ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Шымкент қ. мен Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

  • 21-22 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына және Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласының тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысымен, көлік инфрақұрылымымен және салынуымен танысты.

  • Түркістанда ҚР Премьер-Министрі облыс орталығының салынуын тексерді.

  • ҚР Үкіметінің басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты.  Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайтын болады деп жоспарланған.

  • ҚР Премьер-Министріне 610 төсек-орындық болашақ көпбейінді облыстық медициналық орталық жобасы таныстырылды. Жаңа аурухананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шетелдік және отандық инвесторлар бірігіп салатын болады.

  • Сапар аясында Асқар Мамин облыс орталығының құрылысы барысын тексеріп, әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсаттарда салынып жатқан нысандарды көрді.

  • Шымкентте ҚР Үкіметінің басшысы қалалық кәріз-тазарту жүйелерінің аумағында болып, ағын суларды тазарту жүйесінің және жауын-шашын суларынан электр энергиясын өндіру үшін өңдейтін кешеннің жұмысын көрді.  

  • ҚР Премьер-Министрі «Shymkent Bus» бірінші автобус паркін аралады, онда қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жергілікті қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту туралы баяндалды.

  • Бұдан өзге, Асқар Маминге жаппай тау-шаңғы спортын дамытуға ықпал ететін «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің жобасы таныстырылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу