Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «20» қарашадағы № 109-ө өкімі

Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы
13 қарашадағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тізбеге сәйкес тиiстi ведомстволық нормативтік құқықтық актiлерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.

                                    

Премьер-Министр                                                                     К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу