ҚР Үкіметінің отырысы, 14.07.2020

14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында 2020 жылғы 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды. 

— Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елдегі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, экономикалық өсуді қалпына келтіру, жұмыспен қамту мен халықтың табысын қолдау жөніндегі міндеттерді орындау туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, қаржы саласын цифрландыру бойынша шаралар туралы қаржы министрі Е. Жамаубаев баяндады. 

— 2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізу туралы Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, 2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, еліміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі қазіргі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Қазақстандағы қазіргі экологиялық ахуал туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, цифрландыру саласындағы ағымдағы ахуал туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев баяндама жасады. 

 — Сонымен қатар, ҚР Президентінің әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов пен жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов баяндап берді. 

— Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойған міндеттердің барлығын нақты орындауды тапсырды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу