19 Тамыз 2019, 16:22
17 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысында болып қайтты, онда Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласындағы әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салыну барысын тексерді.
Арыста ҚР Үкіметінің басшысы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының, темір жол вокзалының қалпына келтірілу барысын тексерді.
Қаладағы шағын және орта бизнес нысандарын аралау кезінде ҚР Премьер-Министріне қазір 316 кәсіпкерлік нысаны жұмыс істей бастағаны туралы ақпарат берілді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин стадионға, ауруханаға, мектепке барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Үкімет басшысы «Арыс-1» темір жол вокзалын қарап шықты.
Асқар Мамин сондай-ақ Арыс қаласында тұрғын үйлері толық бұзылған 100 отбасыға арналған 50 қос пәтерлі коттеджден тұратын жаңа ықшам ауданның салыну барысын көрді.
Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты, оның өткізу қабілеті тәулігіне 600-ге жуық автобусты құрайды.
Асқар Мамин әкімшілік, әлеуметтік, тарихи-мәдени ғимараттардың салыну барысын тексерді.
Қазақстан Премьер-Министрі оқушылар сарайына барып, облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарының, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Тұңғыш Президент саябағының, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің, музыка мектебінің, бассейні бар оқушылар сарайының, неке сарайының, Қазақ драма театры, халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақтың, музыкалық фонтан мен амфитеатрдың ғимараттарын көрді.
ҚР Премьер-Министрі, сонымен қатар, салынып жатқан тарихи мәдени орталықтың, «Ұлы дала Елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратының, визит орталығының, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын аралап көрді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу