ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020

30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту мәселелері және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шаралар қаралды.

— Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов баяндады.

— Премьер-Министр А. Мамин «Цифрлық білім» ауқымды жобасының іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

— Көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шаралар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев баяндады.

— Үкімет басшысы бизнестің көлеңкелі сектордан шығуын экономикалық ынталандыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу