ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша видеодайджест

  • А.ж. 16-17 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды және өзбек әріптесі Абдулла Ариповпен бірге «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» бағытындағы автокөлік жолының ашылуына қатысты.
  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» бағытындағы халықаралық маңызы бар автокөлік жолын ашты.
  • Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин өңірдегі бірқатар инновациялық өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды, өңірде «жасыл экономиканың» дамуымен және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен, жаңартылатын электр энергиясы көздерінің дамуымен, өңірде автожолдардың салынуымен және қайта жөнделуімен, жаңа мәдени және туристік нысандардың салыну барысымен танысты.
  • «Шлюмберже» компаниясының мегабазасын аралау кезінде ҚР Үкіметінің басшысы мұнай кен орындарына қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның жаңа өндірістік және сервистік мүмкіндіктерімен танысты, жоғары сапалы жол битумдарын өндіретін «Каспи битум» бірлескен кәсіпорнында болды.
  • «Каспий» тұщыландыру зауытын аралау кезінде ҚР Премьер-Министріне зауытты жаңғыртудың екінші кезеңі туралы баяндалды, онда ауыз су өндіруді тәулігіне 40 000 м³ дейін арттыру қарастырылған.
  • А. Мамин жаңа туристік кешеннің және Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталықтың құрылыс алаңдарында болып, Каспий теңізінің жағалауындағы 800 орынға шақталған, туристерге қажетті барлық инфрақұрылымы бар заманауи қонақ үй кешені аралап көрді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу