Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «31» желтоқсандағы № 1177 қаулысы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1) бабының 5-2) тармақшасына және «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы:

1) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі;

2) мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторы болып белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Жарияланды: 17 ақпан 2016

Мұрағат

Ақпан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту