Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «30» желтоқсандағы № 1140 қаулысы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі                   К. Мәсімов

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1140 қаулысына қосымша

Жарияланды: 12 ақпан 2016

Мұрағат

Ақпан
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту