Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №18

2019 жылғы 22-29 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

А.ж. 26 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, онда Түркістан облысының Арыс қаласындағы қазіргі ахуал және еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

28 маусым күні ҚР Парламент Палаталарының бірлескен отырысы кезінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин депутаттардан VI шақырылымындағы төртінші сессия жұмысын ұзарту мәселесін қарастыруды сұрады. 

Сейсенбі күні Үкімет отырысы кезінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы оқиғадан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және қаланың тіршілік әрекетін жедел қалпына келтіру үшін күштерді жұмылдыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. 

Отырыста ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары қаралды. ҚР Үкіметінің басшысы нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған нақты шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. 

Сонымен қатар, Министрлер кабинеті ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық экожүйені дамыту туралы мәселені қарады. 

Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен инвестициялар тарту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы өтті. 

27 маусым күні, сейсенбіде Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңес отырысын өткізді. 

28 маусым күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматыға барды, сапар кезінде қала мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты және қала активімен кездесу өткізіп, мегаполистің жаңа әкімі – Бақытжан Сағынтаевты таныстырды.  

Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды, онда өңір активіне жаңа әкім – Қуанышбек Ысқақовты таныстырды.

29 маусым күні, сенбіде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия басшылығында Арыс қаласына барып, қаланың төтенше жағдайдан зардап шеккен ықшам аудандары мен әлеуметтік нысандарын көрді, сонымен қатар жергілікті тұрғындармен кездесті. 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу