Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

Сенбі, 16 Мамыр 2020, 21:40:21

2020 жылғы 15 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, онда көктемгі егіс жұмыстары мен энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысын тексерді, сондай-ақ Абайдың 175 жылдығын атап өтуге дайындықты көрді.  

Алтай ауданында Үкімет басшысы «Нивы Алтая» ЖШС-нің егіс алқаптарының құрылымымен және көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.

Премьер-Министрге биыл дәнді дақылдар 35,5 мың гектар аумаққа, майлы дақылдар 28,2 мың гектар аумаққа егілетіні туралы баяндалды. 

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін аудандағы шаруашылықтарда тракторлардың, егіс және топырақ өңдейтін техниканың қажетті саны бар. 

Аудан әкімі Қ. Байғонысовтың айтуынша, биыл ұйымдастырылған шаруашылықтарда сүт алуды арттыру және тұрғындардан сүт сатып алу есебінен сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 80%-ға дейін арттыру жоспарланған.  

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министріне өсімдік шаруашылығында қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат берілді. Мәселен, минералды тыңайтқыштарды қолдану, сапалы егіс материалдары есебінен дәнді және бұршақты дақылдардың түсімділігі артқан. 2019 жылы олар 28,8 ц/га, майлы дақылдар  21,1 ц/га құраған. Бұл ретте кейбір шаруашылықтар бойынша дәнді дақылдар бойынша орташа түсімділігі 69 ц/га, майлы дақылдар бойынша 39 ц/га астамды құрайды. 

А. Мамин Алтай ауданында салынып жатқан Тұрғысын СЭС аралады. Жобаны биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Жоба жетекшісі Қ. Баймұханбетовтың айтуынша, жұмыстың басым бөлігі аяқталған.

Қазіргі кезде СЭС-те қосымша корпустың, машина залының, монтаждау алаңының ішін сылап-бояу, өртке қарсы сумен қамту, тұрмыстық сумен қамту, пневматикалық жүйенің жабдықтарын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Асқар Мамин Алтай қаласындағы инсульт және кардио орталықтардың жұмысымен танысып, кардиоорталықтағы интенсивті терапия бөлімін бағалады, мұнда ангиографиялық ота жасау бөлімі орналастырылады.

Премьер-Министр сонымен қатар Еуропада босандыру бойынша оқытудан өткен аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесті.

Инсульт орталығында 15 төсек-орын қарастырылған. Оның ішінде 3 - неврологиялық, 12- инсульттік. Бүгінде 676 пациент, оның ішінде басқа аудандардан 80 пациент емделіп шықты. Сондай-ақ заманауи компьютерлік томографта 3100-ден аса, оның ішінде ми қан айналымының жіті бұзылысы бар 876 пациентке тексеру жүргізілді. 

Өскемен қаласында Премьер-Министр Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты мен Өскемен титан-магний комбинатына барып, олардың бұдан кейінгі даму жоспарымен танысты.

Өскемен титаны кеме жасауда, энергетика саласында, мұнайгаз өнеркәсібінде пайдаланылатын белгілі. 

Өңірдегі өнеркәсіптік өндірістің 70%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 500 млрд теңге сомасына өнеркәсіптік өнім шығарған, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 111%  құрады. 

Өңдеу өнеркәсібіндегі жетекші кәсіпорындар  «Қазмырыш» ЖШС,  «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, олар негізгі бағалы және түсті металдарды, сондай-ақ титан, магний, тантал, АЭС үшін отын өндіреді. Өнімдерінің негізгі үлесі экспортқа бағытталады. 2020 жылдың 3 айында облыс металлургтары 241 млрд теңгеге өнім өндірді.  

Үкімет басшысы Өскемен қаласының жаңа шағын ауданындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысын тексерді. 

2020 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен облыста жалпы аумағы 535,8 мың м2 болатын 118 көппәтерлі тұрғын үйді салу жоспарланған. 

Жалпы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 25,5 млрд теңге қарастырылған, 74 жоба іске асырылып, 4396 жұмыс орны құрылады. 

Үкімет басшысы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барды. 

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғалымдары Асқар Маминге өздерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлы жобаларын таныстырды. Мәселен, Өскемендегі «ӨМЗ» АҚ-мен бірлесіп магнитті-резонанс томографтарын өндіру үшін өткізгіштігі жоғары сым әзірленген. 

Сонымен қатар ғалымдар тантал, ниобийден импланттар мен протездерді өндіру технологиясын әзірледі. Бүгінде көбіне шетелден сатып алынып отырған мұндай өнімді жергілікті жерде өндіру оның өзіндік құнын бірнеше есе төмендетеді. Оның жалпы Қазақстан бойынша травматология мен ортопедияда маңызы зор. 

А. Мамин облыстық балалар ауруханасына барып, онда реанимациялық және операциялық блоктардың жұмысымен танысты.

200 төсек-орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасы Өскеменде аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында салынды, бұл соңғы 10 жылда ШҚО-да салынған аса ірі денсаулық сақтау нысандарының бірі.  

Медициналық нысан Ана мен бала денсаулығын қорғаудың бірыңғай қызметінің бір бөлігіне айналды және Ана мен бала орталығының базасындағы жұмыс істеп тұрған педиатрия блогын алмастырады. Оның құрамына педиатрия, неврология, нейрохирургия, травматология-ортопедия, хирургия бөлімдері, сондай-ақ күрделі соматика, лор, көз микрохирургиясы, реанимация бөлімдері мен бес заманауи ота жасау блогы кірді. 

Жаңа аурухана балаларды оңалту қызметінің жаңа деңгейде дамуына мүмкіндік береді. Ауруханада 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейтін болады. 

Медициналық мекемеде Премьер-Министрге COVID-19 емдеу үшін иммундық плазманы бөлу бойынша ғылыми жоба, сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарының үлгілері таныстырылды. Оларды «Сан Бао Шыңжан сауда-өнеркәсіп корпорациясы» ЖШС Қытай Халық Республикасынан жеткізген. 

Семей қаласында Үкімет басшысына қаланың 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалуы туралы баяндалды.

Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында 56 іс-шара қамтылған. Кешенді жоспар іс-шараларын іске асыру 2025 жылға қарай ЖӨӨ 1,6 есеге арттыруға мүмкіндік береді. 

4 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 19%-ға артып, 43 млрд теңгені құрайды. 133 көппәтерлі тұрғын үйді немесе 702,9 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру және орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту жоспарланған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттандырарлық күйдегі жолдардың үлесі 73,6%-дан 95%-ға дейін артады.

2020 жылы Абайдың 175 жылдығын өткізу бойынша жоспарда халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлердегі 500-ден аса іс-шара қамтылған. 

А. Маминге театр мен көрермендер залының сыртын безендіру жобалары таныстырылды. 

Абай музейінің аумағында жаяу жүргіншілер жолының плиткасын ауыстыру, газондар мен гүлзарларды абаттандыру көзделген. Ұлы ойшылға және оның ұлдарына жаңа ескерткіш орнатылмақ.

А. Мамин Абай ауданының әкімшілік орталығы Қарауыл ауылының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын тексерді. 

Мәселен, Үкімет басшысына 300 орындық орта мектептің салыну барысы, Абай атындағы саябақтың құрылысы, сондай-ақ елді мекендегі су құбыры желілерінің реконструкциясы туралы баяндалды. 

Премьер-Министр Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне барып, онда «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенін реставрациялау жұмыстарының барысымен танысып, Абайдың музей үйін аралады. 

Үкімет басшысы Абайдың 175 жылдығына орай жоспарланған Семейдегі және Абай ауданындағы тарихи-мәдени нысандарды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Мерейтой мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Бұл шара Қазақстан халқы үшін үлкен идеологиялық және тарихи мәнге ие», — деді А. Мамин.  
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
08 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.