ҮКIМЕТ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

 

 

 

1969 жылы 08 қаңтарда туылған. 1993 Қазақ мемлекеттік Басқару Академиясының «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультетін бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1993 ж. шілде –1997 ж. қыркүйек аралығында Мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындарда қызмет атқарған.1997 ж. қыркүйек – 1997 ж. қараша ҚР Экономика және сауда министрлігі, өңірлік саясат бөлімінің бастығы.

1997 ж. қараша – 1998 ж. қыркүйек «КазТрансОйл» ЖАҚ Ұлттық мұнай тасымалдау жөніндегі компаниясы қаржылық-жиынтық департаментінің бастығы, экономика мәселелері жөніндегі вице-президент.

1998 ж. қыркүйек – 2001 ж. ақпан ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, мұнай және газ департаментінің директоры, вице-министр. 2001 ж. ақпан – 2001 ж. мамыр «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» ААҚ, Бірінші вице-президент.

2001 ж. мамыр – 2007 ж. тамыз «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ, Президент. 2007 ж. тамыз – 2008 ж. қазан «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» Акционерлік қоғамы, Басқарма Төрағасы. 2008 ж. қазан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ, Президенті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 30 қарашасындағы №893 Жарлығымен Жамбыл облысының Әкімі болып тағайындалды.

2013 жылдың 20 желтоқсаныннан бастап Павлодар облысының әкім.

2016 жылдың 25 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

 

 

1978 жылы 5 сәуірде туған.

2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі)​​.

2016 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

 

 

 

1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

2001жылдың тамызымен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамырымен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқыістер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөзхатшысы болыптағайындалды.

2013 жылдың шілдесінен осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы мамыр айынан бастап  Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды.

І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрі

 

 

1963 жылы туған.

1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызылтулы институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген.

Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген.

Саяси ғылымдар кандидаты.

І сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық рангі бар.

1984-1985 ж.ж. – Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды.

1986-1996 ж.ж. – КСРО Қарулы Күштері Бас штабы жүйесіндегі бөлімдерде қызмет етті.

1991 ж. КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқыэкономикалық компанияларды басқарған.

1993-1995 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің аға сарапшысы.

1996-1997ж.ж. – Австриядағы Қазақ сауда үйінің Алматы өкілдігінің директоры

1995-1996 ж.ж. – Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі.

1997-1999 ж.ж. – «ЮНИТЭК ЛТД» ЖШС директоры.

1999-2001 ж.ж. – «Қазақстанның халық банкі» ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы.

2001-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2003-2004 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (Дипмиссия басшысы).

2004-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2006-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2007-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.

2010-2012 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2012-2014 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2012-2013 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012-2014 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2014 жылдың қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

2016 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.

Дипломатиялық рангы – Төтенше және өкілетті елші.

"Парасат" (2015), «Құрмет» (2005) орденімен, сондай-ақ "Локальды қақтығысқа қатысушыға. Ангола", "Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін", "КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл", "Әскери барлауға 20 жыл", "ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл", "АӨІСШК шақыру бастамасына 20 жыл", "ҚР Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "ҚР Конституциясына 20 жыл", "ІІМ ТЖК 20 жыл" медальдарымен, "Президенттің алғысы", "Қазақстан темір жолына 110 жыл" төсбелгілерімен марапатталған.

 

Мұрағат

Қаңтар
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту