Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «24» қарашадағы № 112-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

                                    

Премьер-Министр                                                                    К. Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу