ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Тәжікстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

А.ж. 11 шілдеде Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ТР Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен үкіметаралық келіссөздер өтті. Келісөздер барысында қазақстандық-тәжікстандық ынтымақтастықты тереңдеу келешегі қаралды. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Тәжікстанға ресми сапары аясында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу