Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «13» мамырдағы № 261 қаулысы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»   1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының  4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру,   сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын  нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы  № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола   облысының    мынадай   білім   беру,   спорт   және   мәдениет      

ұйымдарына:

1) Ақкөл аудандық білім бөлімі «№ 3 Ақкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жайық Бектұровтың есімі;

2) Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№ 18 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Жүнісовтің есімі;

3) Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Балуан Шолақтың есімі;

4) Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы «Ақмола                 облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына                Үкілі Ыбырайдың есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) «Сәуле орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – Еңбекшілдер ауданы білім бөлімінің «Шәрәпи Әлжанов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;

2) Ерейментау ауданы білім бөлімінің «Малтабар орта мектебі»                    коммуналдық  мемлекеттік    мекемесі –  Ерейментау ауданы  білім бөлімінің

«Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік                    мекемесі;

3) «Дружба орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Қорғалжын ауданы білім бөлімінің «Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі                      болып қайта аталсын.

         3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                           Б. Сағынтаев

 

Жарияланды: 30 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту