Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №75

2020 жылғы 24-30 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 28 тамызда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырыс барысында Бюро мүшесі, Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің баяндамасы тыңдалды.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында ҚР 2021–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды. Сондай-ақ 2020 жылғы егін жинау жұмысының барысы қаралды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу