Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «09» тамыздағы  № 476 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1229 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48,
444-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережелерінде:

5-3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы берген Қазақстан Республикасына әкелуге арналған рұқсаттың көшірмесін ұсыну (тіркеу сынақтарын жүргізу үшін ветеринариялық препарат үлгілері әкелінген жағдайда);».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   Б.Сағынтаев 

Жарияланды: 10 тамыз 2017

Мұрағат

Тамыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту