Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78

2020 жылғы 14-20 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 16 қыркүйек күні Елбасының төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында халықтың денсаулығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Н. Назарбаев дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің және коронавирус инфекциясымен күресуге үлес қосқан басқа да сала өкілдерінің жанқиярлық еңбегін атап өтті.

  • Жұма күні Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ‒ Елбасыны Каспий теңізінің жағалауында туристік хабты дамыту жобасымен таныстырды. Елбасы Қазақстанның бірегей табиғаты ғана емес, сондай-ақ тарихи-мәдени немесе киелі маңызы бар орындары бар екенін атап өтіп, отандық туризм саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2020-2025 жылдарға арналған ИИД МБ шеңберінде Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бірінші мәселені қарау кезінде А. Мамин биылғы жылға белгіленген барлық жобаларды іске асырып қана қоймай, Индустрияландыру картасы жобаларының пулын қосымша пысықтап, кеңейтуді тапсырды. Екінші мәселе бойынша Асқар Мамин сыртқы жағдайға және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мониторингті жалғастыруды тапсырды. Әкімдіктерге импортқа тәуелді тауарлар өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым ретпен іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

  • Бейсенбі күні Ашхабад қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті. Тараптар дамудың жоғары қарқынын және экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті. А. Мамин Түрікменстан Министрлер кабинетінің басшысының орынбасарлары Р. Мередов, Б. Овезов және М. Мередовпен жеке келіссөз өткізіп, оның барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің практикалық шаралары қаралды. 


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу