Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «28» сәуірдегі № 236 қаулысы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»     1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының       4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жамбыл облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 1 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейхановтың есімі;

2) «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 53 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаратай Тұрысовтың есімі;

3) «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің «№ 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейхановтың есімі;

4) «Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің № 1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ғазиз Байтасовтың есімі;

5) «Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

6) «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «№ 2 Балалар саз мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Әбілахат Еспаевтың есімі берілсін.

   2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) «Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің Чапаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің Әзімбек Жанқұлиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің «№ 13 Аркадий Гайдар атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 13 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                    Б.Сағынтаев

 

Жарияланды: 11 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту