Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «02» мамырдағы  № 238 қаулысы

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі;

2) байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптар;

3) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қаулының 1-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   Б.Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 02 мамырдағы № 238 қаулысына қосымша

Жарияланды: 23 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту