ҚР Үкіметінің отырысы, 15.12.2020

—  Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері қаралды. 

—  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр баяндама жасады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бір ай мерзімде жаңа ынталандыруды, соның ішінде мемлекет тарапынан кепілдік мөлшерін ұлғайтуды көздейтін «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасына түзетулердің жетінші топтамасын әзірлеуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу