ҚР Үкіметінің отырысы, 03.11.2020

—  Үкімет отырысында жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі және Түркістан қаласының бас жоспары қаралды.

— Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады.

— Премьер-Министр Асқар Мамин өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құруды және «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңына сәйкес (Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола және Қостанай облыстарында жасалған) газ жабдығына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықпен профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

— Түркістан қаласын дамытудың жаңа бас жоспары туралы Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев баяндама жасады.

— Үкімет басшысы бекітілген Түркістанды дамытудың жаңа бас жоспарының барлық жобаларын жүзеге асыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу