Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «29» тамыздағы № 72-ө өкімі

Химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы

Химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, жетекші

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

«Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

«Евро-Хим Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

«Каустик» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«Kaznex Invest» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

«ҚазТрансГаз-Аймақ» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

«ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

«Біріккен химиялық компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)

«ХИМ-плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры (келісім бойынша)

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)

«Бәйтерек» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)

«КЕGОС» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша).

2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

 

Премьер-Министр                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу