Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №24

2019 жылғы 5–10 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 6 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминді қабылдады.  Мемлекет басшысына Арыс қаласындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы және Түркістандағы жаңа инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде баяндалды.

  • Дүйсенбі күні, 5 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда 2020 жылы өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын қарап, индустрияландыру, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен салаларында іске асырылып жатқан бірқатар жүйе құрушы кәсіпорындарға барды.

  • 7 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық биотехнология орталығына барды, онда қазақстандық ғылымның дамуымен, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен қолданбалы жобаларды әзірлеумен танысты. ҚР Үкіметінің басшысы орталықтың медицина, ауыл шаруашылығы, экологиялық биотехнология, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы перспективалық әзірлемелері, сондай-ақ, оларды еліміздің экономикасына одан әрі енгізу мүмкіндіктері ұсынылған зертханалық блокты тексерді.

  • Жұма күні, 9 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. ЕАҮК отырысының қатысушылары интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою бойынша күн тәртібінің 15 мәселесін қарады.

  • 10 тамызда Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласында болып қайтты. ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапары барысында ірі инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу