05 Тамыз 2019, 11:30
2019 жылғы 29 шілде мен 3 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында мал шаруашылығын дамыту, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті транспорт жобасын салуды жалғастыру мәселелері қаралды.
30 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Bpifrance» инвестициялық компаниясы арасындағы бірлескен инвестициялау туралы, ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Тоталь» компаниясы арасындағы цифрлық технологиялар саласындағы меморандумдарға қол қою рәсіміне қатысты.
Сәрсенбі күні, 31 шілдеде, Үкімет басшысы Ronesans Healthcare бас атқарушы директоры Каан Экерменмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ronesans компаниясының ҚР денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобаларына қатысу мүмкіндігі қаралды.
1 тамызда ҚР Премьер-Министрі халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
2 тамызда Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласының залал келтірілген үйлерін, әлеуметтік нысандарын, инженерлік желілерін салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ, Түркістан қаласындағы әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи маңыздағы салынып жатқан нысандарды аралады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу