Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77

2020 жылғы 7-13 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 9 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы, 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдай қаралды.

  • Бейсенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Қаланың әлеуметтік-мәдени нысандары құрылысының жоспарын қарау қорытындысы бойынша Елбасы елорда басшылығының алдында Үкіметпен бірге тұрғындар мен қонақтардың жайлы өмір сүруі үшін қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша бас жоспар мен даму жоспарын жүзеге асыру міндеті тұрғанын атап өтті.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен электронды өнеркәсіпті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

  • 11 қыркүйекте Асқар Мамин Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына ведомство басшысы Юрий Ильинді таныстырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу