Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «18» мамырдағы № 274 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауар берушіні айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 997 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 65-66-67, 504-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 4175 тапсырмасына сәйкес және жануарлардың аусылына қарсы профилактикалық іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі                   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                Б. Сағынтаев

Жарияланды: 12 маусым 2017

Мұрағат

Маусым
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту