Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «30» мамырдағы № 311 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26,
363-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Сертификаттар ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) немесе эксперименттік алаң болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша, сондай-ақ тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) 2014, 2015, 2016 жылдардағы жеңімпаздарына (бұдан әрі – халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) беріледі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдары ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырылады, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкілге сәйкес қорытынды бағаларды балға ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаты беріледі.

Білім беру грантын беру конкурсы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес өткізіледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастапқолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                         Б. Сағынтаев

Жарияланды: 19 маусым 2017

Мұрағат

Маусым
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту