Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «28» мамырдағы № 46-ө өкімі

Қазақстан Республикасында Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

 

2015 жылғы 29 – 31 мамырда Қазақстан Республикасында (Астана қаласы, Ақмола облысының Бурабай кенті) Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің (бұдан әрі – ЕҮАК) отырысына қатысу үшін Вьетнам Социалистік Республикасының (бұдан әрі – ВСР) Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың жұмыс сапарын сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ВСР Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын сапалы дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):

1) қосымшаға сәйкес «1+1+5» форматы немесе өзаралық қағидаты бойынша Астана қаласында және Ақмола облысының Бурабай кентінде ВСР ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын:

2) жұмыс сапарын өткізуге арналған шығыстарды қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсету», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми делегация басшысы мен мүшелерінің Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларында, тұратын және болу орындарындағы қауіпсіздігін, жүру бағдарлары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ВСР үкімет басшысының және онымен бірге жүретін адамдардың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;

2) Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды;

3) ВСР делегациясының жұмыс сапарын және ЕҮАК отырысына қатысуын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

4) қажет болған жағдайда ВСР ресми делегациясының басшысы мен мүшелерінің Астана – Бурабай – Астана бағыты бойынша арнайы пойызбен жүруін қамтамасыз етсін.

5. Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп:

1) Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларында ВСР ресми делегациясының басшысы мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын орындауды;

2) әуежайларды, көшелерді және іс-шаралар өткізілетін орындарды безендіруді;

3) Астана, Көкшетау қалаларында және Бурабай кентінде ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері қажет болған жағдайда ВСР ресми делегациясы басшысы мен мүшелерінің Астана – Бурабай – Астана бағыты бойынша тікұшақтармен ұшып өтуін қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларында ресми делегацияны қарсы алу мен шығарып салу кезінде тиісінше жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін. 

8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                  К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу