Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «29» қыркүйектегі № 90-ө өкімі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

  1. Мынадай Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі – консультативтік-кеңесші органдар) құрылсын:

1) осы өкімге1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес;

2) осы өкімге2-қосымшаға сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес;

3) осы өкімге3-қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес;

4)  осы өкімге4-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия;

5) осы өкімге5-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия;

6) осы өкімге6-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

7) осы өкімге7-қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия.

2. Қоса беріліп отырған мынадай консультативтік-кеңесші органдардың ережелері бекітілсін:

1)Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже;

2) Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже;

3) Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже;

4) Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ереже;

5) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;

7) Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже.

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) «Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінде:

көрсетілген өкіммен бекітілген Су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңестің құрамында:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға»;

  1. «Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы  № 33-ө өкімінде:

көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі».

 

ҚР Премьер-Министрі                     Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу