ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына және Түркістан облысының Арыс қаласына жұмыс сапарының қорытындыcы бойынша видеодайджест

А.ж. 10-11 шілде аралығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барып, ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды аралады. ҚР  Үкіметінің басшысы онда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың экономиканы әртараптандыру бойынша қойған стартегиялық міндеттердің орындалу барысымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың өңірге сапары аясында берілген тапсырамаларының орындалуымен танысты.

 Келген бетте Асқар Мамин Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалының жобасымен танысты. Құрылыс жұмыстары а.ж. шілде айында басталған, 2020 жылы мамыр айында аяқталады. Қала әкімдігінің мәліметтерінше, сыйымдылығы сағатына 400 жолаушы болатын терминалды пайдалануға беру жолаушылар ағымын 10 есе арттырады.

ҚР Үкіметінің басшысы «Химфарм» зауытына барып, онда отандық фармацевтикалық индустрияның даму қарқынын тексерді. Кәсіпорында дәрі-дәрмектердің 71 түрі өндіріледі, бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аясында сатып алынатын дәрі-дәрмектердің жалпы көлемінің үштен бір бөлігінен астамын құрайды.

Сонымен  қатар, өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Асқар Мамин индустриялық-инновциялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағындағы «Shymkent Temir»  экспортқа бағытталған кәсіпорынға барды

 Осы жерде ҚР Премьер-Министріне Түркістан облысындағы қуаттылығы жылына 1 млн тонна темір болатын тау-кен-металлургия кешені құрылысының жобасы таныстырылды. Атап айтқанда, тікелей қалпына келтірілетін темір өндіретін зауыт пен кен байыту фабрикасының құрылысы көзделген. 

Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің басшысы «Рахат-Шымкент» ЖШС-ына барып, тамақ өнімдерінің өндіріс процесін көрді. 

Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысу мақсатында ҚР Премьер-Министрі өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, тұрғын үйлердің, мектеп, балабақша, темір жол вокзалы ғимараттарының, қалалық аурухананың қалпына келтірілу қарқынын көрді

ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Түркістан облысының штабында Асқар Маминге Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Нысандарды аралау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Арыс қаласын қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өтті.

ҚР Үкіметінің басшысы зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды уақытылы қалпына келтіру жұмыстарын күшейтуді, медициналық қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды және білім беру нысандарын жаңа оқу жылының басталуына дайындауды тапсырды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу