ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

15 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты.

ҚР Премьер-Министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралармен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.

  • ҚР Үкіметінің басшысы  «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ауыл шаруашылығы машинасын жасау кәсіпорнына барды. Бүгінде зауыт жылына 1500 техника шығарады. Келешекте қуаттылықты жылына 1500-ден 5000 техникаға дейін ұлғайтып, 400-ден астам жұмыс орынын ашу көзделген.
  • Премьер-Министр «КАМАЗ-Инжиниринг» қазақстандық-ресейлік біріккен машина жасау кәсіпорнының жұмысын тексерді. Таяу уақытта зауытта жылына 2500 бірлікке дейін өнім шығару жоспарланған.
  • Сонымен қатар, Асқар Мамин «қарапайым заттар экономикасы» жобасының жұмысын қарады. «Два Кита» ЖШС жыл басынан бері 12,7 мың корпустық жиһаз шығарған. Өнім түрін кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайту жоспарда бар. 
  • Бұған қоса, Премьер-Министрге қаланың көлік және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының төңірегіндегі Қопа көлінің жағалауын абаттандыру жобасы таныстырылды.
  • ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде, сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру және елорда төңірегін дамыту мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу