Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №22

 

2019 жылғы 22–27 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.   

  • Сол күні Асқар Мамин SoftBank Investment Advisers төрағасы Раджив Мисрамен кездесу өткізді. Кездесу барысында шетелдік инвестициялар мен заманауи инновациялық технологияларды тарту мәселелері талқыланды.

  • ҚР Премьер-Министрі Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті. Кездесу барысында инвестициялық салада, мұнай саласында, агроөнеркәсіптік секторда ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

  • Сейсенбі күні, 23 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста қаржылық нәтижелерге қол жеткізу, капитал нарықтарында қаражат тарту, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй қолжетімділігін арттыру, клиентке бағдарланған практикаларды дамыту тұрғысынан Холдинг қызметінің негізгі көрсеткіштері қаралды.

  • Бейсенбі күні, 25 шілдеде, Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді. Мемлекеттік комиссия отырысы барысында қаланың жиынтық құрылысы жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру, газбен жабдықтау, қала маңын дамыту және үлестік құрылыс мәселелері талқыланды.

  • Жұма күні Асқар Мамин әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атамекен» қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталығына, жұмысшы мамандықтарына оқыту жөніндегі оқу орталығына және «Жас кәсіпкер» жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге арналған оқу орталығына барып, онда «Жас кәсіпкер» және «Бастау бизнес» әлеуметтік жобаларын іске асыру барысымен танысты.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа ЖЭО-3 құрылысының барысын, отын-энергетика кешенінің нысандарын жаңғырту барысын тексерді.

  • Сенбі күні, 27 шілдеде, А. Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа барды.

  • Сонымен қатар, сенбі күні ҚР Премьер-Министрі «Бірге – Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы экологиялық сенбілікке қатысты. Сенбілік барысында Есіл және Қарасу өзендерінің, Вячеслав су қоймасы мен Майбалық көлінің жағалаулары тазартылды. 

 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу