ҚР Үкіметінің отырысы, 23.07.2019

23 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмалары мен міндеттерін орындау мәселелері қаралды.

— ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Ж. Қасымбек пен Г. Әбдіқалықова, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндама жасады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәселені қарау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

—  Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайыловтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу