Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №58

2020 жылғы 20-26 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 23 сәуірде Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде екі аптаның ішінде салынған елордадағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды.

  • Жұма күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Бейнеконференция режимінде өткен кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрестегі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ ел экономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму мәселелері қаралды.

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметтің селекторлық отырысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Үкімет басшысы биыл жоспарланған көлемнің уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезектен тыс отырысына қатысты.

  • 24 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті, онда ҚР жүйе құрушы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.

  • Сенбі күні ҚР Премьер-Министрі биыл Нұр-Сұлтан қаласында пайдалануға беру жоспарланып отырған, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлер — «Бағыстан» және «Bazis» тұрғын үй кешендері құрылысын тексерді.

  • Сол күні Асқар Мамин тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу