2019 жылғы 12–17 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті ҚР Үкіметінің отырсында 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды, сондай-ақ жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері талқыланды.
А. Мамин Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.
ҚР Үкіметінің басшысы жұмыс сапарымен Түрікменбашы қаласына барды, онда І Каспий экономикалық форумына қатысты және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті.
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, онда өңірдің индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты және Қазақстанда автокөлік құрастыру және ауыл шаруашылығы машинасын жасау мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Өңірде Үкімет басшысы Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласында әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік ғимараттардың салыну барысын тексерді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз