ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

 

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында ірі инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.

  • Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, жұмыспен қамту, көлік және жол инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті дамыту, туристік әлеуетті іске асыру мәселелері талқыланды.

  • ҚР Премьер-Министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Алматы қаласының дамуына үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. ҚР Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев қалалық инфрақұрылымның сапасын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, көлік жүйесін, медицина мен білім беруді дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

  • ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдарға қаланың Қазақстан экономикасындағы маңыздылығын атап өтіп, Алматы қаласының дамуын бақылауда ұстауды тапсырды.

  • Осы күні ҚР Үкіметінің басшысы Алматы қаласының шеткері аудандары мен Алматы облысының іргелес аумағын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

  • ҚР Премьер-Министрі кеңес қорытындысы бойынша қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен, Алматы қ. және Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарды, іргелес аумақтарды дамыту бойынша іс-шараларды уақытылы жүзеге асырудың қажетті шараларын қабылдап, қаржыландыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

  • Асқар Мамин бірлескен жобаларды іске асыру және алға жылжыту үшін Алматы қ. мен Алматы облысының жобалық офисін құруды тапсырды.

  • ҚР Үкіметінің басшысы «Урбанистика орталығы» мен №405 авиа жөндеу зауытында болып, Алматы қ. құрылысының жаңа жобасымен, қаланың құрылыс индустриясын дамыту жоспарларымен танысты, сондай-ақ, Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. 

  • Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Аюсай шатқалын тазартуға арналған экологиялық сенбілікке қатысты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу