Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №20

2019 жылдың 9-13 шілдесі аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Шымкент қ. 2023 жылға дейінгі дамуының және құрылысының Кешенді жоспары және «қарапайым заттар экономикасы» мәселелері қаралды. 

10 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Үкіметі мен американдық компаниялардың арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл бойынша құжаттарға қол қоюына қатысты. Жерлерді суару саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров пен Valmont Industries президенті, бас директоры Cтив Каневски қол қойды

Сонымен қатар  Valmont Industries, Global Beef (АҚШ) және Kusto Group (ҚР)  арасында Қазақстанда қуаттылығы жылына кемінде 1000 жүйе болатын, инвестициялар көлемі $50 млн құрайтын заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру бойынша келісімге қол қойылды. (гиперссылка)

Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыста негізгі капиталға инвестициялар ағымын ҚР ЖІӨ-іне шаққанда 30%-ға дейін арттыру бойынша институционалдық және заңнамалық шаралар талқыланды

А.ж. 10-11 шілде аралығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барып, ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды аралады. ҚР  Үкіметінің басшысы онда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың экономиканы әртараптандыру бойынша қойған стартегиялық міндеттердің орындалу барысымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың өңірге сапары аясында берілген тапсырамаларының орындалуымен танысты.

А.ж. 11 шілдеде Үкімет басшысы Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қапына келтіру жұмыстарының барысымен танысу танысты. Асқар Мамин өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қалпына келтірілу қарқынын көрді

Дәл осы күні Үкімет басшысы Тәжікстанға ресми сапармен барып, Президент Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Сонымен қатар ТР Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен үкіметаралық келіссөздер өтті

А.ж. 12 шілдеде Бішкек қаласына ресми сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті және Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің VIII отырысына қатысты

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу