Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «29» тамыздағы № 73-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №149-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы  25 желтоқсандағы № 149-ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

реттік нөмірлері 3, 12-жолдар алып тасталсын.

 

Премьер-Министр                                         К.Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу