Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «31» желтоқсандағы № 1183 қаулысы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі     15-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.

2. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар директорлар кеңестерінің басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Үлгілік ережеге сәйкес белгілеуді қамтамасыз етсін.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасының және басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.

3. Осы қаулыға  қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1183 қаулысына қосымша

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1183 қаулысына қосымша

 

Жарияланды: 17 ақпан 2016

Мұрағат

Ақпан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту