ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша видеодайджест

  • А.ж. 18-19 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.
  • Қазір Арыс қаласында 1544  жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстары аяқталған, 4683 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
  • ҚР Үкіметінің басшысы Арыс қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде қаланы қалпына келтіру бойынша жұмыстарға барлық өңірлер, ұлттық компаниялар, еліміздің ірі бизнес өкілдері белсене қатысып жатқанын атап өтті.
  • ҚР Премьер-Министрі зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді,  сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру нысандарын дайындау бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырды.
  • Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин салынып жатқан тарихи-мәдени орталық аумағында ҚР Премьер-Министрі «Ұлы дала Елі» орталығын, Қ. А. Яссауи музейін салу бойынша жұмыстардың барысымен танысты.  Сонымен қатар Асқар Мамин Ұлы Жібек жолының қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратын, келу орталығын реконструкциялау, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың салыну барысын көрді.
  • ҚР Премьер-Министрі әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсатта салынып жатқан нысандарды көрді, жергілікті стадион, оқушылар сарайы, әкімдік, Халыққа қызмет көрсету орталығы, медиа орталық, конгресс-холл ғимараты, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, музыка мектебі, бассейні бар оқушылар сарайы, аттракциондары бар қалалық саябақ, неке сарайы, Қазақ драма театры ғимараты, музыкалық фонтан мен амфитеатр салынып жатқан құрылыс алаңдарында болды.
  • Асқар Мамин Түркістан қаласында Тұңғыш Президенті паркінің абаттандырылу, облыс орталығының орталық бөлігінің реконструкциялану және Арбаттың салыну барысын көрді, сондай-ақ Түркістандағы Ескі археологиялық паркінің жобасымен танысты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу