Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «27» сәуірдегі № 226 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:

«

5 «Қалбатау –Майқапшағай» 906-1321 км республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау 159069200 2017 – 2041

135208800 мың теңге,

434,5 млн. АҚШ долларына дейін балама

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қытайдың экспорт-импорт банкі

».

2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Жарияланды: 11 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту