ҚР Үкіметінің отырысы, 30.07.2019

30 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста мал шаруашылығын дамыту мәселесі және «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

— ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров мал шаруашылығы саласын дамыту қорытындылары туралы баяндады.  

— «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Е. Қарашөкеев мал шаруашылығы саласын дамытуды қаржыландыру туралы айтып берді.

— ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады.

— Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті транспорт жобасын салуды жалғастыру туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің, Нұр-Сұлтан қ. əкімі Алтай Көлгіновтің, «ЖРТ құрылысы жөніндегі дирекция» ЖШС бас директоры Əділша Ермұхановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу