Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «17» тамыздағы  № 490 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуiрдегi № 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 122-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары бекітілсін.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                Б.Сағынтаев

 

Жарияланды: 17 тамыз 2017

Мұрағат

Тамыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту