміз. Қазақстан Конференцияның қатысушы-мемлекеттері алауыздықтарын еңсеріп, күн тәртібінің жұмысына кіріседі деген үмітте. Біз құрметті Конференция Бас Хатшысының Қарусыздану жөніндегі конференцияның жұмысын жандандыру, сонымен қатар қалыптасқан тығырықтан шығу жолын іздеу мақсатындағы Көрнекті қайраткерлер тобын құру үшін жоғары деңгейдегі арнайы кездесу ұйымдастыру ұсынысын қолдаймыз.
Болашақта екі құрылымды – Қарусыздану жөніндегі конференцияны және БҰҰ-ның қарусыздану бойынша комиссияны біріктіру ұсынысына қызығушылық білдірудеміз. Осындай шешімнің барлық ықтимал салдарларын қарастыру қажет деп санаймыз. Сонымен қатар күн тәртібі, рәсімдер ережелері және мүшелік бойынша үш арнайы үйлестірушіні белгілеу бойынша ұсынысты мұқиятты зерттеу қажет.
Осыған қоса, рәсімдердің өзгеруі мен Қарусыздану жөніндегі конференцияның жүйелік реформалары – бұл панацея емес деп санаймыз. Біз мәселенің басқа арнада жатыр деп есептейтін делегациялар көзқарасына ортақтасамыз.
Конференция жұмысындағы прогрестің жоқтығы жалпы жаһандық қарусыздану үдерісіндегі жағдайдың бейнесі болып табылады. Мемлекеттер ұлттық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде өздерінің жолдарын ұстанады, және қайшылықтар себептерін Қарусыздану жөніндегі конференция жұмысының регламентінде іздеу қажеттілігі жоқ. Қарусыздану жөніндегі конференция шеңберінде қабылданған консенсус қағидасы әділетті және барлық қатысушылардың мүдделерін ескеретін үйлестірілген құжаттар жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен консенсус қағидасын Конференция жұмысын блоктау үшін пайдаланған өрескел деп есептейміз. Ұлттық мүдделерді конструктивті талқылау мен өзара тиімді шешімдерді іздеу барысында қорғау қажет деген түсінікке негізделеміз. Қарусыздану бағытындағы жедел нақты қадамдарды қабылдау біздің ортақ мүддемізге сай.
Сонымен қатар жеке мәселелерді Конференцияның шеңберінен тыс шығаруды жөнсіз деп есептемейміз. Мемлекеттердің қарусыздануы жағынан басты мемлекеттердің қатысуынсыз баламалы талқылау алаңдарын құру, қабылданған құжаттардың әмбебап және тиімді жұмыс істемеуіне алып келеді.
Қазақстан Қарусыздану жөніндегі конференцияның жұмысында келесі төрт маңызды мәселені тең шамада басымды деп санайды: ядролық қарусыздану, Ыдыратқыш материалдар өндірісіне тыйым салу туралы шартқа қол қою, қауіпсіздіктің жағымсыз кепілдіктерін беру және ғарышта жанталаса қарулануды болдырмау. Олардың әрқайсысы маңызды және ұжымдық шешімді қажет етеді. Және біз олар бойынша жұмысты бір мезгілдік және шұғыл бастауды қолдаймыз.

Құрметті Төраға мырза,
Мемлекетіміз әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартып, Семейде ең ірі ядролық полигонды жауып, таратпау мен ядролық қатерді қысқартудың әлемдік үдерісінің қолдаушысы болып қалып отыр.
Бүгін Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Шарт (ЯҚТШ) іргетасы болып табылатын жаһандық қарусыздану үдерісіндегі стагнацияны еңсеру аса маңызды.
Біз ЯҚТШ шеңберінен тыс қызмет ететін немесе Шарттан шығу алдында тұрған мемлекеттерге қарсы әрекет етудің нақты тетіктерін жасауымыз қажет деп есептейміз. Оның мүшелерімен үш іргелі жасаушының – қарусызданудың, таратпаудың және атом энергиясын бейбітшілік жолында пайдаланудың – тұтастығында көрініс тапқан міндеттемелерін шартсыз орындауына қол жеткізу қажет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы барысында ядролық державаларға қазіргі кездегі болмысты ескере отырып алға тартылған ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы бірқатар ұсынысымен шыққан.
Мемлекет басшымыз БҰҰ аясында барлық мемлекеттердің ядросыз әлем идеалдарына біртіндеп ілгерілеу жігерлігі бекітілген Ядросыз әлемнің жалпы декларациясын қабылдау туралы мәселені талқылауды бастауды ұсынды. Бұл Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияны қабылдау бағытындағы алғашқы маңызды қадам болар еді.
Кейбір аса ықпалды мемлекеттердің осы уақытқа дейін Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шартқа (ЯСЖТСШ) қол қою мен оны ратификациялаудан қалыс қалуы өкініш туындатады. Істің осындай жағдайы теория тұрғыдан ядролық державаларға ядролық қаруды сынауды жалғастыруға, ал оны шығару алдында тұрған мемлекеттерге өздерінің ракеталық-ядролық бағдарламалары бойынша жұмысты жазасыз жалғастыруға тыйым салмайды.
Қазақстан Келісімнің күшке енуі тәуелді болып тұрған мемлекеттер қатарына кіретін Индонезиямен ратификациялануын қанағатпен қабылдаған. Мүмкіндікті пайдаланып, Гананы, Гвинея мен Гватемаланы ЯСЖТСШ-ның күшке енуі бойынша ішкі мемлекеттік рәсімдердің аяқтаумен құттықтаймын. Біз сонымен қатар АҚШ Әкімшілігінің аталған Шарттың АҚШ Сенатымен ратификациялау ниетін қолдаймыз және осы үдеріс тым ұзаққа созылмайды деген үміттеміз. Осы маңызды халықаралық құжатты ратификацияламаған барлық мемлекеттерді осы үдерісті шапшаңдатуға шақырамыз.
Қазақстан бастамасына сәйкес БҰҰ Бас Ассамблеясымен 2009 жылғы желтоқсанда қабылданған 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні деп жариялау туралы резолюция ЯСЖТСШ мақсаттарына толықтай сәйкес келеді.
2011 жылы Қазақстан мен мемлекетіміздің қатысуымен одан тыс жерлерде антиядролық бағыттағы бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өткізілді. Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күніне және Семей полигонының жабылуының 20-жылдығыа орай, былтырғы жылғы қазанда Астана мен Семей қалаларында ұйымдастырылған Ядросыз әлем форумын ерекше айта кеткім келеді. Аталған форум қатысушылары ядролық қаруға ие барлық мемлекеттерді оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде жоюға шақырған Астана декларациясын қабылдады.
Аймақ бойынша көршілермен Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құрған мемлекет ретінде, Қазақстан ядролық державалармен ядролық қаруға ие емес мемлекеттерге қауіпсіздік кепілдіктерін беру бойынша халықаралық заңдық міндеттейтін құжатты жасауға шақырады. Сонымен қатар аймақ мемлекеттерінің Семей шартының институционалдау үдерісін аяқтауға еріктілігін және аймақ қатысушыларына жағымсыз кепілдіктер туралы хаттамаға қол қою мақсатында «үлкен ядролық бестік» мемлекеттерімен конструктивті сұхбат бастауға дайындығын айта кеткім келеді.
ИЫҰ СІМК Астана декларациясында Ұйымның мүше-мемлекеттері ядролық қарусыздану мен таратпаудың барлық аспектілеріндегі прогресс халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін негіз болып табылатынына сене отырып, 2012 жылғы Конференция ойын қолдаған. Астаналық ИЫҰ СІМК-нің жеке резолюциясы Таяу Шығыста ядросыз аймақты құруға арналған. 2012 жылғы Конференцияны шақыруға жәрдемдесу Қазақстанның 2011-2012 жылы Ислам Ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде (ИЫҰ СІМК) төрағалығының басымдықтар қатарына кіреді. Біз, Таяу Шығыста ядролық қарудан және жаппай қырып-жою қаруының басқа түрлерінен азат аймақ құру бойынша Хелсинкиде өтетін Конференцияның сәтті аяқталуына, мемлекеттердің уағдаластықтарға қол жеткізуі, саяси жігерліктері және араларындағы келіспеушіліктерді жеңе алатындықтары мүмкіндік беретіндігіне үміттеміз.

Төраға мырза,
«Ядролық ренессансты» және әр түрлі мемлекеттердің ядролық энергетикаға деген қызығушылықты ескере отырып, Қазақстан Республикасы әлемдегі уран өнімінің ең ірі жабдықтаушыларының бірі ретінде ортақ іске маңызды үлесін қосуға дайын.
Бейбіт атомға тең қол жетімділік қағидасын ұстана отырып, Қазақстан былтырғы жылғы шілдеде өзінің аумағында АЭХА-ның Халықаралық төмен байытылған уран банкін орналастыруға өтінішін жолдаған.
Біз АЭХА аясында төмен байытылған уранның қосымша резервтерін құру, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Шартқа әрбір мүше-мемлекеттің АЭХА-ның талаптарын толықтай орындау жағдайында бейбіт ядролық әрекеттерін дамытуға заңды және ажырамас құқығын қозғамай барлық мемлекеттердің ядролық отынға кепілдендірілген қол жетімділігін құратындығына сенімдіміз.

Құрметті Төраға мырза,
2012 жыл қарусыздану мен таратпау саласындағы оқиғаларға толы болайын деп отыр. 26-27 наурызда Сеулде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі екінші жаһандық саммиті өтеді. Сәуірдің соңында Венада 2015 жылғы ЯҚТШ мүше-мемлекеттердің Шолу конференциясының Даярлау комитеті жұмысын бастайды. Осының барлығы мемлекеттер мен олардың көшбасшыларының қарусыздану мен таратпау мәселелерін бірлескен әрекеттер арқылы шешуге дайындығын растайды. Біз, Конференцияның жұмысы біздің ортақ мақсатымыз – Әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін «тапжылмаудан» шығады деп шын сенеміз.
Барлығымызға сәтті жұмыс тілеймін.

Көңіл бөлгеніңізге рахмет.

Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!
Құрметті «Нұр отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшелері!

Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында және «Нұр отан» Халықтық - Демократиялық партиясының бағдарламасында берген тапсырмаларды іске асыру мақсатында елдің 2012 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамының негізгі параметрлері нақтыланды.
Бірқатар халықаралық агенттiктердiң болжамдары бойынша, биылғы жылы әлемдiк экономиканың өсу қарқындарының бәсеңдеуі күтiледi. Мысалы, Дүниежүзілік Банк 2012 жылғы әлемдік экономиканың даму қарқынының болжамын 3,6 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендетті. Халықаралық валюта қоры 2012 жылы әлемдік Жалпы ішкі өнімнің 4 пайыздан 3,3 пайызға дейін (2011 жылы бұл көрсеткіш 3,8 пайызды құрады) төмендеуін болжап отыр.
Әлемдік экономиканың бәсеңдеуі, ел экономикасына әсерін тигізуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі орташа жылдық 6,9 пайыз көрсеткіштен төмен болып, 4,8 пайызды құрады.
Осыған байланысты экономикалық саясаттың алдағы кезеңге арналған негізгі мақсаты макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
Әлемдік бағалауларды ескере отырып, 2012 жылға арналған болжамды нақтылаған кезде мұнайдың бағасы барреліне 90 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленді. Бұл баға әлемдiк экономика нашарлауының әлеуетті тәуекелдеріне сәйкес келедi.
Әлеуметтік – экономикалық даму болжамын нақтылау келесі факторларды есепке ала отырып жүргізілді:
- номиналды ЖІӨ-нің жоспарланған деңгейден жоғары қалыптасуымен байланысты 2011 жылғы елдің даму қорытындыларын, сондай-ақ 2012 жылғы қаңтар айы қорытындыларын;
- мемлекеттiк органдардың негiзгi өнiм түрлерi өндiрiсінің көлемдерi бойынша бағалауларын және экспорт және импорт көрсеткіштерін;
- әлемдік экономиканың өсуі бойынша нақтыланған болжамдарды және әлемдік тауар нарықтарындағы серпінді.
Нақтыланған болжамға сәйкес, Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2012 жылы 6 пайыз деңгейде бағаланып отыр, бұл тамыз айындағы (6,9 пайыз) болжамнан 0,9 пайыздық тармаққа төмен. Жалпы ішкі өнімнің номиналды мәні өткен жылдың есепті базасы мен Жалпы ішкі өнім дефляторының 8,1 пайызға дейін артуына байланысты, болжамды деңгейден біршама жоғары деңгейде күтілуде.
Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуінің төмендеуі келесі факторларға негізделген:
1. мұнай өндіру көлемінің жоспарланған 83 млн. тоннадан, 81 млн. тоннаға дейін қысқаруына.
2. Өткен жылғы базаның жоғары болуына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің 87 пайызға дейін төмендеуіне.
3. Негізгі импортер елдер тұтынуларын біршама қысқартуына байланысты, өңдеу өнеркәсібінің жеке салалары (металлургия, металл кенін өндіру) бойынша өсу параметрлерінің бұрын болжанған деңгеймен салыстырғанда төмендеуіне.
2012 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі нақтыланған бағалау бойынша 3,9 пайызға өседі, бұл бұрынғы болжанған мәнінен 2,5 пайыздық тармаққа төмен.
Құрылыс саласында бағалау бойынша жұмыстардың нақты мәніндегі көлемі 2011 жылмен салыстырғында 102,9 пайызды құрайды, бұл болжамнан 0,2 пайыздық тармаққа төмен.
Сауда көлемінің өсу деңгейі 12,7 пайызға дейін (мақұлданған болжамнан 2,5 пайыздық тармаққа жоғары) және көлік қызметтерінің өсуі 7,9 пайызға (мақұлданған болжамнан 0,3 пайыздық тармаққа жоғары) дейін ұлғаю жағына қарай нақтыланды.
Тауар экспорты 2012 жылы болжам бойынша 87,9 млрд. АҚШ долларын құрап, мақұлданған болжаммен салыстырғанда 12,2 млрд. АҚШ долларына жоғары болады.
Инфляция бойынша параметрлер бұдан бұрын болжанғандай жыл соңына 6,0-8,0 пайыз дәлізінде сақталады.

Құрметті әріптестер!
Мемлекет басшысы өз жолдауында Қазақстан дамуының басты бағыты болып экономиканы әртараптандыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды анықтады.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру Үкіметтің алдағы уақыттағы қызметінің негізіне алынатын болады. Осы мақсатта алдағы уақытқа арналған нақты шаралар кешені әзірленді.
Бірінші, экономиканың нақты секторын дамытуды қолдау. Бәрінен бұрын, 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Мемлекет Басшысы жариялаған индустриялды-инновациялық жобаларға қолдау көрсетілетін болады.
Екінші, ішкі сұранысты дамыту және сыртқы сұраныстың қысқаруы жағдайында, шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау. Осы бағытта бизнес ахуалды одан әрі жақсартуға және кәсіпкерлікті ынталандыруға басты назар аударылатын болады. Осы мақсатта бақылау-қадағалау қызметін оңтайландырылатын болады және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қолдау кеңейтіледі.
Мемлекеттік-жеке серіктестіктің жаңа түрлері ендірілетін болады, бәрінен бұрын әлеуметтік салада.
Үшінші, аймақтардың экономикалық әлеуетін ынталандыру. Аймақтарды дамыту үшін кәсіпкерлікті белсенді дамыту, қалалық инфрақұрылымды және еңбек ресурстарының мобильділігін көтеру арқылы шағын қалалар мен қалалық шоғырлардың экономикасын әртараптандыруға бағытталған жаңа даму бағдарламалары әзірленеді.
Төртінші, мемлекеттік сектордың тиімділігін және мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту. Жергілікті өзін-өзі басқаруға, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға айрықша назар аударылатын болады.
Бесінші, жеделдетілген әлеуметтік жаңғырту және адам капиталының сапасын көтеру. Елдің әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге «Жұмысбастылық-2020» және қол жетімді тұрғын үй бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыру септігін тигізетін болады.
Осы бағыттарды толығымен Премьер-Министр өз баяндамасында айтып өтті.

Құрметті «Нұр отан» партиясының мүшелері!
Қойылған мақсаттарды іске асыруды бастау және оларды қаржымен қамтамасыз ету үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланды.
Республикалық бюджет түсімдерінің жалпы көлемі 5 237 млрд. теңге көлемінде жоспарланады.
Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз параметрлерін қауіпсіз деңгейде сақтау мақсатында қарыз алу есебінен қаржыландырылатын тапшылықты нақтыланған деңгейде (758,5 млрд. теңге) ұстай отырып, арттырмау ұсынылады.
Бұл ретте, 2011 жылғы бюджет қаражаттарының қалдықтарын (21,3 млрд. теңге) пайдалануға байланысты жалпы республикалық бюджеттің тапшылығы 779,8 млрд. теңгеге дейін артады. Тапшылық мөлшері Жалпы ішкі өнім көлемінің нақтыланған болжамына қатынасы бойынша 2,5 пайызды құрайды, бұл бекітілген көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен.
2012 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді іске асыруды бастау үшін республикалық бюджеттің шығындары 207 млрд. теңгеге артады. Жалпы, Қарашығанақ жобасына қатысу үлесін сатып алу есебімен республикалық бюджеттің шығындары 6 017 млрд. теңгені құрайды.
Қарашығанақ жобасы бойынша ахуалды реттеуге қатысты күтiлетiн шығындарды есепке ала отырып, Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемін 180 млрд. тенгеге көбейте отырып 1 триллион 380 млрд. тенгеге дейін ұлғайтылатын болады.
Бұл ретте, Ұлттық қордың қолданыстағы қаражатты пайдалану және қор жинау саясаты сақталынады, оған жоғарғы икемділік беріледі.
Осыған байланысты, Ұлттық қордың кепілдендірілетін трансферт мөлшерін (8 млрд.АҚШ долларына) контрциклдық саясат қағидаты бойынша экономиканың жағдайына сәйкес 15 пайызға дейін (6,8-ден 9,2 млрд. долларға дейін) азайту немесе ұлғайту жағына қарай түзету ұсынылды.
Осындай көзқарас, бір жағынан әлемдік коньюктураның ушығуы кезінде басымшыл шығындарды қаржылындыруды қамтамысыз етеді, екінші жағынан экономикалық өсу кезеңінде Ұлттық қор қаражаттарының жинақталуын қамтамысыз етеді.
Осылайша, Елбасының жолдауындағы барлық тапсырмалары мен қойылған міндеттері нақтыланған болжамда және бюджет шығындарында көрініс тапты. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру болжамданатын болашақта елдің тұрақты дамуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге негіз болады.

Құрметті төрағалық етуші!
Құрметті партия мүшелері!

2012 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтылауына істелген жұмыс қорытындылары туралы баяндауға рұқсат етініз.
2012 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 5 236,9 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (4 751 млрд. теңге) салыстырғанда 485,9 млрд. теңгеге өсумен анықталды. Одан 300,1 млрд. теңге (150,1 млрд. теңге салық түрінде, 150 млрд. теңге дивидендтер түрінде) Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясынан 10 пайыздық қатысу үлесін сатып алу бойынша келісімді іске асыруға байланысты күтілуде. Бұл ретте осы үлесті сатып алу қажеттілігіне байланысты, осы сома нақтыланып жатқан бюджеттің шығыстарында көрсетіледі.
Осылайша, нақтылау үшін көз ретінде 186 млрд. теңгені, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті 180 млрд. теңге сомаға, немесе 1,2 трлн. теңге бекітілген көлеммен салыстырғанда 15 пайызға артуына байланысты қарастырылып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының Тұжырымдамасына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар қосымша енгізілді.
Бұдан басқа, кіріске жалпы сомасы 6 млрд. теңгеге өзгерістер енгізілуде, олар ұлғайту, сол сияқты азайту факторларының есебінен қалыптасты:
- 202,3 млрд. теңгеге ұлғаю мыналардың есебінен:
- экономиканың даму қарқынының өсуі – 164,3 млрд. теңгеге;
- салықтық әкімшілендіруді жақсарту – 9,8 млрд. теңгеге;
- акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтердің және өзге де салықтық емес түсімдердің бір жолғы түсімдері – 22 млрд. теңгеге;
- басқа да факторлар (2011 жылдың фактісі бойынша есептеулерді нақтылау) – 6,2 млрд. теңгеге.
- 196,3 млрд. теңгеге азаю мыналардың есебінен:
- бюджеттен қосылған құн салығын қайтару сомасының өсуі – 75,9 млрд. теңге;
- заңнаманың өзгеруі (Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясы бойынша экспорттық кедендік бажды алып тастауына байланысты) – 64,2 млрд. теңге;
- мұнай өнімдерін өндіру және экспорттау көлемінің азайуы (83 млн. тоннадан 81 млн. тоннаға дейін) – 10,6 млрд. теңге;
- мұнай және мұнай өнімдері саласындағы келісім бойынша (мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу) – 35,1 млрд. теңге;
- мемлекеттік резервтерден астықты сатудан түсетін түсімдердің қысқаруы – 5,7 млрд. теңге;
- мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдердің қысқаруы – 4,9 млрд. теңге.

Президенттің экономикалық өсуді және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін бюджет шығыстарын қысқартуға қатысты тапсырмаларын орындау үшін Үкімет 25,6 млрд. теңге шығыстарды оңтайландырды, оның ішінде:
4,3 млрд. теңге бюджет қаражатының бос қалдықтары, тиісінше басқа шығыстарға жұмсалатын қаражаттың нетто көзі болып табылады.
Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарының негізінде, қаражатты неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында жалпы сомасы 21 млрд. теңге қаражатты қайта бөлу ұсынылады.
Нәтижесінде, 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген (5 509,5 млрд. теңге) бюджетпен салыстырғанда 507,2 млрд. теңгеге ұлғайтумен 6 016,8 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр.

Нақтыланған бюджет жобасына енгізілген бюджеттің шығыс бөлігіндегі басымды бағыттарға қысқаша тоқталып өтейін.
1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамытуды мемлекеттік қолдауға қосымша шамамен 11,8 млрд. теңге көзделген.

2. Қол жетімді тұрғын үй – 2020. «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» жаңа бағдарламасын іске асыруға қосыша 36 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр, оның ішінде:
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, абаттандыруға және (немесе) сатып алуға берілетін трансферттер – 11 млрд. теңге;
- мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін трансферттер – 25 млрд. теңге (әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін – 10 млрд. теңге, жас отбасылар үшін – 15 млрд. теңге).

3. Өңірлерді дамыту. Бұл бағыт бойынша 66,9 млрд. теңге сомасында қосымша шығыстар көзделіп отыр, оның:
- аумақтарды, қалалық агломерациялар мен моноқалаларды дамытуға – 20 млрд. теңге, оның ішінде өңірлердің инфрақұрылымын салуға және дамытуға, көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыруға, рұқсат берілмеген қоқыс төгу үйінділерін жоюға, иесіз объектілерді бұзу, жылу жүйелерін жөндеу, аулалық балалар ойын алаңдарын орнату және басқа іс-шараларға – 6 млрд. теңге.
- өңірлердің инфрақұрылымын салуға қосымша 46,9 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:
- Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын дамытуға – 4,2 млрд. теңге 2012-2020 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау жүйелерін, жылу желілерін кеңейтуге және реконструкциялауға, білім беру мен денсаулық сақтау объектілерін салуға, және құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша шараларға;
- Ақмола облысы – 2,4 млрд. теңге, оның ішінде Көкшетау қаласындағы көше-жол желілерін жөндеуге – 1,4 млрд. теңге және Бурабай кентінің көше-жол желісін дамытуға – 1 млрд. теңге;
- Астана қаласын дамытуға қосымша 25,3 млрд. теңге көзделген, оның ішінде жылу желілерін реконструкциялау мен кеңейтуге, қала көшелерін реконструкциялауға, денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің инженерлік желілерін салуға, абаттандыру мен көгалдандыруға («Жасыл белдеу»). Бұдан басқа, велотректі салу бойынша міндеттемелерін төлеуге арналған шығыстар қолдау тапты;
- Алматы қаласын дамытуға – 15 млрд. теңге. Қаражаттар жылу энерго орталығы мен жылу желілерін реконструкциялауға, көлік жол айрықтарын салуға, халықаралық шаңғы трамплиндерінің құрылысын әрі қарай жалғастыруға көзделіп отыр.

4. Ауыл шаруашылы. Ауыл шаруашылығына қосымша 5 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр, оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдарға (446 ветеринария мамандарына) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер бөлу үшін – 1,2 млрд. теңге
- ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – 1,8 млрд. теңге (31-ші ветеринариялық зертхана құрылысын аяқтауға);
- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға – 2 млрд. теңге, оның ішінде сатып алу құнын өтеуге:
- асыл тұқымды импорттық ірі қара малдың – 1,9 млрд. теңге (шамамен 10,6 мың бас);
- отандық қойлардың – 138 млн. теңге (шамамен 19,7 мың бас).

5. Индустриялдық-инновациялық даму. Нақтылау кезінде республикалық бюджетте индустриялдық-инновациялық дамуға қосымша 15,1 млрд. теңгеге көзделген, олардың ішінде:
- индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкер-инноваторлардың жобалары үшін қарызды кепілдендіру үшін – 7,9 млрд. теңге;
- инновациялық гранттарды беру жолымен инновацияларды ынталандыруға – 500 млн. теңге;
- Германия, Польша, АҚШ, Канада, Алжир және Ресей шикізат көздерінен жаңа инновациялық өндірістік ферросиликоналлюминий өндірудің тәжірибелік-өндірістік сынағын өткізуге – 500 млн. теңге;
- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту 6 млрд. теңге сомасында 2 теміржол (Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл) және газқұбыры (Қарталы-Тобол-Көкшетау-Астана) құрылысы бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге.

6. Қазақстандағы адам капиталының сапалық өсуі.
Бұл бағытты іске асыру үшін қосымша 39,1 млрд. теңге қаражат көзделген, оның ішінде:
1) Білім беруге – қосымша 13,1 млрд. теңге, олардың ішінде:
- Жоғарғы оқу орындары мен колледждерге жатақхана салуға – 2,3 млрд. теңге;
- 73 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында зертханалар мен шеберханаларды материалдық-техникалық жарықтандыруға – 1,8 млрд. теңге;
- ілгері ғылыми зерттеулерді жүргізуге және отандық ғалымдарды қолдауға – 3,3 млрд. теңге;
- педагогикалық мамандықтар бойынша дайындықты жүзеге асыратын жоғарғы оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру жүйесін құруға – 184 млн. теңге (жоғарғы оқу орындарының 300 оқытушысының біліктілігін арттыру);
- білім беру объектілерін салу және реконструкциялау – 4,3 млрд. теңге (6 бала бақша, 10 мектеп және кәсіби мектеп (құрылыс профилі бойынша) салуды аяқтау.
- 7 жоғары оқу орындарының жатақханаларында күрделі жөндеу жүргізуге – 490 млн. теңге.
2) Денсаулық сақтауға – қосымша шамамен 18,6 млрд. теңге, оның ішінде:
- Қазақстанда 2012-2014 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын әрі қарай іске асыруға – 5,7 млрд. теңге;
- Медициналық жоғары оқу орындарында 4 жаңа жатақхана құрылысының басталуы – 108 млн. теңге;
- «100 аурухана» және «350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емхана» шеңберінде денсаулық сақтаудың 18 объектісін салуға – 12,8 млрд. теңге.
Бұдан басқа, техникалық экономикалық негіздеме жасауға – 625 млн. теңге, одан Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының техникалық экономикалық негіздемесің жасауға – 300 млн. теңге.
3) «Назарбаев Университеті» Дербес білім ұйымын дамытуға қосымша 6,8 млрд. теңгедей бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде:
- «Болашақтың госпиталін» құруға – 4,7 млрд. теңге;
- «Назарбаев Университет» базасында инновациялық-зияткерлік кластерді қалыптастыру үшін инфрақұрылымды дамытуға – 1,7 млрд. теңге;
- Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру бойынша консалтингтік қызметке – 400 млн. теңге.

7. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру.
Жолдаудың осы бағытын іске асыруға қосымша 5,2 млрд. теңге көзделген, бұл – Астана, Алматы, Ақтау және Қарағанды қалаларында мамандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құруға, электрондық форматта рұқсат беру құжаттарын беру жүйесін жетілдіруге қарастырылған (Жер ресурстар басқару агентігі, Әділет, Қорғаныс, Көлік және коммуникация министрліктеріне).

8. Туризм және көпшілік спорт саласын дамытуға 3,6 млрд. теңгедей бөлінеді, оның ішінде Астана қаласының республикалық велотрегін салу бойынша міндеттемелерін төлеуге 1,6 млрд. теңге сомада, республикалық туризм жүйесі негізінде, сонымен бірге Алматы қаласының шаңғылы тау зонасын, Бурабай курорттық зонасын, Кеңдерлі және Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың жүйелі жоспарын әзірлеуге – 1,3 млрд. теңге.

9. Сыртқы саясат.
Сыртқы саясат саласында 2 млрд. теңге сомада шығыстар, оның ішінде үлес жарнасын төлеуге еуразиялық экономикалық комиссияға 1,3 млрд. теңге көзделген, осы комиссияның қызметі қамтамасыз етілуі үшін Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа Мемлекет басшысымен қол қойылды.

Үкімет Резерві.
Әртүрлі шұғыл және жедел іс-шараларға уақытылы ден қою үшін Үкімет резервін 32,5 млрд. теңге сомаға ұлғайту ұсынылып отыр.
Бұдан басқа бюджеттік нақтылау туралы заң жобасында бірқатар мемлекеттік органдарды (Ақпарат және байланыс министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Спорт және денсаулық сақтау агенттігі) қайта ұйымдастыруға байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын іске асыру үшін жүргізілген түзету, сондай-ақ кейбір мемлекеттік органдардың штат санын ұлғайтуға жұмсалған шығыстардың өсуі ескерілген.

Құрметті депутаттар!
2012 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетті уақтылы қабылдаумен бірқатар басымды міндеттердің шешімі болып келеді және заң жобасын талқылау және қабылдау мерзімдерінің тығыздығын назарға ала отырып, Сіздерді, Парламентте талқылау кезінде қолдау көрсетуді сұраймын.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Құрметті қауым!
Астана қаласының тұрғындары,
Қазақстан астанасының қонақтары!
Ханымдар мен мырзалар!

Әлемнің әр қиырынан келген мәртебелі меймандарды қасиетті қазақ жерінде, еліміздің ордасы - Астанада қарсы алғанымызға өте қуаныштымын. Қош келдіңіздер, қымбатты меймандар! Сіздерге жүрегіміз де, көңіліміз де ашық!
Түркі әлемі мәдени қауымдастығының Астанадағы осы алқалы жиынында «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты Жылды салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз.
Аталмыш Жылды Астанада өткізуге шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа шын жүректен алғысымды айтамыз, сондай-ақ халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына ризашылығымды білдіремін.
Еуразия төріндегі әсем Астана бірте-бірте әлем қауымдастығы көз алдында іргелі орталықтардың біріне айналып келеді.
Бүгінгі «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы» Жылының ашылу салтанатына арналған мәдени шара барша түркітілдес мемлекеттердің қалыптасуы мен өркендеу жолына түсулеріне соны серпін беретіні сөзсіз.
Осы Жылдың аясында биылғы Наурыз мерекесін тойлау, суретшілер кездесуін ұйымдастыру, Қазақстандағы Әзірбайжанның мәдениет күндерін өткізу сияқты жалпы түркі мәдениетін дәріптейтін бірқатар мәдени жобаларды іске асыру міндеті тұр.
Біздің бүгінгі мәдени шарамыз ерекше бір жағдайда өтуде.
Алтайдан Ақтеңізге, Сібірден Парсы шығанағына дейінгі ұлан-байтақ Еуразия кеңістігін жайлап жатқан біздің туыстас елдеріміз, бауырлас халықтарымыз жаһандық деңгейдегі әр алуан іргелі істерге белсене араласып, маңызды халықаралық және өңірлік ұйымдардың тізгіндерін қолға ұстап келеді.
Осы ретте бұрнағы жылы ғана Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық міндетін үлкен абыроймен атқарып шыққанын атап өтуіміз керек.
Қазақстан сондай-ақ өткен жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымын басқарып, Ислам Конференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық ету ісін ойдағыдай жүзеге асырды.
Еліміз бұл беделді ұйымдарға төрағалығы кезінде мәдениетаралық диалог идеясын жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударды.
Былтырғы жыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжан елдері үшін айрықша саяси маңызы бар тарихи жыл болды: бауырлас елдер түгелдей өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтті.
Бұл жыл туысқан Түркия үшін де ерекше мерейлі жыл болды деп есептеймін. Өйткені, Түркия біздің елдеріміздің тәуелсіздігін әлемде бірінші болып таныған бауырлас ел.
Менің ойымша, бүгінгідей қадам біздің елдеріміз арасындағы бауырластық дәнекерлігін нығайта түсуге нақты үлес қосады. Сондай-ақ түркі халықтарының жетістіктерін, мәдениеті мен өнерін халықаралық деңгейде насихаттауға ықпалын тигізеді.
Біздің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып, өзара ықпалдасуымыз елдігімізді нығайтып, экономикалық қуатымыздың арттырып, мәдени дамуымыздың өркендеуіне жол ашып береді.
Біз осылай біртұтас түркі әлемі ретінде тіршілік еткенде ғана даңқты бабаларымыздың мұраларына адалдық танытып, келешекте жаңа жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізе аламыз.
Құрметті бауырлар!
Ханымдар мен мырзалар!
Күн санап көркейіп келе жатқан Астана Қазақ мемлекетінің ордасы ретінде ғасырлардан ғасырларға жасай беретіні айдай ақиқат. Халқымыздың биік асқақ рухын көтеріп, бірлік пен жасампаздыққа үндей беретіні тағы талассыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, түркі елдерінің абыройы асқақтай берсін! Мереке құтты болсын!

Назарларыңызға рахмет.

Архив

Қараша
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту