Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53

2020 жылғы 16-21 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Бейсенбі күні, 19 наурызда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай жарияланып, елордада карантин енгізілгеннен кейін Жібек жолы ауылы маңына қойылған №6 бақылау-өткізу бекетіне барып, жұмысымен танысты
  • 21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардағы үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
  • Сейсенбі күні Үкіметтің кезекті отырысында кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары, сондай-ақ 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы қаралды. 
  • 16 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.
  • Сол күні Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын және сауда орталықтарында қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу жөнінде селекторлық кеңес өткізді.
  • 17 наурызда ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.
  • Сәрсенбі күні Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
  • ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өткізілді
  • 19 наурызда Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді.  
  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу