Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «28» тамыздағы № 73-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 12-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 12-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесінде:

реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«
16.    Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы АШМ 2015 жылғы тамыз

 

Премьер-Министр              К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу