Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «31» желтоқсандағы № 1182 қаулысы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 338-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы    18 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының   ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат).

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1182 қаулысына қосымша

 

Жарияланды: 17 ақпан 2016

Мұрағат

Ақпан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту